Ақиқат ұғымы және тәжірибе

Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі. Акикаттың айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап етеді.

Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. Бұған байланысты мынаны айтуға болады: ащщат — объективтілік пен субъективтіліктів; бірлігі, объективті шынайылықтың субъективті бейнесі. Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, түтасымен және толык келемде түсіну. Ақиқатка бірден және түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді. Акиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмүнын толыктыру үшін "абсолютті ақиқат және салыстырмалы акикат" үғымдары енгізілген.

Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады

"Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гері, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді.

Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылыктары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді.

Тәжірибе - адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі