Оттегiнiң жетiспеушiлiк жағдайында ағзаның төменділігіне дене температурасының әсері
Мақсаты: Оттегiнiң жетiспеушiлiк кезiнде ағзаның төзiмсiздiгiне дене температурасының ecepiн оқып - бiлу.
Құрамы: үш ақ тышқандар, 2 эксикатор, мұз, ыстық су.
Жұмыстың өткiзiлу тертiбi: 3 тышқанды флаконға салып, оның iшiне кеңiстiктей ауа енбейтiндей етiп қақпағын тығыз жабады. Тышқаны бар флаконды (40С) ыстық суы бар эксикаторға орналастырады, ал екiншiсiн мұз бөлiктерiмен қоршап жабады, үшiншi флакондағы тышқан бақлау болып табылады. Тәжiрибе 20 мин созылады. Әр түрлi жағдайдағы тышқандардың тәртiбi мен жағдайына бақылау жүргiзiледi. Қай температуралық жағдайда гипоксия ерте пайда болатындығын белгiлейдi. Тәжiрибеге дейiнгi және кейiнгi жануарлардың тыныс алу жиiлiгiн санайды. Оттегiнiң жетiспеушiлiгiнде төзiмдiлiкке дене температурасымен қоршаған ортаның әcepi туралы қорытынды жасайды.
Қорытынды:
Жұмыс №6 Дене температурасын өлшеу
Жұмыс барысы:
Медициналық термометрді сілкиді және 30 секундқа қолтықасты ойығына орналастырады. Көрсеткішін жазады және қайта сілкиді.
Дәл осы әдіспен көрсеткіші тұрақты болғанға дейін әр -1; -1,5; -2; -2,5 минут сайын тіркеуін жалғастырады.
Термометрді дезинфекциялайды және ауыз қуысының температурасын анықтайды. Термометрдің шетін тілдің астына қойып, ауызды жабады.
Қорытынды:
Жұмыс №7 Жобаларды салу
113 – сүретті салу («Основы физиологии» под редакцией Ткаченко Б.И.-Санкт – Петербург: МФИН, 1994, 1 том, стр. - 486). Ағзаның жылу алмасуының реттелу механизмінің сызба нұсқасы.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Бақылау: бірінші деңгейлік тесттен бақылау жұргізу.
Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Энергетикалық алмасу.
Тамақтану. Жылу реттелуі. Жылудың тепе-теңділігі.
Есеп
Қандай заттармен және неге ең алдымен толық ашығу кезінде адамның салмағы төмендейді?
Есеп
Ер адамдарда негізгі алмасу 1900 ккал-ге тең. Бұл сан қалыпты ма, егер дененің беткейі 218 м-ге тең болса?
Есеп
Ересек адам тәулікте 70г ақуыз, 300г көмірсу, 100г май қабылдады. Бұл қабылдау адамның тәуліктік қоректік заттарды қадылдауға сәйкес келе ме?
Есеп
Дем шығарған ауадағы оттегі мөлшері 16,2%, көмірқышқыл газының мөлшері 4%, ал демалуы тек таза атмосфералық ауамен. Бұл адамның тәуліктік қуаттың жұмсалуын анықтау үшін осы мәліметтер жеткілікті ме?
Есеп
27 жастағы ер адамның негізгі алмасуы қалыпты ма, егер өкпе желдетілуі 6л, ал демшығарған ауаның 16%-і оттегі және 3,7%-і көмірқышқыл газы болса?
Есеп
Екі қабат әйелдің организміне тамақпен бірге тәулікте 110г ақуыз келіп түсті. Несеппен бірге 8,7г, ал нәжіспен бірге 6,2г азот бөлініп шықты. Азот балансын бағалаңыз.
Есеп
Дені сау адамның организміне тамақпен бірге 128г ақуыз келіп түсті. Несеппен 12,5г, ал нәжіспен бірге 9,5г азот бөлініп шықты. Осы адамның азот балансын және жас тобын бағалаңдар
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