Тесты для интернов (ЗКГМУ) тренировка 50 страница
-Шерешевский-Тернер синдромы
-Шихан синдромы
-Лоренс-Мун-Бидль синдромы
+ Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация)
-Бабинский-Фрелих синдромы
\/
/\
Бүйрек үсті бездік генезді аменореяда бірінші орында қандай тексеруді жүргізген дұрыс:
-зәрде прегнандиолды анықтау
-қанда прогестеронды анықтау
+зәрде 17-кетостероидты анықтау
-қанда ФСГ анықтау
-қанда эстрогенді анықтау
\/
/\
К.,25 жаста, гинекологқа етеккірі болмауына, әлсіздіке, енжарлыққа шағымданып келді. 1 жыл бұрын босанған, көп мөлшерде қан кеткен, гемотрансфузия жасалған. Босанған соң сүті аз болған, кейінен лактация толығымен тоқтады. Объективті: әйел арықтаған, сүт бездері солған, қолтық астында, қасағада түктену аз. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған, депигментирленген. РV: қынабы сыйымды, жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі кішкентай, қосалқылары анықталмайды. Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:
-Шерешевский – Тернер синдромы
-Бабинский – Фрелиха синдромы
+Шихан синдромы
-Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация)
-Лоренс- Мун – Бидль синдромы
\/
/\
Шерешевский-Тернер синдромы
-Бабинский-Фрелих
+Шихан синдромы
-Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация)
-Лоренс-Мун-Бидль синдромы
\/
/\
Г., 22 жаста жүктілік және етеккір болмауына байланысты келді. Анамнезінен: сау бала болып өсті, 13-15 жасында шап жарығына операция жасалған. Тұрмысқа 20 жасында шықты. Күйеуі 20 жаста. Туған әпкесінде етеккірі жоқ. Қарағанда бойы 156 см, салмағы 55кг, екіншілік жыныс белгілері жақсы дамыған. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс орналасқан. Айнада: қынабы тұйық бітеді, жатыр мойны жоқ. РV: қынабы босанбаған, жатыр мойны және қосалқылары анықталмайды. Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:
+біріншілік аменорея
-екіншілік аменорея
-қынап атрезиясы
-жатырлық аменорея
-аналық без дисфункциясы
\/
/\
Симптомдық комплекс:аменорея, гирсутизм, бедеулік, семіздік, аналық бездің екі жақты ұлғаюы. Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:
-адреногениталды синдром
-Иценго-Кушинг синдромы
-Киари-Фроммель синдромы
+Штейн-Левенталь синдромы
-Лоренс-Мун-Бидль синдромы
\/
/\
Аменореяның жатырлық формасында (Ашерман синдромында) келесі көрсетілген ем тағайындалады, неге?
-соматикалық аурулар мен урогениталды асқынулардың алдын алу үшін алмастырушы гормонды терапия.
+гистероскопиямен бақылау арқылы жатырішілік синехияларды кюреткамен қыру, ЖІС қойғаннан кейін эстрогендермен емдеп етеккір және репродуктивті қызметті қалпына келтіру
-гонадотропты препараттармен емдеу (адамның менопаузалды гонадотропині), фертильдікті қалпына келтіру
-хирургиялық араласу – андроген бөлетін стромалды тін көлемін төмендету, гиперандрогенияны азайту, фолликулалардың қалыпты өсуін және жетілуін қалыптастыру
-гипофизден ЛГ төмендету үшін таза гестогендермен және эстроген-гестогендермен контрацептивті тәртіпте
\/
/\
Аменореямен ауыратын науқастарға функционалды гормоналды сынама мына мақсатта жасалады:
-гениталий даму аномалиясына диагностика жасау үшін
+репродуктивті жүйенің зақымдалу деңгейін анықтау үшін
-ОЖЖ органикалық зақымдалуын диагностикалау
-жатыр рецепторларының сезімталдығын анықтау
-түрік ершігі құрылысын анықтау
\/
/\
Гипергонадотропты аменорея диагностикасындағы негізгі әдіс
-кариотипті анықтау
-жатыр түтіктері өткізгіштігін тексеру үшін гистеросальпингография жасау, жатыр қуысының қабырғасының анатомиялық өзгерістерін анықтау, кіші жамбас астауындағы жабысқақ процесті анықтау
-УДЗ тексеру – тіндер қалыңдығы, консистенциясы және құрылысындағы патологиялық процесті анықтау
-іш қуысы мүшелерін қарап, патологияны анықтау үшін – лапароскопия
+лапароскопия, гонадалар биопсиясымен – іш қуысы мүшелерін қарап, патологияны анықтау. Гонадалар биопсиясынан алынған затты гистологиялық тексеруге жіберу
\/
/\
Науқас В., 25 жаста гинекологқа етеккірі болмауына, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданып келді. 1 жыл бұрын босанған, көп мөлшерде қан кеткен, интенсивті ем алған, гемотрансфузия жасалған. Босанған соң сүті аз болған, кейіннен емдік шараларға қарамастан лактация толығымен тоқтады. Объективті: әйел арықтаған, сүт бездері солған, қолтық астында, қасағада түктену аз. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған, депигментирленген. РV: қынабы сыйымды, жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі кішкентай, қосалқылары ерекшеліксіз. Дұрыс диагноз таңдаңыз? Осы диагноздағы негізгі симптом.
