СұрақКүнделікті сабақ жоспары, түзілу ерекшелігі

Педагогтің бiлiмi мен мәдениетi, iздемпаздығы мен шеберлігі, бiлiктiлiгi мен беделi - жаңа ұрпақты тәрбиелеудің басты көзi және арнасы болып табылады. Мектептегi қазақ тiлiнiң жүйелi курсы фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис және пунктуация, тiл дамыту, тіл мәдениетi сияқты салаларға бөлiнiп оқытылады.

Әр мұғалiмнiң педагогикалық ойлау қабiлетi ғылыми түрде қалыптасуы тиiс. Адам өзiнiң шығармашылық езгерушiлiк қызметi арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және ойлау қабiлетi зор жеке тұлға болып қалыптасуы үшiн күpecyi керек. Көп бiлу үшiн көп оқу, оны зердеге тоқу, "Интернет" жүйесiн меңгеру қажеттiгi туындайды. Мiндеттi бiлiм беру, стандартты оқулықтарды пайgалану, ақпараттардың көбеюi мұғалiмнiң бiлiм берудегi жетекшi рөлiн жойды. Ұстаз ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейiмдiлiк, сараптылық қабiлеттермен қатар өз бойындагы педагогика- лық жағдаяттарды, дәйектердi, құбылыстарды талдай бiлуi және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай түсуге бейiм болуы шарт. Соның негiзiнде күрделi жағдайларда шешiм таба алатын дәрежеге жете алатындай болу керек. Оның адамгершiлiк саяси-идеялының ұстанымы жұмысындa көpiнic тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесiне негiз етiп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету нысанасы емес, ынтымақтаса қызмет eтeтін тұлғаға айналуы қажет.

Қазақ тілі бойынша берілетін теориялык материалдар белгілі бір жоспарлар негізінде жүзеге асырылады. Жоспар өтілетін білім мен практикалық дағдыларды дәл көрсету үшін жасалады. Сонымен бірге жұмыстың көлемін, аумағын және методикалық жұмыс жүйесін анық белгілеуге септігін тигізеді. Сабақтың қайсы түрі болса да, оның қандай құрылымдық элементтері іске асырылса да және оған лайықты теориялық білім мен практикалық дағдылар берілетін болса да жоспарсыз орындауға болмайды. Жоспар қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды берудің құралдарынан саналады. Сөйтіп қазақ тілі бойынша жоспарлау жұмыстары белгілі бір (өтілетін) оқытылатын тілдік материалдардың аумағынкүні бұрын белгілейді, орындалатын істі күні бұрын жобалайды. Қазақ тілінокытуға арналған жоспарлардың аумағы мынадай негізгі методикалық мәселелерді қамтиды:

1. Қазақ тілін окытуға арналған жоспарлардың аумағы өтілетін тілдік материалдардың мазмұнын белгілейді.

2. Қазақ тілін окытуға арналған жоспарлардың аумағы өтілетін тілдік материалдардың мөлшерін сұрыптайды.

3. Казақ тілін окытуға арналған жоспарлардың аумағы өтілетін тілдік материалдардың ретін, тәртібін саралайды.

 

23 сұрақ. Фонетика курсының мазмұны. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды: а) физиологиялық (жасалу); ә) акустикалық (естілу); б) қызметі (сөз жасау). Мектеп оқулығында дыбыстың бұл ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отыруға тиіс. Мысалы, физиологиялық тұрғыда дыбыс сөйлеу мүшелері жұмысының жемісі, яғни дауыс шымылдығының қалпы, тілдің, еріннің қалпы, жақтың ашылу қалпы т.б. Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі. Бірақ дыбыстардың жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді, тек қана ана тілін парктикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі.

Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады. Мектепте дыбыстың мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді, бірақ жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі.Өзімізге мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан. Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді: 1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі – оның құрамында 12 дыбыс бар; 2) дауыссыз дыбыстар тобы – оның құрамында 25 дауыссыз дыбыстар бар.

Дыбыстар жүйесін оқушыларға саналы меңгеріп, дағды берудің үлкен маңызы бар: сөз мағынасын ажыратып түсінуіне, орфоэпиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, әдеби тілмен дұрыс сөйлеуіне; сөйлеген сөзінің құлаққа жағымды, әсерлі, әуенді болуына, орфографиялық тұрғыда сауатты жазуына мүмкіндік береді.

