Халықаралық қатынастар
Қазақстан мемлекеті егемендік алғаннан бастап, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Өйткені дүние жүзіндегі ірі державалармен байланысты орнықтыру – жас мемлекет үшін аса маңызды. Осыған орай дүние жүзіндегі ең қуатты держава – Америка Құрама Штаттарымен қатынастарға тиісті мән берілуде. Қазір Вашингтонның халықаралық даму үрдісіне ықпалы орасан зор екені белгілі. Қазақстанның бұл елмен арақатынасында құқықтық пен теңдік сақталады.
Қазақстан үшін республика экономикасына айтарлықтай инвестиция беріп отырған Еуропалық мемлекеттермен іскерлік қатынастар орнату аса қажет. Сонымен қатар, бұл мемлекеттер Қазақстанның мәдениеті мен білім саласын дамытуға да қол ұшын беруде. «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ-тың, Францияның, Германияның оқу орындарында білімдерін жетілдіруде.
Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Англиямен қатынасы да жоғары дәрежеде.
1992 жылдың күзінде Н.Назарбаев Германияда болып, канцлер Г.Кольмен кездесті. Кездесу нәтижесінде екі мемлекет арасындағы бірлескен мәлімдеме жарияланды. Сол жолы Қазақстанның президентін Елисей сарайында Францияның Президенті Ф.Миттеран қарсы алды. Келіссөздер Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына жаңа серпін берді.
Қазақстан Венгрия, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатқан.
3 - тапсырма. Мәтінді оқып, ауызша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Халықаралық қатынастар дегеніміз не?
2. Дүние жүзіндегі ірі державаларды атаңыз?
3. АҚШ-пен Қазақстанның байланысын сипаттаңыз.
4. «Инвестиция» терминін сипаттаңыз.
5. Қазақстанның Англия, Германиямен байланысы?
6. Венгрия, Болгария, Чехиямен, Румыниямен достық қарым-қатынастың дамуы туралы айтып беріңіз.
4 - тапсырма. Сұхбатты толықтырып, ауызша сөйлесіңіз.
- Достым мемлекетіміз егемендік алғаннан бері, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Содан бергі ғылым-білім саласындағы елеулі жаңалықтарды білесің бе?
- ...
- «Болашақ» бағдарламасына қандай мемлекеттер ықпал жасауда?
- ...
- Халықаралық қатынастар нәтижесі экономика саласына «инвестиция» терминін әкелді. Осы термин туралы қарапайым түсінік бере аласың ба?
- ...
- Біздің жастарымыз да дүниежүзіндегі ірі мемлекеттерде білім алуда. Осы жөнінде, яғни олар не үйреніп, қандай дәреже алып келетіндігі жөнінде айтып берші?
- ...
5 - тапсырма. Қажетті үстеу сөздерді аударып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.
(Вчера) қаланың көрікті жерлерін араладық. Мен (специально) осы затты сатып әкелдім. Сәбит (быстро) келді. (Вдруг) музыка ойнап кетті. Балалар (вперед) жүгіріп кетті. Біз (постоянно) ақылдасамыз. Ермек бүгін үйден (рано) шығып кетті. (Теперь) өз жайыңды баяндап берші.
6 - тапсырма. Сөйлемдерден туынды үстеулерді тауып, мағынасына қарай жіктеңіз.
Ойынға қатысатын балалар өзбекше киініп алыпты. Марат бізге қыстай келіп тұрды. Мен жерге шалқамнан құладым. Ол құстай ұшып келеді. Атам ескіше жазады, жаңаша ойлайды. Мұғалім бізге осыншама түсіндірді. Сендер соншама сөйлестіңдер ме? Әкем балаша қуанып жүр.
Сабақ.
Лексика: Ғылым мен техника.
Грамматика: Шылау сөздер.
1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.
қуатты – мощный, сильный
қарқынды - интенсивный
сапалы - качественный
ұсыныс - предложение
жарлық – декларация
жетістігі – достижение, успехи
ғарыш - космос
тұңғыш - впервые
ғарышкер - космонавт
жер беті - земля
жұлдыз - звезды
тұзды - соленный
шаң - пыль
тәжірибе - опыт, практика
зерттеулер - исследование
кеңістік - пространство
2 – тапсырма.Мәтінді тыңдап, мағынасы таныс сөздерді жазып алыңыз.
Ылым мен техника
Ғылымның дамуы – мемлекеттің қуатын көрсететін басты көрсеткіш. Сондықтан, болашаққа талпынған, қуатты да күшті державалармен иықты теңестіріп, тең тұруды көздеген Қазақстан мемлекетіне ғылым мен техникалық базаны нығайту қажет.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бері, ғылым мен техниканың қарқынды, сапалы дамуына үнемі көңіл бөлінуде. Осыған орай, 1992 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігінің ұсынысына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» жарлыққа қол қойды. Бұдан басқа да бірнеше жарлықтар қабылданып, ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстанның ғылым мен техникасының дамуын, жетістігін ғарышқа қадам басқан жолдарынан байқауға болады.
1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасының егемендік алуына орай аспан әлеміне аттанды. Онда тұңғыш ғарышкеріміз Қазақстан аймағындағы атмосфераны және жер бетін, жұлдызды аспанды бақылады. Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы мен таралуының ғарыштық суреттері алынды.
1994 жылы Байқоңыр ғарышжайынан ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев сапарға аттанды. Онда Талғат Мұсабаев Қазақстан мен Ресейдің ғылыми бағдарламасы бойынша тәжірибелер мен зерттеулер жүргізді.
Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы – ғылым мен техниканың дамуының баға жетпес жетістігі.
3 - тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
1. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті қандай жарлыққа қол қойды?
2. Басқа елдермен тереземіз тең болу үшін ғылымның қажеттілігі бар ма?
3. Ғылымы дамыған ел неге қуатты?
4. Ғарышты игеру мемлекетімізде қандай дәрежеде?
4 - тапсырма. Сұхбатты толықтырып, еркін сөйлесуге дағдыланыңыз.
- Достым, Қазақстан мемлекеті егемендігін алғаннан бері, ғылым мен техниканың дамуында көзге түсер қандай жетістіктері байқалды? Өзің оқыған деректерге сүйеніп айтып берші.
- ......................................................
- Қазақстанда машина жасау, оны құрастыру саласы дамыған ба? Республика аймағында қандай техникалар шығарылады?
- .....................................................
- Мемлекетіміз аса маңызды ғарышты меңгеру саласына да қадамдар жасауда. Бұл да ғылыми жетістігіміз. Алғашқы ғарышкеріміз жайлы не білесің?
- ....................................................
- Талғат Мұсабаевтың ғарышқа сапарында қандай жетістіктерге қол жеткіздік?
- ....................................................
5 - тапсырма. Қажетті септеуліктерді қойып, сөйлемдерді аударыңыз.
Біз саябаққа (?) жүгіріп бардық. Оқытушы бізге мемлекеттік тіл (?) баяндап берді. Емтихан біткен (?) үйге кетеміз. Адам өмір (?) күреседі. Біз көрші (?) хабарластық. Көше (?) жарық шамдар қойылыпты. Кешеден (?) Арман көңілді жүр. Алаңға мыңға (?) адам жиналды. Күзге (?) олар тағы кездеседі (қарай, дейін, туралы, бойы, арқылы, бері, үшін, соң, жуық).
6 - тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді аударып, демеуліктердің қызметін ажыратыңыз.
Оны кейін айтып беремін ғой. Қазір келсе ше? Тек қана үздік студенттер қатысады. Бір ғана тақырыпты таңдадық. Баяғыда бір батыр болыпты-мыс. Біз келгеннен-ақ зыр жүгірді Ол досын көрейін деп барған-ды. Сенің басың қатып кетті-ау.