ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ САУСАҚТАН ҚАН АЛУ

Мақсаты: диагностикалық - жалпы клииикалық анализге қан алу; қанның пішінді элементерінін сандык жэне сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің, лейкоңиттердің, тромбоциттердің); қандагы гемоглобин санын жэне эритроциттердін тұну жылдамдыгын (ЭТЖ) анықтау; қандагы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю жэне қан агу уақытын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердіц тагайындауы бойынша.

Терінің тесетін жерлері: құлақтың сыргалыгы, төртінші саусақ, жаңа туган нәрестенің өкшесі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылган садақ-скарификаторын, мақта шариктерін, резеңке қолгаптарды, 70% спиртті, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Мейірбике науқасты зерттеу алдында, алда турған қанды алу утралы алдын ала ескертуі керек жэне қан ашқарында, дэрі-дэрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керекргін түсіндіреді.

2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Спиртке ылғалдатылған макта шариктерімен қолыңызды тазартыңыз, қолгаптарды киіңіз.

4. Сол қолыңызбен науқастың сол қолының IV саусагын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалгандары алақан жағында орналасады.

5. Тесілетін жерді залалсыздандырылған спиртпен ылғалдандырылган макта шаригімен тазартыңыз жэне спирттін кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.

6. Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз жэне садақ- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейінжылжытып теріні тесіңіз.

7. Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай жэне мол ағады. Тері тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына агады жэне оны зерттеуге жинап алу қиындайды.

8. Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашкы тамшысын сүртіңіз.

9. Әрбір қанды зерттеуге жаңа тамшыдан жинайды.

10.Қан алып болганнан кейін тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен сүртіңіз.

11. Қолданылған қүралдарды қауіпсіз жоюга арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту:

- қол саусақтары күйіп жэне үсіп қалғанда, саусақтың терісі қалындап, қатайып кеткен адамдардан қанды қүлақтың сырғалығынан алуға болады;

- ал емшектегі балалардан қанды аяқтың үлкен саусагынан немесе окшесінен алады.

 

 

УЫҚТЫ ЖУУ

Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе үсақ тастарды механикалық алып тастау. Зэр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.

Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға жэне катетерлеуге арналған қүрал-жабдықтарды; қуықты жууға арналған 37 С деиін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фураңилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің элсіз ерітіндісін жэне т.б), Жане шприңін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдасты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-эрекет алгори гмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқастың бөксе астына клеенканы жэне жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ертіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.

4. Наукастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).

5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).

6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).

7. 50-100мл мөлшеріндегі жылытылған фураңилин ерітіндісін Жане шприңіне сорып алыңыз.

8. Катетердің бос шетіне Жане шприңін жалғастырып, фураңилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп қуыққа енгізіңіз.

9. Катетерден Жане шприңін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайгын ыдысқа салыңыз, сүйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.

10.Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз. П.Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да

зарарсыздандыру ерітідіндісіне салыңыз.

12.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

13.Науқастың түруына жэне ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.

Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.