Кесте. Қойдың дене индекстерін шығару

Тұлға индекстері Өлшемдер қатынасы, %
Аяғының биіктігі (сирақтылығы) Алдыңғы аяғының биіктігі немесе (шоқтығының биіктігі-кеудесінің тереңдігі) Шоқтығының биіктігі
Тұрқының сипаты Тұрқының қиғаш ұзындығы Шоқтығының биіктігі
Сүйектілігі Жіліңшік орамы Шоқтығының биіктігі
Кеуде-бөксе қатынасы Кеудесінің ені Сербегі аралық енділігі
Дене еттілігі Бөксенің жартылый орамы Шоқтығының биіктігі
Дене толықтылығы Кеудесінің орамы Шоқтығының биіктігі
Дене жұмырлығы Кеудесінің орамы Тұрқының қиғаш ұзындығы
Кеуделілігі Кеудесінің ені Кеудесінің терендігі

 

Қойлардың тістері қойдың биологиялық ерекшеліктеріне қарай тағы бір маңызды міндет атқарады. Қой тісі туғаннан бастап өсіп жетілу кезеңдерінде әртүрлі өзгерістер болады.

4 жасқа келгенде бір-біріне тығыз жанасқан тұрақты күрек тістері түгелдей шығып болады.

5 жаста қасқа тістер езуінен өсіп шығады және олардың ұшы мұқала бастайды.

6 жаста қасқа тістер арасында қуыс пайда болады, қаша тәрізді формаға келеді, сарғайып босай бастайды.

 

4 – сурет Қойлардың жас шамасына қарай тістерінің өзгеруі

1- сүт тістер; 2 - 1 айдан 1,6 жылға дейін; 3 – 1,6 жылдан 2,6 жылға дейін; 4 - 2 жыл 6 айдан 2 жыл 9 айға дейін; 5 - 3 жылдан 3,6 жылға дейін; 6 - 5 жастан жоғары.

7 жаста жұлқар тістердің жоғарғы шеттері едәуір мұқалады, 7-8 - түсе бастайды. Сөйтіп, оларды бракқа (тіс ақауы бойынша) шығарады.

Қойлардың жоғарғы жақ сүйегінде қасқа тістердің орнына маңдай пластинкасы болады. Төменгі жақ сүйегінде қосарланған күрек тістер (қосарланған жұлқар тістер, қосарланған ішкі орта, қосарланған сыртқы орта және қосарланған шеткі жұлқар тістер) орналасады. Жақ тістері 24, әр жақта 12-ден, жақсы жетілген, азықты шайнауға арналған. Барлығы - 32. Алдымен сүт тісі шығады, содан кейін оларды тұрақтылары ауыстырады. Қойдың жасын күрек тістеріне қарап айыруға болады. Сүт тістерінің түсуі және олардың орнына тұрақтыларының шығуы белгілі бір жасқа келгенде (4 – кесте) алмасады.

 

Тіс формуласы = 60006 ( үстіңгі жақ)

60806 ( астыңғы жақ)

Ойлардың интерьері

ХХ-шы ғасырдың аяқ кезінде физиология, биохимия, гистология, генетика және иммунология ғылымдарының жетістіктерінің арқасында малдарды сұрыптаудың жаңа бағыты пайда болды. Бұл бағыт бойынша малдардың ішкі морфологиялық ерекшеліктері интерьері зерттелген. Бұл саланың Ресейде негізін қалаушы Лискун Е.Ф. (1912) болды. Ол сүт безінің гистологиялық құрылысы сиырлардың сүттілігі мен байланысын көрсетті. Сол кезден бастап терінің, сүт безінің құрылысы зерттелген және олардың құрылысының жүн мен сүт өнімділігімен байланысы анықталды.

