Стационарлық типтегі мекемелер

Ауруханалық мекеме түріне аурухана, клиника, госпиталь, перзентхана, сауықтыру орталығы, хоспис, күндізгі аурухана жатады.

Ауруханалық мекеме ауруханалық шартта емдеуге арналған.Ауруханалық көмек (лат.stationaris –тұратын, қозғалмайтын)-біліктілік, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, тәулік бойына медициналық қадағалаумен,көмек көрсету формасы.

Аурухана- дәрігерлік күтімді,қадағалауды,қарауды қажет ететін науқастарды жатқызатын емдеу мекемесі.Бұл жерде кідіріссіз медициналық көмек,сонымен қатар емханалық жағдайда қиындық туғызатын немесе болмайтын үнемі медициналық күтімді және емдеу әдістерін қолдануды қажет ететін науқастар жатқызу қызметтері атқарылады (ота жасау,жиі көк тамырға, бұлшық етке егу жасау және басқа да іс-шаралар)

Ауруханалар бөлінеді:

· бірсалалы, бір ғана аурудың түрін емдеуге арналған мекеме (туберкулездік,психоневрологиялық, жұқпалы және т.б)

· көпсалалы, әртүрлі ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған бөлімшелері бар (терапия, хирургия, неврология, ЛОР және басқа да бөлімдер)

Көмек көрсету аймағына байланысты:

· аудандық

· қалалық

· облыстық

· республикалық

Клиника-бұл науқастарды тек ауруханалық емдеу ғана емес, студенттерді оқытатын және ғылыми -зерттеу жұмыстары жүргізілетін аурухана.

Клиникаларда дәрігерлік жоғары мамандандырылған штаттар болуы керек және науқастарды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы қажет.

Госпиталь – жұмыс жасайтын және қызметте болған әскери қызметкерлерге, ардагерлерге, соғыс мүгедектеріне, сонымен қатар соғыс әрекеттерінде зардап шеккен адамдарға емдік-диагностикалық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған емдік-алдын-алу мекеме.

Госпиталь түрлері:

· орталық;

· қарулы күштер түрі;

· аймақтық;

· гарнизондық;

Соғыс уақытында ұйымдастырылатын госпитальдар:

· жазықтық жылжымалы;

· эвакуациялық;

· армияға көмек беретін әскери бөлімдер.

Сауықтыру орталығы(лат. sanare-емдеу, айығу) және алдын-алу ЕАМ аурухана алмастырушы типті,науқастарға табиғи факторларды қолдану арқылы ауруынан айығуға көмек беретін орталық: ауа,теңіз суын,минералды суларды,емдік батпақтарды және т.б. күніне 4 сағаттан 8 сағатқа дейін медициналық бақылауды ұйымдастырады.

Профилакториялар елді аймаққа жақын орналасқан орман-саябақ аймағындағы ірі кәсіпорындарда, шипажайлар – курортты аймақтарда орналасады.

Перзентхана- бұл жүктілерге, босанған және босанатын әйелдерге көмек көрсететін ЕАМ. Ірі перзентханалар, сонымен қатар гинекологиялық көмек көрсетеді.

Босану үйлері ауданның емдік-алдын-алу мекемелерімен тығыз байланыста (емханамен, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансермен) болуы жан-жақты және толық медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. Босану үйі құрамындағы әйелдер кеңесі жүктілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

Хоспис (ағылшын тілінен Hospise)- жағымсыз болжамды аурулары бар науқастарға лайықты күтім және көмек көрсетін медициналық орталық.

Хоспис пациенттері «үй» жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар олар туыстары және достарымен еркін көрісе алады. Медицина қызметкерлері паллиативті медициналық көмек көрсетеді:науқастар оттегін, зондпен тамақтану, ауырсынуды басатын заттарды және т.б. ала алады. Минимум дәрігерлер, максимум орта және кіші медицина қызметкерлері.Хосписте болудың негізгі мақсаты – соңғы күндерін жарқын өткізу, азаптарын жеңілдету.

Күндізгі стационар – нақастардың бірнеше сағат болуына арналған,емханананың емдеу диагностикалық қызметін пайдалану арқылы,бұл жерде кезекпен бірнеше емдеу шаралары және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Күндізгі стационар құрамында болуы керек:

- кезекші мейірбике тұрағымен палаталар;

- дәрігерлер бөлмесі;

- ем-шара бөлмесі;

- науқастар күндіз болатын бөлмелер;

- санитарлық-гигиеналық бөлмелер;

- таза және кірленген заттар орналасатын бөлме.

Травматологиялық пункт ауруханалар құрамындағыелді мекенде тұратын жарақат алған адамдарға тәуілік бойы шұғыл көмек көрсетеді.