ЕАМ амбулаторлық түрі
Келіп-кететін және үйдегі науқастарға емдік көмек көрсететін емдеу мекемесі. Амбулаторлық түрдегі мекемелерге: емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, медициналық-санитарлық бөлімшелер, жедел жәрдем станциялары жатады.
Емхана– аймақтық-учаскелік типте қызмет ететін кең салалы емдік-алдын-алу мекемесі. Емханаға бекітілген аймақ белгілі үлкен жастағы адамдар мен балалар санын қамтитын учаскелерге бөлінген. Әрбір учаскеге дәрігер мен мейірбикелер бекітіледі. ЕАМ қызметін учаскелік дәрігер ұйымдастырып, мейірбикелерге нұсқау беріп, түрлі салалы мамандарды тартады. Емхана халыққа мамандандырылған және үй жағдайында қаралу мен емделуін қамтамасыз етеді.
Емхана науқастарды қарау мен емдеуге арналған арнайы техникалық құралдармен жабдықталады. Барлық амбулаторлық-емханалық мекемелер үш бөлікке бөлінеді: тіркелу мен дәрігер қарауын күту бөлмесі, емдік және диагностикалық бөлмелер, қызметтік және тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер. Емханада түрлі салалы дәрігерлер қабылдау жүргізеді (терапевт, хирург, окулист, ЛОР-дәрігер, эндокринолог, кардиолог және т.б.).
Емханада негізгі диагностикалық кабинеттер орналасады: рентген, ультрадыбыстық зерттеу, функциональды диагностикалау, клиникалық және биохимиялық лабораториялар және дәрігер тағайындауларын орындау кабинеттері немесе бөлімшесі (ем-шаралық, таңу, физиотерапия бөлімі, емдік дене шынықтыру кабинеті және т.б.).
Тіркеу бөлімін шығаберіске жақын орналастырады. Тіркеу бөліміндекабинеттер нөмірі мен дәрігерлердің қабылдау уақытының кестесі болады. Емхана дәлізінде ауруларды алдын-алу туралы кітапшалар қойылған үстелдер болады. Күту залынан науқас дәрігер кабинетіне немесе ем-шара, таңу бөлмелеріне өтеді. Дәрігер кабинетінде оның қызметіне қажеттінің барлығы болуы тиіс: дәрігер мен мейірбикенің жазу үстелі, орындықтар, кушетка, суық және ыстық су, сүлгі, халат, тонометр, фонендоскоп, рецепт бланктері және т.б.
Амбулатория — учаскелік-аумақтық белгілері бойынша қала типіндегі ауыл, өнер-кәсіп мекемесі немесе ауылдық учаскіге көмек көрсету үшін қызмет жасайтын емдік алдын-алу мекемесі. Амбулаторияда тек негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер қабылдау жасайды: терапевт, хирург, тіс дәрігері. Амбулатория штатында дәрігерден басқа фельдшер, акушер, мейірбикелер және санитарлар бар. Бөлиелері: дәрігерге дейінгі қабылдау, электрокардиографиялық тексеру, егу бөлмесі. Жұмыс принципі емхана секілді.
Фельдшерлік-акушерлік пункт – ауылдық елді мекенде алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін емдік-алдын-алу мекемесі. Басқа емдік-алдын-алу мекемелерден алшақ қашықтықта орналасқан жағдайда ұйымдастырылады (4-6 км көп). Учаскелік принцип бойынша жұмыс жасайды. Дайын дәрі-дәрмектерді сатуға арналған дәріханасы бар.
Штат құрамына фельдшер, акушер және санитарка кіреді. Фельдшерлік-акушерлік пунктінің қызметкерлері амбулаторлық қабылдауда немесе үйде медициналық көмек көрсету, шұғыл және жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету, жұқпалы науқастарды анықтап, эпидемияға қарсы іс-шаралар жасайды, елді мекен аймағын, қоғамдық тамақтану мекемелерін,саудадағы азық-түліктерді санитарлы қадағалайды. Фельдшер жоспарлы медициналық қарауды, тұрғындарды диспансерлеу, алдын-алу іс-шараларын іске асырады. Акушер әйелдерге жүктілік кезінде және босану уақытында көмек көрсетеді, босанған әйелдерге және 3 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасайды.