-Шерешевский-Тернер – салмақ жетіспеу, аналық бездің солуы
-Бабинский-Фрелих синдромы – лактация тоқтауы
-Моррис синдромы – жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі қалыптыдан кішкентай
+Шихан синдромы – босанғаннан кейін көп мөлшерде қан жоғалту
-Иценго-Кушинг синдромы – жыныс мүшелері атрофиясы, депигментациясы
\/
/\
Науқас Ф., 34 жаста, шағымы үдемелі гирсутизм, етеккір тоқтауы. Өзін 6 айдан бері науқаспын деп санайды, етеккірі кешігіп, бетінде түктену пайда болған (сақал, мұрт) соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған. Қарағанда: бойы – 152см, салмағы 57 кг. Айқын гирсутизм, сүт бездері атрофияланған. Сүт бездерінен бөліністер жоқ. PV: Жатыр мойны цилиндр тәрізді, сыртқы араны жабық. Жатыры ұлғаймаған, сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Оң жақтан тығыз түзіліс пальпацияланады 5,5*4,5*5,0 см. Дұрыс диагноз таңдаңыз? Осы диагноздағы негізгі симптом
-адреногениталды синдром – айқын гирсутизм, артық салмақ.
-бүйрекүсті безі ісігі – артық салмақ, сүт безі атрофиясы
-аналық безінің поликистозды синдромы – бетте түктену (сақал, мұрт), етеккір болмауы
+аналық бездің гормонөндіруші ісігі – оң жақ қосалқы маңында түзіліс пальпацияланады, -гормоналды ісік белгілері – айқын, үдемелі гирсутизм, етеккір болмауы
-Иценко-Кушинг синдромы – артық салмақ, бетте түктену (сақал, мұрт)
\/
/\
Қандай зерттеулер қорытындысымен овуляцияны анықтауға болады
+базальды температура сызбасы
-аспирационды кюретажа
-аспирационды биопсия
-гистероскопия
-цервикоскопия
\/
/\
Бір фазалы ректальды температура.Сиздің емдеу тактикаңыз:
+ гемостаз, гормональды бұзылысты дұрыстау, репродуктивті қызметті қалпына келтіру
-жалпы күштендіретін витаминотерапия, психотерапия
-балшықпен ем, индуктотермия
-жалпы күштендіретін седативті терапия, эстраген-гестагенотерапия
-психотерапия, гестагенотерапия, транквилизаторлар, нейролептиктер
\/
/\
Базальной температураның өзгерісі – бұл
+аналық безінің қызметтік бағасы
-жатыр мойны өзегінің кілегейінің жағдайын анықтау
-аналық безі қатерлі ісігінің диагностикасы
-ағзаның гестагенмен қанығуының диагностикасы
-гликогенді анықтау тәсілі
***
Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің негізгі міндеттері: //
+ Ана ауруы мен өлімін азайту //
- Босану санын көбейту//
- Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ауруларының алдын алу//
- Гинекологиялық ауру санын төмендету//
- Отбасын жоспарлау
***
Мекеменің шұғыл жағдайда медициналық көмек беру қабілеті қалай жүзеге асады? //
- Әйелді тыңдап, қажетті көмек көрсете алу//
- Дәрігер және науқас арасындағы қарым-қатынасты жұмсарту//
- Дәрі-дәрмек пен оларды қолдану әдістерін тағайындау//
+ Шұғыл көмек беру дағдыларын үнемі жаттықтыру//
- Аурудың белгілерінің ерте алдын алу және емдеу
***
Әйелдер кеңесі мекемесіне 30 жасар жүкті әйел іштің төменгі бөлігіндегі және беліндегі ауырсынуға шағымданып келді. Жүктілік мерзімі – 12-13 апта. 1 апта бұрын тіркеліп, УДЗ өтті – патология анықталмады. Анамнезінде 2 босану, бір медаборт. Бимануалды зерттеуде жатыр мойны 2,5см. Сыртқы ернеу жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сай ұлғайған, жыныс жолдарынан бөліністер бар, аз мөлшерде кілегей. Әйелдер кеңесі мекемесінің дәрігерінің тактикасы: //
- Стационарға жатқызу//
