Жалпы дәрігерлік практика» интернатурасы
Курс (ІІ оқу жылы) бойынша
Мемлекеттік Қорытынды Аттестаттаудың ІІ кезеңіне
Тәжірибелік дағдылардың игерілуін тексеру) арналған
Объективті құрылымды клиникалық емтиханның (ОҚКЕ) бекеттер ТІЗІМІ
№ | Бекет атауы | Макс. ұпай | Тапсыр-маны орындау уақыты |
Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП) | |||
Ішкі аурулар (ЖДП) | |||
Балалар аурулары (ЖДП) | |||
Хирургиялық аурулар (ЖДП) | |||
Психиатрия және наркология (ЖДП) | |||
Неврология (ЖДП) | |||
Инфекциялық аурулар (ЖДП) | |||
Фтизиатрия (ЖДП) | |||
Акушерия және гинекология (ЖДП) | |||
Онкология (ЖДП) | |||
Барлығы: | 50 мин |
ОҚКЕ нәтижесін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалау критерийлері
№ | Баға | Аралығы |
Өте жақсы | 9,0-10,0 | |
Жақсы | 7,5-8,9 | |
Қанағаттанарлық | 5,0-7,4 | |
Қанағаттанарлықсыз | 0-4,9 |
Нұсқа
Бекеттер тапсырмалары
№ | Бекет атауы | Бекет тапсырмасы |
Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП) | Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау, коммуникативті дағдылар (Артериялық гипертензия) | |
Ішкі аурулар (ЖДП) | ЭКГ талдау | |
Балалар аурулары (ЖДП) | Жаңа туған нәрестелерде кенеттен өлу синдромы кезіндегі шұғыл көмек | |
Хирургиялық аурулар (ЖДП) | Мұрыннан қан кетуді тоқтату (мұрынның алдыңғы тампонадасы) | |
Психиатрия және наркология (ЖДП) | Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар. Алкогольды делирий | |
Неврология (ЖДП) | Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Бас миының ісігі | |
Инфекциялық аурулар (ЖДП) | Асқазанды жуу әдісі | |
Фтизиатрия (ЖДП) | Туберкулинді Манту сынамасын жүргізу | |
Акушерия және гинекология (ЖДП) | Физиологиялық босануды жүргізу | |
Онкология (ЖДП) | Сүт бездерін скринингтік тексеру |
Нұсқа
Бекеттер тапсырмалары
№ | Бекет атауы | Бекет тапсырмасы |
Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП) | Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау, коммуникативті дағдылар (Брохтық демікпе) | |
Ішкі аурулар (ЖДП) | ЭКГ тіркеу | |
Балалар аурулары (ЖДП) | Көздегі бөгде затты алып тастау | |
Хирургиялық аурулар (ЖДП) | Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу әдісін көрсету | |
Психиатрия және наркология (ЖДП) | Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар. Қатерлі нейролептикалық синдром | |
Неврология (ЖДП) | Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Бас ми қан айналымының жедел бұзылысы | |
Инфекциялық аурулар (ЖДП) | Науқастан жұлын сұйықтығын алу әдісі | |
Фтизиатрия (ЖДП) | Рентгеносемиотика бойынша туберкулез кезіндегі өзгерістерді сипаттау | |
Акушерия және гинекология (ЖДП) | Гинекологиядағы арнайы тексеру әдістері | |
Онкология (ЖДП) | Тік ішекті саусақпен тексеру |
Нұсқа
Бекеттер тапсырмалары
№ | Бекет атауы | Бекет тапсырмасы |
Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП) | Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау, коммуникативті дағдылар (Қантты диабет) | |
Ішкі аурулар (ЖДП) | Жүрек ұшы түрткісін пальпациялау және жүрек аускультациясы | |
Балалар аурулары (ЖДП) | Антропометриялық зерттеу | |
Хирургиялық аурулар (ЖДП) | Қуық катетеризациясы | |
Психиатрия және наркология (ЖДП) | Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар.Аффективті-сандырақты-галюцинациялық синдром | |
Неврология (ЖДП) | Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Эпилептикалық статус | |
Инфекциялық аурулар (ЖДП) | Аңқа және мұрыннан жағынды алу | |
Фтизиатрия (ЖДП) | Өкпе туберкулезі кезіндегі жедел жағдайлар – өкпеден қан кету | |
Акушерия және гинекология (ЖДП) | Сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жүргізу | |
Онкология (ЖДП) | Жатыр мойнынан цитологиялық зерттеуге жағынды алу |
Мемлекеттік Қорытынды Аттестаттауға арналған ОҚКЕ бекеттерінің
СЫЗБАСЫ
Нұсқа
Бекет
Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)
Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау,
коммуникативті дағдылар (Артериялық гипертензия)
Интернге қойылған тапсырма:
1. Сіз – отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірибелі дәрігерісіз. Сізге қаралуға анамнезінде артериялық гипертензиясы бар 50 жастағы ер кісі келді. Науқастың бойы, салмағы мен дене қызуы тіркелген. Сіз артериялық қан қысымы мен пульсін өлшеп жазыңыз (ол уақытта пациент отыр).
2. Бұл науқас өзін жақсы сезінеді және дәрі-дәрмек қабылдағысы келмейді. Пациентпен сөйлесіп, оған жоғары артериялық қысымды емдеу керек екенін қысқаша түсіндіріңіз. (Сізге өзіңізді таныстырудың қажеті жоқ, пациентпен қарым-қатынасыңыз өте жақсы деңгейде).
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Керекті жабдықтар:фонендоскоп, тонометр, секундомер.
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Пациентке шынтағын үстелге қоюын және бұлшық еттерін босаңсытуын өтінді. | |||
Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне компессорлы манжетті кигізді. | |||
Пневматикалық ауа жібергіштің көмегімен қысымды тез болжамды систолалық қысымнан жоғарырақ деңгейге көтерді. | |||
Фонендоскопты шынтақтың бүгілген жеріне қойды, бұранданы біртіндеп ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарды. Монометрдің көрсеткіштерін қадағалап отырды. | |||
Артериялық қан қысымының көрсеткіштерін хабарлады (систолалық және диастолалық). | |||
Радиальды пульсті бағалау үшін саусақтарын дұрыс қойды. | |||
Пульсті ең аз дегенде 30 секунд шамасында анықтады. | |||
Пульстің сипаты туралы хабарлады. | |||
Пациенттен дәрі-дәрмектерді қандай себептерге қатысты қабылдағысы келмейтіні туралы сұрады (мысалы, құны, жағымсыз әсерлері, ұмытып кетуі және т.б.). | |||
Дәрі-дәрмектерді қабылдау қажеттігі жайлы түсіндірді. | |||
Барлығы: |
Стандартталған пациентке нұсқаулық:
Сіз – 50 жастағы ер кісі өзіңіздің отбасылық дәрігеріңізге келдіңіз. Сіздің үйдегі қан қысымыңыз – 150/100 мм сын. бағ. Өзіңізді жақсы сезінесіз және дәрілік препараттарды қабылдағыңыз келмейді. Мейірбике бойыңыз, салмағыңыз және дене қызуыңызды өлшеді. Дәрігер артериялық қысымыңыз бен пульсіңізді анықтап, дәрілік препараттарды қабылдау қажеттігін түсіндіреді.
Диалог:
Дәрігер: «Дәрі-дәрмектер қабылдамауыңыздың себебі неде?»
Пациент: «Мен өзімді өте жақсы сезінемін!»
Дәрігер: «Түсініңіз, егер Сіз бұл препараттарды қабылдамасаңыз инсульт, инфаркт, тырысулар сияқты асқынулар дамуы мүмкін. Нәтижесінде адам не өмірінің соңына дейін мүгедек, не өлімге әкеп соғуы мүмкін. Мен дәрігер ретінде сізге көмектескім келеді, ал қалғаны өзіңіздің қолыңызда.»
Пациент: «Дәрігерлер маған таблеткалар тағайындағаны бар, бірақ мен оларды ішуді ұмытып қала беремін.»
Дәрігер: «Мен Сізге 24 сағат бойы әсер ететін, сол себепті күніне 1-ақ рет, таңертең ғана қабылдайтын дәрі тағайындаймын. Оларды Сіз қабылдауды міндетті түрде ұмытпайсыз. Сіз осы уақытқа дейін қысымға қарсы дәрі-дәрмектер қабылдағансыз ба?»
Пациент: «Иә, қабылдағанмын. Бір-ақ ай. Сосын ем курсын тоқтатқанмын».
Дәрігер: «Қан қысымының жоғарылауында емді кезеңді түрде жүргізуге болмайды! Оған қатаң тыйым салынған! Бұл препараттарды қабылдауды тоқтатқан жағдайда Сіздің қан қысымыңыз көтеріле береді. Сондықтан ем үздіксіз болуы қажет».
Пациент: «Рахмет, дәрігер! Мен Сізді түсіндім! Сіздің ұсыныстарыңызды орындаймын. Сау болыңыз!»
Бекет
Ішкі аурулар (ЖДП)
ЭКГ талдау
Интернге қойылған тапсырма: ЭКГ таңдап алыңыз және, іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, оған талдаужүргізіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Керекті жабдықтар:ЭКГ ленталар, 0,9% физиологиялық ерітінді, тампондар.
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Р тісшесі бар жоқтығын анықтады (синусты немесе синуссыз ритм). Синуссыз ритм анықталғанда ритмнің көзін анықтады. | |||
Жүрек соғу санын (ЖСС) анықтады. | |||
Жүректің электрлік осін (ЖЭӨ) анықтады. | |||
Р тісшесінің сапалық және сандық сипаттамасын берді. | |||
PQ аралығының сандық сипаттамасын берді. | |||
QRS комплексін (патологиялық Q тісшесінің бар-жоқтығы, QRS комплексінің кеңейіп, деформациялануы) сипаттады. | |||
ST сегментіне талдау (изосызықта, изосызықтан жоғары немесе төмен ығысқан) жүргізді. | |||
Т тісшесіне сипаттама (оң немесе теріс мәнді) берді. | |||
QT интервалын өлшеп, сипаттамасын берді. | |||
ЭКГ қорытындысын берді. | |||
Барлығы: |
Бекет
Балалар аурулары (ЖДП)
Жаңа туған нәрестелерде кенеттен өлу синдромы кезіндегі шұғыл көмек
Интернге қойылған тапсырма:Сіз – отбасылық дәрігерлік амбулаторияда істейтін жалпы тәжірибелік дәрігерсіз - жаңа туылған нәрестеге активті патронаж мақсатында үйіне келдіңіз. Бала І-ші жүктіліктен 35 апта мерзімінде шала туылған. Дене салмағы 2500 г, бойы 48 см. Тексеру барысында нәрестеде тыныс алу мен жүрек қызметінің кенет тоқтауы байқалды. Мына жағдайда әр кезеңді мәліметтей отырып, шұғыл көмек көрсету техникасын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: Муляж, білік, дәкелік сулық, секундомер.
№ | Критерийлер | Дұрыс орында-ды | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Жаңа туған нәрестені тегіс жерге жатқызды. Ауыз қуысын және жұтқыншақты кілегей мен құсық массаларынан механикалық тазартты. | |||
Басын аздап шалқайтып, тыныс жолдарын түзу орналасуын қамтамасыз етіп, мойын астына білік қойды. | |||
Төменгі жақты жоғары және алға жылжытты (иек ең жоғары қалыпта орналасуы қажет). | |||
Баланың бетіне дәкелі сулықты жапты. Реанимациялық шараларды бастау уақытын белгіледі. | |||
Ауаны терең тыныстап, ерінмен баланың аузы мен мұрын тығыз жауып, аздаған күшпен ауаны үрледі. | |||
Ауа үрлеуді кеуде қорабы көтерілгенде тоқтатып, пассивті тыныс шығаруға мүмкіндік берді. Ауаны үрлеу жиілігі минутына 20 рет. | |||
Алғашқы 3-4 инсуффляциядан кейін ұйқы және сан артерияларында пульс болмағанда, жүректің тікелей емес массажын жасауға кірісті. | |||
Баланың оң және сол жағындағы реаниматологтар оң қолдың 2 саусақ ұшымен емізікше сызығынан бір саусақтың ені көлеміндегі төмен аймақта 1 - 2 см тереңдікте минутына 150 рет басты. | |||
Реанимациялық шараларды келесі қатынаста жүргізді: 2 үрлеуге 10-12 компрессия. | |||
Реанимациядан 1 минуттан кейін және 2 минут сайын баланың жағдайын бағалап отырды (өздігінше тыныс алу, өздігінше жүрек соғу, ұйқы артериясының пульсациясын, цианоздың азаюы, көз қарашығының кішіреюі, АҚҚ 50-70 мм/сын. бағ). | |||
Барлығы: |
Бекет
Хирургиялық аурулар (ЖДП)
Мұрыннан қан кетуді тоқтату (мұрынның алдыңғы тампонадасы)
Интернге қойылған тапсырма:Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге 15 мин бұрын кенеттен басталған мұрыннан қан кетуге шағымданып 56 жастағы ер кісі шағымданып келді. АҚ – 80/60 мм сын. бағ. Пульсі – 100 рет минутына. Жартылай отырғызып, мұзды мұйық қою мен мұрнын сыртынан саусағымен басып тұрудың ойдағыдай көмегі тимеді.
Іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, осы жағдайға байланысты фантомда шұғыл көмек көрсету техникасын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: фантом, мұрын айнасы, маңдай рефлекторы, лампа, турунда 70-80 см, мақта, вазелин майы, 700 этил спирті.
№ | Критерийлер | Дұрыс орында-ды | Орын-дамады немесе дұрыс емес орында-ды |
Мұрынның алдыңғы тампонадасын жасау көрсеткіштерін атап өтті. | |||
Мұрынға алдыңғы тығындауды жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар жиынтығын анықтады. | |||
Мұрынның шырышты қабатын 10 % лидокаин ертіндісімен жансыздандырды. | |||
Науқастың қалпын айтып өтті: науқастың басы артқа шалқаймай, горизонтальді орналастыруы керек. | |||
Алдыңғы тығындау жасау үшін вазелин майына малынған турунданы қолданды. | |||
Турунданы 8-10 см шетінен жіберіп, мұрын қуысын хоанаға дейін төменнен жоғарыға қарай енгізіп, толық тығындады. | |||
Турунданың қалған бөлігін мұрынның кіреберіс жеріне енгізді. | |||
Пращевидты таңуды дұрыс жасап мұрынға кигізді. | |||
Мұрынға алдыңғы тығындау дұрыс жүргізілмеген жағдайдағы асқынуларды атап өтті. | |||
Алдыңғы тығындау алу мерзімін дұрыс белгіледі. | |||
Барлығы: |
Бекет
Психиатрия және наркология (ЖДП)
Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар. Алкогольды делирий
Дәрігер – интернге қойылған тапсырма:
1.Науқастың шағымдарын, ауру тарихын сұрау, галлюцинация белгілерін анықтайтын симптомдарды тексеру.
Ерікті адам (Волонтер) - 58 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге медициналық көмекке келді. Үйіңізде ұзақ уақыт 30 күн алкогольды ішімдік іштіңіз. Соңғы 3-4 күн алкогольды ішімдік ішпедіңз, ұйқысыңыз бұзылған, алаңдаушылық, қорқыныш сезімі пайда болған. Сізге, қауіп төндіретін өзімен бірге шақыратын ерлер мен әйелдер дауыстарын естисіз, қол және аяқ тері астында жәндіктердің жыбырлап жүргенін көресіз; кейде үстіңізден бірдеңені қағып тастайсыз, киіміңізді қолмен сипалайсыз.
