Taқыpыбы: МЕН ЕЛГЕЗЕК БАЛАМЫН

Мақсаты:тыңдау, тіл алу, елгезектік туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- үлкендердің өтшішін, тапсырған ісін орындауға үйрету;

- өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

- үлкендерді тындай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Алғыспенен ел көгерер.Мақал

 

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шенбері Педагог Б. Ысқақовтың «Өзім жақсы баламын»деген өлеңін үлкендердің өтінішін, тапсырған ісін орындауға үйрету мақсатында балаларға оқып береді.   Өзім жақсы баламын Б. Ысқақов Өзім жақсы баламын, Апа тілін аламын, «Су әкеле ғой» -десе, Су әкеле саламын. Өзім жақсы баламын, Апа тілін аламын, «Ойната ғой бөбекті», -Десе, ойната саламын. Өзім жақсы баламын, Апа тілін аламын, Кетсе кешке киноға Үйде жалғыз қаламын. Өзім жақсы баламын, Апа тілін аламын, Мейлі қайда жұмсасын, Бәріне де барамын.  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әнгімелесу Педагог балалардың тындау, тіл алу, елгезектік туралы түсініктерін кеңейту максатында әңгімелеседі. • «Елгезек» деп қандай балаларды айтады? • «Тілалғыш» деген сөзді қалай түсінеміз? Баіалардың жауаптары тыңдаіып, төмендегідеіі қорытындыланады. Тындау - баска адамдарды тыңдай білу және түсіну. Елгезек, тіл алғыш бала деп үлкендер жұмсағанда қабақ шытпай, тіл алатын баланы айтамыз. Енді өмірде кездесетін тындайтын-тындамайтын, тілді алатын, алмайтын балалар барын әңгіме-ертегіден байқап көрейік. • Ана-көкек балаларына неліктен ренжіді? • Ал, сендердің аналарынды ренжіткен сәттерің болды ма? Неліктен? Балалардың жауаптары. Макұлжан - Төлеу, бұзауға су берші. - Макұл, апа. Т. Жарқынбекова - Қөзы мен лактын алдына шөп салшы. - Макұл. - Кір жуып қолым тиетін емес, дүкеннен нан әкеле қойшы. - Макұл. Әрдайым осылай бір жұмыстан соң, бір жұмыстың реті келіп тұрады. Елгезек Төлеу бәрін күліп жүріп орындайды. Қабақ шытпайды. Ойынға да үлгереді. -Рақатты осыдан көрдім. Қолымды үзартып, көмек-шілікке жарап қалды, - дейді апасы. Бір жолы көрші ауылдан кұда қария қыдырып келген. Ол кісі осының бәрін аңғарып жүрсе керек. -Төлеужан, сенің атыңды Мақұлбек деп кою керек еді. Мұны мен сүйгеннен айтып отырмын. Дәу жігіт бол! Тіл алғаннан ешкім көр болмайды. «Алғыспен ел көгерер» деген. Қария ықыласпен баланың бетін сүйді. Содан үй іші Төлеуді еркелетіп Макұлбек деп атап жүр. • Төлеуді қандай бала деп айта аламыз?Ана-көкект башшры Төлеу сияқты болса, ертегіміз қалай аяқталар еді? Башюрдың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытынды жасайды. Ана балаларының тіл алмағаңдарына ренжіп, алыс жаққа ұшып кетті. Мүмкін, әр баланың өмірінде осылай аналарының айтқан тілін алмай, ренжітіп алған сәттері болған шығар. Сондықтан анамызды ренжітіп алмай, үлкендерді тыңдап, айтқандарын орындау үшін Төлеу сияқты тілалғыш, елгезек бала болуымыз керек. Мұндай балаларды үлкендер жақсы көреді, алғысын айтып, батасын береді. Ойын «Сымсыз телефон» Мақсаты: балаларды «анасының» айтқан сөзін тыңдай білуге және оны басқаға дәл жеткізе білуге үйрету.   Әңгімелеу Педагог балалармен бірге «Көкек және оның балалары» атты ненең ертегісін және Т. Жарқынбекованың «Мақулжан»әңгімесін салыстырмалы түрде оқып беріп, тач-дайды. Көкек және онын балалары Ненеқ ертегісі Баяғы заманда көкек төрт балапанымен өмір сүріпті. Бірде ана-көкек ауырып қалыпты. - Балаларым, мен су ішкім келіп тұр, біреуің су әкеліп беріңдерші, - дейді. - Дала суық, бізге суға бару қиын, - деп балалары анасының өтінішін орындамайды. Ана-көкек ренжіп, соңғы күшін жинап, алыс жаққа ұшып кетеді. Барлығын кейін түсінген көкектің балалары, анасының артынан айқайлап қала береді. - Ана-анашым, қайтшы, біз саған су әкеліп береміз, сенің айтқан тілінді аламыз, сені тындаймыз, жұмсағанда барамыз, саған көмектесеміз! Бірақ ана-көкек қайтып оралмады, реніші тым үлкен еді. Содан бастап, көкектің балалары аналарының қайда екенін білмей, іздеумен келеді.   Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз Қолды белге қоямыз Бұрыламыз оңға бір Бұрыламыз солға бір Жаттығулар жасасак Жақсы сергіп қаламыз. Дәйексөз Педагог балаларға «Алғыспен ел көгерер»деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде тусіндіреді. Үлкендердің айтқан тілін алу сыйластықка әкеледі. Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкен кісілер алғыс айтады, ризашылығын білдіреді. «Алғыспенен ел көгерер» деген сөз осыдан шықкан. Дәптермен жұмыс Суреттерге караңдар. Адамдарға қандай көмек кажет деп ойлайсындар? Әңгімелеп беріңдер. Суретті бояңдар.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Жүректен жүрекке Педагогтің көмегімен балалар шеңбер бойына жиналып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, төмендегі Ш. Мухамеджановтың «Сыйлайтын» атты өлеңін бірге қайталайды. Ата менен ананың Айтқан тілін аламып. Үлкен кісі жұмсаса, Қайда болсын барамың. Төсекті өзім жинаймын, Ешкімді де ұрмаймын. Ешкім маған тимейді, Мен де бәрін сыйлаймын. Ғажайып сөздер Балалар сабакта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. • Мен тілалғыш баламын. • Үлкендерді тыңдаймын. • Үлкен жігіт бол! Рақмет.  

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:Тапсырылған істі тыңғылықты бітіруді білуі тиіс.

Tүciнiгi:Ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы түсініктерін

Kөpceтe бiлyi: жағымды әдеттер көрсете біледі.

 

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.