- Токолитикалық терапия жүргізу үшін стационарға жолдау //
- Жүктілікті сақтау үшін гормоналды терапия тағайындау С //
+ Психотерапия, бір аптадан кейін бақылануға келу//
- Ұрық жағдайын анықтау үшін қайта УДЗ жіберу
***
16 маусым 2010 жылы әйелдер кеңесі мекемесіне кезекті қабылдауға 24 жасар жүкті әйел келді. Шағымдары жоқ. Соңғы етеккірі 2010ж. 10 наурызда. УДЗ 28 сәуірде өткізілді –– жатырлы жүктілік, 6 апта, 6 күн. Босанудың болжам мерзімін анықтаңыз. //
+ 24 желтоқсан 2010//
- 24 ақпан 2010//
- 24 қаңтар 2010//
- 17 желтоқсан 2010//
- 3 наурыз 2010
***
Босану блогында қандай температура сақталу керек? //
- 20 ºС төмен емес//
- 20-24 ºС//
+ 25-28 ºС//
- 18 ºС төмен емес //
- 30 ºС жоғары
***
ДДҰ ана өлімі ұғымын анықтайды: //
- Акушерлік себептермен жүктілік кезінде, босану және жүктіліктің аяқталуынан кейін 42 күн өткенде ана өлімі//
- Акушерлік себептермен жүктілік кезінде босану кезінде, экстрагениталды патологиядан ана өлімі//
- Акушерлік және эктрагениталды патология себептеріне байланыссыз әйелдің жүктілік және босану кезінде, жүктіліктің аяқталуынан кейін 42 күн өткенде әйелдің өлімі //
- Акушерлік патология, бұрын болған ауру мен төтенше жағдайда өлімдер сияқты себптерге байланыссыз әйелдің жүктілік пен босану кезінде өлімі //
+ Себептерге байланыссыз әйелдің жүктілік, босану және жүктіліктің аяқталуынан кейін 42 күн өткенде өлімі
***
Жүкті әйелдерді диспансеризациялаудың нәтижелілігінің көрсеткіші – бұл //
- Мерзімінен бұрын босану санының төмендеуі//
- Жүктілерді ерте тіркеу көрсеткішін көтеру//
+ Ана және перинаталдық өлімнің көрсеткішінің төмендеуі //
- Жүктілердің эклампсия көрсеткішін төмендету //
- Жүктілік кезінде қан кету көрсеткішін төмендету
***
Перинаталдық өлімнің көрсеткіші қалай есептеледі? //
- (Өлі туғандар саны/босану саны) х1000//
- (Интранаталды өлілер саны/өлі туғандар саны) х1000//
+ (Өлі туғандар саны + туғаннан кейін алғашқы 168 сағат ішінде //шетінегендер/өлі және тірі туғандар саны) х1000//
- (Туғаннан кейін алғашқы 7 тәулікте шетінегендер саны/босану саны) х1000//
- (Өлі туғандар саны + туғаннан кейін алғашқы 168 сағат өткен соң шетінегендер саны/өлі туғандар саны) х1000
***
Гинекологиялық науқастарды диспансеризациялау нәтижелілігінің көрсеткіші: //
- Стационарда ем алатындардың саны //
- Санитарлы-курортты емге жіберілген науқастар саны//
- Уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты гинекологиялық ауруларды төмендету//
+ Жыл бойы диспансерлік есепте тіркелген науқастардың ішінде емделіп, диспансерлік есептен шыққандардың үлестік саны//
-Диспансерлік есепке қайта алынғандар саны
***
Жүкті әйелде бронхиалды астма болғанда, жүктілікті көтеруге қарама-қарсы көрсеткіш: //
- Гормонтәуелді түрі//
- Жүктілік кезінде алғаш рет анықталған бронхиалды астма//
+ Қайталанған астматикалық ұстама, өкпе-жүрек жетіспеушілігі//
- Жүктілікті үзу қаупі//
- Айына бір реттен кем смес түнде қфлқыну ұстанымының болуы
***
Құрсақішілік ұрық дамуының кідіруі диагностика скринигі үшін қолданылады: //
- УДЗ//
- Ана қанында фетопротеинді анықтау//
- ЖТБ өлшеу//
+ Гравидограмма//
- Іш айналымын өлшеу
***
Әйелдер кеңесі мекемесінде 17-18 апта мерзіміндегі жүктілігі бар науқас диспансерлік есепке тіркелген. Науқастың артериалды қысымы көтеріліп, ал диастолалық қысымы 90 мм.сын.бағ. және жоғары.
