Taқыpыбы: МЕН ЕҢБЕКҚОР БАЛАМЫН

Мақсаты:«еңбек», «еңбек сүйгіштік» туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- еңбек туралы түсініктерін кеңейту;

- еңбек ету дағдыларын дамыту;

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Еңбек ер атандырады. Мақал

 

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Педагог балалармен бірге А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады. Әнгімелесу • Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз? • Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер? Башіардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. Әр бала кішкентай болса да, ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек. Киімдерді реттеп кою, ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су кұю, ыдыстарды жинау,есіктің алдын сыпыру, т.б. жұмыстар, жағымды іс-әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осынын бәрін орындайтын баланы еңбеккөр, тілалғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адам жас кезінен еңбеккөр, тілалғыш, ұқыпты болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғыска бөленеді. Еңбеккс адам жас кезінен ұмтылғаны абзал.   Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Қүшағы гүлге толады. ? Еңбекшіл осындай Болайықшы, досым-ай.  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әнгімелеу Педагог балаларға «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсініктерін кеңейту максатында М. Төрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» атты әңгімесін оқып, талдайды. Ертеңге қалдыруға бола ма? М. Төрежанов Қалима апай жұмыстан келгенде, қызы ойыншықтарымен ойнап отырғанды. Шешесі күндегі әдетінше киімдерін ауыстырып, үй жұмысына кірісіп кетті. Үйді сыпырып, еден жуып жүріи: - Қадиша, гүлдерге су кұймағансың ба? - деп сұрады. - Апа, гүлдерге суды ертең кұямын ғой. - Анасы еденді жуып болып, терезенің шаңын сүрте бастады. - Қадиша, ойнаған қуыршақтарыңды неге жинап қоймадың, реттей салсаңшы... - деді қызына. - Апа, қуыршақтарымды ертең жинармын. Жарай ма? Қалима көйлек-көншек тәрізді жеңіл заттарды жууға ыңғайланып: - Қадиша, дүкенге барып, кір сабын әкеле қойшы, -деді. - Апа, мына көйлегімді жуа салшы, - деді. - Қадиша ертен де кір жуамын, сонда бірге жуармын көйлегіңді. Біраздан кейін Қадиша шешесінің жанына келіп: - Апа, тамақ істемейсің бе? Қарным ашып кетті, - деді. - Тамақты да ертең істеймін. - Апа, теледидар қойып беріңізші, кино көрейін деп едім, - деді Қадиша біраздан кейін. - Киноны да ертең карарсың. Ертең де күн бар. Қадиша: - Бәрін де ертең-ертең дейсің, бүгін тамақ ішпеуім, теледидар көрмеуім керек пе? - деп жылап жіберді. - Неге жылайсың? - деді шешесі. Бүгін істейтіннің бәрін ертеңге қалдырып, ертең-ертең дегенді шығарған өзің емес пе? Сенен үйреніп, мен де ертеңге сілтеп отырмын. Әйтпесе, бүгін-ақ тындырып тастауға болатын істі ертеңге қалдырудың не кажеті бар? Қадиша каракат көздерін бір нүктеге кадап, ойланып қалды. Шынында да шешесінің айтқаны орынды екен-ау. • Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады? • Сендер Мақұлжан сияқты нәтижелеріңді, әке-шешеңді, аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды.   Осы жобаға отбасы мүшелерін қатыстыруға болады. Дәйексөз Педагог баіаларға «Еңбек ер атандырады»деген халық мақсатын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Адамды жақсы оқығаны, спорт жетістіктері, сіңірген еңбегіне қарай ел бағалайды. Еңбек-адамның атақ-даңқын шығарады. Бүкіл елге танымал етеді. Еңбек еткен адам елдін алғысына бөленеді. Еңбектенген адам жеңісті, қуанышты болады. Еңбектенген адамды бәрі жақсы көреді, сыйлайды. кұрметтейді. Сондықтан халық «Енбекер атандырады» деп айтады. Дәптермен жұмыс Балалар дәптерде берілген суреттер бойынша әңгіме кұрастырып, бояйды.   Ата-аналарының, үлкендердің айтқан сөзін тыңдап, берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын балаларды еңбекқор, еңбексүйгіш деп атайды. Қадиша сияқты анасының сөзінс кұлак аспай, айтқанын уақытында орындамайтын, көмектсспейтін, жұмыс істегісі келмейтін балаларды жалкау, тіл алмайтын бала деп айтуға болады. Бірақ Қадиша да өз катесін түсініп, Макұлжан сияқты тіл алғыш, еңбеккөр бала болатын шығар. Ойын. «Мен еңбекқор баламын». Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты басқа балаға лақтырады. • Мен ойыншықтарымды жинаймын. • Мен гүлдерге су кұямын. • Мен киімдерімді реттеймін. • Мен есіктің алдын сыпырамын. • Мен ыдыстарды жуамын. • Мен үйді реттеймін. • Мен еден жуамын, т.б. Шығармашылық жұмыс «Енбек ер атандырады». Педагог балалармен үйлерінен әкелген заттарды қарап ата-аналарының, отбасы мүшелерінің қандай және қайда жұмыс істейтіндіктері жайлы әңгімелеседі. Балалар алғыс хаттар, кұрмет грамоталар, медальдар мен ордендер ата-аналарына, туған-туыстарына не үшін берілгені туралы айтып, сол заттардан альбом, газет немесе стенд жасап, «Енбек ер атандырады»атты көрме ұйымдастырады.   Сергіту сәті Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады. Мынау- менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау- басым ақылды, Бәрін осы атқарған. Мынау - менің оң қолым, Мынау - менің сол қолым, Барлық істі атқарған. Ғажайып сөздер • Жақсы бала еңбеккөр, тілалғыш, ұқыпты. • Еңбек адамға қуаныш сыйлайды, жақсы еңбегі үшін ел бағалайды.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. - Балалар, біз бүгінгі сабағымызда ата-анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, енбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достықка, жақсылықка жетелейтінін білдік.   Жүректен жүрекке Балалар шеңбер бойына тұрып Н.Жанаевтың «Еңбек» өлеңін недагогпен бірге қайталайды. Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты - еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты - еңбек. Қырға шықсаң өрлеп, Мұның аты - еңбек. Қиындықтың бәрін Еңбек қана жеңбек.  

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:барлық нәрсе еңбекпен келетінін білуі тиіс.

Tүciнiгi:«еңбек», «еңбек сүйгіштік» туралы.

Kөpceтe бiлyi: еңбек ете біледі.

 

 

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.