Бүгіннен бастап жағдайы нашарлап, бас ауруы күшейді, жалпы әлсіздік сезінеді, дымкестік, тәбеттің болмауы, аяқта айқын әлсіздік, дене қызуыңыз 39,50 С дейін жоғарылаған, тітіркендіргіштерге (жарық, дыбыс) жауабыңыз күшейді, тамақ ішумен байланыссыз жүрек айну, құсу пайда болды. Жалпы жағдайыңыздың нашарлауына байланысты дәрігерге қаралдыңыз.
Дәрігер–интерн науқастан шағымдарын сұрап, ауру тарихын жинап, симптомдарды тексереді.
Шұғыл жағдайға анықтама беру, алкогольды делириі бар науқасқа шұғыл жағдайда көмек көрсетудің жоспарын құру, емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеу, тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіру.
Ескерту: науқастың жағдайы жедел болғандықтан, әрекеттерініз шұғыл болуы керек.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
№ | Критерийлер | Дұрыс орында-ды | Орын-дамады немесе дұрыс емес орында-ды |
1. | Шұғыл жағдайға анықтама берді, науқасқа тексеру жоспарын құрды. (Ашшафенбург, Липман, Рейхарт симптомдарын атап айтты). | ||
2. | Жедел алкогольды галлюцнозбен дифференциалды диагностика жүргізді. | ||
3. | Қатерлі нейролептикалық синдроммен дифференциалды диагностика жүргізді. | ||
4. | Фебрильді шизофрениямен дифференциалды диагностика жүргізді. | ||
5. | Жедел алкогольды психозбен дифференциалды диагностика жүргізді. | ||
6. | Жедел реактивті психозбен дифференциалды диагностика жүргізді. | ||
7. | Инфекциалық аурулармен дифференциалды диагностика жүргізді. | ||
8. | Науқасқа шұғыл көмек көрсетудсің жоспарын құрды. | ||
9. | Емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеді. | ||
Тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіре білді. | |||
Барлығы: |
Бекет
Неврология (ЖДП)
«Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Бас миының ісігі»
Дәрігер – интернге қойылған тапсырма:
1.Науқастың шағымдарын, ауру тарихын сұрау, менингиальды симптомдарды тексеру.
Волентер - 48-де ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге медициналық көмекке келді. Екі күн бойы үйде дене қызуыңыз 39,5 С дейін жоғарылаған, тамағының ауырсынуы, түшкіру, жалпы әлсіздік, бас ауыру байқалды. Үйде өз-өзіңізді емдедіңіз: аспирин, тамақ шаю, мұрнына нафтизин тамшыларын тамызу. Бүгінгі күннен бастап, жағдайыңыз нашарлады, бас ауыруыңыз күшейіп, тітіркендіргіштерге (жарық, дыбыс) жауабыңыз күшейді, тамақ ішуге байланыссыз жүрек айну, құсу пайда болды. Жалпы жағдайыңыздың нашарлауына байланысты дәрігерге қаралдыңыз.
Дәрігер–интерн науқастан шағымдарын сұрап, ауру тарихын жинап, менингиалды симптомдарды тексереді
Шұғыл жағдайға анықтама беру, науқасқа шұғыл жағдайда көмек көрсетудің жоспарын құру, емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеу, тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіру.
Ескерту: науқастың жағдайы жедел болғандықтан, әрекеттерініз шұғыл болуы керек.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
№ | Критерийлер | Дұрыс орында-ды | Орын-дамады немесе дұрыс емес орында-ды |
1. | Шұғыл жағдайға анықтама берді, науқасқа тексеру жоспарын құрды (менингиальды симптомдарды атады). | ||
2. | Реактивті ауырсыну феноменін тексерді: Керер нүктелері (көз алмасына, үшкіл жүйке тармақтарының шығу нүктелерінің орнын, үлкен шүйде жүйкелерін басу кезіндегі ауырсыну). | ||
3. | Шүйде бұлшықетерінің ригидтігін анықтады (иегін кеудесіне тигізу кезінде аяқтарының жамбас-сан және тізе буындарында бүгілуі байқалады). | ||
4. | Брудзинский симптомын анықтады - жоғарғы (басын кеудесіне тигізу кезінде аяқтарының жамбас-сан және тізе буындарында бүгілуі байқалады). | ||
5. | Брудзинский симптомын анықтады - ортаңғы (шап аймағына басу кезінде аяқтарының жамбас-сан және тізе буындарында бүгілуі байқалады). | ||
6. | Брудзинский симптомын анықтады - төменгі (аяғын жамбас-сан және тізе буындарында ию кезінде қарама-қарсы жақта аяқтың тізе буынында рефлекторлы бүгілуі байқалады). | ||
7. | Керниг симптомын анықтады (науқасты арқасында жатқызып тексерді, аяғын жамбас-сан және тізе буындарында тік бұрышта бүгіп, қайта жазу кезінде кенеттен қиындауын және ауырсыну шақырылады). | ||
8. | Науқасқа шұғыл көмек көрсетудсің жоспарын құрды.. | ||
9. | Емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеді. | ||
Тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіре білді. | |||
Барлығы: |
Бекет
Инфекциялық аурулар (ЖДП)
Асқазанды жуу әдісі
Интернге қойылған тапсырма:Сіз–отбасылық дәрігерлік амбулаториядағы жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге жас жігіт қаралуға келесі шағымдармен келді: жүрек айну, құсу, дене қызуының жоғарылауы, іштің ауырсынуы. Аталған шағымдары 2 сағат бұрын базарда сатып алынған қырыққабаты бар бәліш жегеннен соң пайда болған. Мына жағдайда әр кезеңді мәліметтей отырып, асқазан жуу техникасын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: асқазан жууға арналған муляж, Жане шприці жалғанған асқазан зонды, залалсыздандырылған өсімдік майы, асқазанды жууға керекті мөлшерде қайнаған су, кленкалы алжапқыш, қолғаптар, асқазан ішіндегі зат пен жуынды суын жинап зерттеуге жіберу үшін залалсыздандырылған ыдыс (түтік немесе құты), белсендірілген көмір, шара, сүлгі, сулықтар, маркер.