Мүмкін диагноз: //
- Созылмалы гипертензия//
- Жүктіліктен пайда болған артериалды гипертензия //
- Гестациялы гипертензия//
+ Жеңіл преэклампсия //
- Ауыр преэклампсия
***
Босанушы К., 30 жаста. Босанудың І кезеңі 6 сағат. Мерзімінде босану болды, салмағы 3500,0 грамм қыз бала дүниеге келді, асфиксиясыз. Сіздің тактикаңыз және неге? //
- Гипотониялық қан кетуді емдеу үшін к/т метилэргометрин 1,0 мл енгізу //
- Гипотониялық қан кетуді емдеу үшін к/т окситоцинді 10 ӘБ енгізу //
- Гипотониялық қан кетуді емдеу үшін ректальді мизопростол 0,2 мг енгізу//
+ босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізудің бірінші сатысы ретінде б/е окситоцинді 10 ӘБ енгізу //
- Гипотониялық қан кетудің алдын алу үшін к/т окситоцинді 10 ӘБ енгізу
***
Алғашқы босанушы 23 жаста, 12 сағат ретті толғақтар. Акушерлік зерттеуде: ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы нашарлаусыз. Ұрықтың болжам салмағы 3100,0 грамм. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы 5 см, қағанақ қабы бүтін. Цервикограмма шара қолдану сызығына келді. Осы сатыда сіздің іс-әрекетіңіз? //
- 5 ӘБ окситоцинмен босануды күшейту//
+ Амниотомия жасау//
- Бақылауды жалғастыру//
- Босануды кесар тілігімен аяқтау//
- Көк тамырға аскобин қышқылымен глюкозаны егу
***
Қынап арқылы қарағанда ұрық басының кіші жамбас қуысында орналасуының критерийлері: //
- Басы сегізкөз бен қасағаның жоғарғы үштен бірін, мүйіске қол жетпейді, отырғыш осі анықталады. Басы иілген, кіші еңбек үлкен еңбектен төмен. Сагитальды жігі бір қиғаш өлшемге сәйкес келеді//
- Сегізкөз ойығы бос, мүйіске қол жетеді, қасағаның ішкі беті бос, сагитальды жігі қиғаш өлшемге сәйкес//
- Сегізкөз ойығының ішкі беті, қасағаның 2/3, ішкі бетінде бала басы, сагитальды жігі қиғаш өлшемге сәйкес //
+ Сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде бала басы орналасқан, отырғыш сүйек остері анықталады, сагитальды жігі қиғаш өлшемде//
- Сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде бала басы орналасқан, отырғыш сүйек осі анықталмайды
***
Босанушы әйелді қынаптық тексергенде анықталады: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне бекіген, оң жағынан кеңсірік және қас үстіндегі доғасы, сол жағынан – үлкен еңбектің алдыңғы ұшы келіп тұр. Сіздің диагнозыңыз: //
- Шүйдемен келудің алдыңғы көрінісі//
- Алдыңғы төбемен келуі//
+ Маңдаймен келуі //
- Бетпен келуі//
- Шүйдемен келудің артқы көрінісі
***
25 жастағы қайталап босанушыда босанудың ІІ кезеңі 60 минут жалғасуда. 10 минутта 4 күшену 50-55 сек. Ұрықтың жүрек соғысы 148-152 рет минутына. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрықтың басы кіші жамбас кіре берісіне бекіген. Сагиттальды жігі оң қиғаш өлшемде. Ұрық басының конфигурациясы +++. Диагноз: //
- Ұрық басының алдыңғы төбемен қоңдырылуы //
- Ұрық басының артқы төбемен қоңдырылуы //
- Босанудың ІІ кезеңінің әлсіздігі//
+ Жамбас-бас диспропорциясы//
- Ұрықтың дистрессі
***
Вербов-Иванов механизмі бойынша жатыр жыртылу қауіпінің белгілері:
