Тәжірибелік сабаққа арналған
Дістемелік Өңдеу
Тақырып №12: Антибиотиктер. Бета –лактамды антибиотиктердің қолдану принциптері.
Сағат саны 1
Курс 2
Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Құрастырушы: Коранова Т.С.
Астана 2012 ж.
Тақырыбы: Антибиотиктер. Бета – лактамды антибиотиктердің қолдану принциптері.
2. Мақсаты:
Түсінектеме және білім алуға мүмкіндік беру:
- Антибиотиктердің әсер ету механизмі және қолдану ерекшеліктері.
- қолданылу және қарсы көрсеткіштері.
- клиникалық жағыдайға байланысты дұрыс таңдай білу
- негізгі препараттарға рецепт жазу
- Антибиотиктермен уланғанды айыра білу және көмек көрсетудің шараларын білу.
3. Оқыту мақсаты:
а) Антибиотиктердің фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.
- негізгі фармакологиялық әсерін атау.
- осы топқа жататын препараттың әсер ету механизмін ашыңыз.
б) Студенттерді препараттарды қолданылу және қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және рецепттерді сауатты жазуға үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Антибиотиктер. Топтастырылуы. Антибиотиктермен емдеудің принциптері.
2. Антибиотиктердің негізгі әсер ету механизмі. Антибиотиктерге төзімділік, даму себептері. Топтастырылу принциптері. Негізгі және резервті антибиотиктер жайында түсініктеме.
3. Бета-лактамды антибиотиктер.
4. Пенициллин тобының антибиотиктері: топтастырылуы, әсер ету механизмі және спектрі, препараттардың фармакокинетикасы. Жартылай синтетикалық пенициллиндердің әсерінің ерекшеліктері және қолданылуы. Уреидопенициллиндер. Құрастырмалы препараттар. Жанама әсерлері.
5. Цефалоспориндер. Топтастырылуы, әсер ету механизмі. Түрлі ұрпақтағы цефалоспориндердің фармакокинетикасының және әсер ету спектрінің ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.
6. Басқа бета-лактамды антибиотиктер. Карбапенемдер. Әсер етуінің ерекшеліктері. Циластатинмен құрастырмалау.Әсер ету спектрі, қолданылуы. Жанама әсерлері.
7. Монобактамдар. Әсер етуінің ерекшеліктері.Әсер ету спектрі, қолданылуы. Кері әсерлері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауысша сұрастыру, тәжірибелік сабақтың хаттамасы, тестік тапсырмаларды орындау, рецепт жазу, ситуациялық есептерді шығару, кішірек топтарда жұмыс.
6. Әдебиет:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.
2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.- 452с.
Қосымша:
3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.
4. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. Учебное пособие для медицинских училищ. М., 2004.- 256 с.
5. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – 863 с.
7. Бақылау: ауызша сұрау, рецептен билеттер, тестік сұрақтармен және ситуациялық есептермен билеттер.
1. Құрылымында В-лактамды сақинасы бар антибиотик:
2. Табиғи пенициллинді тап:
3. Пенициллинге сипаттамалы:
4. Табиғи пенициллинді қай кезде қолданады:
5. Табиғи пенициллиндерді қолданғанда көбінесе кездесетін жанама әсерлер:
6. Бактерияның клеткалы қабырғасына әсер ететін антибиотиктер:
7. Кең спектрлі әсер ететін жарты синтетикалық пенициллиндер:
8. Барлық антибиотиктер бактериоцидті, тек:
9. Жүктілерде инфекцияны емдеуде қолданылады:
10. Жарты синтетикалық пенициллиндер:
11. Комбинирленген пенициллиндерге жатады:
12. Антибактериалды препараттарға жатады:
13. Пневмонияны емдеуде қолданылады:
14. Цефалоспориндерге жатады:
15. Монобактамдарға жатады:
16. Цефалоспориндердің әсер ету механизмі:
17. Цефалоспориннің 1 ұрпағын көрсет:
18. Цефалоспориннің 2 ұрпағы:
19. Цефалоспориннің 3 ұрпағы:
20. Цефалоспориннің 4 ұрпағы:
21. Цефалоспоринді қолданғанда көбінесе кездесетін жанама әсері:
Рецепт жазуға арналған препараттар:
Бензилпенициллин натрий тұзы, Ампициллин, Цефаклор, Цефатаксим, Меропенем.
Топтық қатынас анықтауға арналған препараттар:
Карбенициллин динатрий тұзы, Азлоциллин, Тиенам, Азтреонам, Цефепим, Максипим, Фортум, Роцефин, Цефуроксим аксетил, Амоксиклав, Аугментин, Ретарпен.