Дауыссыз дыбыстарды оқыту әдістемесі

IY класта дауыссыз дыбыстарға байланысты бірнеше тақырып берілген, бірақ олардың бәрі дерлік дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесіне арналған. Фонетика тұрғысында «Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері» деген бір ғана тақырып арналған. Дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстарды меңгеру оқушыларға қиындыққа түседі. Біріншіден, сан жағынан екі есе көп, екіншіден, оқушы сөз ішіндегі дауыссыздарды тапқанмен, оны түрге бөлуден қиналады. Ұяң дыбысты қатаңмен немесе үндімен, болмаса керісінше, қатаң дыбысты ұяңмен шатастырады, үнді дыбысты ұяңдар тобына қосып жібереді, үшіншіден, оқушылар арасында кейбір дауыссыздарды дұрыс айта алмау фактілері жиі кездеседі. Мысалы: «н» мен «ң»-ді ажырата алмай, өлең деудің орнына жана (бұл - әрине жергілікті ерекшеліктің әсеріне де байланысты), ж-ның орнына з-ны (Мысалы, жақсы - зақсы), ш-ның орнына с-ны (қашан – қасан, неше - несе), керісінше с-нің орнына ш-ны (сен – шен, сөйле – шөйле), һ-тың орнына х-ны (қаһарман – қахарман, аһ – үһ – ах – үх) қойып айтатындар көп.

Мұның зардабы, әсері жазу жұмысына тиіп, осы дыбыстардан жиі қате жібереді. Мәселен, диктант жазған бір студент «көлденең» деген сөзді «көлдеңен» деп жазған. Қатені өзіне көрсеткенде, ң мен н дыбысын айыра алмайтындығын мойындады. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі.

Біздіңше, дауыссыздарды оқытуда мұғалім тарапынан да, әдістеме тарапынан да кемшілік бар сияқты. Біз қатаң, ұяң және үнді дыбыстарды ереже түрінде айтқызамыз, олардың тобын кестеде көрсетеміз, естеріне сақтауды жиі қайталаймыз. Мынау қатаң, мынау ұяң дегенді нақты мысалдарда көрсеткеніміз болмаса, олардың қатаң, ұяң екендігін оқушы қалай айыру керек дегенге көңіл бөлде бермейміз. Ә.Исабаевтың еңбегінде дауыссыздарды оқытуда тәжірибе қолдану орынды көрсетілген. Саусақты жұтқыншаққа тигізіп б, в дыбыстарын айтады. Сонда дауыс шымылдығының аздап дірілдейтіндігін байқайды. Сол сияқты құлақты саусақпен бітеп б, в дыбыстарын айтқанда жаңғырық естілгенін байқауға болады. Сондай-ақ алақанның сыртын тосып дыбыстағанда іштен шыққан ауа қарқынсыз, солғын болады. Соңында ауызға алақанның сыртын тосып п, ф, т дыбыстарын айтқанда, іштен шыққан ауа лебі қарқынды шығатындығын салыстырады.

Алғашқы екі тәжірибені атақты фонетист профессор В.А.Богородицкий қолданған болатын. Дауысты мен дауыссыз дыбыстың негізгі ерекшелігін академик Л.В.Щерба өзінің «Француз тілі фонетикасында» жақсы көрсеткен еді. Біздің әдіскерлеріміз профессор Богородицкий көрсеткен бұл тәжірибені ешбір сілтемесіз, өзіне тиімді, бірақ оны көп тәсілдердің бірі ретінде онша елеусіз айтады.

Академик Л.В.Щерба дауысты дыбыс кезінде фонациялық ауа қарқынсыз, лепсіз болып, дауыссыздар кезіндегі ауа қарқынды болады деген, оны академик Кеңесбаевта құптайды. Оны тәжірибе де дәлелдеп отыр.

«Тасымал» тақырыбы буынмен тікелей қатысты, сауатты жазуға дағдыландыратын тақырып болып табылады. Сондықтан жазуда дұрыс тасымалдату үшін мына ережеге оқушыны дағдыландыру қажет: бір буынды сөз тасымалданбайды, тасымал буын жігінде болады, бірақ әр буында ең кемі екі дыбыс болады. Қа – ғаз, кі – сі. Буын құрамында бір әріп болса, яғни оқы, Омар, ерін, сия сияқты кейбір сөздер тасымалданбайды, тасымалдың белгісі – дефис (кіші сызық). Ол жолдың оң жағына бір-ақ рет қойылады, сол жағына қойылмайды. Осы аталғандардың бәрі тақта көрнекілігі, жаттығулар, ережелерді қайталаулар арқылы іске асырылуы керек.

Екпін тақырыбын оқыту. Y класта бұл тақырып екі мәселені қамтиды: 1) Негізгісі – қазақ тілінде екпіннің соңғы буынға түсетіні, сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөз соңына қарай жылжып отыратыны: жұмыс – жұмысшы – жұымысшылар; 2) ескерту ретінде орыс тілінен енген сөздердің белгілі буынға (басқа, ортаңғы, соңғы) екпіні сақталумен қатар, оған қосымша жалғанғанда, тағы да соңғы буынға түсетін екпіннің болуы: машина – машина – ға, техника – техника-ның, рекорд – рекорд – тан.

Бірақ бұл тақырыпта екпін түспейтін қосымшалар мен сөздер (шылаулар) ескерту ретінде болса да елену керек. Мысалы, жіктік жалғауға, етістіктің болымсыздық жұрнағына, тілек мәнді –шы, -ші жұрнағына екпін түспейді. Салыстыру арқылы анықтауға болады:

1) (Біз) оқушымыз (Біздің) оқушымыз

2) (Сөзімді) бөлме (кең) бөлме

(Кітапқа) жазба жазба (жұмыртқа)

3) (Жақсылап) көрші (жақсы) көрші

(әдемілеп) үйші (шебер) үйші

Қорыта келгенде, тіл дыбыстарын оқушыларға іс-жүзінде меңгерту үшін, алдымен, мұғалімнің өзі әрбір дыбыстың ерекшеліктерін жақсы біліп, оны оқушыларға үйретудің алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілерін қолданады. Оқыту үстінде дыбыс сөйлеу мүшелерінен пайда болып айтылатын және құлаққа естілетін құбылыс. Әріп – дыбыстың жазуңдағы таңбасы жазылады және көзге көрінеді. Бұл ережені оқушылар оңай ұғады.

 

24 сұрақ. Морфологияны оқытудың мақсаттары, міндеттері және талаптары. Мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.
Жұмыстың өзектілігі: