Бірінші модуль. Модульдің атауы 4 страница
Ғылым тілі ағылшын, неміс, орыс тіл білімінде “арнайы мақсаттағы тіл” деп те аталады. Белгілі бір ғылыми дискурста терминдер қандай да бір ғылыми ұғымды ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге маманданғандықты білдіретін ақпаратқа ие тілдік бірлік болып табылады, сөйтіп белгілі бір мәтінді біртұтас ғылыми тіл ететіндей тоғыстырушылдық (интеграциялауыштық) қызмет атқарады. Ал ресми дискурста морфологиялық құрылымы күрделі бірліктерден (құлақтандырылмағандықтарыңыздың салдарынан т.б.), күрделі синтаксистік құрылымдардан гөрі ықшам, күрделі емес тілдік бірліктердің болуына, ойша, тыңнан құрастырылатын конструктілерден, тілдік құрылымдардан гөрі стандарт, штамптардың дайын үлгілер болуына қарай сөз үрдісінің ойысуы – іскери дискурстың прагматикалық қырлары болып табылады.
Сөз актісінде стандарт, клишелер хабарлау, бұйыру, өтіну, уәж айту тәрізді мағыналарды жүзеге асыруға қатысады. Стандарт, клишелер – ойланбастан ойға оралатын дайын күйдегі оралымдар, сондықтан іскери қарым-қатынасты жеңілдетеді.
1.2.Сөз мәдениеті заңдылықтарының кәсіби қазақ тілінде алатын орны
Жоспары:
1.Сөз мәдениеті мен әдеби тілдің лексикалық, морфологиядық т.б. нормалары арасындағы байланыс
2.Тұрмыстық қатынас саласында қолданылатын ауыз-екі сөйлеу стилінің айырым белгілері
Сөйлеу тілінің нормалары грамматикада, сөздіктерде тіркелмейді, сондықтан сөйлеу тілі нормалары әдеби тілдің кодификацияланбаған нормасына жатады. Әдеби тілдің нормалары кодификацияланған стильдік тармақтарына сөйлеу тілі осы ерекшеліктерімен қарама-қарсы қойылады. Сөйлеу тілін қолдану кезінде жазбаша, яғни кітаби түрде сөйлеу сөз мәдениеті тұрғысынан дұрыс деп танылмайды. Сондықтан сөйлеу тіліне тән ерекшеліктерді жазба тілден айыра білу сөз мәдениетіне қойылар басты талаптың бірі.
Сөйлеу тілі – әдеби тілдің бейресми жағдаятта қолданылатын, адресант пен адресаттың тікелей қатысуымен диалог түрінде жүзеге асатын ауызша түрдегі (спонтанды) машықты сөз. Осы сипатына байланысты сөйлеу тілін бейресми дискурс деп атауға болады.
Қарым-қатынастың бейресмилігі, ситуацияға тәуелділігі, машықтылығы (спонтанность) сөйлеушілердің әлеуметтік рөлі, психологиясы, эмоциялық күйі сөйлеу тілінің құралымдық сипатының күрделі екенін танытады.
Сөз субьектісі, яғни сөйлеуші өзін тұлға ретінде көрсетеді. Оның сөйлеген сөзінен белгілі бір этносқа, ұлтқа тән екені, мәдениет деңгейін дүниетанымдық ерекшелігін, этикалық және құндылықтар жөніндегі түсінігін байқатып тұрады.
Сөйлеу тілі диалог формасында жүзеге асады. Диалогтің ойдағыдай болуы, ойдағыдай аяқталуы үшін қарым-қатынас жасауды қажетсіну негізгі шарттардың бірі. Бұл қажетсіну коммуникативтік мүдделілік деп аталады.
Коммуникативтік мүдделілік деңгейіндегі қатынаста диалогке қатысушылар арасында, олардың әлеуметтік мәртебесіне, әлеуметтік рөліне қарамастан, тепе-теңдік (паритеттілік) сақталады.
Әңгімелесушінің жан дүниесіне байланысты түсіністік, сөйлесушілердің, тілдесушілердің дүниетанымындағы жақындық, өмір тәжірибесіндегі ұқсастық, мүдделестік, мәдени, туыстық т.б. апперцепциялық ая диалогтің нәтижелі болуына әсерін тигізетін шарттардың бірі.
Ишара, ым, интонация, реплика, тон, дауыс тембрі арқылы өзара түсіністікке жол ашылып, тілдік қарым-қатынастың ойдағыдай болуына ықпал етеді. Тыңдаушы сөз мәніндегі тұспалды аңғаруы шарт, сөйлеушінің не аңғартқысы келетінін аңдауы керек. Сөйлеушінің коммуникативтік діттемін тыңдаушының аңғара білуі диалогтің ойдағыдай өтуін қамтамасыз етеді. Коммуникативтік интонациямәтінге, яғни вербалды деңгейге дейін, яғни сөз тыңдаушыға жеткенге дейін қалыптасады.
Әдетте тыңдаушы айтылып жатқан сөз ағымынан қалыспай, айтылған сөздің мәнін ой елегінен өткізіп үлгереді де, сөйлеушінің коммуникативтік тұспалын (интенциясын) “шешеді”. Бұл жерде тілдік, психологиялық, биологиялық, физиологиялық процестер асқан шапшаңдықпен қатарлас жүреді. Сөйлеу әрекеті теориясы бойынша әдетте а) логикалық құрылым мен тілдік құрылым толық сәйкес келмейді; ойдың сөзбен айтылмайтын құрылымдары бар; ә) мән-мағынаны айқын аңғартатын тәсілдер бар да, мән-мағынаны айқын көрсетпейтін тәсілдер бар, тікелей аңғартатын тәсілдер бар да, тұспалмен аңғартатын тәсілдер бар.
Белгілі бір мән-мағынаны тұтас күйінде емес, ішінара білдіретін тұстар да сөйлеу тілі үшін қалыпты жағдай. Бұл тыңдаушы мен сөйлеушінің арасындағы күрделі қарым-қатынасты көрсетеді. Сөз тұспалын түсінуде ойға “қысым” түсетін кез осы тұста. Сөйлеу тілі осынысымен қызық, осынысымен ұтымды. Олай болмаған жағдайда сөйлеу тілі тым сұрқай, бір өңкей, тыңдаушыны мезі етіп, жалықтырар нәрсеге айналар еді. Шөлдеп кеттім, пысынап кеттім десе, күннің ыстықтығын білдіреді немесе күн ыстық екен дегені шөлдеп кеттім дегенді білдіреді. Күн тымырсық екен деген сөз жел соқпады дегенді, я болмаса салқын аяжайға бару керектігін аңғартады.
Коммуникативтік құзірет тілдік қарым-қатынастағы әлеуметтік мәдени нормаларды, және стереотиптерді білу дегенге саяды. Коммуникативтік құзіреті жоғары адам әртүрлі деңгейдегі бірліктердің мағынасы мен сол элементтердің өзара тіркескендегі мағынасын білумен бірге мәтін деңгейіндегі тіл қатудың әртүрлі формаларын қолдана алады. Белгілі бір оқиғаға өзінің бағасын шынайы түрде отырып, оған тыңдаушы тарапынан жауап реакция туғыза алады. Қарым-қатынасты интимдендірудің тілдік әдіс-тәсілдерін қолданудың ретін біледі.
Сөйлеушінің әртүрлі коммуникативтік ситуацияда қолданылатын тұрақты сөз орамдарын, мақал-мәтелдерді, мәтіндік клишелерді, прецедентті мәтіндерді т.б. білуінің мәні айрықша. Бұлар тілдің әлеуметтік нормаларын меңгерудің жоғарғы көрсеткіштері.
Тілдік қарым-қатынас ойдағыдай болу үшін сөйлеуші тыңдаушыға тек жалаң фактілерді ғана айтып қоймау керек, тек ақиқатты айту жеткіліксіз, сонымен бірге жанама ақпараттар беру қажет. Сөз ішіндегі, сөз арасында айтылатын бейнелі сөз әдемі әділ, жеңіл юмор, каламбур т.б. тыңдаушыны бей-жай қалдырмайды, тілдесушілердің өзара түсіністігіне жол ашатын жанама тәсілдерге жатады.
Қарым-қатынастың тілдік дүниеліктердің қалыптасуына көп жағдайда тілдік емес факторлар ұйытқы болады. Тілдік емес факторлар көзқарас, әрекет, жай-күй, эмоция, білім, сенім т.б. мәнділіктерден тұрады. Осымен байланысты тілдік қарым-қатынастың ойдағыдай болуы немесе сәтсіз аяқталуы сөйлеушінің тек тілдік формаларды талдауына тәуелді емес. Коммуникацияның ойдағыдай өтуі лингвистикалық және лингвистикалық емес факторларға байланысты.
Диалогтегі сәттілік пен сәтсіздік а) коммуниканттардың әлеуметтік-стереотиптік ерекшеліктеріне; ә) коммуниканттардың аялық біліміне, б) коммуниканттардың құзыретіндегі жақындыққа, я болмаса алшақтыққа; в) коммуниканттардың жыныс, жас, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты жайттарды ескеру/ескермеуден болуы ықтимал.
Қарым-қатынастың тепе-теңдігі (паритеттілігі) сақталмаған жағдайда диалог ойдағыдай өрбімей қалады, өйткені сөйлеушілердің біреуі басым болады да тақырып тізгінін қолдан шығармайды. әріптеске сөз бермейтін үнемі өзі сөйлей беретін адам тыңдаушының қандай қабақ танытып отырғаны, дұрыс, не бұрыс түсініп отырғаны т.б. жағдаяттарға мән бермейді, сөйтіп сөйлеуші коммуникацияға қатысушының көңіл күйін аңғаруға қабілетсіздік танытады.
Диалог сөздің өрбуіне, нәтижелі болуына кесірін тигізетін нәрсе – орынсыз ескерту жасау, сөзді орынсыз бұзу, орынсыз сұрау қою, орынсыз көп сөйлеу, айтылғанды орынсыз қайталау т.б. Мұндай “орынсыздықтар” тыңдаушымен есептесудің, қарым-қатынастағы ынтымақтастықты (кооперативность) бұзып, сөздің берекесін кетіреді.
Сөйлеушінің тілді білуі деңгейі тым төмен болған жағдайда тілдік қатынас сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Мұндайда сөйлеуші жергілікті сөздерді қолдануы мүмкін. Қайсыбір сөйлеушінің тыңдаушы біле білмейтін арнаулы терминдерді орынсыз қолдануы, сондай-ақ шетелдік сөздерді орынсыз жұмсауы диалогтің сәтті өтуіне кедергі жасайды.
1.3.Антропоөзекті лингвистиканың кәсіби қазақ тілінде алатын орны
Жоспары:
1.Антропоөзекті лингвистика саласына қатысты кәсіби бағыт.
2.Когнитивтік, әлеуметтік лингвистика.
Когнитивтік лингвистикада білім ұғымымен бірге таным, ақпарат, сана, ойлау тәрізді ұғымдық категориялар жиі қолданылады.
Ақиқат туралы білімді санада сақтау, оны игеру – күрделі процесс. Бұрын алынған білім индивид санасында тәртіпке келтіріліп, жаңа алынған білім бұрынғымен байланыстырылады. Аса маңызды, мәнді деген фактілер, деректер жинақталып, концептілік жүйеге түседі .
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.
Концепт ретсіз нәрсе емес. Оның компоненттері (белгілері) белгілі бір тәртіпте болады. Заттық-образдық ядро нақты болады, ал ядродан алшақтау жатқан белгілер дерексіз, абстрактілі болуы мүмкін . Концептінің әртүрлі қабаттары бір-бірінен туындап жатады. Бұл жайт концепт ұғымының өзгеше сипатын көрсетеді.
Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=, жал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр.
Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт-мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық тб.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым.
Ұғымнан концептінің айырмасы, түптеп келгенде, мынаған саяды: концепт – денотат туралы бастапқы түсінік (представление). Денотат туралы осы түсінік жалпыланған инвариант-образ түрінде болады да, ол сөздің тууына түрткі, ұйтқы болады. Бұл – заттық-бейнелік концепт. Тілдік санада концепт форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық-мәдени концепті пайда болуы мүмкін. Заттық-бейнелік концептіде (перцептивті модуста) этномәдени сипат бола қоймайды. Мысалы, қазан ошаққа, тасошаққа, жерошаққа т.б. құрылғының үстіне қойылатын, астына от жағылатын, беті қақпақпен жабылатын түбі қара күйе ыдыс. Ошақ, ошақтың үсті, от жағу, беті, қақпақ, жабу, түбі, қара күйе, ыдыс дегендер – ақпарат. Осы ақпараттардың реттелген жүйесінен заттық-бейнелік концепт жасалып тұр. Бірақ заттық-бейнелік концептісінің ономосологиялық құрылымы мәдени этностық санада әрі қарай өңдеуден өтеді де, басқа бір таңбаланушының таңбасына айналады. Ендігі жерде қазақ түсінігінде қазан отбасының, ағайын-туыстың, ауыл-аймақтың, ел жұрттың басын біріктіретін, басын қосатын, ынтымақтастыратын қасиетті мүлік болып табылады. Қазаны бүтін; қазаны қақ айырылу, қара қазан сарбаланың қамы, қазанын сындыру (кек алудың бір түрі) т.б. дегендер ұжымдық санадағы мәдени-ұлттық семантиканың тілдік таңба арқылы жарыққа шығуы қазанның ұлттық мәдени концептіге айналғанын көрсетеді. Мұндай концептілер (инферентті модус түріндегілер) этномәдениеттің тірек элементі болып, концепт-кеңістікке енеді.
Зат-бейнелік концепті (перцептивті модус) мен мәдени-ұлттық концепт (инферентті модус) когнитивтік әрекеттің екі фазасы болып саналады; бастапқы таңбаланушы мен таңбалаушы әртүрлі модификацияда сөз таңба ретінде қалыптасу кезеңінен өтеді. Аяққы кезде сөз белгілі бір этномәдени кеңістікке енеді де, сол мәдениетті түсінудің (ұғынудың) және түсіндірудің (ұғындырудың) құралына айналады.
М.Минский фреймді стереотипті ситуацияның ойбейнесі деп атайды. Осы аталған когнитивті жасалым стереотипті денотаттық ситуациямен байланысты. Мысалы, ашішектей созылды деген фразеологизм “ұзаққа созылған, бас-аяғы көрінбейтін, адамды ығыр қылатын баяу іс, әрекет туралы” айтылады. Фразеологиялық мағына ақиқат дүниедегі денотаттық ситуацияның тілдік ұжымның санасында фреймдік құрылым ретінде қалыптасуымен байланысты. Когнитивтік санада фреймдік форматқа түскен құрылымды таратып айтатын болсақ, – жаңа сойылған малдың ішек-қарны тазаланады, әсіресе аш ішек ұзын, жіңішкелеу болғандықтан, ши жүгіртіп, сумен шаю ұзаққа созылып, баяу істеледі. Ақиқат өмірдегі осы стереотипті денотаттық ситуация тілдік ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылым түрінде орныққан. Ендігі тұста осы фреймдік формат “ұзақ, баяулық” сияқты басқа бір концептімен ассоцацияланып, ұзаққа созылған, баяу, адамды ығыр қылатын істі атайтын екінші реттегі номинацияға айналған.
Белгілі бір мәтінде фразеологизмдердің дұрыс/бұрыс қолданылғанын олардың ақиқаттағы денотатымен, сол денотаттың санадағы құрылымымен байланыста қарай отырып айқындауға болатыны байқалады.
Когнитивтік тұрғыдан қарасақ, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай тәрізді фразеологизмнің сөз мәдениеті тұрғысынан қазақ тіліне жат екені байқалып тұрады. Өйткені жаңбыр шелектеп жауса да, қазақ даласында саңырауқұлақ қаптап кетпейді, яғни ақиқат өмірде ондай стереотипті ситуация жоқ, денотаты болмағандықтан, ұлттық санада фреймдік құрылымы да жоқ. Диірменіне су құйды деген қолданыс та қазақша емес. “Бір нәрсені өршіте түсу” деген ұғым қазақ тілінде “Отына май құйды” деген фразеологизммен бейнеленеді, өйткені ақиқат өмірде отқа май құйып ырымдайтын стереотипті ситуация болған. Осы денотатпен байланысты тілдік ұжымның санасында фреймдік құрылым түзілген.
Сондай-ақ ақиқат өмірде болғанмен, фреймдік құрылымға түспеген денотат, денотаттық стереотиптік ситуациялар да болады. Мысалы, судың, жаңбырдың тамшысы перцептивті образ түрінде кез келген тілдік ұжымның санасында болуы ықтимал. Бірақ бәрінде бірдей “егіз тамшы” деген фреймдік құрылым кездесе бермейді. Орыс тілінде “өте ұқсас, бірінен бірін ажыратуға болмайтын нәрсені” как две капли воды деген екінші реттегі номинациямен береді. Ал қазақ тұрмысында егіз қозы біріне-бірі өте ұқсас, оларды бір-бірінен айыру, тәжірибелі адам болмаса, өте қиын. Ақиқат дүниедегі осындай перцептивті типтік ситуация ұжымның когнитивтік санасында фреймдік құрылымға айналып, соның негізінде егіз қозыдай деген екінші реттегі атау пайда болған. Қазіргі кезде баспа беттеріндегі егіз тамшыдай деген қолданысты бөтен тілдің дүниелік картинасы болғандықтан сөз мәдениеті тұрғысынан мақұлдауға болмайды.
1.4. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби біліктілігі және оның психологиялық қырлары
Жоспары:
1. Психологияның оқып үйренудің маңызы.
2. Тапқырлық пен ойлануға баулитын психологиялық процесстер.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан – салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш – куаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға — Ұстаз. Тек мықты үстаз ғана осындай ауъір жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары кастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалыкпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жаксы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мүғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен кимыл орекетіне ақьщдың донін сеуіп, нүр құятьш тынымсыз жалын иесі», — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табаддырыгын аттаған жас бала ертеңгі ел түткасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мүғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына үлттық мінез – құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңгы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Мұндай жағдайда мүғалімнің шеберлігі, үйымдастырушылык кабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп окушылары үшін муғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие көрсеткіші.
Жоғарыда аталған міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс — тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді.
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады. Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі – жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бул тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс — әрекет пен амалдарды колдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым – қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке түлға ретіиде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын жәие жетілу деңгейін байқатады. Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.
Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін — өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс -әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар муғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне бзйланысты педагогикалық процестің кез келген буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу — мұғалімге өзінің педагогикалык қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін — өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі. Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық қурамдас бөліктерден тұрады. Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған. Ал, өз білімін психологиялық – педагогикалық жағынан көтеруі — педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалык тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт көптеген мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ бар-