Қазіргі кезде мал шаруаышылығын интенсивтендіру және олардың жаңа асыл тұқымдарын шығару үшін сұрыптаудың жаңа әдістерін қолдану қажет. Сұрыптауды интерьерсіз, тек қана зоотехникалық әдістермен жүргізу жеткіліксіз және ұзақ уақытты қажет етеді. Сондықтан қазіргі заманғы сұрыптау молекулалық биология, биохимия және биохимиялық генетика ғылымдарының интерьерді зерттеу жетістіктеріне сүйену керек. Бұл жерде қан құрамының биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу аса маңызды рөл атқарады.

Қан ағзасының ішкі ортасы, сонымен бірге ағзадағы жүріп жатқан зат алмасуының белсенділігімен тікелей байланысты, демек оның мал өнімділігімен байланысы өте зор.

Қан сарысуының өте тиімді биохимиялық көрсеткіштеріне ондағы жалпы белок, иммуноглобулиндер және аминотрансфераза ферменттері (АСТ, АЛТ) жатады. Жалпы белоктың мөлшері, иммуноглобулиндердің деңгейі және АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігі ағзадағы амин қышқылдарының алмасуын қадағалайды.

Көптеген авторлар қанның морфологиялық құрамын зерттеп, оның мал өнімділігімен байланысын анықтаған. Бірақ та қанның морфологиялық құрамы көптеген фенотиптік факторлардан өзгергіш келеді.

Сондықтан қанның морфологиялық құрамының, мал өнімділігінің байланысын зерттеу онша тиімді емес.

Мал қанының асыл тұқымды тегімен байланысты биохимиялық көрсеткіштерге иммуноглобулиндердің деңгейі және ферменттердің активтілігі жатады. Бұл көрсеткіштер әртүрлі фенотиптік факторлардан өзгермейді, тек қана малдардың генотипімен байланысты болады. Осыған байланысты әртүрлі асыл тұқымды қой қанының биохимиялық көрсеткіштерін береміз.

Бұл биохимиялық көрсеткіштер көрсетілген асыл тұқымды элита қойлардың қан сарысуының физиологиялық қалыпты мөлшері (5 – кесте).

 

5 – кесте. Әртүрлі асыл тұқымды қой қанының биохимиялық көрсеткіштері(Қ. Сейтқалиев, Ж. Жұмашевтар зерттеген)

Қой тұқымдары Жалпы белок, г% Иммуноглобулин, мг/мл АСТ, мкмоль/сағ АЛТ, мкмоль/сағ
Саулықтар
Дегерес 7,54±0,43 41,77 ± 1,49 5,06± 0,53 2,61± 0,40
Еділбай 7,63±0,09 44,82 ± 2,2 4,32± 0,62 2,51± 0,32
ЕЖҚ 8,11±0,06 41,78±2,3 3,40± 0,21 1,69± 0,20
Қошқарлар
Дегерес 8,59±0,08 36,60 ± 1,2 3,63± 0,33 2,21± 0,06
Еділбай 8,82±0,08 40,50 ± 1,3 3,97± 0,47 2,26± 0,12
ЕЖҚ 8,80±0,05 39,39 ± 1,4 3,90± 0,21 1,22± 0,05

 

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, еділбай қойларының, басқаларға қарағанда ерекшеліктерін көруге болады. Ол бір жағынан белгілі, еділбай қойлары ғасырлар бойы халықтың сұрыптау әдісімен шығарылған асыл тұқым.

Жергілікті жердің суық аязына, аптап ыстығына өте шыдамды және әртүрлі экстремалды жағдайларға бейімделгіш құрамынан байқауға болады, әсіресе иммуноглобулиндердің деңгейінен. Иммуноглобулиндердің деңгейі жануарлардың иммундық статусын және бейімделгіштігін анықтайды.

Еділбай қойларынан кейін, жаңадан шығарылған қазақтың етті-жүнді асыл тұқымды қойларын айтуға болады.

