ТЕРІІШІНЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ҚОЮ

Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларыныц ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.

Асқынулар: инфильтрат.

Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз. ^

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

7. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен - иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенін, III, IV, I саусақтармен - цилиндрдің қыр жағынан үстаңыз.

8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін томен қарай тартыңыз.

9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (5°С бүрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сүқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

ІО.ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың II, III саусактарымен цилиндрдің жиегінен үстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дэрілік ерітіндіні енгізіңіз.

П.Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).

12.Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

13.Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз.

14.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

15.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

16.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.

 

 

ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ

Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дэл дозасын енгізу.

Қолдануга корсетілімдері: инсулинге тэуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу.

Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.

Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.

Енгізілетін жерлері: иықтың жэне жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдынғы беті.

Дайындаңыз: флакондағы инсулин ерітіндісін, 70° спиртгі, залалсыздандырылған: лотокті, пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцін, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз жэне оны жүргізуге оның келісімін алыңыз; иг-

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолгапты киіңіз.

3. Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырьщыз.

4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дэрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтін белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

5. ¥зақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

6. Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-37°С деиін жылытыңыз.

7. Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін жэне саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

8. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

9. Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз.

10.Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

11.Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

12.Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

13.Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек.

14.Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз жэне инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз.

15.Шприңті оң қолыңызға алыңыз.

16.Сол қолдың I және II сауеақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз.

17.Тері асты майлы қабатын ортасына 30-45° бұрышпен иненін ұзындығына үш бүрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып үстап инені жылдам жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

18.Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

19.Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз.

20.Жылдам қозғалыспен инені шығарып, қүрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекңия жасаған жерге қойыңыз.

21.Науқасты тамақтандырыңыз.

22.Қолғапты шешіңіз.

23.Қолданылған шприңті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

24.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.