Тальдік жүйенің есептеулері

 

Ұңғыларды жерасты жөндеу жұмыстарын орындау және тальдік жүйенің жабдықтарын таңдау кезінде тальдік канаттағы пайда болатын максималды жүктемені тексеру қажет болады. Канаттың ең үлкен тартылуы оның жүрісінің соңында, яғни лебедканың барабанының алдында орын алады.

Канаттың тартылу күшін мына байланыстан табамыз:

, (5.10)

мұндағы, Рх – канаттың жүріс соңындағы тартылу күші; Ркр – күршектегі жүктеме; – канаттың қаттылығы мен шкивтегі үйкеліс күшіне байланысты анықталатын коэффициент; n – тальдік жүйенің жұмыстық тармақтардың саны.

коэффициенті шкивтің пайдалы әсер коэффициентіне кері шама болып табылады, демек

 

. (5.11)

 

Диаметрі 650 мм-ден кіші және сырғанау подшипниктері бар шкивтердің п.ә.к-ін 0,95-ке тең етіп алуға болады. Ал диаметрі 650 мм-ден жоғары және дөңгелеу подшипниктері бар шкивтер үшін аталған п.ә.к. 0,98 шамасында болады. Сонымен, тальдік жүйенің шкивтері үшін, егер шкив диаметрі 650 мм-ден кіші болып, оның дөңгелеу подшипниктері болса, онда олардың п.ә.к-і 0,96-0,98 аралығында жатады. Қорыта келгенде (5.10) теңдеуіндегі белгісіз Рх шамасын есептеп шығуға болады.

Егер жарақтандыру түрі белгілі болмаса, мысалы тармақтардың саны n, онда белгілі шақтау жүктемесі Рх , күршекке түсетін жалпы жүктеме Ркр және шкивтердің п.ә.к-і , ал соған байланысты арқылы (5.10) теңдеуінен келесі шаманы шығарып алуға болады:

 

. (5.12)

 

Алынған байланысты математикалық қатарға салсақ, онда:

 

. (5.13)

 

Талдау көрсеткендей, бұл қатардың үшінші және келесі мүшелері өте аз шама болады. Сондықтан аса жоғары дәлдікпен келесі формуланы алуға болады:

 

, (5.14)

 

бұдан алатынымыз:

 

. (5.15)

Мұнда а-ның мәнін (5.3)-тен табамыз. Егер тармақтардың саны бүтін сан болмаса, онда оны бүтін санға дейін дөңгелектейді.

 

Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар

Элеваторлар

 

Элеваторларды балкалық және төлкелік деп екі түрге бөлуге болады. Бірінші балкалы түріне ЭТАД және ЭХЛ маркалы элеваторлар жатады. Олар екі штропаларға ілінеді. Штропалардың іліну нүктесі элеватордың осінен едәуір қашықтықта жатады. Сонымен, құбырлар тізбегінің салмақ күші элеватордың ортаңғы бөлігіне түседі де, оның денесіндегі негізгі кернеу –майыстыру кернеуі болып табылады. Соған байланысты элеватордың массасы мен металлсыйымдылығы өте жоғары болып, түсіру-көтеру операцияларының еңбек көлемі ұлғаяды.

Майыстыру кернеуінен тартылу кернеуіне ауысу бөлшектің беріктігін үлкейтетіні белгілі. Сондықтан конструкторлар тартылу кернеуі орын алатын элеваторларды жасап шығаруға ұмтылды (5.11-сурет).

 

5.11-сурет. ЭГ элеваторының сұлбасы

 

Мұндай элеваторда сырғалардың тіректері құбырлардың іліну нүктесіне жақын орналасқан, соның нәтижесінде элеватордың корпусында негізінен тартылу кернеуі орын алады. Оның массасы қосштропты элеватордың массасынан бірнеше есе кіші. Төлкелі бірштропты элеваторлар мынадай маркалармен шығарылады: ЭГ, ЭЗН, ЭТА, т.б.

ЭГ типті элеваторлардың жүк көтергіштігі 16, 50 және 80 т-ға тең, ал ЭЗН элеваторларының көрсеткіштері – 15, 25, және 50 т болса, ЭТА элеваторлары – 32, 50 және 80 т-ға жетерлік жүк көтергіштігі бар.

ЭГ типті элеватордың корпусының (5.11-сурет) муфтаға арналған ойығы мен тірегі бар. Тіректің белдігі элеватордың жазығында көрініп тұр. Элеватор корпусының бүйіріндегі пазға құбыр кіреді де жақтаулармен жабылады. Олар өз осінде айналады және серіппеге ілінген. Жақтаулардың өздігінен ашылып кетпеуі корпусқа кіріп тұратын шиптің көмегімен орындалады.

Штангалық элеваторлардың ЭШН және 1ЭШУ-10-16-25 маркалы түрлері бар. Оның корпусы сырғаға ілінген. Корпус пен төлкенің бүйір жақтарында ойықтар бар. Элеваторды штангага бағыттаған кезде корпус пен төлкенің ойықтары тұстас келіп, штанга элеваторға кіреді. Одан соң төлкені айналдырып, корпустың ойығын бітейді. Штангалық элеваторлар өлшемдері 12-ден 25 мм-ге дейінгі штангаларға есептелген. Элеватордың штанганың өлшеміне байланысты ауыстырылатын қосымшалары бар және жүк көтергіштігі 5-тен 20 т аралығында болады.

 

Кілттер

Кілттер құбырлар мен штангаларды қолмен бұрап алуға және механикаландырылған жұмыстар кезінде қолданылады. Қолмен жұмыс істеуге құбырлы кілттердің мынадай түрлері шығарылады: КТН, КТНМ, КТД, КТГУ және шынжырлы.

 

 

7 8 9

 


5.12-сурет. КТН типті құбырлы шарнирлі кілттің сұлбасы

1-ұстағыш; 2-жағы; 3-серіппе; 4-шарнирлі саусақ; 5, 9-стопорлы бұрандалар; 6-сабы; 7-плашка; 8-сухарь

Кілттің сухарі бар жағы және сабы бар. Саптың да сухарі бар. Сапқа күш түсірген кезде сухарь құбырды қысып, оған айналу моментін береді.

Автоматпен жұмыс істеуге қажетті кілттердің келесі түрлері бар: КТМ, КСМ және КТГУ (5.13 және 5.14-суреттер).

 

 

5.13-сурет. КТМ типті кілттің сұлбасы 5.14-сурет. КСМ кілті

1-жақтаулар; 2-фиксатор; 3-жақтау-

лардың сырғымасы; 4-сухарь; 5-жақ

КТМ кілті (5.13-сурет) резьбаға бұралатын немесе одан шығарылатын құбырды қармап алып, оған бұрау автоматынан берілетін моментті құбырға жеткізу операциясын орындайды. Ол жақ пен жақтаудан тұрады. Жақтау құбырға кілтті отырғызған соң қыстырмамен бекітіледі. Кілттің құбырда айналуы кезінде оның сухарі құбырдың ортасына эксцентрикті түрде орналасқан ойық бойымен жүріп, кілтті құбырға бекітеді. Стопорлы кілт КСМ (5.14-сурет) автоматтың спайдеріне ілінген құбыр тізбегін айналудан сақтап ұстап тұруға арналған. Құрылым бойынша бұл кілт КТМ кілтіне ұқсас болады.