Тотемизмнің пайда болу себептерін анықтаңыз

Тарихилыққа дейінгі адамзат тарихы

Сұрақ №1

Сөйлеу мен ойлаудың дамуы және өзара байланысы.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықган да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз.

Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К.Маркс: "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді.

Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшеліі көрінеді.

Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді.

Тіл және ойлау турапы айтылған пікірлерді үш түрлі көзқарастың төңірегіне топтауға болады.

1. Тіл және ойлау тепе-теңдік бірлікте, бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ;

2. Тіл және ойлау арасында ешқандай бірлік, байланыс жоқ;

3. Тіл және ойлау өзара тығыз байланысты, бірге туып, қатар жасап келе жатыр, бірінсіз бірі болмайды, бірақ Бұлардың бірлігі тепе-теңдік бірлік емес, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар диалектілік бірлік дейтін тұжырымдар.

Бұлардың ішіндегі бірден-бір дұрыс тұжырым соңғысы. Өйткені тіл — ойпау құралы, ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығарып, басқаларға білдіретін құрал, ал ойлау —тілдің идеялық жағы, тіл арқылы берілетінмазмұнның негізі. Тіл және ойлау бір бүтіннің екі жағы, екі саласы: бірі материалдық, екіншісі — идеялық жағы. Тілдің бір жағынан, ойлауға, екінші жағынан, болмысқа қатысын талдау — жалпы тіл білімінің аса күрделі әрі талас туғызып келе жатқан мәселелері. Ойлау арқылы тілдің шындық өмірмен байл анысы жүзеге асады. Ойды білдіру мен жеткізудің құралы бола отырып, тіл ойлаумен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Тілдің тұлғалары (единицалары: сөз, сөйлем) ойлау түрлерін (ұғым, пайымдау) белгілеуге негіз болады. Ойлау тілдің негізінде болады.

Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті үдерісінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны . Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді.

Ф. де Соссюр "Тіл және сөйлеу мәселесі" мәселесін көтереді. Ол тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік сипатқа ие дейді .

Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм фон Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Куртенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған үдеріс деп қарастырады .

Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді. Автордың айтуынша: Тіл- әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс. Тіл- тұрақты және ұзақ өмір сүретін үдеріс, ал сөйлеу -тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады. Тіл – адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал сөйлеу - әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс. Тіл- адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтаңбасы болады. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психо-физикалық құбылыс. Сөйлеу- адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.

 

Сұрақ №2

Тотемизмнің пайда болу себептерін анықтаңыз

Тотем - (солт. америка Аджибве тайпасының тілінен аударғанда -тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этник. топтың шыккан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж.Лонг енгізген. Адамзат дамуының алғашқы архаикалық сатыларында адамдар өздерінің табиғатпен етене байланысын толық сезінген, сондықтан да олар өздерінің шығу тегін табиғаттың нақты көріністері арқылы түсіндірген. Мәдениетте адамдардың өздерін осылайша теңдестіру (идентификациялау) формаларын тотемизм деп атайды. Тотемнің пайда болуына адамның хайуанға айналу мүмкіншілігі бар деген аңыздар негіз болса керек. Ал Тотемнің әлеуметтік атқаратын қызметіне оның белгілі бір адамдар қауымдастығының басын біріктіру, туысқандық сезімін қалыптастыруы жатады. Мәдениеттің тотемдік баспалдағынан дүние жүзінде белгілі мәдениеттердің барлығы бірдей өткен. Қазірде Тотемнің қалдықтарын геральдикадан, тұрмыстық символикадан, т.б. көруге болады. Шынайы тотемистік көзқарастар кең тараған америкалық үндістер, солтүстік халыктары. Қазақ мәдениетінің архетипі - көне түркі мәдениетінде де Тотемдік көзқарастар молынан кезігіп отырды. Көне түркілердің өздерінің шығу тегін көк бөрімен байланыстыруы қазақ ақын-жырауларының аузына "бөрлі менің байрағым..." детен жолдары салса, қарапайым халық арасында сол Көкбөрі рухына арналып жасалатын бәйге түрі көкпар тарту жүргізілген. Тотемнің сарқыншақтары дамыған діндерде де (құдайды діндарлардың әкесі деп санау; адал және арам жануарлар туралы түсініктердің болуы) сақталған.

