Клеткалық иммунитетті бағалау өдістері

Сандық әдістер

Лимфоцитгерді сандық бағалауға колданатын барлық реакциялар әр түрлі топтарға лимфоциттердің мембранасындағы әр түрлі рецепторлардың болуына негізделген.

Қазіргі кезде кенінен лимфоциттердің санын моноклоналды антиденелер көмегімен бағалайды. 1975 ж. Коһіег жөне Milstein қоректік ортада дақылдандырған миеломдық штамдар клеткаларымен иммунизацияланған жануарлардың қалыпты лимфоциттерінің бірігуінен алынған клеткалық гибридтерді (гибридом) бөліп алу әдісін жасаған. Біріккен клеткалық гибридомдар лимфоциттерден белгілі бір антидене синтездеуші қасиетін алады, ал миеломдық жолдасынан in vitro жағдайда шексіз көбею касиетін алады. Жиналған гибридомды клонды көбейтуге болады, және одан түзілген моноклонды антиденелерді шектен тыс мөлшерде алуға мүмкіншілік туады. Барлық параметрлері бойынша (молекулалар класстары, олардың типтері, арнайылығы, авидтілігі) бұл антиденелер абсолютті біріңғай. Сөйтіп бұларды қолдану сферасы әр түрлі болуы мүмкін.

Лимфоциттердің әр түрлі популяциясын анықтауда қазіргі кезде көп мөлшерде моноклоналды антиденелер қолданылады (жеке субпопуляцияларға, ізашарларға, жетілмеген клеткаларга, тимоциттерге, әр түрлі жетілу сатысындағы клеткаларға т.б). Халықаралық семинарда келісілген (1993 ж). кестеде белгілі клеткалар типіне сәйкес келетін рецепторлар көсетілген.

 

 

CD клеткалар типі CD клеткалар типі CD клеткалар типі
1 тимоциттер 39 В, акт. Т 81 В. Т, NK,мон.
2 T,NK 40 В, дендрит кл. 82 В, Т', NK, мон.
3 Т 41 тромб. 83 акт-. Т, В, денд.
4 Т-хелп, мон. 42 тромбоциттер. 84 Т, В, МФ, лейкоз
5 кейбір Т, В 43 миелоциттер. 85 В, плаз, кл., мон.
6 Т, кейбір В 44 миелоц.эриртоц.. 86 В, моноц.
7 T, NK 45 барлық лейкоциттер. 87 миелоц.
8 цитоток. Т-лим. 46 барлык лейкоциттер. 88 миелоц.
9 пре-В, миелоид. 47 (барлык клеткал.) 89 Т, В, миелоц.
10 пре-В, лейкемия 48 барлык лейкоциттер. 90 тимоцит, ми кл.
12 миелоциттер. 49a-f барлык лейкоциттер. 96 акт. NK, Т
16 миелоциттер, NK 51 В, МФ 97 акт. Т, В
18 СД11 ретінде 54 акт. Т, В, МФ 98 NK
19,20,21,22 - В- 61 тромб.(c CD41) 99 Т, В, миелоц
25,26 акт. Т, В, МФ 64 моноц. МФ 100 Т, В, NK
34 бағана кл. 69 акт. Т, В, NK 103 ішектегі Т-л
37 В, кейбір Тоциттер 72 В 108 Т, NK

Тәжірибелік дәрігерлерге көбінесе негізгі популяцияларды анықтау жеткілікті болады:Т-лимфоцитгерді (СД-3), Т-хелперлерді (СД-4), Т-супрессорлар-киллерлерді (СД-8), В-лимфоциттерді (СД-19).

Алдын ала люминистентті сарысумен өнделген антиденелерді қосып алған лимфоциттер санын люминисцентті микроскоп арқылы немесе ағымды цитометрия көмегімен анықтайды (ағымды цитометрде). Люминисцентті бояу немесе жоғарыда айтылған аппарат болмаса анти-Т-сарысу және комплемент қолданып цитотоксикалық. сынак қолдануға болады. Бұл кезде лизистенген клеткалар санын санайды.

