Сөз тіркестеріне ұқсас құрылымдар, ерекшеліктері
Синтаксистік сөз тіркесіне ұқсас күрделі сөздер, басқа да тіркестер, мәселен, атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесі, фразеологиялық тіркестер бүрыннан жасалған, даяр тұрған лексикалық бірліктер ретінде қарастырылады да, олар сөз тіркесінің кұрамына емін-еркін ене алады. Толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркестері, күрделі сөздер, фразеологиялық бірліктер бір нәрсенің тұрақты атаулары. Олар номинативті қызмет атқарады. Мысалға кәрі жілік, халык, депутаты, Крзақстан Республикасы дегендерді алалық. Бұлар - кұрделі сөздер. Олардың алдыңғы сыңарлары (кәрі, халық, қазақстан) соңғы сыңарларының сапасын да, касиетін де білдірмейді. Бұл сөздер өздерінің мағыналық дербестігінен айырыльш, кейінгі сыңарларымен бірге, бір бүтін сөз ретінде ұғынылады. Ал синтаксистік сөз тіркесінің кұрамыңдағы бағыныңқы сыңарлар өздерінің мағыналық дербестігін сақтап, өзінен кейінгі сөздерді (басыңқы сыңарларды) анықтайды, толықтайды немесе пысықтайды.
Дәл осы сияқты, еркін сөз тіркесінің толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркестерінен де, фразеологиялық бірліктерден де айырмашылығы бар. Айталық, көлге дейін (бару), тауға қарай (жүру) дегендерді алсақ, бұлар толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалып тұр. Оларда басқа бір сөздің (жақша ішіндегі сөздің) жетпей тұрғандығы, мағыналық жақтан аяқталмағандығы, тиянақты емес екендігі аңғарылады. Егер оларға бару, жүру деген толық мағыналы сөздерді қоссақ, сонда ғана олардан семантикалық тиянақтылығы бар сөз тіркестері жасалынады. Ал бұл сияқты тиянақтылық синтаксистік сөз тіркестерінің өз табиғатында бар.
Фразеологиялық сөз тіркестері де дәл осындай. Олар да бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған бірліктер ретінде еркін сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына ене алады. Өйткені фразеологиялық бірліктердің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы мағынаны емес, барлығы жиналып келіп, бір бүтін мағынаны білдіреді. Осыған орай белгілі бір фразеологиялық бірлік сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қызмет атқарады. Мыс: қас пен көздің арасында келу, ат үсті айта салу. Ал синтаксистік сөз тіркестерінің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы сөйлемнің әр басқа мүшесі болады. Мысалы: ерте тұру, тісін жұлғызу т.б.
Сөйтіп сөз тіркесі — кемінде екі не одан да көп дербес сөздің бағыныңқы - басыңқы байланыстың негізінде жасалған синтаксистік бірлік екен. Синтаксистік сөз тіркесінің күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесімен де сырттай ұқсастығы болғанымен, олардың бір- бірінен айырмашылықтары бар.
Енді синтаксистік сөз тіркестерінің түрлеріне келелік. Құрамына қарай сөз тіркестері: 1) жалаң сөз тіркесі, 2) күрделі сөз тіркесі және 3) аралас сөз тіркесі - болып үшке бөлінеді. Бұлай бөлуде сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің саны емес, оның қандай байланыстардың (айталық, қабысу, матасу т.б.) негізінде жасалғандығы ескеріледі.
Жалаң сөз тіркесі - сөйлемдегі сөздердің саны қанша екендігіне қарамастан олардың бәрі бір сөз тіркесінің бір-ақ түрімен (айталық, меңгеру немесе қабысу) байланысуын айтамыз. Мысалы: сөзді тыңдау — екі мүшелі, шөпті қораға тасу (шөпті тасу, қораға тасу) — үш мүшелі, шығарманы орысшадан қазақшаға аудару, (шығарманы аудару, орысшадан аудару, қазақшаға аудару) - төрт мүшелі тіркес. Бұлардың қурамындағы сөздердің бәрі де меңгеру арқылы байланысқан.
Күрделі сөз тіркесі - бір ғана ұйтқы (басыңқы) сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыс түрлерінің (мәселен, меңгеру мен жанасудың) жиынтығын айтамыз. Мысалы: Шығарманы қызығып оку. Бұл — күрделі сөз тіркесі. Ол шығарманы оку, кызығып оку деген екі жалаң сөз тіркесінен қүралған. Біріншісі - меңгеру, екіншісі - жанасу. Бірақ екеуі де бір ғана оку деген ұйтқы сөзге келіп байланысқан.
Ал аралас сөз тіркесі деп — әр басқа ұйтқы сөзге тірелетін әр түрлі байланыстардың жиынтығын айтамыз. Мысалы: Мазмұнды шығарманы кызығып оку. Мұңда үш түрлі сөз тіркесі бар. Олар: 1) мазмүнды шығарма — қабысу; ұйтқы сөзі — "шығарма", 2) шығарманы оку - меңгеру; ұйтқы сөзі — "оқу", 3) қызығып оқу - жанасу; үйтқы сөзі — "оқу". Бүл үш түрлі байланыс екі ұйтқы сөзге тіреліп, бір күрделі тіркестің құрамында түйісіп түр. Мұндайларды аралас сөз тіркестері дейді.