МҚЖБ (бас миының инфарктынан) кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстардың диагностикасы»
№ | Жауап эталоны | |
| Анамнез жинау | Субъективті анамнестикалық мәліметтерін жинау. |
| Ауру басталуын нақтылау | Науқастың психикалық жағдайының өзгеруі неврологиялық симптомдар пайда болуымен сәйкес келеді. |
| Аурудың ауырлық критерийін анықтау | Өз ауруының ауырлығы, оның емделмейтіні туралы ойлар пайда болады. Осыған байланысты жақындарына масыл болатынын, сондықтан өмір сүргісі келмейтінін айтады. |
| Науқастың сырт келбетін, мимикасын және жүріс-тұрысын, байланыс бар-жоқтығын психопатологиялық бағалау, қойылған сұрақтарға жауап беруін бағалау | Науқастың жүріс-тұрысын, қойылған сұрақтарға реакциясы, орынға, уақытқа, тұлғалық бағдарын бақылау Психикалық жағдайдың сыртқы көріністерін талдау толық жүргізілді (мимикалық, сөйлеу, эмоциональды реакцияларын, науқастың вербальды қатынас дәрежесін ескеру). |
| Психикалық жағдайын синдромалды бағалау | Науқастың көңіл-күйін, сырт келбетін, мимикасын, сөйлеуін бағалау керек |
| Шағымдарын және науқас әңгімесін жинау | Шағымдарын және жазылатынына, аурудың қолайлы ағымына күмәнданатын әңгімелерін тыңдау. |
| МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (психикалық бұзылыстың алғашқы белгілерінің басталуы) | Бағалады: МҚЖБ кейінгі психикалық бұзылыстар өзгеруінің және сомато-неврологиялық жағдайының нашарлауының алғашқы белгілерінің басталуы. |
| МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (депрессивті синдром айқындылығы) | Бағалады: Өзгерген соматикалық және неврологиялық синдром фонында депрессивті синдром айқындылығы, оның ерекшеліктері (жылауықтық, әлсіздік, бас ауруы, гиперестезия). |
| МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу | Бағалады: Көңіл күйі және жалпы жағдайы өзгерген науқасты түсіну дәрежесі, дәрігердің аурудың болжамы оң болатынына көндіруіне реакциясы. |
| МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (МҚЖБ байланысы) | Бағалады: Депрессия құрылымындағы астеникалық бұзылыс басымдығы, МҚЖБ тығыз байланысы. |
| Ажырату диагностикасы (обьективті мәліметтерді талдау) | Науқастың көңіл-күйінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысыздық түріндегі психикалық жағдайының өзгеруі туралы медициналық қызметкердің обьективті мәліметтерін талдай отырып. |
| Ажырату диагностикасы (жалпы қарау мәліметтерін бағалау) | Жалпы қарау мәліметтерін, науқастың қарым-қатынасқа түсуін, мимикасын, көңіл-күйін, көңілсіздік, жылауықтық, тітіркенгіштік, әлсіздік, бас ауруы, ұйқысыздық, депрессивті ойлар, өзінің физикалық жағдайына көңіл аударғандығын бағалай отырып синдромалдық диагноз қойылады. |
| Ажырату диагностикасы | Органикалық депрессивті бұзылыс және көңіл-күйдің аффективті бұзылыстары кезіндегі депрессивті эпизод түрлерімен (МДП) ажырату диагностикасы жүргізіледі. |
| Мүмкін болатын асқынулар | Суицидальды ойлардың болуына байланысты суицидальды әрекеттер болуы мүмкін |
| МҚЖБ кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстың емдеу тактикасын анықтау. | Емдеу тактикасы: 1. Негізгі ауруды емдеу; 2. Невропатолог нұсқауларын толық орындау; 3. Науқас жүріс-тұрысын бақылау (суицидальды ойлар даму қаупі); 4. Реланиум 2 мл б/і түнде, ұйқысыздықты ескеріп; 5. Антидепрессанттар тағайындау (флуоксетин 20 мг күніне 1 рет таңертең); 6. Психотерапия (рационалды психотерапия) |
| Тағайындалған препараттарды негіздеу | Науқастың жалпы жағдайын және МҚЖБ кейін дамыған астено-депрессивті синдром айқындылығын бағалай отырып. |
| Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау | 1. Науқас жүріс-тұрысын қатаң бақылау (суицидальды ойлар даму қаупі) 2. Рационалды калориялы тамақтану |
| Науқасты кейінгі емдеу тактикасын дұрыс тағайындау | 1. Ұйқысыздық және айқын үрей кезінде түнде реланиум ер-сін 2мл б/і енгізу 2. Антидепрессанттар қабылдау 3. Негізгі ауруды белсенді емдеу 4. Психиатр кеңесі 5. Невропатолог кеңесі 6. Психотерапевт кеңесі · |
Симуляцияның жабдықталуы:
- Интернге арналған тапсырма;
- Стандартталған науқасқа арналған сценарий;
- Емтихан алушыға арналған ақпарат (қадамдарды бағалау критерийі, жауаптар эталоны);
- Әртіс – науқас.