ФИЛОСФИЯНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ

Философия пәнінен таратылу материалдары

 

 

Құрастырушы: КОжҚҒ кафедрасының аға оқытушысы Игисенова А.Р

 

 

Алматы-2015

Тақырып 1. Философия пәні және мәселелер шеңбері

ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС
ҰҒЫМЫ
Дүниені түйсіну (сезімдік, эмоциональды-психологиялық сфера)
Ұстанымдар
Идеалдар мен нормалар
Адам мен әлем туралы жалпы көзқарастар мен түсініктердің жиынтығы
НЕГІЗГІ СФЕРАЛАРЫ
Дүниені түсіну (рациональды, интеллектуалды-танымдық сфера
Білім
БІЛІМ
Білім
Құндылықтар мен бағалар
НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАСТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ

Дүниеге көзқарастың түрлері


Философия –дүниені рационалды тануға бағыталған, ғылыми-теоретикалық таным
  • Дүниені рационалды қабылдау
  • Ақылдың сенімнен жоғары тұруы
  • Абстрактілі ұғымдардың пайда болуы
  • Бақылау, салыстыру, талдау, қортындылау, дәлелдеудің қолданылуы
Мифология -дүниені қиял-ғажайып бейнелу
Дін –дүниенің және адамның жаратылысына деген сенімге негізделген көзқарас
· Дүниені сезімдік қабылдау
  • Дәстүрге беріктік
  • Символизм және аллегоризм
  • Рационалды ұғымдардың болмауы
  • Дүниені сезімдік қабылдау
  • «Сенімнің» принципке айналуы
  • Діни қағидалар жүйесінің болуы
  • Ақылдың сенімге тәуелділігі


ФИЛОСОФИЯНЫҢ САЛАЛАРЫ

САЛАЛАРЫ ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Онтология болмыс ұғымын, мәні, болмыстың түрлерін, ерекшеліктерін.
Диалектика даму ұғымын, даму заңдылықтары мен категорияларын.
Гносеология (эпистемология) таным табиғаты және оның мүмкіндіктері мен шекарасын, білімнің шынайылыққа қатынасын, танымның жалпы алғышарттарын, танымның дәйектілігі мен ақиқаттылығын зерделейтін философия бөлімі.
Әлеуметтік философия қоғам және адам өмірінің негізгі салаларын.
Антропология адам және оның табиғаты мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін.
Аксиология құндылықтардыі табғаты мен мәнін.
Этика адамгершілік , мораль ұғымы мен заңдарын.
Логика ойлау заңдылықтарын.
Эстетика әсемдік заңдылықтары мен канондарын.
Герменевтика мән, мағына түсіндіреді.

ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

ӘДІСТЕРІ МАҒЫНАСЫ
Диалектика (гр. сұхбат, талас жүргізу өнері) заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтарының бірлігі мен күресін ескере отырып, даму тұрғысында қарастыратын әдіс. Диалектика терминін алғаш рет қолданған Көне Грек философы Сократ болды.
Метафизика (гр. физикадан соң) Марксизмде диалектикаға қарама-қарсы, объектілерді байланыссыз, жеке-дара, қозғалысын, өзгерісін, дамуын ескермей және қайшылықтарға мән бермей, қарама-қарсылықтың бірлігін елемей біржақты қарастыратын әдіс. Философия тарихында метафизика термині философияның синонимі ретінде де қолданылды. Метафизика терминін б.д.б. І ғасырда Андроник Родоский енгізді.
Догматизм дүниені қатып қалған қағидалар негізінде, дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер мен қөзқарастар тұрғысынан қарастыратын және дәлелдеуді қажет етпейтін әдісі. Догматизм терминін Ежелгі Грекия скептиктері Пиррон мен Зенон енгізді.
Эклектика (гр. таңдауға қабілетті) біртұтас шығармашылыққа енбейтін, түрлі фактілер мен ұғымдарды, концепцияларды біріктіру негізінде пайда болған, үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдарды жасау әдісі. Эклектика терминін ІІ ғасырда Александриялық Потамон енгізді.
софистика (гр. пікір-таласты айламен жүргізе білу) кез-келген ойдан логикалық тұрғыдан дұрыс ойқортынды жасау әдісі. Көне Грекияда кең таралды, шешендік өнерді ақиқат білім алу жолы емес, «кез-келген ойдың дұрыстығын дәлелдеудің тәсілі» ретінде оқытылды. (Софистер, Сократ).
герменевтика (гр. түсіндіремін) мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі.

 

 

ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ

Философияның негізгі сұрағы – ойдың болмысқа,сананың материяға қатысы туралы сұрақ.
Ø Негізігі сұрақты қарастырудың онтологиялық (болмыстық) жағы – ненің алғашқы екендігін шешу: материя ма, әлде сана ма?
Ø Негізігі сұрақты қарастырудың гносеологиялық (танымдық) жағы – дүниені танып білуге бола ма, әлде болмай ма?  


ФИЛОСФИЯНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ

ТАРИХИ КЕЗЕҢНІҢ АТАУЫ КЕЗЕҢІ
Көне дәуір филоософиясы б.д.д. І мыңжылдықтардың ортасынан - 529 (476) жылдарға дейін
Ортағасырлық философия 529 (476) жылдан - ХІV ғ. ортасына дейін
Қайта Өрлеу дәуірінң философиясы ХІV ғ. ортасынан ХVІ ғ. дейін
Жаңа заман философиясы ХVІІ – ХVІІІ
Неміс классикалық философиясы ХVІІІ ғ.
Қазіргі заман философиясы ХІХ-ХХІ ғғ.

ТҮРЛІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТҰЖЫРЫМЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ (МӘСЕЛЕЛЕРІ)