Адамдардың дамуының белгілі бір кезеңінде діннің шығуы міндетті болды. Діни эволюциясының алғашқы кезеңінде оның түбірі күнделікті тіршіліктегі адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі түрінде көрінді. Ол табиғаттың аса қорқынышты құбылыстары – найзағай, жер сілкінулері, вулкан атқылаулары, т.б. алдындағы дәрменсіздік емес, алғашқы адамның табиғатқа әсер ететін құралдары да, немесе оқиғалардың барысын анықтайтын білімі де болмады. Оның іс-әрекетінің барысы мен қорытындысы оның жеке өзіне емес, объективті жағдайлардың барысына байланысты болды. Бұндай жағдайда адам табиғат алдында әлсіз болды, оның тәжірибелік іс-әрекеті де еркін болған жоқ.

Адамның барлық іс-әрекеті екіге бөлінеді: біріншісі – іс-әрекеттің қорытындысы адамның тікелей өзіне байланысты еркін практикалық іс-әрекет, екіншісі – еркін емес, тәуелді іс-әрекет.

Іс-әрекеттің бұл екі түрі арасындағы айырмашылық тек салыстырмалы түрде ғана, олардың арасында өтпелі кезеңнің барлық баспалдақтары бар, дегенмен, ол шынайы түрде сақталады.

Адамның іс-әрекетінің барысында оған және адамның барлық өміріне әсер ететін белгісіз бір күш айқын сезілді. Сондықтан қалыптасып келе жатқан адам өзіне әсер етуші осы күштің құдіретін және бұл күш алдындағы өзінің әлсіздігін сезінуі қажет болды. Алайда бұл тез арада байқала қойған жоқ. Бұндай түйсік сезімнің дамуының белгілі бір деңгейінде қалыптасты. Бірақ, ең маңыздысы, адамның өз іс-әрекетінің белгілі бір саладағы дәрменсіздігін түсіну олардың құрал-жабдық жасау саласындағы дәрменсіздігін түсінусіз мүмкін емес.

Адам өзінің күші мен тіршіліктің белгілі саласының белгілі бір құбылыстарың құдіретін айқын сезінгенде ғана өзінің басқа саладағы әлсіздігін түсіне алады. Ол сол басқа салада өзінің құдіреті жетпейтін белгісіз басқаша бір күштердің бар екенін мойындайды. Осылайша дін пайда болады.

Дін адамның табиғи не әлеуметтік құбылыстардың себептері жөніндегі ойлары әсерінен емес, адамдардың табиғат күштері алдындағы әлсіздігінің нәтижесінде және қоршаған орта туралы қажетті білімнің жоқтығынан келіп туды.

Рухани өмірде ерекше орын алған табиғат құбылыстарының шығу тегін түсіндіретін қасиетті мифтер болды. Мифологияның табиғаты туралы түрлі пікірлер бар: мифология фольклордың жанры ретінде ғана емес, сонымен бірге алғашқы “ғылым” немесе “философия” деп те түсіндіріледі. Бірақ мифтер сырт қарағанда фантастикалық ертегілерге ұқсайды. Айырмашылығы, ертегілерге сенбейміз, ал мифтерге сенеміз.

Әдетте мифология шындық емес, мифологиялық уақыттар деп аталатын түсініктерді қарастырады. Бұл адамдардың ата-тегінің өмір сүрген уақыты, батырлар және де басқа мифологиялық тұлғалар туралы болды. Бірақ баяндалуда белгілі бір реттілік болмады, ал фактілердің барлығы дерлік фантастикалық болды.

Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың діни дүние танымының негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ. Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері мен минералдық байлықтары, оған әсер ететін табиғи күштер мен осында тіршілік ететін адамдардың топтары –барлығы біртұтас болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа адамға тән қасиеттер, ал адамға табиғат қасиеттері тән деп түсінді.

Бұл діни түсініктердің барлық алғашқы түрлерінде — фетишизм, тотемизм, анимизм және магияда ерекше көрініс тапты.

ТотемизмАвстралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.

 

Сұрақ №3