Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі

Ұлы ақын,ойшыл–демократ,сазгер Абай Құнанбайұлының қоғам өмірін түсінудегі көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды.Ол кезде қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”,тағы басқа өлеңдерінде реалистік тұрғыдан суреттейді.Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды аяусыз шенеді.

Халқына байларға сөздерің өтсін десеңіз еңбек етіп, оқу оқы дейді.

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық

 

 

10. Адамзат тарихына формациялық ж/е өркениеттік көзқарастар ерекшелігі. ғылым мен философияда үстемдік етіп отырған әмбебап екі әдіснаманың – дәурені өтіп бара жатқан формациялық парадигма мен жалпы ортақ теориясы болмаса да, белгілі бір қоғам мәдениетінің барлық формалары мен руханилығының негізін құрайтын субстанциясы өркениет түрінде мойындалған өркениеттік парадигманы қарастырудың, бұл екі әдіснама аясында көшпенділік құбылысының талдануын сипаттаудың реті келіп тұр. Дінде бұл хилиастикалық эсхатология (адамзат тарихының ақырғы заманы туралы ілім) түрінде білінсе, ал материалистік философияда бұл – тағдыры адамзатты міндетті түрде жарқын болашаққа немесе әлемдік катаклизмдерге әкелетін қоғамдық даму заңдылығының автоматизмі. Формациялық парадигманың негізгі идеясы адам- зат тарихының бірлігі мен оның кезеңдік даму түріндегі прогресі болса, ал бұл парадигма адамзат тарихының бірлігін және оның прогрессивті дамуын теріске шығарады. Осы өркениеттік тәсіл бойынша, бір-бірімен байланысы шамалы немесе мүлдем жоқ көптеген тарихи бірліктер (өркениеттер) болады, бұл түзілімдердің әрқайсысы өзінше құнды және сондықтан өзара тең. Олар өздерінше қалай төлтума болса, тарихтары да сондай ерекше. Формациялық парадигма тарихқа бірбағытты, теле- ологиялық сипат, дамудың алдын ала берілген қатаң сабақтастығын береді және бұл дамудың мәні мен мақсаты – қоғамдық өмірдің мұраты ретіндегі коммунизм. Формациялық теория – бұл басым бөлігінде тарихтың әлеу- меттік-экономикалық кесіндісі. Ол тарихты игерудің бастапқы бе- кеті ретінде материалдық өндіріс тәсілін алады және ол түбінде қоғамдық өмірдің барлық өзге салаларын айқындайды. Өркениеттік парадигма мәдениеттанулық факторға басымдылық береді. Оның бастапқы бекеті – мәдениет, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар және т.б. Мұнда алдыңғы орынға өмірдің құралдарын өндіру емес, өмірдің өзі шығады. Формациялық тәсілде дамудың ішкі факторларына назар ау- дарылады, бұл үдерістің өзі өзіндік даму ретінде ашылады. Бұл мақсатқа сәйкес ұғымдық аппарат (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасында болатын өндіріс тәсіліндегі қайшылық, тап- тар арасында болатын қоғамның әлеуметтік құрылымындағы қайшылық) орныққан. Қарама-қарсылықтардың күресіне, яғни берілген әлеуметтік жүйенің (қоғамның) адамдарын біріктіргеннен гөрі, ажырататын нәрсеге көбірек көңіл бөлінеді. Өркениеттік тәсіл, керісінше, адамдарды сол қоғамға біріктіретін нәрселерді көбірек зерттейді. Және мұның барысында оның өзіндік дамуының көзі көлеңкеде қалып қояды.