Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау
Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.
Қазіргі кезде табиғи жетістіктері медицина және фармакология аймағында едәуір прогресс туғызды.
Жүрек-қантамыры жүйесінің, инфекциялық, онкологиялық, эндокриндік ауруларына қарсы эффективті жаңа құралдар пайда болды, күшті психотроптық құралдардың пайда болуы нәтижесінде психотриялық емдеу орындары құрылды.
Фармакологияның шексіз жетістіктеріне қарамастан, дәрілік заттардың кең қолданылуы жайсыз жағдайларға, яғни фармакотәуелділік, дәріге төзбеушілік және алдыңғы кезекте аллергиялық реакцияларға әкеліп соқтырды. Осындай жағдайлар гомеопатияға қызығушылық тудырды, мұнда ағзаға токсикалық және аллергиялық әсерлермен арылған дәрілік заттардың аз дозасымен емдейді. Гомеопатияның басқа бағыттардан ерекшелігі, қолданылатын фармакологиялық құралдар аз доза шегіндегі дозалануында.
Гомеопатия – ұқсастық принципі, аз дозада заттарды қолдану, дәрілердің белгіленуінің бір жақты принципі бар терапевтік жүйе. Гомеопатия - өсімдік, жануар және минералды шикізаттардан ерекше технология бойынша дайындалған ауру ағзаға зиянсыз дәрілік препараттармен әр түрлі бағытта әсер ететін жүйені құрайды.
Гомеопатия - бұл антропотерапия, оның мынадай артықшылығы бар:
1. Жалпы органикалық әсерінің арнайылығы.
2. Жеткілікті мөлшерде эффективтілігі жоғары (ол нәтиже 60% жоғары).
3. Қауіпсіз, яғни теріс әсерлері жоқ, соның ішінде аллергиялық реакциялар.
4. Енгізілуі қарапайым.
5. Дәрілік түрлердің препараттардың арзандылығы.
Гомеопатияны терапевтік жүйе ретінде ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Леипциг университетінің профессоры Христиан Фридрих Самуил Ганеман құрды. Ол гомеопатияның 3 негізгі принципін ұсынды:
1. Ұқсастық принципі.
2. Дәрілердің аз мөлшері.
3. Динамизация әдісі.
Гомеопатиялық дәріханалардағы гомеопатиялық заттардың номенклатурасы мен сапасы фармакопеяның “Гомеопатиялық дәрілік заттар” мақаласымен регламенттеледі. Бұл мақала Вильмар Швабенің “Гомеопатиялық дәрілерді дайындау нұсқауы” неміс басылымының /1950/ аудармасы болып табылады.
“Гомеопатиялық дәрілік заттар” нұсқауы келесі бөлімдерден тұрады. Кіріспе, жалпы бөлім “Гомеопатиялық фармация” /гомеопатиялық дәрілік заттардың технологиясы, гомеопатиялық дәрілік препараттарды зерттеудін жалпы әдістері, және арнайы бөлім /негізгі және қосымша заттар/.
Гомеопатиялық заттар арсеналына 2000 атаулар кіреді. Арнайы бөлімге 514 зат енгізілген, оның ішінен 300-і ғана қолданылады.
Гомеопатиялық заттарға берілген рецептердің бірнеше ерекшеліктері бар: /”Rp“ сөзі жазылмайды, препараттың аты латын тілінде атау септігінде жазылады, концентрациясы /сұйылту/ көрсетіледі, бірақ санмен көрсетілмейді, дәрілік түрі көрсетіледі /бастапқы эссенциялар және тұндырмаларды белінен сызылған овалмен көрсетеді/.
Егер ауруға бірнеше дәрілік түрлер жазылса, онда атаудың қосымша реттік нөмірі көрсетіледі.
1. Азанда және кешке перо ұшында.
2. Әр 2 сағат сайын 8 пилюлядан /грануладан/.
3. Сұйылтулар немесе ысқылаулар 2 шкала бойынша:
4. Ондық шкала.
5. Жүздік шкала.
Ондық шкала бойынша дәрілерді дайындау келесі негізгі ереже бойынша жүргізіледі.
Біріншіден ондық сұйылтуларда 1/10 бөлік дәрілік зат міндетті түрде болу керек. Әр келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың 1 бөлігінен және индифферентті заттың 9 бөлігінен /спирт, қант, су/ дайындалады.
Жүздік шкала бойынша дәрілерді дайындау келесі негізгі ереже бойынша жүргізіледі.
Біріншіден жүздік сұйылтуларда 1/100 бөлік дәрілік зат міндетті түрде болу керек. Әр келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың 1 бөлігінен және индифферентті заттың 99 салмақты бөлігінен дайындалады.
Ондық және жүздік шкалаларды салыстырғанда біз дәрілік заттардың келесі белгілі құрамын көреміз.
ондық шкала жүздік шкала
1х - 1/10 1 – 1/100
2х – 1/100 2 – 1/10000
3х – 1/1000 3 – 1/1000000
4х – 1/10000 4 – 1/100000000
5х – 1/100000 5 – 1/10000000000
6х – 1/1000000
7х – 1/10000000
8х – 1/100000000
9х – 1/1000000000
10х – 1/10000000000
т.с.с.
Гомеопатиялық заттарды дайындаудағы және қолданудағы концентрациялар, жоғарыда айтылғандай ондық және жүздік шкалаларда көрсетілген.
Гомеопатиялық заттарды ішке қолдану үшін кәдімгі кезде 5-8 тамшыдан немесе грануладан күніне 3-4 рет белгілейді, көпшілік жағдайда тамшымен 1г 50 тамшыдай бар, 45/ этанолда дайындалған сұйықтарды дозалайды.
Сондықтан 5 тамшы 1х сұйылтуда 0,01 г бар, ал орташа тәуліктік дозада 0,05 г гомеопатиялық зат болады.