Тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

3-тапсырма. Берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдырыңыз.
Сен деканатқа бар...
Сен дәптерге жаз...
Тақтаға шық...
Тақтаны сүрт...

Ертең университетке кел..

Тапсырма. Күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Тақырып. Өзіңіз оқып жүрген оқу орныңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

 

Тақырып. Еңбек. Еңбек нарығы. Есімше категориясы.

ЕҢБЕК

Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек – адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбек – табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурсы болып табылады.

Тапсырма. Жаңа сөздерді аударыңыз.

Тапсырма. Мына сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Еңбек, табыс, шарты, қанағаттандыру, адамзат, тіршілік.

Тапсырма. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз және сұрақтар қойыңыз.

Тапсырма. Есімшелерді қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

 

Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады.

Еңбек нарығы – бұл бәсекелік нарық. Еңбек нарығы – бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

 

Тапсырма. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

Тапсырма. Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

Тапсырма. Мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

Тапсырма. Мағынасын түсініңіз, жаттап алыңыз.

Еңбекті сүйгенді елі сүйеді. Ж. Қуанышбаев.

Еңбектене білу – дұрыс өмір сүре алу. Ж. Фабр.