Медициналық-сантиралы бөлім – өндірістік мекемелерде жұмысшыларға және олардың отбасыларына медициналық көмек көрсету, цехтік учаскелік принцип бойынша өндірістік мекемеге тіркелген жұмысшыға қызмет көрсететін амбулаторлы типті емдеу алдын-алу мекемесі. Медициналық-санитарлық бөлімде емханадағыдай негізгі мамандық дәрігерлері және кәсіби ақаулары бойынша мамандар қызмет етеді.
Медициналық-санитарлық бөлім құрамына емханадан басқа стационар, денсаулық пункті, профилакториялар, шипажайлар, балаларды сауықтыруға арналған лагерьлер және т.б. кіретін комплексті емдік-алдын-алу мекеме.
Медициналық-сантиарлық бөлімнің мақсаты жұмыс үдерісімен байланысты аурулардың алдын-алу, алғашқы көмек көрсету және науқастарды емдеу. Аймақтық (цехтік)дәрігер мен мейірбике жұмыс орнындағы қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек шарттарын зерттейді, кәсіби зияндылықтарды анықтап, өндірістік жұмысшылардың еңбек шарттарымен тұрмысын жақсартуға және өнеркәсіп жұмысшыларының өндірістік жарақат алуды болдырмауға бағытталған алдын-алу іс-шаралар комплексін ұйымдастыруға қатысады.
Денсаулық пункті - әдетте емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім құрамына кіріп, жеке емдік алдын-алу мекеме болып табылмайды. Денсаулық пункті жұмыс немесе құрылыс участкесіне жақын аймақтағы ірі цехтарда ұйымдастырылады. Дәрігерлік және фельдшерлік денсаулық пунктерін ажыратады.
Денсаулық пунктінің медицина қызметкерлерініңнегізгі қызметі (дәрігер, фельдшер, мейірбике) – өндіріс орынының жұмысшылары жарақат алғанда, уланғанда, жедел жағдайларда дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар емхана немесе медициналық-санитарлық бөлім дәрігері тағайындаған ем шараларын, егуді,диспансерлеу және санитарлы ағарту жұмыстарын іске асыру.
Диспансер – диспансерлік әдіс (нақты сырқаттар бойынша науқастарға көмек көрсету) бойынша барлық жұмысты іске асыратын амбулаторлы типті ерекше мамандандырылған мекеме. Психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық, кардиоревматологиялық, эндокринологиялық диспансерлер жұмысжасайды.
Диспансердіңнегізгі қызметі – шығутегі бір әртүрлі аурулардың алдын-алу және емдеу. Мысалы, туберкулезді диспансер туберкулезбен ауыратын науқастарды емдейді, науқастың үйіндегі, жұмыста бірге қызмет жасайтын адамдарда туберкулездің алдын-алу, туберкулездің ерте формаларын анықтау үшін тұрғындарды жаппай тексеру, туберкулездің алдын-алу үшін егу жасау және т.б. Осыған сәйкес онкологиялық диспансер қатерлі ісіктердіңалдын - алу және емдеудің және т.б. іске асырады.
Медициналық жедел жәрдем станциясы – тәулік бойы науқастардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда (жарақат, травма, улану, қан кету, инсульт, т.б.) ауруханаға дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсететін емдік мекеме.
Мамандандырылған медициналық көмекті бригаданы басқаратын дәрігер, медициналық көмекті үйде немесе науқасты тасымалдауда дәрігерге көмектесетін фельдшер (мейірбике)іске асырады.
Медициналық жедел жәрдем станциясы медициналық жедел жәрдем бекеттерімен, ауруханалармен, медициналық-санитарлық бөлімнің өрт сөндіру қызметімен, полиция және апатты газбен тікелей оперативті байланыспен қамтамасыз етілуі керек. Диспетчер-эвакуаторлар желісінде орналасқан санитарлық тасымалдау құралдарымен, радиобайланыспен қамтамасыз етілуі керек.