Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Көліктегі қылмыстар жаңа Қылмыстык кодекстің 12-тарауында орналасқан. Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері — темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай, не басқа да механикалык көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бүзғаны үшін қылмыстық жауаптылығы жинақталып берілген.

Жол қозғалысы кауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде бұзып, көліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын, соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-әрекетгер жатады.

Көлік қылмыстарының топтық объектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігін және көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыстың тікелей объектісі — жол қозғалысы кауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (темір жол, су, әуе немесе автомобиль) пайдалану ережелері, ал қосымша тікелей объектісі — кейбір құрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болуы мүмкін.

Қылмыстың заты — темір жол, су, әуе, автомобиль көліктері және басқа да механикалық көлік құралдары.

Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодексттің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздіктен, зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстардан тұрады (материалдық құрам). Тек қана екі түрлі Қылмыс құрамы (305, 306-баптар) құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері сан қилы, үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы зандарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан. Мұндай заңдар - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының жол қауіпсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасының темір жол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазақстан Республикасындағы жол жүру ережелері және тағы басқалар.

Осыған орай көлік қылмыстарының нақты құрамдарының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Әрбір жеке құрам үшін жауаптылық арнаулы заң, басқадай нормативтік-құқықтық актілердің тиісті талаптарына нақты негізделуі тиіс.

Көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін осы қылмыстың заты болып табылатын көлік құралдарының түріне дәлме-дәл анықтама берудің маңызы ерекше. Көлік деген үғым жалпылама ұғым, оның құрамдас бөліктеріне, занда айтылғандай — темір жол, әуе немесе су көлігі және автомобиль көлігі жатады.

Көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің объективтік, субъективтік белгілері бойынша бір-бірімен оқшауланады, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай осы құрамдарды жеке-жеке талдау арқылы олардың заңдылық табиғатын толық сипаттауға мүмкіндік туады.