КӨРСЕТІЛІМ - ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Критерий Деңгейлер
тақырыбтың толық және ойлы түрде ашылуы Ең жоғарғы балл – 100 балл (90-100б) Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылған, слайдтар ойлы бірізділікпен, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасы дұрыс берілген. Слайдтар мәтіні ойлы, айқын ашылған, қысқаша түрде түсінікті берілген. (75-89б) Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылған, бірақ аздаған қателіктер бар, слайдтар ойлы бірізділікпен, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасын түсініксіз құрастырған. Слайдтар мәтіні ойлы, айқын ашылған, қысқаша түрде түсінікті берілген. (50-74б) Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылмаған, слайдтар бірізділікпен берілмеген, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасында қателіктер бар. Слайдтар мәтіні негізінен сөзбен берілген. (0-49б) Көрсетілімде тақырып ашылмаған.  
Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі Ең жоғарғы балл – 100 балл (90-100б) Заманауи ақпарат көздері жеткілікті көлемде қолданылған. (75-89б) Заманауи ақпарат көздері қолданылған (50-74б) Заманауи ақпарат көздері аз көлемде қолданылған, оның басым бөлігі ескірген. (0-49б) Ақпарат көздерінің тізімі келтірілмеген.  
Материалды қамтып, қорытынды жасай білуі Ең жоғарғы балл – 100 балл (90-100б) Материал толық қамтылған, айқын, толық қорытындылар жасалған. (75-89б) Материал толық қамтылған, дұрыс қорытындылар жасалған (50-74б) Материал толық емес, қорытындылары айқын емес және айқын қателіктер жіберген. (0-49б) Материал қамтылмаған, қорытындысы жоқ.
Көрсетілімді ұсынып, сұрақтарға жауап беруі Ең жоғарғы балл – 100 балл (90-100б) Студент тақырыптың көрсетілімдік материалдарын еркін меңгерген, айқын, ғылыми атаусөздерді қолданып түсінікті баяндайды. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде өзінің бағытын қолдай алады, талұылағанда ойлы түрде жауап береді. (75-89б) Студент тақырып материалдарын меңгере алады, бірақ еркін баяндай алмайды. Сұрақтардың басым бөлігіне дұрыс жауап береді. (50-74б) Тақырып материалын студент нашар біледі, көрсетілімді оқып береді, сұрақтардың басым бөлігіне жауап бере алмайды. (0-49б) Студент материалды білмейді, сұрақтарға нашар жауап бере алмайды.
Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі Ең жоғарғы балл – 100 балл (90-100б) Слайдтардың рәсімделуі қойылған талаптарға сай. Тақырыбы келтірілген алғашқы слайд, көрсетілім жоспары, қолданылған әдебиеттер тізімі және интернет көзі келтірілген. Слайдтар жақсы көркемделген, мәтін аз келтірілген, қателіктер жоқ. Слайдтар мәтіні дәрісхананың барлық жерінен айқын көрінеді. (75-89б) Слайдтардың рәсімделуі қойылған талаптарға сай. Тақырыбы келтірілген алғашқы слайд, көрсетілім жоспары, қолданылған әдебиеттер тізімі және интернет көзі келтірілген. Слайдтар жақсы көркемделген, мәтін аз келтірілген, аздаған маңызы жоқ қателіктер кездеседі. Слайдтар мәтіні дәрісхананың барлық жерінен айқын көрінеді. (50-74б) Слайдтардың рәсімделуі қойылған талаптарға сай емес. Слайдтар әртүрлі пішінде жасалынған, көркемдеуде аздаған маңызды қателіктер кездеседі. (0-49б) Слайдтардың рәсімделуі қойылған талаптарға сай емес

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Бағаланатын компетенция Денгейлер
1 этап – Нұсқалау
Білім Нұсқалау Максимум 100б (90-100б) 90-100% дұрыс жауабтар (75-89б) 75-89% дұрыс жауабтар (50-74б) 50-74% дұрыс жауабтар (0-4б) 50% төмен дұрыс жауабтар
2 Кезең – клинико-лабораториялық есептерді сараптау
клинико-лабораториялық есептерді сараптау90 балл максимум Чек-парақтар бойынша машықтық дағдылар бағаланады. Чек-парақтардағы есептер « Бақылау - өлшеу құралдар бөлімде» көрсетілген
Коммуникативтідағды Максимум 10 балл 1. Студент өз ойын жинақтап емтихан қабылдаушыға ділелді дәлелді жеткізе алады 2.Ескертулерді дұрыс түсінеді 3.Даулы сұрақтарды қызағушылықпен талқылайды     10 балл 1.Студент өз ойын жинақтайды, емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алмайды 2.Айтылған ескертулерді дұрыс түсінеді     8 балл 1. Студент өз ойын нашар жинақтайды. 2. Айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді. 3.Даулы сұрақтарды талқыламайды     5 балл 1 Студент өз ойын нашар жинақтайды 2. жіберген қателерінің мағанасын түсінбеіді, айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді. 3.Даулы сұрақтарды талқыламайды 0 балл
           

 

ЖР (жіберу рейтингі).Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылаудағы құзыреттіліктердің орташа арифметикалық бағамы есептеледі. Студенттің семестрлік бағасы 50 немесе артық болған жағдайда емтиханға жіберілген деп есептеледі.