Сондықтан да мектепте фонетикадан, соның ішінде алдымен, дыбыстар жүйесінен мағлұматтар беріледі. Бағдарламада фонетикадан берілетін білім көлемі шектеліп көрсетілсе, оқулықта оның нақты заңдылықтары, ереже, анықтама түрінде баяндалып, түрлі жаттығулар арқылы білімін, іскерлігін, дағдысын орнықтыру, қалыптастыру көзделеді. Бірақ оқулық оқушы үшін білім бұлағы бола тұрса да, мұғалімнің жәрдемінсіз, оның сабақ кезінде алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдануынсыз нәтижеге жете алмайды. Оқушыларға дыбыс жүйесін, әр дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту фонетикадан берілетін білімнің ірге тасы болып есептеледі. Дыбыс жүйесін жете меңгермеген оқушы буын, үндестік заңы, екпін сияқты фонетикалық заңдылықтарды игере алмайды, жазуда қате жібереді, сөйлеуінде де ақаулықтар байқалады.

Дауысты дыбыстарды оқыту әдістемесі.Дауысты дыбыстардан білім беру бастауыш класта алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Ол үшін дауысты дыбыстарды жеке сөзден, сөйлем ішіндегі сөздерден тапқызып, әуелі астын сыздырады да, соңынан дауыстылар тақтаға бөлек топталып жазылады. Дауыстының анықтамасы беріледі, оның дауыстығына көз жеткізу үшін әр дауысты дыбысты оқушылар жеке де, хормен де айтатын болады. Бұл жолы оның ауыз қуысында кедергісіз еркін шығатындығы, сондықтан да ұзақ айтуға болатындығына тәжірибе жасалады.

Бұдан соң дауыстылардың іштей қанша түрге бөлінетіні сұралады. Оқушы жауап береді. Соңында оларға қосымша мынандай сұрақ қояды. «Дауысты дыбыстар неге әр түрлі болып айтылады?», «Оның себебі неде?», «Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?». Бірінші сұраққа оқушылар жауап бере алмауы мүмкін. Бірақ бұл сұрақ оларды ойландырады, себебін білуге құмартады. Сол кезде мұғалім оның әр түрлі болу себебін өзі түсіндіреді. Бұл үшін сөйлеу мүшелерін естеріне салып, дауысты дыбыстың әр түрлі айтылуына тілдің, еріннің, жақтың қызметтері себеп болатындығын, сондықтан оларды үш топқа бөлетінін хабарлап, терминдерін естеріне түсіреді.

Жуан және жіңішке дауыстыларды оқыту. Бұларға түсінік бергенде, мұғалім жеке дыбыстардың өзін топтап кестеге түсіре салмай, әуелі тақтаға бірнеше сөз жазады немесе көрнекі құралға жазып әкеледі де, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылып тұрғанын ауызша айтқызады және себебі сұралады. Оқушы бұл сөздердің жуан, жіңішке айтылуы дауысты дыбысқа байланысты деп жауап беруі мүмкін. Егер ондай жауап болмаса мұғалім өзі айтып, дауыстылардың астын сызғызады.

Тақтадағыны оқушылар дәптерлеріне мына түрде жазып алады:

Жуан сөздер Жіңішке сөздер

Қар, құр, саз, сыз,тұр, тар, соз. Көр, төр, сөз, сіз, түр, тер.

Бұдан соң дауыстылардың асты сызылып, тек дауыстылар жазылады:

Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар

А, ұ, ы, о ө, і, ү, е

 

Бұл амал дауысты дыбыстарды табиғи жағдайда (сөз құрамында) тұрғанда, байқату әдісімен жүзеге асады.
Бірақ оқушылар бір дауыстының жуан, екіншісінің жіңішке айтылуы себебін білмейді. Оның себебі тілдің қызметіне, қозғалысына байланысты екенін мұғалім айтып түсіндіреді. Бұдан мағлұмат алып болғаннан кейін, әр дауыстыны оқушы әуелі іштей айтып, тілінің қозғалу қалпына талдау жасайды. Ол үшін жуан-жіңішке дыбыстар салыстырып айтылу керек. Мысалы: а - ә, о - ө, ұ – ү, ы – і т.б. Бұған біраз уақыт беріледі, содан біртіндеп сұрай бастайды. Оқушы өзінің байқағанын айтуға тиісті. А дыбысын айтқанда, тіл артқа тартылып, соңғы жағы дөңестенеді, 2-ні айтқанда, керісінше тіл ілгері жылжып, соңғы жағы тегістенеді т.б.

Бұдан соң мұғалім жіңішке дауыстыларды оқушыларға хормен айтқызады. Ол үшін мұғалім: «әр дауыстыны дұрыс, әрі ашық айтуға тырысыңдар» деп ескерту жасайды. Бұл оқушының дыбысты анық айтуына мүмкіндік береді.

Ең соңында жуан және жіңішке дауыстыларға арнап, тақтаға кесте сызылады, оны оқушы өзі байқай отырып толтырады. Алғашқы екі дыбысты мұғалім көрсетіп береді.

