Жаттығу жұмыстары. 1- жаттығу.Word программасында қарапайым макрос құру
1- жаттығу.Word программасында қарапайым макрос құру.
1.Удалить_До_Конца_Строкидепаталатын макросты құру.
1.1.Жаңа құжат құрыңыз. Құжатта келесі 1234567890 сандарын теріңіз де курсорды жолдың басына апарыңыз.
1.2. Қалып-күй қатарындағы ЗАПиндикаторына екі ретшертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады..
1.3. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Удалить_До_Конца_Строкидеп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступентұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз. Описаниетұсына макрос туралы текст, мысалы: Удаляет текст до конца строкидеп жазуға болады.Барлығы орындалғаннан кейін ОКбатырмасына шертіледі. Мұның нәтижесі программа терезесінде Остановка записипанелінің пайда болуымен аяқталады.Бұл панель енді макросты жазу басталғанын білдіреді, яғни сіздің орындаған әрбір командаңыз құрып жатырған макросыңызға тіркеліп жазылып жатады.
1.4. Әрі қарай <Shift>+<End>пернелер комбинациясы басылады. Сол кезде курсор тұрған орыннан бастап жолдың соңына дейінгі текст белгіленеді. <Del>пернесі басылады да белгіленген текст жойылады.
1.5. Остановка записи панеліндегі Остановить запись батырмасына шертіңіз. Бұл бірінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.
Ескерту: Макростарға ат беруде «бос орын» белгісі қолданылмайды.
2-жаттығу.Құрылған Удалить_До_Конца_Строкимакросын орындап көру. 2.1. Өзіңіз құрған құжатта кез-келген бір жолдан тұратын текст жазыңыз..
2.2. Курсорды жолдың басына апарыңыз да Сервис->Макрос->Макросыкомандасын орындаңыз.
2.3. Пайда болған диалогтық терезеден Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып Выполнить батырмасына шертіңіз. Текст жойылады. Мұны бірнеше рет қайталап жасап көріңіз.
3- жаттығу.Құрылған Удалить_До_Конца_Строкимакросын саймандар панеліне батырма түрінде орналастыру.
3.1. Экранға макростың батырмасын орналастыратын панелді, мысалы Visual Basic(Вид->Панели инструментов-> Visual Basic командасы арқылы)панелін шығарып аласыз.
3.2. Сервис->Настройкакомандасы орындалады. Пайда болған терезеден Командыжапсырмасын таңдайсыз. КатегориитізіміненМакросы категориясын таңдайсыз.Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрғанУдалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып оны жаңағы Visual Basicпанеліне апарасыз.Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады.
3.3. Әрі қарай Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Основной стильтүрін таңдасаңыз батырма стандарт түрге келеді.
3.4. Макрос батырмасының түрін өзгерту үшін Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Выбрать значок для кнопки таңдалынады. Пайда болған тізімнен өзіңізге ұнаған , мысалы телефон түріндегі немесе т. б. белгіні таңдап, сол белгіге шертесіз. Диалогтық терезені жабасыз , панельде телефон белгісі түріндегі макростың батырмасы пайда болады.
3.5. Макрос батырмасын тексеру үшін, өз құжатыңызда текст жазып курсорды жолдың басына апарыңыз да макрос батырмасына шертіңіз жол жойылады.
4- жаттығу.ҚұрылғанУдалить_До_Конца_Строкимакросын пернелер комбинациясына бекіту.
4.1. Сервис->Настройкакомандасы орындалады. Пайда болған терезеден Клавиатура батырмасына шертіңіз. КатегориитізіміненМакросы категориясын таңдайсыз.Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрғанУдалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп аласыз.Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады. Новое сочетание клавиш тұсына көшіп, <Ctrl>+<Shift>+<E>пернелерін басыңыз даНазначитьбатырмасына шертіңіз.Диалогтық терезені жабыңыз.
4.2. Әрі қарай алдыңғы жаттығудағы сияқты, жолды өшіруді <Ctrl>+<Shift>+<E> пернелер комбинацисы көмегімен орындап көріңіз .
5- жаттығу.ЖаңаданТемно_Красный_Цветдеп аталатын макрос құру.
Жаңа макросты құру үшін келесі командалар орындалуы тиіс:
- Формат->Шрифткомандасы орындалады;
- Цвет тізімінен қызыл қоңыр (темно-красный) түс таңдалынады;
- ОКбатырмасы шертіледі.
5.1. Қалып-күй қатарындағы ЗАПиндикаторына екі ретшертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады.
5.2. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Темно_Красный_Цвет деп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступентұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз. Описаниетұсына макрос туралы текст : Окрашивает текст в темно-красный цвет деп жазуға болады.Барлығы орындалғаннан кейін ОКбатырмасына шертіледі.
5.3. Әрі қарай Формат->Шрифткомандасы орындаладыда Цвет тізімінен қызыл қоңыр (темно-красный) түс таңдалынады, ОКбатырмасы шертіледі.
Остановка записи панеліндегі Остановить запись батырмасына шертіңіз. Бұл екінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.
5.4. Құрылған макросты саймандар панеліне батырма түріде орналастырыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
6-кестедан алынады)
1. Жол түрінде берілген тексті курсор тұрған жерден бастап жолдың басына дейін өшіріп тастайтын макрос құрыңыз (Мұнда 1-жаттығудағы сияқты орындалады, өшіру үшін <Shift>+<Home>пернелері қолданылады).
А) Құрған макросыңызды Удаление_До_Начала_Строкидеп атаңыз.
Б) Құрылған макросқа қоңырау (Колокольчика)түріндегібатырма тағайындаңыз.
2. « ... » деп аталатын макрос құрыңыз /2-тапсырма/.
3. Құрған макросыңызды саймандар панеліне батырма түрінде орналастырыңыз (Белгінің түрін өзіңіз таңдаңыз).
4.Құрған макросыңызды ... пернелер комбинациясына /4-тапсырма/.
6-кесте
№ вар. | 2- тапсырма | 4-тапсырма |
Кесте_сызу ( өлшемі 4х5) | <Ctrl>+<Shift>+<A> | |
Сурет_салу(жыл мезгілі) | <Ctrl>+<Shift>+<B> | |
Кесте_сызу (өлшемі 8х2) | <Ctrl>+<Shift>+<C> | |
Сурет_салу(ғылым) | <Ctrl>+<Shift>+<D> | |
Кесте_сызу (өлшемі 6х4) | <Ctrl>+<Shift>+<E> | |
Сурет_салу(құрылыс) | <Ctrl>+<Shift>+<F> | |
Кесте_сызу (өлшемі 5х5) | <Ctrl>+<Shift>+<G> | |
Сурет_салу(өсімдік) | <Ctrl>+<Shift>+<K> |
5. Жасаған жұмысыңызды оқытушыға көрсетіп болғаннан кейін өзіңіз құрған макростарды жойыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Макрос деген не?
2. Макросты не үшін қолданады?
3. Макрос атауында қандай белгіні қолданбайды?
4. Макросты жазу қалай жүргізіледі?
5. Макросты программа деп қарастыруға болады ма?