Биологиялық химия кафедрасының биохимия пәнінен сабақ беретін оқытушылары туралы мәліметтер

СИЛЛАБУС

Биологиялық химияДАН

БДО 02 Bioch 2202

Мамандығы: 051302«Стоматология»

Кафедра - биологиялық химия

Курс - екінші Семестр – үшінші

Барлығы_______108_____сағат

Дәрістер ______ 18_____ сағат

Тәжірибелік

сабақтар _____90______сағат

Студенттердің аудиториядан тыс

өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ)

Сағат

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2016

 

051302 – «Стоматология» мамандығының ІІ курс студенттеріне арналған биологиялық химиядан силлабус ҚазММА-ның жоғарғы және ЖОО-н кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясы бекіткен (22 ақпан 2008ж. №3а хаттама) медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған биологиялық химиядан типтік бағдарлама, 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары және 2014 ж. Жұмыс бағдарламасы негізінде б.ғ.д., профессор К.О.Шарипов, доценттер Д.Ш.Жетпісбай, С.С.Ерджанова, С.С.Жақыпбекова құрастырған.

 

Силлабус биологиялық химия кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

 

«__» _______________2016ж.

Хаттама №_ _

Кафедра меңгерушісі,

профессор _______________________ К.О. Шарипов

 


СИЛЛАБУС

4.1. Жалпы мәліметтер:

4.1.1.Жоғарғы оқу орны: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

4.1.2. Кафедра биологиялық химия

4.1.3. Пән:«Биологиялық химия», БДО 02 bioch.2202

4.1.4. Мамандық: 051302 «СТОМАТОЛОГИЯ» bioch 2202

4.1.5. Оқу сағатының көлемі – 90 сағат / 2 кредит

4.1.6. Оқу курсы және семестрі - 2 курс


Биологиялық химия кафедрасының биохимия пәнінен сабақ беретін оқытушылары туралы мәліметтер

Аты-жөні Ғылыми дәрежесі Қызметі Біріншілік ғылыми мүдделері
1. Шарипов К.О. б.ғ.д. Каф.меңг., проф. Микроэлементтер и микроэлементоздар Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі
2. Плешкова С.М м.ғ.д. Профессор Заманауи биохимиялық диагностикалық технологиялар Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі
3. Жакыпбекова С.С. б.ғ.к. Оқу ісінің меңг.,доцент Медициналық-биологиялық зерттеулер, әлемдегі негізгі бағыттар мен тенденциялар
4. Булыгин К.А. м.ғ.к. доцент Заманауи педагогикалық технологиялар Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі
5. Ерджанова С.С. м.ғ.к. доцент Стоматологиядағы биохимиялық корреляциялар
6. Жетпісбай Д.Ш. х.ғ.к. доцент Медицина-профилактикалық іс мамандығына биохимиядан бағдарлама дайындау. Кафедра құжаттары, КАБ және СМЖ жауапты.
7. Киргизбаева А. А. б.ғ.к. доцент ПОҚ ғылыми жұмысты ұйымдастыру, грант безендіру Фармациядағы биохимиялық корреляциялар. Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі
8. Омирзакова К.К. б.ғ.к. доцент Биохимиядағы заманауи тенденциялар
9. Байбулова М.С. х.ғ.к. доцент Тәрбие және ұйымдастыру жұмыстары
10. Мухамадиева Е.О.   аға оқыт. Кәсіби коммуникациядағы ағылшын тілі
11. Петрова Г.И.   аға оқыт. Химиялық канцерогенез, витаминдер және нәруызтар алмасуы. Біліктілікті арттыру курсына және МІ мен ҚДС факультеттеріне бағдарлама дайындау
12. Досымбекова Р.С. магистр оқыт. Микроэлементтер және микроэлементоздар
13. Яхин Р.Ф. магистр оқыт. ЖОО АБЖ байланыс жүргізуші

4.1.8. Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 151; №2 оқу ғимараты, 3-қабат

Телефон 87273387090

Ішкі тел.: 7056

e-mail bioelkaf@mail.ru

4.1.9. Пәннің саясатыоқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге талаптары медициналық жоғары оқу орындарында оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған.

1. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар мен ОСӨЖ міндетті түрде, үнемі қатысу.

2. 1 СӨЖ орындау және қорғау.

3. Студент СӨЖ-ді тақырыптық жоспарға сәйкес белгіленген уақытта тапсырып, қорғауы тиіс; СӨЖ-ді уақытында тапсырмаған студентке «0» балл қойылады, қайта тапсыруға болмайды.

4. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (зертханалық жұмыстарды конспектілеу, теориялық материалды дайындау, жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, зертханалық жұмыстарды өз бетінше орындау).

5. Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген деканаттың рұқсат қағазы болғанда ғана 10 күннен кешікпей жүргізіледі.

6. Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс; оқытушының студент сабаққа кешіккенде сабақта алынған бағасынан 5 балл шегеруге құқығы бар.

7. Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен, жинақы түрде келуі керек.

8. Профессор-оқытушылар құрамымен, оқу-көмекші құрамның қызметкерлерімен және студенттермен құрмет тұтарлық қарым-қатынаста болу.

9. Топтардағы талас тудырған мәселелерді кафедраның оқу ісінің меңгерушісі немесе кафедра меңгерушісімен ашық түрде талқылау.

10. Кафедра мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.

 

Бағдарлама

Кіріспе

Қазіргі уақыттағы биологиялық химия – тірі ағзаның қызмет атқаруы негізіне жататын, сонымен қатар адам мүшелері мен тіндеріндегі метаболизм ерекшеліктері мен оның реттелуі негізіндегі химиялық үрдістерді молекулалық деңгейде зерттейтін іргелі ғылым.

Жасуша, тін және мүшелердің тіршілігінің негізінде жататын негізгі метаболикалық үрдістерді білу болашақ дәрігерге олардың патологиялық жағдайларда бұзылу себептерін түсіну үшін қажет.

Биологиялық химия пәнін оқу барысында алған білімдер болашақ дәрігерге анағұрлым ақпараттық биохимиялық әдістерді таңдауға, оларды аурудың диагнозын сауатты интерпретациялауға және емдеу тиімділігін бақылауға көмектеседі.

Бағдарлама статистикалық, динамикалық және функционалдық биохимияның іргелі бөлімдерін қамтиды, сонымен қатар 051302 «Стоматология»мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған арнайы сұрақтары қарастырылады.

Биологиялық химияны оқу үшін химиядан, молекулалық биология мен медициналық генетикадан, анатомиядан, гистологиядан, медициналық биофизика мен физиологиядан алған білімдері қажет.