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Науқаспен сенімді қатынас құрып, емдік шараның жолын түсіндірді. Емдік шараға қарсы көрсеткіштердің жоқ екеніне көз жеткізді. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындады. Қолын жуып, кептірді. Қолғап, алжапқышты киді. | |||
Науқасты дұрыс қалыпқа келтірді: - есі жоқ жағдайда – сол бүйірімен жатқызды; - есі бар жағдайда – басын және денесін аздап алға еңкейтіп отырғызды. Науқасқа кленкалы алжапқыш кигізді. Алжапқыштың етегін шараға түсірді. | |||
Кеңсіріктен кіндікке дейінгі аралықты өлшеу арқылы сүңгі енгізу тереңдігін анықтап, белгі қойды. Сүңгінің тұйық ұшын залалсыздандырылған өсімдік майына малыды. | |||
Науқастан аузын ашуын сұрап, сүңгіні тілдің ортаңғы сызық бойымен белгіге дейін енгізді, құсу рефлексін басу үшін терең демалуын ұсынды. Сүңгіні енгізу кезінде науқастың жалпы жағдайына көңіл бөлді (жөтелдін болуы, цианоз). | |||
Сүңгіге Жане шприцін жалғады. | |||
Жане шприцін төмен түсіріп, поршень көмегімен асқазандағы затты шығарды. Шайындыны бактериологиялық зерттеу үшін - залалсыздандырылған түтікке, ал қалған шайындыны жинағыш ыдысқа құйды. | |||
Шприцті асқазан деңгейінен төмен ұстай отырып, қайнаған 35-370 С дейін салқындатылған суға толтырды. Шаюды шайынды су тазарғанға дейін жүргізді. | |||
Жане шприцін сүңгіден ажыратып, баяу қозғалыспен сүңгіні сулық көмегімен алды. | |||
Науқастың аузын шайғызып, науқастың бетін сулықпен құрғатты. | |||
Барлық құрал-жабдықтарды, алжапқыштарды дезинфекциялық ыдысқа салды. Қолғапты шешті, қолын жуып, кептірді. | |||
Барлығы: |
Бекет
Фтизиатрия (ЖДП)
Туберкулинді Манту сынамасын жүргізу
Интернге қойылған тапсырма:Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізде 6-жасар бала ұзақ уақыт жөтеліп (2 аптадан астам), улану белгілері (субфебрилитет, тершеңдік, асқа тәбетінің төмендеуі, жүдеу, ызаланғыштық, әлсіздік және т.с.с.) күшейіп жатқан амбулаториялық ем қабылдап жүр. Осы науқасқа ажырату диагностика мақсатында Манту сынамасын жүргізу қажет.
Іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, муляжда туберкулинді Манту сынамасын жүргізу техникасын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар:муляж (қол), туберкулинді еліктетін флакон (0,9% физиологиялық ерітінді), 70% этил спирті, мақта, бірреттік шприц, залалсыздандырылған сулық.
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Қажетті қол муляжін таңдай білді (жұп жылы - оң қолды, тақ жылы - сол қолды). | |||
Муляжды (қолды) қатты тегіс жерге қойды. | |||
Туберкулинді флаконның резеңке қалпағын этил спиртіне малынған мақтамен сүртіп, залалсыздандырылған инені сұқты. | |||
Осы ине арқылы препараттың 0,1 мл (1 дозасын) мөлшерін алды | |||
Флакондағы қалған инені залалсыздандырыл-ған сулықпен жауып қойды. | |||
Мақтаны 70% этил спиртіне малып, білектің ортаңғы 1/3 бөлігінің ішкі бетін сүртті және сол жерді құрғатты. | |||
Шприцтегі ауаны шығарды. Ине ұшының кесіндісін жоғары қаратып, теріге параллель бағытта жоғарғы қабатына енгізді. | |||
Шприц көмегімен туберкулиннің 1 дозасын (0,1мл) енгізді. | |||
Туберкулинді дұрыс енгізген жағдайда теріде ақ түсті тығыз көлемі шағын бөртпе түзіледі. | |||
Бөртпенің нәтижесін өлшеу техникасын көрсете білді. | |||
Барлығы: |
Бекет
Акушерия және гинекология (ЖДП)
Физиологиялық босануды жүргізу
Интернге қойылған тапсырма:Сіз – отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірибелі дәрігерісіз.Шалғай ауылдық жерде қайта босанушы әйел босануда. Анамнезінде: жүктілік - 2, босану – 2. Алдыңғы жүктіліктері асқынусыз өткен. Қазіргі жүктілігі қалыпты. Жүктілік мерзімі, болжам салмағы анықталған.
Іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, муляжда шүйдемен жатудың алдыңғы түріндегі босанудың тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: Муляж, білік, секундомер, қолғап, окситоцин ерітіндісінің 10 Б (2 мл), бірреттік шприц, қысқыш, қайшы, 1 % тетрациклин жақпа майы, кіндікке арналған пластиктен жасалынған қысқыш, дәкелік сулық, нәрестеге арналған таразы мен бойөлшегіш.
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Босанушымен танысу | |||
Партнердың қатысуын ұсынады, дене температурасын, пульс , АД өлшейді | |||
Әйелге өзін ыңғайлы еркін ұстаумен орналасуына көмек береді. | |||
Ұрықтың жүрек соғуын босанудың 1 кезеңінің басында - әр 30 минуттан сирек болмау керек, белсенді фазасында - әр 15 минуттан сирек болмау керек. Қынаптық тексеруді босанудың белсенді фазасында 4 сағат сайын жүргізу қажет. Пульсті санау - әр 30 минут сайын. ҚҚ мен дене температурасын -әр 4 сағат сайын өлшеу керек. | |||
10 минут ішінде ұзақтығы 20 секундтан кем емес 2-3 толғақ болуы тиісті. | |||
Босанудың 2 кезеңінде нәрестенің жүрек соғысын әр 5 минут сайын немесе әр күшенуден кейін тыңдап тұру керек. Баланың туылуы әйелдің өзіне ыңғайлы орналасуымен(арқасына жатқаннан басқа) өтеді. Күшенулер босанушымен реттеледі. | |||
Нәресте басының жазықтықтардан жылжуын бақылайды. Күшеншік босанушы әйелдің өзі қадағалайды. | |||
Нәрестенің басы туылғаннан кейін, қан кетудің алдын алу мақсатында окситоцин-10 бірлік сан аймағына енгіземіз. Егер кіндік бау оралуы байқалған жағдайда тығыз болса екі қысқыштың арасынан кіндік бауды кесу керек, тығыз емес оралуында кіндік баудың тартылуын босатып келесі күшенуді күтеді. Бала жолдасы жатырдың жиырылғанын сезген сәтте кіндікті ақырындап өзінің тарапына, төмен тартып, бала жолдасы туылады | |||
Жаңа туған нәрестені залалсыздандырылған жылы жаялыққа қабылдайды. Қысқыштар арасында кіндік бауын кеседі, содан кейін нәрестені анасының ішіне жатқызады. Нәрестенің көзне 1% тетрациклинді жақпа майы жағылады . Кіндік сақинадан 0,3см жоғары кіндігіне пластикалық қышқыш салынады. | |||
Нәрестенің салмағын және бойын барлық жылулықты қорғау ережелерін сақтауымен екінші сағаттың соңында жүргізеді. | |||
Барлығы: |
Бекет
Онкология (ЖДП)
Сүт бездерін скринингтік тексеру
Интернге қойылған тапсырма:Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызға 52-жасар әйел ҚР ДСМ 16.03.11 ж. № 145 Бұйрығына сәйкес жоспарлы түрде келді, № 025-08/е нысаны рәсімделіп, оның № 14-16 баптары толтырылды. Антропометриялық өлшемдері (салмағы, бойы, бел айналымы) анықталып, Кетле индексі есептелді. Екі проекцияда маммографияға жолдама берілді,
Іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, муляжда сүт бездерін скринингтік тексеру техникасын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: Муляж (сүт бездері).
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Келесі жағдайларға мән бере отырып, муляжды қарап тексерді: сүт бездерінің симметриялылы-ғы (аздаған асимметрия болуы мүмкін), пішінінің дұрыстығы, өлшемдердегі айырмашылықтар, емізікшелер - бір деңгейде, бездердің төменгі жиектері бір жазықтықта болуы. | |||
Бездердің симметриялылығы қолдары түсіріліп және көтерілген жағдайда да бір қалыпты болуына; сүт бездерінің тері бетіндегі өзгерістері – ісіну, қызару, «лимон қабығы» эффектісі, ойылулар мен дөңестенулердің, бөртпелердің болуына мән берді. | |||
Содан кейін екі қолын басының артына қойып, сүт бездерінің төменгі жағына аса жоғары мән бере отырып, қарап тексерді. | |||
Тұрған кезде пальпация жүргізді: оң қолмен сол сүт безін, ал сол қолмен – оң сүт безін тексерді. Сүт бездерінің көлемі үлкен жағдайда екінші қолымен безді тіреп тұрды. | |||
Алғашында беткей, кейіннен терең пальпация жүргізді: саусақ ұштарын біртіндеп лимфа түйіндерінің ісігі пайда болу мүмкіндігі бар қабырғаларға дейін жеткізді. | |||
Жатқызып пальпация жасады: науқас салыстырмалы тегіс және қатты жерге жатқызылатындығын, тексерілетін без астына білік немесе жастықша қоюға болатынын атап өтті. Қолдарын денесіне көлденең орналастырып немесе басының арқасына айқастырып қойды. | |||
Пальпацияның 1-шіәдісі - шаршылар әдісін көрсетті: бұғанадан қабырға жиегіне дейін төстің алдыңғы беті мен сүт бездерін шағындау шаршыларға ойша бөлді. Әр – бір шаршыда төменнен жоғары қарай кезекпен (сатылап) сипап тексерді. | |||
Пальпацияның 2-шіәдісі - шиыршық әдісін көрсетті: сүт бездерін қолтық астынан емізікшелерге бағыттала жылжи отырып шиыршық бойынша тексерді. Саусақ ұштарын дөңгелене отырып, емізікшелерге қарай бағыттады. | |||
Емізікшелерді қарап тексерген кезде олардың түсіне, пішініне, мән берді, ішке тартылыстардың, суланудың, ойықталу мен сызаттардың бар-жоқтығын анықтады. Емізікше және оның айналасындағы аймақты сипап тексерді. | |||
Соңында бас бармақ пен сұқ саусақтарымен емізікшені басып, бөліндісінің бар-жоғын анықтап, байқап көрді. | |||
Барлығы: |
ІІ нұсқа
Бекет
Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)
Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау,
коммуникативті дағдылар (Бронхтық демікпе)
Интернге қойылған тапсырма: Сіз – отбасылық дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірибелі дәрігерісіз. Сізге қаралуға анамнезінде бронхтық демікпесі бар 42 жастағы әйел кісі келді. Науқастың бойы, салмағы мен дене қызуы тіркелген. Бұл науқасты тыныш күйде де ентігу мазалайды. Сіз тыныс алу жиілігін анықтап, осы жағдайға байланысты қажетті көмектің техникасын дауыстап айта отырып көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Керекті жабдықтар:небулайзер,вентолин ерітіндісі.
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Науқаспен сенімді қарым қатынас орнықтырды, іс-шараның жолын түсіндірді. | |||
Науқасты отырғызып, сөйлеуіне тыйым салды. | |||
Ингаляторды вертикаль орналастырып, компрессордың қақпағын ашты. | |||
Небулайзердің жоғарғы бөлігін ашты. | |||
Небулайзердің төменгі бөлігіне ингаляциялық ерітіндіні (вентолин ерітіндісі 2,5мг - 2,5 мл) құйды және 6-8 мл/мин жылдамдықпен газдың шығуын тексерді. | |||
Небулайзердің жоғарғы бөлігін орнына қойып, мундштукты небулайзердің жоғарғы бөлігіне жалғады. | |||
Аппаратты электр тоғына қосты. | |||
Науқастың аузына мундштукты салды. Ингаляторды іске қосты. | |||
Асықпай және барынша терең тыныс ала отырып, 1-2 секунд көлемінде тынысты тоқтатып тұруын сұранды. | |||
Іс-шараны 5-10 минут шамасында жүргізді. | |||
Барлығы: |
Бекет
Ішкі аурулар (ЖДП)
ЭКГ тіркеу
Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге 54 жастағы ер кісі төс артының ұзақтығы 3-5 мин басып ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде әкесі жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруымен ауырады. Осы жағдайға байланысты бірінші кезекте қажетті іс-шара техникасын дауыстап айта отырып, көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.
Керекті жабдықтар:муляж (адам денесі), электрокардиограф, 70% этил спирті, мақта тампондары, арнайы гель.
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Науқасты кушеткаға жатқызып, қалыпты тыныс алуын ұсынды. | |||
Кеуде сарайын, білек пен балтырдың төменгі 1/3 бөлігін ашты. | |||
Электрод қойылатын тері бетін спиртке малынған тампондармен өңдеді. | |||
Арнайы гель жақты. | |||
Электродтарды келесі кезекте орналастырды: қызылды – оң қолға, сарыны - сол қолға, қараны - оң балтырға, жасылды – сол балтырға. | |||
Кеуде электродтарын келесі кезектілікпен орналастырды: І – төстің оң қырымен IV қабырға аралықта (қ/а); ІІ – төстің сол қырымен IV қ/а; ІІІ – ІІ-ші және IV-ші позиция аралығына; IV - сол бұғана ортаңғы сызығымен V қ/а; V – сол жақ алдыңғы қолтық асты сызық бойымен V қ/а; VІ – сол жақ ортаңғы қолтық асты сызық бойымен V қ/а. | |||
Электрокардиографты іске қосты. | |||
Жазу жылдамдығын таңдады. | |||
Бақылау милливольтын тексерді. | |||
Электрокардиограмманы әрбір тіркемеде кемінде 4 жүрек циклымен тіркеді. | |||
Барлығы: |
Бекет
Балалар аурулары (ЖДП)
Көздегі бөгде затты алып тастау
Интернге қойылған тапсырма:Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызға анасы бес жасар баласын алып келді. Бала сол көзін аша алмауына, көзінен жас ағуына, көзінде бөгде зат тұрғандай сезінуіне шағымданады. Анамнезінде – бір сағат бұрын аулада балалармен құммен ойнаған. Осы жағдайда әр кезеңді мәліметтей отырып, шұғыл көмек көрсету техникасын көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:Интернді төменде көрсетілген әр кезең бойынша баллмен бағалаңыз.
Қажетті құралдар: Муляж, тампон, альбуцид.
