Гуморалдық иммунитет қызметің бағалау

Гуморалдық иммундық жетіспеушіліктін болжамалы белгісі қанның у-глобулиндік фракциясының төмендеуі болып табылады.

Гуморалдық иммунитеттің белсенділігін бағалау әдістерінін жалпылама қолданылатыны және көп тарағаны, гельдегі, радиалдық иммунодиффузия әдісімен иммуноглобулиндерді (М, G, А) анықтау (Манчини әдісі). М, G, А иммуноглобулиндер кластарына стандартты сарысулардын комерциялык антисарысулары бар. Бүл әдіс иммуноглобулиндерді жеке класстарының суммарлық концентрациясын анықтайды және тоталдық иммунжетіспеушілік диагностикасының көрсеткіші болып табылады. Қан сарысуында IgE-н концентрациясы көп емес, сондықтан оның концентрациясы арнайы (радиоиммунологиялық) әдіспен анықталады радиоаллергосорбенттік сынак PACT, радиоиммуносорбенттік сынак (РИСТ). Осы әдістерді колдана отырып IgE-ң жалпы және аллергенспецификалық концентрациясын анықтауға болады, бүл әдістер аллергиялық аурулар диагностикасында маңызды.

Көптеген зерттеулер В-лимфоциттер саны мен қандағы иммуноглобулиндер концентрациясының арасында байланыстың жоқтығын көрсетті. Бұл, иммуноглобулиндердің қанда негізінен екі күйде кездесетінімен түсіндіріледі: молекуланың жартысы, кан плазмасында еріген бос күйде болады, екіншісі - қан клеткаларының бетінде тіркелген. Олардын арасында динамикалық тепе - тендік бар. Ол физикалық, психоэмоционалдык күш, физиологиялық өзгерістердін әсерінен белгілі бір жакка жылжуы мүмкін. Бұлардың бәрі иммуноглобулиндердің өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Иммуноглобулиндердің күшті өзгерістері иммунитет жағдайын бағалағанда дәрігермен ескерілуі кажет.

Гуморалдық иммунитеттің көрсеткіші болып табиғи антиденелердің деңгейі болуы мүмкін. Мысалы, изогемаглютининдер (титр 1:16 - 1:64), E.Coli - ға антиденелер деңгейі, сонымен қатар коклюш қоздырғышы антигендеріне, дифтерияға және сіреспе антигендеріне антидене деңгей. Себебі, көптеген адамдар осы антигендермен вакцинацияланған.

Аутоантиденелерді табудың үлкен манызы бар (әсіресе диагноі коюда күмәнді, қиын жағдайларда): клетка ядросына, калқанша безге, митохондрияларға, бүйрек үсті безіне және т.б. антиденелер. Аутоиммундык ауруларға аутоантиденелердің деңгейінің түрақты, айқын жоғарылауы тән. ДНК-ға антиденелер жүйелі кызыл жегінің (СКВ) иммунологиялык маркері болып табылады, олардың деңгейі потологиялык процесстің белсенділігімен корреляцияланады. Ревматоидтык фактордың (РФ - IgG-re антиденелер) жоғары титрі, көбінесе ревматоидтык артритте жиі кездеседі, әсіресе экстраартикулярлық (жүйелік) керіністердің дамуында, және Шегрен синдромында. Рибонуклеопротеинге антиденелердің өте жоғары титрінін анықталуы, дәнекер тінінін жүйелі ауруын (СЗСТ - ДТАА) өзіндік форма ретінде бөліп алуға ықпал етті. Ол кезде ЖҚЖ (СКВ), склеродермия және полимиозиттің клиникалык бейнелері өзара косарласады. Фосфолипидтерге антиденелердін пайда болуы "антифосфолипидті" синдроммен ассоциацияланады: венозды және артериялдық тромбозбен, акушерлік патологиямен, тромбоцитопениямен және т.б. бейнеленетін. Фосфолипидтерге антиденелер миокард инфарктімен ауыратын аурулардың белгілі бір топтарында анықталады, ол тромбоздык аскынудын маңызды болжамалы белгісі болып табылыды.

Клеткалардағы гормондар үшін рецепторлармен және басқа да биологиялық активті заттармен әсерлесуші аутоантиденелерді зерттеу эндокринологиялық патологияны диагностикасы үшін қажетті.

Инфекциялық ауруларды диагностикасы үшін, арнайы антиденелердің болуын және титрін анықтайтын серологиялык реакциялар қолданады.

Арнайы антигендер (немесе антиденелер) аныктауға бағытталған

реакциялар

1. Преципитация феноменіненегізделген реакциялар.

Преципитация және агглютинация - антигендердің физикалық қасиеттеріне негізделіп ажыратылатын, үқсас реакциялар. Бірінші жағдайда антигендер еріген түрде, ал екіншісінде - корпускулярлық түрде берілген. Екі реакцияның да негізінде "антиген - антидене" комплексін түзу феномені жатыр.

а). Ерітінділердегі преципитация - иммунологиялык диагностиканың аса қарапайым әдісі. Бұл әдіс антидене титрін анықтау үшін колданылады. Тұрақты дозадағы ерітілген антигендерді 1:2, 1:4, 1:8 жене т.б. күйде ерітіліп алынған зерттеуші сарысуға құяды. Преципитатты макроскопиялык немесе нефелометрия (ерітіндінің лайлануына карап) көмегімен бағалайды. Ерітендіде преципитацияның бір варианты болып саналады преципитация саналады; жіңішке пробиркадағы сарысуға антиген ерітіндісін құяды. Он нәтиже болса ерітінділердің шекарасында преципитация сақинасы түзіледі.