 

6 – кесте. Дегерес асыл тұқымды қошқарлардың өнім сапалары және қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері (n - 30)

Мал топтары тірі салмағы, кг жалпы белок, г % АСТ, мкмоль/ сағ АЛТ, мкмоль/ сағ Жүн түсімі, кг
Бір жылдық қошқар-лар(элит) 62,1 ± 0,92 7,48 ±0,15 4,56 ±0,10 2,70 ±0,12 5,54 ±0,17
Бір жылдық қошқар-лар(ІІІкл) 46,7 ± 1,08 5,42 ±0,13 2,75 ±0,20 1,92 ±0,07 3,30 ±0,24
Ересек қошқарлар 101,8 ± 1,7 7,50 ±0,12 4,62 ±0,13 3,10 ±0,09 6,70 ± 0,7

 

Бұл кестенің мәліметтерінен дегерес асыл тұқымды қошқарлардың қан сарысуының жалпы белогі мен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігінің олардың өнімділігімен байланысын көруге болады. Тірі салмағы 62,1 кг бір жылдық элита қойлардың қан сарысуының жалпы белогі және АСТ мен АЛТ ферменттерінің белсенділігі тірі салмағы 101,8 кг ересек элита қошқарлардыкімен бірдей. Демек бұл көрсеткіштер малдардың жасына, тірі салмақтарына байланысты өзгермейді, тек қана асыл тұқымдық тегіне, генотипіне байланысты. Демек бір жасар элита қошқарлардың асыл тұқымдық қасиеттері ересек элиталардікімен бірдей. Бұл мәліметтерден шығаратын қортындымыз, қойлардың қан сарысуының жалпы белогі, әсіресе аминотрансфераза ферментінің (АСТ, АЛТ) белсенділігі, олардың тірі салмағы мен жүн өнімділігі мен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде белгілі болғаны, қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштері жануарлардың өнімділігімен динамикалық тепе-теңдікте болатыны. Мысалы, бір жылдық 3-класты қошқарлардың тірі салмағы мен жүн түсімі элита қошқарларға қарағанда өте төмен, дәл сондай айырмашылықты қан сарысуының белогі мен ферменттерінің активтілігінен де көруге болады.

Аминотрансфераза ферментерінің (АСТ, АЛТ) ағзадағы қызметі көмірсулар мен майлардан трансаминдеу механизмі арқылы ауыспайтын амин қышқылдарын синтездеу. АСТ және АЛТ ферментінің қатысуымен ағзада аланин, аспаргин және глутамин амин қышқылдары синтезделеді, ал ол амин қышқылдары белок құрамында көптеп кездеседі.

 

Кесте. Әртүрлі асыл тұқымды қойлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерінің өнімділікпен байланыс коэффициенттері

Асыл тұқымы n Жалпы белок-тірі масса АСТ-тірі масса АЛТ- тірі масса АСТ-жүн өнімі АЛТ-жүн өнімі
Дегерес + 0,41 + 0,66 +0,15 +0,35 +0,40
Еділбай + 0,35 + 0,71 +0,19 - -
ЕЖҚ + 0,37 + 0,73 +0,19 +0,52 0,63

 

Кестеден тірі салмақ пен жалпы белоктің арасындағы байланыс коэффициенттері ортадан төмен екенін байқаймыз және де жалпы белоктің мөлшері өзгергіш келеді, мысалы, жасына, азықтандыру мөлшеріне және жыл маусымына байланысты. Сондықтан бұл көрсеткіш онша сенімді емес. Ал АСТ және АЛТ ферментерінің белсенділігіне келсек, олардың байланыс коэффициенттері өте жоғары, мысалы АСТ ферментінің қойлардың тірі салмағымен +0,66-дан +0,73 дейін. Бұл өте жоғары байланыс және статистикалық сенімді. Одан басқа, жүргізілген зерттеулерге қарағанда, аминотрансфераза АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігі қозылардың 2-4 айлық кезіне дейін жоғарылайды да, одан кейінгі жаста өзгермейді (К. Сейткалиев, 1994, 1995). Ол ферменттердің белсенділігі жануарлардың генотипіне ғана байланысты, басқа фенотиптік факторлардан өзгермейді. Сондықтан АСТ және АЛТ ферменттерінің белсенділігін қозылардың 2-4 айлығында анықтап, болашақ өнімділігін болжауға болады. Бұл биохимиялық көрсеткіштерді жаңа асыл тұқымды қойлар шығаруда және бар асыл тұқымдарды жетілдіру үшін қосымша тест ретінде пайдалану қажет.