- Күшті босану қызметі, босанушының тынымсыздығы, жатыр формасы құм сағаты тәрізді//
- Сыртқы жыныс мүшелердің және жатыр мойнын ісінуі, әлсіз толғақ//
+ Әлсіз ауыртпалы толғақ, толғақ арасында төменгі сегментін ауырсынуы//
- Жыныс мүшелерден аз мөлшерді қан бөліністердін болуы//
- Босану қызметінің дискоординациясы, зәрінде қан болуы
***
Жатыр мойнынан басталған жатырдың жыртылуы кезінде операциялық көмектің көлемі: //
- Тотальды гистерэктомия қосалқыларымен бірге, іш қуысын дренаждау//
- Субтотальды гистерэктомия қосалқыларымен бірге, іш қуысын дренаждау //
-Тотальды гистерэктомия қосалқыларысыз, іш қуысын дренаждау //
+Тотальды гистерэктомия жатыр түтікшілерімен бірге, іш қуысын дренаждау //
- Субтотальды гистерэктомия қосалқыларысыз, іш қуысын дренаждау
***
Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылысында келесі өзгерістер байқаладыбіреуінен басқа: //
- Артқы қосындының бұзылысы//
- Қынап қабырғасының зақымдануы//
- Аралық бұлшықеттерінің зақымдануы//
- Аралық терісінің зақымдалуы //
+ Тік ішек сыртқы сфинктерінің зақымдалуы
***
Ұрық алдыңғы жауырынның төменгі бұрышына дейін туылды, әрі қарай 2 минут ішінде жылжуы жоқ. Дәрігердің іс-әрекеті? //
- Бұлшық етке 10 ӘБ окситоцин енгізу//
- Перинеотомия жасау//
+ Мориса-Левре-Лашапель қол әдісін қолдану//
- Цовьянов әдісімен босануды жүргізу//
- Пудендальды анестезия жасау
***
Қайталап босанушы 26 жаста, күні жеткен жүктілікпен, жамбаспен келуі, босанудың II кезеңі 1 сағат жалғасуда. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты. Ұрықтың болжам садмағы 3800,0 грамм. Ұрық құйрықтары кіші жамбас кіре берісіне бекіген. Тактикаңыз? //
- К/т 5 ӘБ окситоцинмен босануды күшейту//
- Шап түсынан ұстап шығару операциясы//
+ Кесір тілігі операциямен аяқтау//
- Спазмолитиктер енгізу//
- Босанушы мен ұрықтың жағдайын бағалауын жалғастыру
***
Перзентханаға жедел жәрдем көлігімен босанушы әйел келіп түсті. Қағанақ суының кеткеніне 36 сағ болған, ұрық асқынған көлденен орналасуда. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, қынап арқылы тексергенде жатыр мойны толық ашылған, ұрық мойнына қол жетеді. Дәрігердің іс-әрекеті? //
- Босануды консервативті жүргізуді жалғастыру //
- Кесар тілігі операциясы //
- Ішкі акушерлік бұру жасау //
- Босануды 5 ӘБ окситоцинмен күшейту //
+ Ұрықтың декапитациясын жасау
***
Перзентханаға 37 жастағы П., босанушы әйел әкелінді. Ұрықтын асқынған көлденең орналасуы анықталды. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойны толық ашылған, қынапта ұрықтың қолы анықталады. Ұрық жүрек соғысы естілмейді. Диагноз қойып босандыру әдісін таңдаңыз? //
- Ұрықтың көлденен орналасуы, классикалық акушерлік бұру жасау//
- Ұрықтың көлденен орналасуы, шұғыл түрде кесар тілігін жасау//
+Ұрықтың асқынған көлденең орналасуы, ұрық бөліп алу операциясын жасау //
- Ұрықтың асқынған көлденең орналасуы, босануды консервативті жүргізуін жалғастыру//
- Ұрықтың көлденен орналасуы, окситоцинмен толғақты күшейту
