Грамматикалық мағына және грамматикалық форма
Грамматикалық мағына — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен өзгеше болып келеді. Синтаксис саласында грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді.Мысалы: семантикалық субъект пен объектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктін жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарынын (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады. Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) жәнеРеляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялықмағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.
Грамматикалық форма— грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін тілдік белгі. Әр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық форма — аффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Форма, әдетте, белгілі бір мағынаны білдіреді, мағынасыз форма жоқ. Ендеше, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз формаларын — грамматикалық формалар деп атаймыз. Мысалы ек, ексін, егейік - бұлар бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары. Ал ек, егінші, егіс - дегеңдер ек түбірінен жасалған әр қилы сөздер. Өйткені соңғылар әр басқа лексикалық мағыналарды білдіріп тұр. Формалардың ішінде біреуі негізгі, ал қалғандары туынды болады. Мысалы, атау септік - негізгі форма, қалған - туынды формалар. Туыңды формалар негізгі формалардан жасалады. Екінші жақ бұйрық рай формасы (жаз) — негізгі форма, ал ашық рай (жазды), шартты рай (жазса), қалау райы (жаз+ғы+м келеді) — туынды формалар. Сөз формаларының екі түрі бар: 1) синтетикалық формалар, 2)аналитикалық формалар.Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің синтетикалық формалары аффиксация арқылы және ішкі флексия (дыбыстардың алмасуы) аркылы жасалады. Мысалы, стол - столы, ағыл. table (үстел) — tables (үстелдер). Бұл сөздердің көпше формалары аффикстер арқылы жасалып тұр. Аффиксация тәсілінің префиксация, инфиксация, суффиксация деген түрлері бар. Бұлар сөздің қай жерінен қосылатындығымен ерекшеленеді. Қазақ тілінде сөздің формаларын жасайтындар — жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік). Мысалы: әке+лер+ің+нің дос+ы+мын. Жалғаулардың кейбіреулері сөз тудырушы қызмет те атқарады. Мысалы: бос+қа, теб+е+ген, жүр+е+сі+нен, еге+у, жайы+мен т.б. Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия аркылы да жасалады. Мысалы: ағыл. man (ер, еркек) — men (ерлер, еркектер), GAST (қонақ) — gaste (қонактар). Соңғы сөз әрі ішкі флексия, әрі аффиксация арқылы жасалған. 2) Сөздің аналитикалық формалары. Сөздердің аналитикалық формасы дербес (атауыш) сөз бенкөмекші сөздің тіркесінен жасалады. Мысалы: келе жатыр. Бұл — екі сөздің тіркесі емес, форма емес, бір сөздің күрделі (аналитикалык) формасы; біртұтас грамматикалық бірлік. Кел дегенде лексикалық мағына бар, келе жатыр дегенде бұл жерде дербес лексикалық мағына жоқ. Ол алдыңғы толық мағыналы дербес сөзге тіркесіп, оған осы шақта мағына үстеп тұр. Бұл жағынан жатыр көмекші етістігінің кызметі келеді, келмек, келіпті, келген дегендердегі -е+ді, -мек, -іп+ті, -ген аффикстерінің қызметтерімен бірдей. Бұл аффикстердің қызметтері де - шақтық мағына туғызу. Орыс тіліндегі будет работать (келер шақ) деген де — аналитикалық форма. Ол сөзді работать — работал (өткен шақ) - работает (осы шақ) дегендермен салыстырсақ, бұл айтқанымыз дәлелдене түседі. Көмекші сөз өзінің грамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші (форма тудырушы) морфемаға барабар қызмет атқарады. Ал аналитикалық конструкцияның формасы атауыш сөздің (бір сөздің) формасы болып саналады. Аналитикалық конструкция лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да ажыратылмайды. Өйткені келе жатыр дегендегі осы шақтық мағына мен буду работать дегендегі келер шақтық мағына жатыр, буду көмекші етістіктерімен емес, олардың кел, работать деген атауыш сөздермен тіркесуі арқылы беріледі. Яғни грамматикалық мағына олардың тұтасқан тіркесі арқылы пайда болады және олар даяр түрған үлгі бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Сондықган да оларды тұрақты тіркестердің қатарына жатқызуға болмайды (олар аналитикалық формалар). Аналитикалық конструкция - даяр тұрған аналитикалық (яғни даяр тұрған элемент) арқылы жасалады. Ол аналитикалық формант - көмекші сөз. Яғни дербес сөз даяр тұрған көмекші сөзді қабылдайды. Сөйтіп, аналитикалық форма жасалынады. Сөздің аналитикалық формасы бір бүтін мағынаны білдіреді. Қорыта айтқанда: Сөз әр түрлі формаларға ие. Ол формалар грамматикалық мағыналарды білдіреді. Сөз формаларының екі түрі бар: бірі - сөздердің синтетикалық формасы, екіншісі - сөздердің аналитикалық формасы.