Егіншілік пен малшылыққа көшудің негізгі шарттары мен механизмдеріне анализ жасаңыз

Алғашқы қоғам тарихының алғышарттарының бірі-артық өнімнің тұрақты түрде көбеюі. Соның арқасында өндіруші шаруашылық түрлері егіншілік пен мал шарушалығы жедел түрде дамыды.

Бізге белгілі археологиялық мәліметтер мен палеонтологтардың пікірі бойынша мал шаруашылығы ең алғаш палеолит дәуірінде адамдардың итті қолға үйретуінен басталды.Ал жылқыны қолға үйрету туралы нақты деректер болмаса да, оны қолға үйрету жоғарғы палеолитке жатқызылды.

Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының қалдықтары б.з.д. IX-VIII мыңжылдыөтарда Алдыңғы Азия, Палестина, Сирия, оңтүстік-шығыс Түркиядан табылды.

Алғаш рет мал шаруашылығының өнімдерін алу мақсатында қой-ешкі, ірі қара малды өсірген.

Аңшылықтың тиімсіздігі, өнімді шаруашылықтың табиғатқа тигізетін зиянын ескере отырып ұжымдар өндіруші шаруашылыққа көше бастады.

Жануарларды жақсы білу мен өсімдіктердің құнарлылығын, жақсы өсетін жерлерін анықтау өндіруші шаруашылықтың дамуында өзіндік үлесін тигізді. Сол кезеңдегі адамдар тұқымдар мен дәндердің барлығын бірдей қолданбаған. Кейбір қалдықтардың қалып қоюы мен жерге сініп кетуі сол жерде басқа бір өнімнің, дақылдың өсіп шығуына әкеліп соқты. Нәтижесінде егіншілік қалыптасты.

Егіншіліктің әр түрлі түрлері пайда болды: суармалы және суармалы емес. Шаруашылықтың бұл түрлерінің дамуы туралы нақты пікір айтылмаған; тек шаруашылықтың дамуына табиғат жағдайынан бөлек, ауыл шаруашылығының техникаларының дамуы да әсер етті деген болжамдар бар.

Алғашқы қоғамдағы егіншіліктің даму эволюциясы қол құралдарын пайдаланудан бастау алады. Алғашында қарапайым құралдар қолданылып, кейіннен өгіз жегу арқылы жер жырта бастағаннан кейін металлдар құралдар жасала бастады.

Егіншілік екі түрлі линиядан тұрды:

1) Жануарларды жегу арқылы жер өңдейтін егіншілік;

2) Қолмен өңдеу арқылы жүзеге асырылатын егіншілік.

Егіншіліктің кең көлемде дамуы артық өнімнің пайда болуына әкеліп соқты. Бұл жануарларды жегу арқылы жер өңдейтін егіншілік саласында аса тиімді болды; себебі егіншілікке пайданылатын жануарды артық өніммен қоректендіру арқылы асыраған. Бұл мал шаруашылығының дамуыа әсер етті.

Ал мал шаруашылығын дамытуда оның төлін дұрыс асырау маңызға ие болды. Бұл егіншілік пен мал шаруашылығы арасындағы өзара байланысты айқындайды.

Осы айтылған деректерге қарамастан ойкуменада пайда болған өндіруші шаруашылық түрлерінің нақты пайда болу уақыты белгісіз. Бұл мәселені шешуде Николай Иванович Вавилов ұсынған гипотезалары маңызды рөл атқарады.

Өндіруші шаруашылықтың дамуы қауым мен тайпалар ішіндегі еңбек бөлінісінің қалыптасуына әсер етті.

71. Ең көне және көне заман адамдары шаруашылықтарының екі саласы жинап терушілік пен немесе аң аулау ма қайсысы олардың өмірінің негізгі болғанын айта қою қиын. Алайда нақ аңшылық алғашқы тұрмыстық адам коллективінің дамуын көп жағынан анықтаған шаруашылықтың неғұрлым прогрессивті саласы болғаны даусыз.Шелль және ашель тұрақтарында табылған хайуанат сүйектерінің арасында кейде тіпті піл сияқты ірі жануарлардың сүйектері де кездеседі.Солтүстікке таманғы аудандарда жылқыларды, бұғыларды, қабандарды, зубрларды аулады кейде жыртқыштарды да үңгір аюлары мен арыстанды өлтіріп олардың еттерінде тамақ етті.Таулы аудандарда неандертальдықтардың аң аулау мәселен тау ешкілерін аулау басым роль атқарды. Ірі аңдарды әсіресе олардың ішінен тобыр болып жүретіндерін аулауды игеру әдісінсіз көз алдыға келтіру қиын. Ол ірі хайуанды тікелей өлтіруі үшін ашелль аңшыларының қаруы тым әлсіз болды.Өте ежелгі заман адамдары ірі сүт қоректілерді өлтіруге иіріп аулағанда ғана батылы бара алған. Сірә оларды шулап от шашып, тас лақтырып үркіткен болар әрі көптеген тұрақтардың орын жайы көрсететіндей терең сайға немесе үлкен жар қабаққа айдап тығатын болған. Жануарлар құлап түсіп мертігетін сөйтіп адамға тек оларды соғып алу ғана қалатын. Міне сондықтан да нақ аң аулау алғашқы тұрмыстық адам табының ұйымшылдығын бәрінен көп ынталандырған еңбек қызметінің формасы болды, оларға коллективизм күшін көрсетті.

Ірі жануарларды аулау бұл жағынан адам организмі үшін аса маңызды заттары (бор) (еттер) әсіресе белоктар майлар мен углеводтар бор еттер әсіресе оны отта қақтаудан кейін тек құнарлы тамақ қана болып адамның бойының өсуін тездетіп, тіршілік қызметін арттырды.

Адамның арғы тектері табынды хайуанаттар болғанымен олардың мінез-құлқы сияқты таза индивидуалистік рефлекстермен де анықталды. Бұл жағдай ертедегі адам табынында сақталмай қала алмады. Оның үстіне адам қару алуды үйренісімен-ақ табындағы соқтығулар жиілей түсіп, анағұрлым кескілескен түрге айналған деген пікірлер де бар. Бірақ қалай болған күнде де алғашқы тұрмыстық адам табынында мінез-құлықтың индивидуалистік және табында коллективтік формалары арасында жіті күрес болғандығы даусыз және біріншіні екіншінің бірте-бірте ығыстырғаны да осындай даусыз, өйткені бұлай болмаған жағдайда табындық ұйым рулық ұйымға ешқашанда өсіп ұласпаған болар еді.Шынына келгенде хайуанат дүниесінен адамның бөлініп шығуы тек еңбектің арқасында ғана мүмкін болды, бұл өзінен-өзі адамның табиғатқа ықпал етуінің коллективтік формасы болып табылады.Коллективті топтастырудың осы бағытында да төменде сөз болатын тілдің жетілуі де әрекет етті. Бірақ хайуандық индивидуализмды ығыстыруда әсіресе үлкен прогресс алғашқы тұрмыстық адам табыны тіршілік етуінің қорытынды кезеңіне мустер уақытына келеді. Нақ осы уақытқа коллектив мүшелері туралы қамқорлықтың алғашқы жанама дәлелдері неандертальдық жерлеу жатады.

 

72.

Рулық қауымның шығуы - тарихтан бұрынғы замандарда қалыптасады. Адамдардың бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу, т.б. іс-әрекеттер адамдарды топтастырды. Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына - рулық қауымына айналды. Бұл шамамен "саналы адамның" шығу уақытына сәйкес келеді.

Әр руда бірнеше оңдаған рулас адам болды. Алғашында ұжымжағы жұмыстардың көпшілігін аналар атқарды. Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды.

Рулық бөліністе аналардың үстемдігімен анықталды. Әрбір қауым өз аумағында мекен етті . Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп орманда аң аулады, балық ұстады, ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті.

Әйелдер мен балалар жеміс-жидектер жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды. Ру ішіндегі тіршілік пен іс-әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі-еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Әрқасысы өз пікірін білдірді. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады. Оған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды, ержүрек, құрметті адамдар таңдалды. Ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Ру әрбір мүшесінің мүдделерінқорғады.Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды. Палеолиттің соңғы кезеңінің адамы өзінен бұрынғы адамдардан рухани жағынан анағұрлым жоғары тұрды. Мұны табиғи бояулармен үңгір қабырғаларына салынған ежелгі суреттерден көруге болады. Үңгір қабырғасы мен төбесінде жылқы, бизон, аң аулау көріністері және дәстүрлі би қимылдары бейнеленген.

 

73.

Өндіргіш күштер — қоғамдық өндіріс үдерісінің материалдық-заттай және адами факторларының жиынтығы. Өндіргіш күштер табиғат заттары мен күштеріне адамның белсенді қатынасын, табиғат байлықтарын тану, игеру, түрлендіру, дамыту және пайдалану дәрежесін білдіреді және жетекші өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылады. Ең басты өндіргіш күштер – адам, өндіріске қатысушылар. Нақ осы адамның күш-жігерімен табиғат пен қоғам дамуының заңдары игеріледі, еңбек құралдары дамытылып, жетілдіріледі, жаңа машиналар, технология үдерістер, материалдар жасалады, өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған нысандары дүниеге келеді. Материалдық-заттай факторлардың ішінде еңбек құралдарын дамыту өндіргіш күштерді жетілдірудің тарихи үдерісінде жетекші рөл атқарады.Өндіргіш күштерді орналастыру – 1) өндірістің заттай құрамбөліктері мен еңбек ресурстарының географиялық таралуы. Өндіргіш күштерді орналастыру өндірістің басым әдісімен, құрал-жабдықтарға меншіктің түрімен, аумақтық еңбек бөлінісінің ерекшеліктерімен, жеке аудандардың табиғи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен, нақты өндіріс пен салалардың орналасу факторларымен анықталады; 2) өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылым және еңбек ресурстарының орналасуы жөніндегі процестер мен әрекеттердің жиынтығы. Бұл мәнінде "Өндіргіш күштерді орналастыру" ұғымы қоғамдық өндірісті аумақтық орналастыру ұғымына ұқсас деуге болады.Ойкумена, эйкумена (гр. oіkumene, oіkeo – мекендеу, қоныс тебу) – құрлықтың адамдар мекендеген аймағы; халық қоныстанған, игерілген немесе басқа жолмен қоғамдық өмірге тартылған аумақтарды қамтитын құрлықтың бөлігі.Қазақстандағы алғашқы ойкумена (байырғы қоныс орындары) Оңтүстік өңірде, Жетісуда, Сырдария, Шу, Іле, Талас өзендерінің бойында пайда болған. Алдымен ойкумена адамдардың пайда болған аймақтарына сәйкес келсе, кейінірек өндіріс күштерінің дамуы, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты адамдар тіршілікке қолайсыз аймақтарда, мысалы, биік таулы ауданда (мал шаруашылығы, жерді игеру), тундра белдемінде (бұғы шаруашылығы) және т.б. жерлерге қоныстанды. 20 ғасырда ойкумена шекарасынан тыс Жер шарының тек полюсті облыстары (Арктика мен Антарктика) қалса, соңғы кезде бұл аймаққа да адамдардың ықпалы тиюде. Ойкумена туралы алғашқы деректер ежелгі грек тарихшысы, географ және филолог Гекатей Милетский (б.з.б. 5 ғ.) еңбектерінде кездеседі.

74.Таптық қоғам туралы

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі. К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп жіктеуді ұсынған. К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919-шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдардың еңбегін қанауын айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын; олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.

 

75. Алғашқы адамдар тобыры — адамдардың тас дәуіріндегі тіршілік үшін бірлесіп күресу қажеттілігінен туған алғашқы тобы. Археологияда төменгі және орта палеолит дәуірін, антропологияда архантроптар — питекантроп, синантроп, атлантроп, Гейдельберг адамдарының өмір сүрген кезеңін қамтиды. Б.з.б. 1,9 млн — 36 мың жыл аралығында үңгірлерде өмір сүрген, отты пайдалана білген. Тастан, ағаштан, сүйектен құралдар, қарулар жасаған. Табиғатқа толық тәуелді болған Алғашқы адамдар тобырына ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі — қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән. Алғашқы адамдар тобырының мекендері Қазақстанда Сарыарқадан, Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан, Жетісудан, Балқаштың солтүстік өңірінен табылды.

Ежелгі адамдар азық табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін – тобыр болып өмір сүрген. Осындай жағдайда адамдар тобыры өздеріне баспана ретінде табиғи үңгірлерді, қуыстарды, биік тау шатқалдарын пайдаланды. Кейде ашық жерлердегі аңдар су ішуге келетін өзен иірімдері мен суат басына қоныс аударып отырды. Тобыр құру аң аулауда, түрлі қиындықтар мен қатал табиғат жағдайында өмір сүруге жеңілдік жасады. Ежелгі адамдар әуелде қолдан баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Олардың тұңғыш баспанасы - үңгір болған. Адамдар отпен қорқытып, үңгір аюлары мен арыстандарын қуып шықты. Олар аң терілерін төсеніш етіп, жыртқыш аңдар жоламас үшін үңгір аузына от жағып қойған. Ежелгі адамдар найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей, ұзақ сақтауға тырысты. Олар жанған отты жанын сала қорғады, өйткені отты өшіріп алу зор қауіп төндірді, тіпті бүкіл тобырдың қырылып қалуы мүмкін еді. Осындай қиыншылықтарға қарсы күресе жүріп олар даму үстінде болды. Адамдар тастан шыққан ұшқынға, ағашты бір-біріне үйкелеп қыздырған ұсақ жаңқаға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тұтату арқылы отты өзі жағуды үйренді. От жағуды үйрену адамдарды кездейсоқ табылған отқа тәуелді болудан құтқарды. Отпен адамдар жылынып, жыртқыш аңдардан қорғанды, ас пісіріп жеуге мүмкіндік туды. Археологтар ұзақ уақыт бойы жанып тұрған от орындарын тапқан.