***
Босанушы әйел А., 27 жаста, перзенханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Бұл жүктілігі – үшінші. Ұрыќтың орналасуы ұзына бойы, басымен келіп тұр 5/5, 10 минутта 3 толғақ. Ұрыќтың жүрек соғуы минутына 100 рет. Ќынап арќылы ќарағанда: жатыр мойнының ашылуы толыќ, ќағанаќ ќабы жоќ, ќынапта түскен кіндік бауы аныќталады. Дәрігердің тактикасы: //
- Ұрықтың вакуум-экстрациясы //
- Жедел гипоксияның емін жүргізу//
- Кіндік бауын орнына салу, босануды консервативті жїргізу
+ Кесар тілігі операцияымен босандыру//
- Акушерлік қысқаш салу
***
Босанушы әйелде босанудың ІІ кезеңінде ұрықтың жедел гипоксия белгілері анықталды. Ұрыќтың басы жамбас түбінде. Дәрігердің тактикасы: //
+ Ұрықтың вакуум-экстрациясы//
- Окситоцинмен толғақты күшейту//
- Жедел гипоксияның емін жүргізу//
- Босануды консервативті жүргізуін жалғастыру//
- Босануды кесар тілігімен аяқтау
***
Қайталап босанушы әйел күні жетілген жүктілікпен ішінің ауырсынуына, бас айналуына және жыныс жолдарынан 100 мл қан кетуге шағымданып келіп түсті, босану қызметі жоқ. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, бетінде, аяғында ісік бар. АҚҚ 95/60 мм. с.б., тамыр соғуы 96 рет/мин., әлсіз. Жатыр күні жетілген жүктілікке сәйкес ұлғайған, керілген, пальпация кезінде кіндік тұсында локальды ауырсыну анықталады. Ұрықтың жүрек соғуы естілмейді. Диагноз және дәрігердің тактикасы: //
-Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, амниотомия жасап, босануды окситоцинмен қоздыру//
+Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, геморрагиялық шок, шұғыл түрде кесар тілігі операциясымен босандыру
-Босану ізашары. Бақылауды жалғастыру//
-Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы. Амниотомия жасау, гемотрансфузия //
-Жатыр жыртылуы. Шұғыл түрде лапаротомия
***
Перзентханаға жүкті әйел келіп түсті, шағымдары - ішінің тұрақты ауырсынуына, жыныс жолдарынан қанды бөліністерінің кетуіне. Жүктілік мерзімі 35-36 апта. АҚҚ 130/90, 140/90 мм с.б. Балтырында, іштің алдыңғы қабырғасында ісік бар. Пальпация кезінде жатыр қозған, босансымайды, сол жақтан локальді ауырсыну анықталады, ұрықтың жүрек соғуы тұйықталған 180 рет/мин., кіндіктен төмен. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Жыныс жолдарынан бөліністер қанды. Жүргізу тактикасын таңдаңыз: //
- Жүктілікті сақтау терапияны тағайындау//
- Гестозды емдеу//
- Ұрық гипоксиясының кешенді емін жүргізу//
+ Жедел түрде кесар тілігі операциясымен босандыру//
- Қағанақ қабын жару ары қарай босануды қоздыру
***
23 жастағы босанушы әйелде босанудың екінші кезеңі 1 сағат 40 минут жалғасуда, ұрық басының жылжуы жоқ, 10 минутта 2-3 күшену, ұрықтың жүрек соғысы 124-136 рет минутына монитор бойынша. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, ұрық басы жамбас қуысында. Диагнозыңыз, тактика? //
- Клиникалық тар жамбас, кесар тілігі//
+ Босанудың ІІ кезеңінің әлсіздігі, ұрықтың вакуум-экстракциясы //
- Босанудың І кезеңінің әлсіздігі, кесар тілігі//
- Ұрықтың басталған асфиксиясы, ұрықтың вакуум-экстракциясы//