Тәжірибелік дәрігерлер үшін иммунокоррекциялық препараттар таңдауда иммуномодуляторлар (тимус гормондары, циклоферон және т.б.) косылған реакциялар маңызды болуы мүмкін. Иммуномодуляторлар косылған және косылмаған реакциялардағы клеткалардың санын салыстыра отырып әрбір препараттардың әффектілігін анықтауға болады. "Керілген хелпингте" иммуностимулятор қосқан сон Т-хелперлер саны көбеймейді, оның орнына азаяды. Бұл жағдайда осы иммуномодуляторлар әсерсіз ғана емес, оны қолдануға да болмайды.

 

Әртүрлі этиологиялы қабыну процестерінің дамуы, ағымының бар сатысында Т-лимфоциттердің азаюымен жүреді өйткені, өзіндік функциясын атқару үшін Т-лимфоциттер тіндерге ауысады. Сондықтан өршу сатысындағы Т-лимфоциттер саны төмендеуі калыпты өтіп жатқан процесс көрінісі болады. Ал иммунжетіспеушілік күйлер диагностикасы ремиссия фазасында жүргізілу керек.

Т-лимфоциттердің айтарлықтай төмендеуі туа пайда болған иммунжетіспеушіліктерде, ЖИТСта (СПИД), қанның сәулеленуінде болады.

Т-лимфощптер санының көбеюі Т-лейкоздардың диагностикасында өте маңызды.

Т-лимфоциттердің салыстырмалы санының бірқатар төмендеуі клиникалық белгілерінің көрінуінен бірнеше күн бұрын басталады. Сөйтіп суперинфекцияны, босанғаннан кейінгі қабынулық асқынуды, операциядан және жарақаттан кейінгі қабынуды дер кезінде анықтауға көмектеседі. Бұның бәрі, қабыну процестерді алдын алуға бағытталған немесе ауыр күйге ауыспауына көмектесетін емдеу шараларын ерте жүргізу үшін кажет. Егер аурудың соңғы сатысында қанда Т-лимфоциттердің салыстырмалы санының біртіндеп көбеюі болса, ол жағымды клиникалық динамиканың белгісі.

Т-лимфоциттердің салыстырмалы санынын толық қалыптасуы процестің аяқталуының куәгері, яғни толык жазылудың белгісі. Ірінді хирургияда Т-лимфоциттердің саны абсцесстің ашылуының және ірінді массаның толығымен "шығарылуының бақылаушысы ретінде болуы мүмкін. Әдетте, абсцесс қалыптасқан науқаста Т-лимфоциттердін мөлшері төмендеген. Іріңдіктін жарылуы және іріңнің денеден толығымен шығарылуы Т-лимфоциттердің деңгейінің қалыпқа келуіне әкеледі. Т-лимфоциттер санының бұндай қалыпқа келуі аз уақытқа созылады (2 күн шамасында), бірақ та абсцесстің толық ашылғанын бақылауға мүмкіндік береді.

Қабыну процесінің басында Т-лимфоциттердің төмендеуінің болмауы жағымсыз көрсеткіш болып есептеледі. Қабыну процессінің айқын клиникалык керіністері кезінде Т-лимфоциттердің жоғары деңгейде болуы, процестің әлсіз ағымда жүруінің және созылмалыға айналатындығының белгісі болып табылады. Септикалык күйлер кезінде осындай белгі байкалатын болса, және де олардың ағымы қолайсыз болса (сепсис, перитонит), әдетте бұл өлімге әкелетін жағдайдың алдыңғы белгісі болады.

Егер де вакцинациядан кейін Т-лимфоциттердің төмендеуі жүрмесе, онда белгілі қоздырғышқа қарсы эффективті иммунитет қалыптаспады деген сөз.

Ісіктік процестің дамуының бастапқы кезінде Т-лимфоциттердің төмендеуі жағымды көрсеткіш - ісіктің емге оңай көнетінін керсетеді. Агрессивті өсетін ісіктерде Т-лимфоциттердіц төмендеуі тек ісіктің некрозы кезінде болады.