Түсіндірме қағазы

 

Қылмыстық құқық Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытылатын кәсіптік пәндердің бірі болып табылады.

Қылмыстық құқықты оқыту қылмыстық заңның әлеуметтік - саяси және заңдық мағынасын, оны құрайтын нормалар мен институттардың өзара байланысын ашуды, оларды ғылыми талдау әдістерін меңгеруді болжайды. Қылмыстық құқықты оқу процесінде студенттер құқықтық жүйенің мазмұны мен даму тенденциялары жөніндегі білімін, құқықтың қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарды жүзеге асырудағы рөлі туралы, сондай-ақ қылмыстылықпен қылмыстық-құқықтық күрестің мүмкіндігі мен шегі туралы білімін тереңдетеді.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қылмыстық құқықты оқыту құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті терең теориялық білім беруді және осы негізде қалыптасқан мықты дағды мен біліктілікті студент бойына қалыптастыруды мақсат етеді.

Курстың негізгі міндеттері болып жүйелі мазмұңдау және қылмыстық құқық ғылымының қағидалары мен ережелері туралы теориялық білім беру, студенттерді қолданыстағы қылмыстық заңнамаларды дұрыс тұспалдауға, қылмыстарды саралауға, қылмыстық құқық нормаларын шебер түсіндіру және қолдануға үйрету табылады. Басты міндеті студенттерді қылмыстық заңға азаматтардың құқығы, бостандығы және заңды мүдделерін, сонымен бірге қоғам және мемлекет мүддесін қылмыстық қолсұғушылық әрекеттен қорғайтын бұлжымас құрал ретінде құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Қылмыстық құқық курсын оқытудың маңызды жағы – жалпы теориялық, әсіресе, құқықтық және арнайы пәндер – қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару, әкімшілік, азаматтық құқтармен, криминологиямен, криминаластика, жедел іздестіру қызметі және т.б. пәнаралық байланысты белсенді дамыту.

Қылмыстық құқық дәрістері әр жоғары оқу орнының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып оқытылуы тиіс. Студенттермен жұмысты осы ерекшеліктерді ескере отырып, дөңгелек үстел, көкейкесті проблемалар туралы сөз жарыстыру, олимпиада, топтық жаттығу, рөлдік ойындар, қылмыстық істердің макетін талдау сияқты перспективалық семинар және тәжірибелік дәрістердің түрлерін енгізе отырып жасау керек. Студенттерді тәжірибелік оқытудың нәтижелі нысаны ретінде қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін кафедрааралық кешендік оқу ұсынылады.

Студенттердің жеке өзіндік сабақтары мен жеке жұмыстары бақылау тапсырмалары, өзекті теориялық мәселелердің мазмұнына шолу, жарияланған тергеулік тәжірибенің талдауы құқық қорғау органдарының тәжірибесін жинақтау, қылмыстық істердің макетін дайындау т.б. сынаудан өткізілген нысандар мен әдістерден құрылады.

 

ЭЕМ негізіндегі оқытылатын және бақылайтын бағдармалар ағымдағы дәріс процесінде және студенттердің жекелеген дәрістерінде, өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда да пайдаланылу тиіс.

Осы бағдарламамен қылмыстық құқық курсының тақырыптарының мазмұны және оларды оқыту кезектілігі белгіленеді. Бағдарлама құқық қорғау органдарының қылмыстылықпен күрестегі өзекті міндеттерді шешуде қылмыстық заңнаманы жетілдіру тенденцияларын, елдегі қазіргі криминологиялық жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып құрылған. Курстың құрылымы, негізінен, қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес келеді, сондай-ақ тақырыптар қылмыстық құқық ғылымының ережелерімен тығыз ұштасады, бірінші кезекте, жаңа теориялық нұсқаулар, қажетті кездерді қылмыстық құқықтық ойдың тарихы мен шетел заңнамасының тәжірибесі қолданылады.

Осы типтік оқу бағдарламасының негізінде жоғарғы оқу орындары өз мамандығына байланысты оқу жұмыс бағдарламаларын жасайды.