б). Гелдегі преципитация. Агарлы гелдін кеңістікті тор ұяшыктарының өлшемі (3-6 нм), ол арқылы белоктар өтіп, ал иммундык преципитаттар ұсталып қалады. Преципитацияны антиген және антидененің оптималды қатынасы болғанда байқайды.

Манчини әдіс). Бұл жағдайда антиденесі бар агарды Петри табақшасына немесе шыны пластинкаға салады. Сосын штамптын көмегімен ұяшықтар жасайды да, оған антигендерді салады. Диффузия нәтижесінде ұяшықтар айналасында преципитация сақиналары түзіледі. Сақинаның диаметрі антиген концентрациясына байланысты және ол реакциянын сандық көрсеткіші болып табылады.

Қосарлы екіөлшемді диффузия (Оухтерлони әдісі). Бүл жағдайда агар бетінін қарама қарсы жағында орналасқан үяшықтарға антигенді ж2не антисарысуды салады. Екі агенттер бір біріне қарай диффузияланып, олардын арасында преципитация сызығы түзіледі.

Иммуноэлектрофорез. Бүл әдіс антигендері (немесе антиденелер) коспасы бар препаратгарды зерттеу үшін өте тиімді әдіс. Зерттеуші қоспаны стартты үяшыкка салады да, оны электрофорез көмегімен бөледі. Зерттеуші сарысу қүрамының электрофорездік белсенділігіне байланысты, үяшықтың екі жағына қарай антигендердің кешу (миграциялану) сызығы түзіледі. Сосын көшу сызығына параллель агарда арык (канавка) жасайды да, оған антисарысу қүяды. Біраз уакьіттан соң орналасуы антигеннін орналасуына байланысты преципитация сызықтары түзіледі. Бұл әдіс әр түрлі дисперсті белоктары бар препараттар коспасының сапалық және жартылай сандык анализін жүргізу

үшін колданылады. Сонымен катар антигендерді және антисарысуларды
тазалауды жөне препараттарды диагностикалык зерттеуді бақылауда
қолданылады. Бұл әдістің біркатар модификациясы бар
(радиоиммуноэлектрофорез, Rocket-иммунофорез, киылыскан

иммуноэлектрофорез).

2. Агглютинация феноменіне негізделген реакциялар.
Преципитация реакциясынан айырмашылығы агглютинацияда антиген не

корпускулярлық формада (қан тобын аныктағандагы тікелей агглютинация реакциясы, бактериялар агглютинациясы жэне т.б.), не тасмалдаушы бөлшектеріне байланыскан (мысалы, ревматоидтык артрит диагностикасындағы латекс-агглютинация). Агглютинация нәтижесі макроскопиялық бағаланады. Преципитация реакциясындағыдай антисарысу титрін де анықтауға болады.

3. Антиглобулиндік сынак (Кумбс реакциясы).
Агглютинацияланбайтын "толық емес" антиденелерді аныктау үшін кажет.

Бұл әдіс иммундык гемолизбен байланысты кан ауруларынын диагностикасында қолданылады. Бұл жағдайда иммуноглобулиндердің белгілі бір класына антиглобулиндік сарысу немесе моноклоналдык антиденелер қолданылады. Сынақтың тікелей варианты эритроциттермен байланыскан "толық емес" антиденелерді табуға арналған. Тікелей емес вариантында қанда айналушы бос антиденелер анықталады. Бүл жағдайда зерттелуші сарысуды алдын ала эритроциттермеп инкубаниялайды, сосын тікелей сынақ қойылады.

4. Антиглобулинді қабылдау сынағы (Штеффен әдісі). Осы әдіс
көмегімен тін клеткларына, клеткалар ядроларына немесе ерімейтін тін
элементтері антигендеріне антиденелер аныкталады. Сынактың тікелей емес
түрінде антигендер (гомогенделген немесе леофилденген тіндер) зерттеуші
сарысумен инкубацияланады, сосын бос антиденелерден тазарту үшін жуады.
Ары қарай бұл гомогенатқа белгілі титрмен ангиглобулиндік сарысу қосады
Нәтижесінде антиглобулиндерді тіндерге адсорбцияланған антиденелердің
қабылдауы болады. Осыған байланысты антиглобулиндік сарысу титрі
төмендейді. Күл әдіс ревматоидтык. артритте аутоантиденелер анықтау үшін,
жүйелі қызыл жегі кезінде ДНК-ға антиденені, қаннын формалык
элементтеріне антиденені аныктау үшін қолданылады.

5. Комплементті байланыстырушы реакция (РСК).
Реакцияны 2 этапта жүзеге асырады. Бірінші, кезенде зерттелуші сарысуды

және белгілі антигенді комплементпен инкубациялайды. Екінші кезенде зерттетуші сарысу, белгілі антиген және комплементі бар түтікшеге эритроциттерден және оған антиденелерден тұратын (гемолитикалык жүйе) индикаторлык жүйе қүяды. Гемолитикалик жүйені лабораториялык жануарларды эритроциттермен иммунизациялау жолымен алады. Иммунизацияланған жануарлардың сарысуын эритроциттерге қоспас бүрын, эритроциттердің гемолизі болмау үшін оны 56оС бумен кыздыру жолымен декомплементтейді. Егер де реакцияның бірінші кезеңі "антиген-антидене" комплексі түзілумен аяқталса, онда комплемент байланысуы болады, осы кезде индикаторлык жүйеде гемолиз болмайды. Егер комплекс түзілмесе, онда комплемент бос күйде қалып, индикторлык гемолитикалык жүйенін активациясьна косылып, гемолизге экеледі.