Академик П. Н. Кулешов 1900 жылдың өзінде қойдың дене бітімі, сырт пішініне және іш құрылысына байланысты ерекшеліктері болатынын дәлелдеген. Жүндес қойлардың терісі мен сүйегі етті және басқа өнімді (сүтті, елтірі) қойларға қарағанда ауырлау болады, атап айтқанда, жүнді қойлардың еті мен сүйегі 27-28%, сүтті қойларда - 19%, ал етті қойларда 14-15% болады. Оның есесіне жүндес қойларда етімен майы аз дамиды. Сүтті қойлардың ас қорытатын ағза жүйесі жақсы дамиды, ал етті қойларда бұл ағзалар төмен және жүндес қойларда орташа болады. Осыларды жоғарыдағы төмендегі нақты кестемен дәлелдеуге болады.

 

8 – кесте. Әр бағыттағы қойлардың денесінің ағзаларымен ұлпаларының өзіндік ара салмағы, %

Көрсеткіштер Өнім бағыттары
жүндес қойлар етті қойлар сүтті қойлар
Тірі салмағы 100,0 100,0 100,0
Еті мен іш майы 41,5 59,6 36,0
Сүйексіз ет 20,0 43,7 25,0
Бас және дене сүйектері 15,0 8,7 12,0
Жаңа терісі сыпырылған 12,9 6,2 7,0
Ішкі ағзалары 37,0 18,6 50,6

 

Қойдың дене бітімі биологиялық корреляция заңына сәйкес қалыптасады. Ең алғаш корреляция заңын тұжырымдаған Ж. Кювье. Ол “әр бір жануар өзінің денесінде бір тұтас жабық кешенді, бір мүддеге бағындырылған жүйені құрайды, оның бір де бір бөлшегі басқа бөлшектерге әсер етпей, олардың өзгеруінсіз өзгере алмайды. «Бір бөлшектің өзгеруі басқа бір бөлшектің өзгеруіне әкеледі» - деп анықтаған.

Сондықтан, корреляциялық заңға сәйкес денедегі бір өзгеріс, басқа да өзгерістерге алып келеді, бірақ сонымен қатар нәтижесінде малдың бойында жаңа көрсеткіштер пайда болады. Ағзаның бүтіндігі, өміршеңдігі сақталады. Корреляция заңын мойындай отырып Дарвин, Северцев, Бэквел, Кулешов, Иванов, Чирвинский “ешқайдан ештеңе келе қоймайды. Денеде бір қасиеттің орнына екінші қасиет келеді” - деген тұжырымға тоқтаған.

Осыған байланысты Ч. Дарвин “сиырдан әрі көп сүт сауу және етті де тез және көп өндіру, мүмкін емес” деген. Р. Бэквель, П. Кулешов “қойға 2 кг. жүн қосу үшін, оның 10-12 кг. етін жоғалтуға тура келеді” деген.

Сондықтан, қойдың қалыптасқан өнімділігін өзгертуге өте байыппен, терең зерттеп, тәжірибе жүргізу арқылы бару керек. Ресейде IX-XX ғасырда биязы жүнді қой тұқымын өсіруде қателіктер орын алған.

Сондықтан, селекциялық мал тұқымын асылдандыру жұмысында корреляция заңын ұдайы есте сақтап отырған жөн.