Стационар жағдайында дәнекер тінінің диффузды аурулары мен ревматикалық ауруларды лабораторлы және визуалды диагностикалау тәсілдері.

$$$001

Отбасылық дәрігерге науқас 4 ай бойы омыртқаның кеуде бөліміндегі, сегізкөз-мықын аймағындағы құрысуға, бел аймағындағы қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Қандай рентгенологиялық көріністі көруге болады?

А) Сүйек қырларының айқын болмауы, периартикулярлы склероз, буын анкилозы

B) «Бамбук таяқшалары» түріндегі сүйек көпірінің түзілуі

С) Деструктивті өзгерістер, квадратты, «жоңылған омыртқалар»

D) Перифериялық буындардың ассиметриялық өзгерістері

E) Кеуде-қабырға, кеуде-бұғана қосылысының, кеуде-қабырға қосылысының анкилозы

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} =

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = РА

 

$$$002

30 жастағы жас ер адам тізе буынындағы ауырсынуға, дене қызуының 38,5С көтерілуіне, үрпіден аз мөлшердегі бөлініс бөлінуіне, ауыз қуысындағы жараға шағымданады. Склера тамырларының қызаруы байқалады. Қарағанда тізе буындары ісінген, оң жағынан көкшіл сипаттағы қызару, қозғалыстың шектелуі байқалады. ЖҚА-де нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Үрпіден алынған жағындыда хламидий табылды. Мүмкін диагноз?

А) Ревматикалық қызба

B) Остеоартроз

С) Подагра

D) РА, буындық түрісу

E) Рейтер ауруы (синдром )

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі} =

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = PA

 

$$$003

37 жастағы науқас күні бойы барлық буындарындағы құрысуларға, дене қызуының 37,5-38*С дейін көтерілуіне, жүдеуге, тізе буындарындағы бірден ісінуге және деформацияға, ауырсынумен жүретін саусақ ұштарының бозаруына, бұлшықеттеріндегі кезеңді ауырсынуларға шағымданады. Ауырғанына жыл боған. Жағдайының нашарлауы асқынусыз өткен 2-ші рет босанғаннан соң байқалды. Объективті: Саусақ буындары деформацияланған, ісінген, тізе буындарында айқын ісіну мен деформация, оларда қозғалыс шектелген, саусақтарда, сүйек аралық бұшықеттерде сему. Ішкі мүшелердің патологиясы табылған жоқ. Қандай диагноз?

А) Жүйелі склеродермия, созылмалы ағымы, белсенділігі II.

B) ЖҚЖ, созылмалы ағымы, белсенділігі III.

C) РА, буындық-висцералды түрі, полиартрит, белсенділігі III, МПТ

Д) Дәнекер тінінің аралас ауруы

E) Жүктіліктен соң дамыған жүйелі остеопороз

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} =

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS

 

$$$004

Науқаста ЖҚЖ, жеделдеу ағымы, белсенділігі II (дерматит, артрит, кардит, Верльгоф синдромы, нефрит, симптоматикалық АГ, СБЖ 0) анықталды. Көрсетілген жағдайда патогенетикалық емді қолдану нұсқасы қайсысы?

А) Преднизолон 1мг/кг дене салмағына ұзақ уақыт бойы

B) Преднизолон 0,5 мг/кг дене салмағына ұзақ уақыт бойы

C) Пульс терапия мега дозами гормонов ежемесячно в сочетании с постоянным приемом преднизолона в дозе 1мг/кг массы тела

D) Ай сайын гормондар мен цитостатиктерді мега-мөлшермен пульс-терапия

E) Артериалды гипертонияның болуына байланысты гормондар қарсы көрсеткіш болып табылады. Аминохинолин препаратарын тағайындау қажет.

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} =3

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS

 

$$$005

42 жастағы әйел 1,5 ай бойы дене қызуының 390С көтерілуі қалтыраумен жүруіне, шамалы физикалық жүктемеге ентігуіне, басының ауруына шағымданады. Өздігінен ыстық түсіретін затарды, сульфаниламидтерді, ампициллинді бес күндік курспен қабылдаған. Дене қызуы 38,20С. Тері жабындылары боз,бет пен алақан терісінде бірең-сараң петехиалды экзантемалар көрінеді, пульсі минутына 100 рет, АҚҚ 140/90 мм.сын.бағ., жүрек тондары тұйықталған, кеуденің сол жақ шетінен жоғары жиіліктегі диастолалық шу естіледі, келесісі бірден II тоннан соң естіледі, гепатоспленомегалия байқалады Науқаста не болуы мүмкін?

А) Ревматизм, белсенді фазасы және митралды стеноз

B) Инфекциялық эндокардит, қолқалық және қолқалық жетіспеушілік

C) Ревматизм, белсенді фазасы, қолқалық және қолқалық жетіспеушілік

D) Инфекциялық эндокардит және митралды жетіспеушілі

E) Инфекциялық эндокардит және митралды стеноз

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} =

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS

Стационар жағдайында асқорту мүшелері патологияларымен науқастарды жүргізу. Стационар жағдайында асқорту мүшелерін лабораторлы және визуалды диагностика әдістері

$$$001

Созылмалы энтеритте іш өту немен ерекшелінеді:
А) Тенезммен
В) Ботқа тәріздес көлемді нәжіспен
C) Шырышпен аз мөлшердегі нәжістің болуымен
D) Тамақтан соң бірде дефекацияға шақырудың болуымен
E) Меленамен

{Дұрыс жауабы}=В

{Күрделілігі}=

{Оқулық}=(Диагностика болезней органов пищеварения,Окороков А.Н.,2002 )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=FM

 

$$$002

55 жастағы ер адам үш жыл бойы он екі елі ішектің жара ауруының жиі рецдивтерімен ауырады. Н2-гистаминблокаторлармен емдеуге оң әсер берді. Жараның қанауымен түсті. Ранитидинмен 4 апта емдегенде жара тыртықтанды. Келесі емдік шара қандай?

А) Н2-гистаминблокаторлармен үзілісті курсты ем
B) Н2-гистаминблокаторлармен сүйемелдеуші ем
C) Хирургиялық ем
D) Сукральфатпен ем
E) Омепразолмен курсты ем

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=

{Оқулық}=(Диагностика болезней органов пищеварения, Окороков А.Н.,2002)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=PA

 

$$$003

Алкоголді панкреатитпен ауыратын 36 жастағы әйел клиникаға 12 күн бұрын ауыр жедел панкреатит, полимүшелі жетіспеушілікпен түсті. Пациент интубациялық түтік арқылы қосымша желдеткіште, дене қызуы 390C. ЖҚА-де: L - 28,000. КТ жүргізу кезінде панкреонекроз ошағы анықталды. КТ бақылауымен некроз ошағына пункция жасалынды, алынған сұйықтықты Грам бойынша бояғанда және культивирлеу кезінде микро ағзалар анықталған жоқ. Бұл науқаста таңдау шарасы болып не табылады:

А) Тері арқылы некроз ошағын дренирлеу
B) Хирургиялық секвестрэктомия
C) Эндоскопиялық гастроцистостоманы салу
D) Медикаментозды (консервативті) емді жалғастыру
E) Зақымдалған аймақты сәулелендіру

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=

{Оқулық}=(Диагностика болезней органов пищеварения, ОкороковА.Н., 2002 )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=NS

 

$$$004

40 жастағы әйел үдемелі әлсіздікке, эпигастрии аймағындағы ауырсынуға, әсіресе аш қарында және түндегі эпигастриидегі ауырсынуға, іш қату, бас айналу, терінің құрғауы, шаш пен тырнақтың сынғыштығы, жүктемеге байланыссыз жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұрын ештеңемен ауырмаған, жақында жұмыста жағымсыз конфликт болған. Диагнозды негіздеу үшін міндетті түрде диагностикалық тексеру қажет:

А) Электрокардиография
B) Фиброгастродуоденоскопия
C) Сигмоидоскопия
D) Невропатолог кеңесі
E) Қанның клиникалық талдауы

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=

{Оқулық}=(Диагностика болезней органов пищеварения,Окороков А.Н., 2002 )

{ Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=PA

 

$$$005

26 жастағы ер адам тамақтан соң эпигастрии тұсындағы күйдіріп ауырсынуға, қыжылға, жүрек айнуға, сирек жағдайда құсуға, әлсіздікке және жүдеуге шағымданады. Анамнезінен: екі апта бойы ҚҚСЕП(НПВС) қабылдаған. Объективті: эпигастрии тұсындағы ауырсыну. ФГДС-те: асқазан түбі тұсында жара. Емнің бірінші сатысында науқасқа міндетті түрде не тағайындау керек?

А) Фамотидин 20мг ішке тәулігіне 2 рет
B) Сукральфат тәулігіне 1г х 4 рет
C) Солкосерил, б/е 2мл., 10 күн
D) Шұғыл хирургиялық араласу
E) Алмагель 1 үлкен қасықпен тәулігіне 3 рет

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=

{Оқулық}=(Диагностика болезней органов пищеварения, Окороков А.Н.,2002 )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=NS

 

Стационар жағдайында зәр шығару жүйесінің патологиясымен науқастарды жүргізу. Стационар жағдайында зәр шығару жүйесінің патологиясын лабораторлы және визуалды диагностикалау әдістері.

$$$001

35 науқас отбасылық дәрігерге соңғы 5 күн ішінде бел тұсындағы тартып ауырсынуға, жиі ауырсынумен зәр сындыруға, дене қызуының 38-38,5 С дейін жоғарлауына шағымданады. Дәрігерге қаралмаған. Тері жабындылары боз. АҚҚ – 180/ мм.сын.бағ. Пастернацкий симптомы оң жағынан(+).

ЖЗА–де: полиурия, үлес салмағының төмендеуі, шамалы протеинурия, лейкоцитурия, бактерурия. ЖҚА–де: нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, гипохромды анемия. Бүйректің УДЗ–де қандай көріністі көруге болады?

А) Көлемінің симметриялы ұлғаюы, бүйрек паренхимасынң акустикалық біркелкілігі

B) Бүйрек паренхимасының тығыздалуы мен ісінуі. Бүйрек контурлары дифференцияланбайды

C) Бүйректің екі жағының көлемінің кішіреюі, паренхиманың акустикалық біркелкілігі

D) Паранефралды клетчатканың ісінуі, бүйрек қозғалысының шектелуі

E) Бүйрек көлемінің ассиметриясы, АТЖ деформациясы, бүйрек паренхимасының жайылмалы акустикалық біркелкілігі

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі} =

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = РА

 

$$$002

Отбасылық дәрігер 28 жастағы науқастағы әлсіздік, бас ауруы, бел тұсындағы ауырсыну, беттегі, жоғары және төменгі аяқ–қолдардағы, ұрық қабындағы ісіну шағымдарымен стационарға жатқызды. Анамнезінен: 3 апта бұрын ЖРВИ–мен ауырған. Объективті: қабағы, тізесі, ұрық қабы ісінген. Өкпесі ерекшеліксіз. Жүрек тондары тұйықталған,ритмді. ЖСЖ минутына 58 соққы. АҚҚ – 160/90 мм.сын.бағ. ЖҚА–де: лейкоцитоз, эозинофилия, анемия, ЭТЖ жоғарлауы. БХА–де: мочевина -12 ммоль/л, креатинин – 0,35 ммоль/л. ЖЗА–де: түсі кір-қызғылт, гематурия, эритроциттер көру алаңында 60, лейкоциттер 10-15 к.а, белок - 3 г, бүйрек эпителиінің жасушалары, гиалинді, дән тәріздес және эритроцитарлы цилиндрлер. Тәуліктік диурез 400 мл. Сіздің диагнозыңыз:

А) Жедел гломерулонефрит

B) Созылмалы гломерулонефрит, өршу фазасы

C) Интерстициалды нефрит, өршу фазасы

D) Созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы

E) Бүйрек амилоидозы

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} =

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = РА

 

$$$003

55 жастағы ер адамды зертханалық тексеру кезінде ісіктері болуына қарамастан, тостағандық сүзу көрсеткіштері(80-120мл/мин), қандағы креатинин мөлшері қалыпты. Зәр талдауында белок 2г/л, көру алаңында эритроциттер 20-50 және бірең–сараң гиалинді цилиндрлер анықталды. Бүйрек биоптаттарын тексеру көрсетуі мүмкін:

А) Нефрит, минималды өзгерістерімен

B) Мембранозды гломерулонефрит

C) Мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит

Д) Пролиферативті интракапиллярлы

E) Пролиферативті экстракапиллярлы

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} =

{Оқулық} = (Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS

 

$$$004

66 жастағы науқас 10 жыл бойы зәр тас ауруымен ауырады, 4 жыл бұрын операция жасалынған. Үнемі АҚҚ 160/100 мм.сын.бағ. дейін жоғарлауын айтады, соңғы жылдары 190/100-200/110 мм.рт.сын.бағ. дейін жоғарылап, бетінде ісік пайда болған. Қан талдауы: Нв-110г/л, эритроциттер-3,0 млн., ТК-0,8, ЭТЖ-20 мм/сағ, қандағы мочевина-8,8 ммоль/л, креатинин – 200,0 ммоль/л. Бұл науқаста екіншілік пиелонефритпен бірге қандай асқыну дамыдыом?

А) Жедел бүйрек жетіспеушілігі

B) Жедел интерстициалды нефрит

C) Созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит

D) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

E) Жедел зәрдің тежелуі

{Дұрыс жауабы} = Д

{Күрделілігі} =

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS

 

$$$005

ЖРВИ–мен ауырғаннан соң науқаста макрогематурия, олигоурия, беттің, тұлғаның, төменгі аяқтардың массивті ісінуі пайда болды. Дәрігер жедел жайылмалы гломерулонефритті анықтады. Тәулігіне 40мг мөлшерде жүргізілген ем әсер бермеді, науқаста 3-ші тәулікте тежелу, жүрек айну, құсу, іштегі ауырсыну қосылған, АҚҚ- 80/50 мм.сын.бағ. Бұл жағдайда негізгі емдік шара қайсысы?

А) Кордиаминді тағайындау, к/к изотоникалық ерітінді немесе 5% глюкоза ерітіндісі

B) Бірінші кезекте ЭКГ жасап және анальгетиктерді енгізу керек

C) Диуретиктер мен жүрек гликозидтерінің үлкен мөлшерін қолдану

D) Науқасқа адреномиметиктерді және спазмолитиктерді енгізу

E) К/к преднизолонды 500мг-1000мг мөлшерінде енгізу және таблетка түріндегі сүйемелдеуші мөлшерге ауысу

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі} =

{Оқулық} =(Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, М.: Мет. Лит., 2002.)

{Курс} = 7

{Семестр} =14

{Тест тапсырушының білім деңгейі} = NS

Стационар жағдайында қан жүйесінің патологиясымен науқастарды жүргізу. Стационар жағдайында қан жүйесі патологиясын лабораторлы және визуалды диагностика әдістері.

$$$001

Қабылдау бөліміне 32 жастағы ер адам шаршағыштық, жүрек қағу, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, дене қызуының 38*С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жабындылары боз, бауырдың қыры пальпацияланады, көкбауыры ұлғайған, тығыз. ЖЗА–де: Нв–105г/л, ТК–0,93, L60х109, лейкоцитарлы формуланың солға промиелоциттерге, миелоциттерге және миелобласттарға дейін ығысуы, ЭТЖб–65 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Созылмалы миелолейкоз

B) Созылмалы лимфолейкоз

C) Эритремия

D) Сепсис

E) Жедел лейкоз

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=

{Оқулық}= (Поликлиническая терапия Галкин В,- М. , 2000г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=РА

 

$$$002

22 жастағы науқас дәрігерге тізе–табан буынындағы ауырсынуға, субфебрилді дене қызуына, тізе мен табан терісіндегі симметриялы геморрагиялық бөртпелерге шағымданып келді. Анамнезінен: алғаш рет ауырған, бір апта бұрын вирусты инфекциямен ауырған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Верльгоф ауруы

B) Шейнлейн-Генох ауруы

C) Гемофилия

D) Рандю-Ослер ауруы

E) Жедел лейкоз

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=

{Оқулық}= (Поликлиническая терапия Галкин В,- М. , 2000г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}= РА

 

$$$003

45 жастағы науқас үлескелік терапевтке шамалы жалпы әлсідікке, тез шаршағыштықа, тілдегі ауырсыну мен күйдіру сезіміне, эпигастрии тұсындағы ауырлық сезіміне, аяқтарындағы жеңіл ауырсыну сезіміне, аяқ–қолдарының жансыздануына шағымданып келді. Қарағанда тері жабындыларының аздап сарғыштығы байқалады. АҚҚ 140/70 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 96 рет. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см шығып тұр. Қан талдауында: Нb–70 г/л, ТК– 1,4, тромбоциттер– 110Х10 л, лейкоциттер -2,5 мың., нейтрофилдер т/ядролықтар – 5%, с/ядролылықтар – 56%, моноциттер– 10%, лимфоциттер–29%, ЭТЖ–12 мм/сағ, макроцитоз, нейтрофилдердің гиперсегментациясы. Бұл аурудың этиопатогенетикалық емі мына тағайындаулармен шешіледі:

А) Цианокобаламин 400 мкг х тәулігіне 1рет

В) Сорбифер 320 мг х тәулігіне 2рет

C) Эр.массаны құю

D) Дәрумен В6 1мл–ден тәулігіне 1рет

Е) Ранферон 15мл тәулігіне 3рет

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=

{Оқулық}= (Поликлиническая терапия Галкин В,- М. , 2000г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}= NS

 

$$$004

45 жастағы науқас шаршағыштыққа, жүрістің шайқалуына, күнделікті физикалық жүктемелерге ентігуне шағымданады. Объективті: дене қызуы– 37,2 С, тері жабындылары боз, склераның аздап сарғаюына шағымданады. Бауырдың дөңгелектенген қыры пальпацияланады. ЖҚА: Нв-90 г/л, ТК - 1,2, L– 4,2*109, Тр–120*109, макроцитоз, полисегментарлы нейтрофилдер, ЭТЖ-38мл/сағ. Ауру себебі болып табылады:

А) Ішкі Касла факторының секрециясының жетіспеушілігі

B) Тұқым қуалайтын микросфероцитоз

C) Фолий қышқылының сіңірілуінің бұзылуы

D) Радиоактивті сәулелену

E) Жедел қан жоғалту

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=

{Оқулық}= (Поликлиническая терапия Галкин В,- М. , 2000г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}= NS

 

Стационар жағдайында эндокринді жүйенің патологиясын лабораторлы және визуалды диагностикалау әдістері. Стационар жағдайындағы эндокринді жүйе ауруларын жүргізу.

$$$001

16 жастағы науқас әйел 4 жыл бойы қант диабетімен ауырады және инсулин қабылдайды. Дене шынықтыру сабағында есінен танып, қысқа уақытқа дірілдер болған. Терісі ылғалды. Көрсетілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

A) Гиперосмолярлы кома

B) Лактацидотикалық кома

C) Кетоацидотикалық кома

D) Гипогликемиялық кома

E) Жедел өкпе-жүрек жетіспеушілігі

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} =

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних органов, Окороков А.Н., 2002г.)

{Курс} =7

{Семестр}= 14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=PA

 

$$$002

17 жастағы науқас дене салмағының жоғарлауына, жыл ішінде етеккір циклінің бұзылуына шағымданады. Жамбас, іш, сүт безінің терісінде кең қою қызыл жолақтар байқалады. АҚҚ - 140/90 мм сын. бағ. Глюкозаға толеранттылық тесті: аш қарында – 4,5 ммоль/л; глюкозамен жүктегеннен 2 сағат өткен соң – 8,6 ммоль/л. КТ: бүйрек үсті бездерінің екеуінің гиперплазиясы. Қандағы кортизолдың деңгейі 8 сағатта -1060 нг/л (қалыпты – 260-720 нг/л), 14 сағатта -1250 нг/л. Көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

A) Церебралды семіру

B) Иценко-Кушинг ауруы

C) Гипоталамикалық синдром

D) Штейн-Левенталь синдромы

E) Экзогенді-конституциялық семіру

{Дұрыс жауабы} = B

{Күрделілігі} =

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних органов, Окороков А.Н., 2002г.)

{Курс} =7

{Семестр}= 14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=PA

 

$$$003

40 жастағы науқас Ф ессіз жағдайда жеткізілді. Қалтасынан диабет күнделігі табылды. Қарағанда: жүдеу, тері жабындылары құрғақ, суық. Тілі таңқурай түстес, құрғақ. Тыныс алуы ацетон исімен. Тынысы шулы (Куссмауль түрінде). АҚҚ 70/30 мм сын.бағ. Пульсі – минутына 105 рет. Бауыры қабырға доғасынан 4 см-ге ұлғайған, тығыз. Гликемия- 25 ммоль/л, гипокалиемия, қанның рН төмендеген, глюкозурия, айқын кетонурия. Науқасты жүргізуде қайсысы тиімді?

A) 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын б/е енгізу

B) 20 бірлік қысқа әсер ететін инсулинді тері астына бір реттік енгізу

C) 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын тері астына енгізу

D) 0,1 ед/кг қысқа әсер ететін инсулинді сағат сайын к/к сағат сайын тамшылатып енгізу

E) Пролонгирленген инсулиннің бір инъекциясын анықтау кезінде енгізу

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} =

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних органов, Окороков А.Н., 2002г.)

{Курс} =7

{Семестр}= 14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=NS

 

$$$004

33 жастағы Л әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінен: қалқанша безінің субтоталды резекциясы, 50 мкг L-тироксинді қабылдаған. Объективті: беті ісінген, жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық байқалады. Көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы ақпаратты болып келеді?

A) ЭКГ

B) Қанды бактериологиялық себу

C) Көкірек аралық мүшелердің КТ

D) Т3 және Т4 деңгейін анықтау

E) АҚҚ тәуліктік мониторлеу

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі} =

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних органов, Окороков А.Н., 2002г.)

{Курс} =7

{Семестр}= 14

{Тест тапсырушының білім деңгейі}=PA

 

ІШКІ АУРУЛАР