Жуан а      
Жіңішке ә      

 

Ол үшін тақтаның бір жағында дауысты дыбыстар түгел жазылып тұруы керек. Әйтпесе оқушы дауыстыны түгел естеріне түсіре алмай уақыт жіберіп алуы мүмкін. Бұл кестені бір оқушы тақтаға жазады, қалғандары орындарында отырып орындайды. Кесте толтырылып біткеннен кейін, жуан дауыстылар бір бөлек, жіңішке дауыстылар бір бөлек айтқызылады. Жаттығу жұмыстарында бір буынды сөздерді оқушыларға толтыртады.

 

Жуан

1. ақ – ық – оқ - өн; аз – ыс – он – ұл; ай – ыз – оз – ұн; ат – ым – ой; аш – ық – ол; ар – ұр – ор;

Жіңішке

2 . Үн – ін – ен - өн; үк – іс – ем - өр; үш – іш – ең – ес; үз – іл – ес – ел; и(і+й) – еш – ек; үй – із – ек - өт - өш – аз.

Сонымен дауыстылардың жуан және жіңішке түрлерін меңгертуде мына сияқты әдіс-тісілдер қолданылады: байқату, тәжірибе, кітаппен жұмыс істеу, салыстыру, кесте арқылы топтау, жаттығу, мұның өзінде сөздігін дамыту.

Еріндік және езулік дауыстылар.Бұл тақырыпты өткенде, жуан және дауысты жайында алған білімдері баспалдақ болады. Ол үшін бірнеше сөз немесе сөйлем алынып, дауыстылары анықталады да, еріндік және езулік жөнінде не білетіндігі сұралады. Сөйлеу мүшелерінің бірі еріннің атқаратын қызметі естеріне түсіріледі. Оқушы жауабын негізге ала отырып, еріннің қатысқан және қатыспағанына тәжірибе жасалады. Оған сол сөздерден алынған дауыстыларды жеке-жеке айтқызып, ерін қалпын байқатады. А – о, ә - ө, ы – ұ, і – ү, и – у. Бұдан соң қайсысы еріндік, қайсысы езулік дауысты екені ауызша талданып, қорытындысы кестеге түсіріледі.

Еріндік дауыстылар қатысқан сөздер Езулік дауыстылар қатысқан сөздер

Қон жан

Көн кен

Су жыл

Күн тіл

Ең соңында кесте толтырылады:

Еріндік о ұ
Езулік а ы

 

Біраз жаттығу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, жеке дауыстыларға талдау жасатылады:

 

а жуан

езулік ө жуан

ү жіңішке еріндік

еріндік і жіңішке

езулік

 

Ол аяталған соң күрделірек кестенің үлгісі беріледі:

Тілдің қызметіне қарай Еріннің қызметіне қарай Жуан Жіңішке
Еріндік А Ө
Езулік О Ә

Бұл кестені де оқушылардың өздері толтыру қажет. Мұғалім өзі жасапан кесте ең соңында ілінгені дұрыс. Бұл оқушылардың жұмыс істеуіне жағдай туғызып, сапалы орындауына мүмкіндік береді.

Ашық және қысаң дауыстылар. Бұл тақырыпты өткенде, даукыстылардың жуан, жіңішке, еріндік және езулік түрлері нақты мысалдармен талдатылады. Содан соң ашық және қысаң туралы сұралады. Оқушылар дауыстының ашық я қысаң екендігін бірден меңгеруі қиын. Сол үшін тәжірибе жасалады. Әр оқушы иегінің астын қолының сыртын қойып, дауыстыларды айтып көреді. Егер ашық дауысты болса, иек қолды төмен итереді, қысаң болса, қол сырты бір қалыпта қалады. Тұтас сөз: қол, жұл, бар, бір, әл, ыс.

Екі буынды сөздер: 1) біріңғай ашық: бола, әсем; 2) біріңғай қысаң: қымыз, кісі, түрлі, тұрмыс; 3) аралас: отын, қыран, көмір, сырға , тілек.

 

Ашық дауыстылар қатысқан сөздер Қысаң дауыстылар қатысқан сөздер
қол бар әл жұл бір ыс

Біраз жаттығу жұмысы жүргізілгеннен кейін кесте үлгісі беріледі.

Ашық дауыстылар а


Қысаң дауыстылар ы

 

Жеке дыбыстарға толық сипаттама беріледі, әрі бір дауысты мен екінші дауыстының ортақ және айырма қасиеттері көрсетіледі.

Жуан Жуан

А Езулік О Еріндік Айырмасы

Ашық Ашық Езулік - еріндік

 

Жіңішке Жіңішке

Езулік Ү Еріндік езулік - еріндік

Ә Ашық Қысаң ашық - қысаң

 

Жіңішке Жуан

Е Езулік Ұ Еріндік үш қасиеті

Ашық Қысаң

 

 

Ең соңында жинақтау кестесі толтырылады.