№ | Критерийлер | Дұрыс орындады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
Қолын мұқият жуып, спиртпен сүртті. | |||
Баланы тыныштандырып, онымен сенімді қарым - қатынас құрды | |||
Зақымданған қөзге мұқият қарады. | |||
Көздегі бөгде зат табылғаннан кейін, қөзді жылы таза сумен жуды. | |||
Егер бөгде зат көз алмасына немесе конъюнктивке жабысқан болса, бетті су толған ыдысқа батырып көзді қарқынды түрде ашып жұмғызды. | |||
Егер бұл іс - әрекеттерден жағдайы жақсармаса, онда тез арада жоғарғы қабақты қайыра көтеріп сулы мақтамен бөгде затты алып тастап, көзді таза сумен жуды. | |||
Егер бұл іс-әрекеттен жағдайы жақсармаса балаға төмен қарауын өтінді. Сол кезде жоғарғы қабақ босайды. | |||
Cаусақпен жоғарғы қабақтың кірпіктерінен ұстап, оны көтеріп, сулы тампонмен көздегі бөгде затты мұқият алып тастады. | |||
Егер бөгде зат төменгі қабаққа түссе, сұқ саусақпен көздің астыңғы қабағын төмен қарай тартып, сулы тампонмен сырттан ішке қарай сүртіп бөгде затты алып тастады | |||
20% альбуцид ерітіндісінің 2 тамшысын көзге тамызды | |||
Барлығы: |
Бекет
Хирургиялық аурулар (ЖДП)
Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу әдісін көрсету
Интернге қойылған тапсырма:Cіз, жалпы практикалық дәрігерсіз, сізге жарты сағат бұрын мотоциклден құлаған жас жігітке алғашқы көмек көрсетуді сұрады. Оң тізесінің сыртқы жоғарғы бөлігінде құммен және құрғақ шөппен ластанған үлкен көлемді соғылған-жыртылған жара бар. Зардап шегушіге қандай көлемде көмек көрсете аласыз?
Емтихан қабылдаушыға ескерту:әрбір пункт бойынша интернді бағалау
Қажетті құрал-жабдықтар: Стерильді қолғап, анестетик ерітіндісі, бір реттік шприц инесімен. Пинцеттер (анатомиялық, хирургиялық), қанды тоқтататын қысқыштар, корнцанг, металлды зонд. Тампондар, тығындау, салфетка, марля шариктер. Сутегі асқын тотығы 3%, антисептик сулы ерітіндісі,антисептик спиртті ерітіндісі. Ота жасау аймағына арналған стерильді киімдер. Скальпель, қайшы. Ине ұстаушы, инелер, тігіс материалдары. Бинттер, лейкопластырь.
№ | Критерийлер | Дұрыс орын-дады | Орында-мады немесе дұрыс емес орындады |
1. | Интерн колын жуды, қолына биялай киді. Орындық пен ота жасайтын столдың оптимальды биіктігін және науқастың басының қалпын анықтады. | ||
2. | Жараға тексеру жүргізді (ассистент ретінде қатысты) жұмсақ тіннің зақымдалу дәрежесін және сипатын анықтады, бөгде денелердің салдарынан дамитын жараның мөлшері мен тереңдігін анықтады. | ||
3. | Тексерудің қосымша әдісін анықтады (рентгенологиялық) . Қабыну процессінсіз біріншілік (24-72 сағат) немесе біріншілік жедел (72 сағаттан көп) тігіс салудың көрсеткіштерін анықтады. | ||
4. | Екіншілік-ерте тігіс (отадан соң 8-14 тәулік) немесе екіншілік –кеш тігіс салуды анықтады. | ||
5. | Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу үшін қажетті құралдарды (құралдар атауы), тігіс салатын материалдарды (сапалық сипаттамасы) таңдады . | ||
6. | Манипуляцияны орындау үшін көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтады. Жергілікті жансыздандыру әдістерін таңдауды дұрыс орындады (түрі, концентрациясы, анестетик мөлшері). | ||
7. | Қажетті әдісті орындаудың мақсаты мен жобасын анықтады. Асқыну профилактикасы үшін шприцті дұрыс алды («писчее перо»), егілетін орынды, иненің теріге енетін тереңдігі мен бағытын анықтап ,қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жансыздандыруды жасады (иненің ұшының бағыты, егілген иненің бұрышы, т.б) | ||
8. | Жұмыс істей отырып (ассистент ретінде) бет жарақатын ПХО негізі бойынша жүргізді: - жараның шекарасы жайылған немесе жайылмаған, өмір сүру қабілеті бұзылған тіндерді ғана алып тастады, жара шекараларына мобилизация жүргізді, көрсеткіш бойынша біріншілік пластиканың басқа да элементтерін қолданды, көрсеткіш бойынша пластинкалық тігіс немесе жіпті қойды «өзіне», грануляция жайылмады, керісінше жараға жиналды. | ||
9. | (Ассистент ретінде) Кетгуттан тігісті бұлщықетке қабат-қабатымен дұрыс қойды, теріасты клечаткасына, содан соң полиамиддті жіппен теріге тігіс салды. | ||
10. | Тігісті алу манипуляциясын орындады. Отадан кейінгі орынды спиртпен өңдеп, жіпті жоғары көтеріп және төменгі соңғы бөлігін кесіп, басқа бөлігіне байлады. | ||
Барлығы: |
Бекет
Психиатрия және наркология (ЖДП)
Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар. Қатерлі нейролептикалық синдром
Дәрігер – интернге қойылған тапсырма: