Шетел туристері үшін мәзір құру ерекшелігі

Шетел туристері ұлты Аспаздық ерекшеліктері Туристерге ұсынуға болмайды
Чехтар мен словактар Шошқа етін және оны өңдеу өнімдерін кең қолданылады (шұжық, ветчина, сосискалар), сонымен қатар сиыр етін, бұзау етін, құс етін тұтынады. Тісбасарлады даярлаумен қатар, екінші ыстық тағамдар үшін көбінесе майонез қолданады. Тісбасарлар ассортиментінде көкөніс салаттары, толтырылған көкөністер мен бутербродтар болады. Кисель, компот, желе, балғын және консервіленген жидектер, әртүрлі кондитерлік өнімдерді жақсы көреді. Пісірілген балықтан, қой етінен, ет турамасынан даярланатын екінші тағамдар.
Поляктар Аспаздығы орыс немесе украин аспаздығына ұқсас. Ең сүйікті тағамдар-майонезбен, қаймақпен араласқан әртүрлі салаттар түйірлі ұылдырық, құйылған балық, тұз көже, саңырауқұлақ көжелері, блинчиктер, варениктер, кулебякалар. Сүт өнімдерімен балды өте жақсы көреді. Борщ пен щиге нан орнына ыстық піскен картоп, ал екінші ыстық тағамдарға жеке көк салат немесе қызанақ пен қияр салатын ұсыну қалыптасқан. Қой етінен даярланған тағамдар
Венгрлер Тағамдарды даярлау үшін көп мөлшерде ұн, паприка (қызыл бұрыш), шошқа майы және қаймақ қолданылады. Ұлттық тағамдарды майлы сиыр етінен, бұзау етінен, шошқа етінен даярланады. Ас қатықты көжелер, сорпалар, тәтті тағамдар, конд. өнімдер жақсы көреді. Сусындарды көп қолданады. Кета уылдырығы, майшабақ, килька, кой етінен, ет турамасынан даярланған тағамдар, қарақұмық ботқасы, кисельдер
Румындар Ашық отта даярланған табиғи ет тағамдардың кең ассортиментімен ерекшеленеді. Кез-келген түрде көкөністерді жақсы көреді. Бірінші тағамдардың ішінде күрішпен, ұнтақ жармамен, клецки мен сорпалар, борщтар, көкөніс және саңырауқұлақ көжелері кең сұраныста. Тұздалған және маринадталған көкөністерді екінші тағамдарға гарнир ретінде ұсынады. Түскі ас міндетті түрде қара кофемен аяқталады. Қой етінен даярланған тағамдар, қарабидай наны
Немістер Аспаздығы бутербродтардың, шошқа, бұзау, сиыр, құс, балық етінен даярланған тағамдардың кең түрімен ерекшеленеді. Әртүрлі көкөністер сүт қышқылды өнімдер, жұмыртқа тағамдары кең қолданылады. Шұжықтар, ірімшіктер, жаксы көреді. Ұлттық тағамдары: сосискамен бұқтырылған қырыққабат, қырыққабатпен шошқа аяқтары, түбіртамырмен торай. Сорпалар сүзбе-көжелер, жеміс салаттары, сүт немесе кілегей қатқан қара кофе аса танымал Қой етінен даярланған тағамдар, қарабидай наны
Болгарлар Кез-келген еуропалық аспаздық тағамдарын тұтынады, бірақ көбінесе көкөністер, кавказ аспаздығы тағамдарын (кәуап,люля-кебаб, чохобили), қызыл бұрыш, бидай нанын жақсы көреді. Балғын көкөніс салаттарын ешнәрсе қатпай ұсынған жөн. қарабидай наны
Корей Корей аспаздығы ерекшелігі күріш, бұршақтылар және көкөністерге қарағанда етті аз тұтынады. Көкөністерді аз мөлшерлі сұйықтықта өз сөлінде пісіріп, міндетті түрде сарымсақ қосады. Маринадталған қияр, қызанақ, әртүрлі өнімдер, щи, борщ, көжелер табиғи еттен даярланған екінші тағамдар, бидай нанын, сыра, салқын су жақсы көреді. Минералды су, айран, кофе, какао, қаймақ, ірімшік, сорпа, қаймақты соусты тағамдар, картопты гарнирлер, сырник.
Швед, дания,норвегия Еуропа аспаздығы тағамдарын тұтынады таңғы асқа салқын сүт, айран, сары май, тосап, кофе, балғын тоқаш жақсы көреді. Балық жеңсік астар, ыстық картоппен табиғи майшабақ, борщ, блины, шашыраңқы қарақұмық ботқасын жақсы көреді. Сүзбеден және қой етінен даярланған тағамдар
Ағылшын Кең гострономиясы ассортиментте ет, балық, көкөніс тағамдарын тұтынады. Тісбасарлардан - балық гострономиясын, бірінші тағамдардан -сорпалар мен езбе көжелер жақсы көреді. Балық көжесі, жарма және макарон гарнирлері, ет турамасынан, семіз шошқа етінен тағамдар тұшпаралар.
Француз Барлық ет түрлерінен тағамдар даярлайды, көкөністер, жемістерді кең қолданады. Омар, мангуст, устрицалар, түйірлі уылдырық, ысталған бекіре кең сұраныста. Жарма гарнирлерін айран сүзбе, кілегей жақсы көреді. Мөлдір және езбе көжелер жақсы көреді.  
Итальяндық Каперстер, таңқышаяндармен салаттар, табиғи таңқышаяндар, сорпа, лангет, мусс, желе, алма, апельсин, қара кофе, жақсы көреді. Ұлттық тағамы – ірімшікпен немесе өткір соуспен макарондар.  
Жапон Жапония аспаздығы негізіне күріш, теңіз өнімдері құрайды. Балғын көкөніс салаттары, тұздалған немесе маринадталған қияр, балық, жеңсін астары, пісірілген шұжық, таңқышаянмен салаттар, тұшпара, блины, ет және қырыққабатпен пирогтар, ет тағамдарын жақсы көреді. Таңертен, күндізгі және кешкі үстелге сары май, ал таңғы асқа жұмсақ сырлар қойылады. Бірінші тағамдарды күніне 3 рет аз порциямен тұьынады. Жеміс суларын, сыра жақсы көреді. Қарабидай наны, минералды су.
Американдықтар Америка аспаздығында көкөніс және жеміс салаттары, ет және құс етінен даярланатын тағамдар (сиыр еті, семіз емес шошқа еті, тауық, күркетауық), аса көп кездеседі. Бірінші тағамдар ішінде сорпаларға, езбетәрізді және жеміс көжелеріне көп көңіл бөлінеді. Конд. өнімдері, шырындар, цитрустылар, компоттар, бұлғанған кілегей кең қолданылады. Ысталған балық және балық консервілері, құйылған балық, ас қатықты көжелер, окрошка, жармалар мен макарон өнімдерінен даярланған тағамдар, қырыққабат семіз ет.    

 

Есеп айрысу реті. Даяшылар тағамдар мен сусындардытартуда және буфетте бригадир немесе оның орынбасары арнайы бекітілген кассалық машинада басылған чек бойынша алады.

Шетел туристері тобының тамақтануы үшін топ жетекшісі тапсырысты алуды растауды метрдотельге береді.

Тапсырысты алуды растау қаражат құжаты болып табылады және мәзірмен бірге мейрамхана бухгалтериясына тапсырылады.

Мейрамханада жеке туристерге қызмет көрсету жеке туристерге тамақтануы қолма-қол төлем немесе кредит карточкалары арқылы ұсынылады.

Таңғы ас жіберу. Жеке туристерге таңғы ас тұратын үйдегі мейрамхана мен кафеде ұсынылады. Таңғы ас құны туристерваучеріне енгізілген. Таңғы ас құны сонымен қатар агенттіктермен сатылатын тур құны құрамына кіреді.

Жеке шетел туристері үшін таңғы ас жеке залда, ортақ залдағы арнайы бөлінгенүстелде, «швед үстелінде» және туристер қалауы бойынша қонақ үй нөмірінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Таңғы асты ұсыну уақыты 8-ден 10⁰⁰ дейін, ал туристік маусымда (мамырдан қыркүйекке дейін) - 7⁰⁰-ден 10⁰⁰ дейін.

Жеке шетел туристеріне таңғы ас «таңғы ас» мөрі, түсті жолақ немесе басқа белгісі бар қонақ үйдің визиттік карточкасын көрсету кезінде ұсынады.

Қабылдау және қызмет көрсету қызмет бұл қызмет көрсету түрін ұйымдастыру реті туралы туристерге хабарлайды. Тамақтану орындары арнайы табличкалармен белгілену керек.

Таңғы астардың қажетті мөлшеріне тапсырыс тұрғылықты жеке туристер санына сәйкес қабылдау және қызмет көрсету қызмет күні бұрын мейрамханаға арнайы түрде береді

Ас мәзірін құру кезінде туристік таңғы астардың апталық мәзірін қолдану ұсынылады.

Ата-аналарымен келген 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға таңғы ас сол сияқты қонақ үйдің визиттік карточкасы бойынша ұсынылады. Алкогольді өнімдер, темекі және өндірістік, конд. өнімдер, таңғы ас құнына кірмейді.

Жеке шетел туристерішот бойынша қызмет құнын қолма-қол төлеп, таңғы асты нөмірге әкелуін телефон бойынша тапсырыс бере алады.

Қонақ үйден ертерек кететін болса, туристке таңғы ас құнына жол жинағы беріледі, қолданбалы таңғы астар құны туристке қайтарылмайды.

Түскі астар мен кешкі астарды жіберу. Түскі және кешкі астар жеке шетел туристеріне тапсырыс тағамдары мәзірі бойынша беріледі, ол орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде басылуы керек.

Тамақтану кафеде немесе мейрамханада қолма-қол төлеу немесе кредит карточкалары арқылы төленеді.