Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
Штангалы тереңдік қондырғының жетекті қозғалтқышындағы біркелкі жүктеме жасау теңгеруші қондырғының көмегімен іске асырылуы мүмкін. Балансирлі тербелмелі-станоктарда теңгеруші қондырғылар кеңінен қолданыс тапқан, олар балансирда және роторда орнатылған жүктерден құралған.
Теңгеруші қондырғы деп қозғалтқышпен бірге оның жоғары және төмен қарай жүрісі кезінде атқарылатын жұмыстарының теңдігін айтамыз, яғни Аж=Ат.
Қондырғы теңгеріліп тұратындай болатындықтан, балансирде орнатылатын жүктің салмағын анықтайық. Ол үшін қарапайым теорияны қолданамыз. Жылтыратылған штоктың деформация күштерінің механикалық жұмысы нөлге тең болады, өйткені оны үдеткен кезде инерция күштері оң таңбалы болады, ал тежеу кезінде теріс болады.
Штангалардың жоғары қарай қозғалысы кезінде орындалатын жұмыс штангалардың және сұйықтың орын ауыстыру операциясына жұмсалынады.
Аж = (Рсұй + Ршт)*S. (4.6)
Штангалардың төмен қарай жүрісі кезінде
Ат = - Ршт * S. (4.7)
Екі жүріс үшін пайдалы жұмыс мынаған тең болады
А = Рсұй * S.
Балансирдің В нүктесіне теңгеруші жүкті G орналастырған кезде (4.6-сурет) механикалық жұмыс, жоғары және төмен қарай жүрісі кезінде сәйкесінше тең болады (балансирдің алдынғы иінін артқысына тең деп болжаймыз):
Аж = (Рсұй+Ршт)*S – G*S; (4.8)
Атөм = - Ршт*S + G*S .
4.6-сурет
Егер теңгерілген тербелмелі-станокта Аж=Атө теңдігі орын алса, онда теңдеулердің оң жақ бөліктерін теңестіргенде мынаны аламыз:
G = Pсұй/2 + Ршт . (4.9)
Тербелмелі-станоктарда жүкті В нүктесінде орнатпасақ және балансирдің иіндерінің ұзындықтарының әртүрлі екенін ескерсек, онда теңгеруші жүктің салмағы мынаған тең болады:
G = (Рсұй/2 + Ршт)а/с. (4.10)
Осы теңгеру әдісі балансирлі деп аталады, бұл әдіс қарапайым болып табылады және оның негізгі кемшілігі ретінде – қосымша инерция күштерінің пайда болуын атауға болады, ал жүктің салмағы G белгіленеді. Пайда болатын инерциялы күштер қондырғының барлық бөлшектеріне теріс әсер ететінін ескеру қажет.
4.7-сурет
Бұл кемшілік тек роторлы теңгеру әдісіне жатады (4.7-сурет). Теңгеруші күшті Gp кривошипта орнатады. Штангалардың жоғары және төмен қарай жүрісі кезінде қозғалтқышпен атқарылатын жұмыс мынаған тең болады:
Аж = (Ршт+Рсұй)*S-Gp*2*R;
Aт = - Ршт*S + Gp*2*R . (4.11)
Теңдеудің оң жақ бөлігін теңестіріп, мынаны аламыз (a=b деп алса):
Gp = (2Ршт+Рсұй). (4.12)
Бірақ, S = 2*r, онда Gp = (Pшт + Рсұй/2)*r/R және
Gp = (Pшт + Рсұй/2)*r/R. (4.13)
Роторлы теңгеру кезінде жүктеудің салмағы тұрақты және олардың кривошип бойымен оның орын ауыстыруын теңгереді, яғни радиусты R өзгертеді.
R -дің мәні мына формуламен анықталады:
R = (Ршт+Рсұй/2)*а*r/ (в*Gp) . (4.14)
Роторлы теңгеру кезінде жүктердің қозғалысынан пайда болатын инерциялы күштер тек кривошипті білік подшипниктерімен қабылданады және оның тұрақты бұрыштық жылдамдығы кезінде қондырғының басқа бөлшектеріне берілмейді.
4.8-сурет
Үйкелістерді теңгеру мақсатында балансирға теңгеретін G жүкті орнатады (4.8-сурет). Ротордағы жүктің салмағы келесі түрде анықталады.
Штангалардың жоғары және төмен қарай жүрісі кезінде қозғалтқышпен шығындалатын жұмыстары мынаған тең:
Aж = (Ршт+Рсұй)*Sa –G*Sб – Gp*2*R,
Ат = - Ршт*Sa + G*Sб + Gp*2*R . (4.15)
G жүгінің салмағымен өзгерте отырып, Gp жүгінің өлшемін анықтайық. Ол үшін теңдеудің оң жақ бөлігін теңестіреміз де, төмендегіні аламыз:
Gp = (Ршт+Рж/2)*r*a/(R*в) – с*r/(Р*R). (4.16)
Үйлескен теңгерулік негізінен қуаттылығы орташа тербелмелі-станоктарда қолданылады, онда балансирлі теңгеруді қолдану қарама-қарсы салмақтың әсерінен елеулі инерция күштерінің пайда болуына әкеледі. Қондырғының теңгеру дәрежесін электрқозғалтқыш тұтынатын тогының мөлшерін өлшеу арқылы бақылайды. Оның максималды мәні штангалардың жоғары және төмен қарай жүрісі кезінде бірдей болуы қажет.