Курсты қысқаша сипаттау

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті

 

«Бекітемін»

Жұмыс бағдарламалар

комитеті төрайымы

_________Сулеева С.Е.

«____»____________2011ж.

 

 

КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ

 

пәні бойынша білімгерлерге арналған оқу бағдарламасы (силлабус)

 

 

Кафедра: Экономика және бағалау

Оқу жылы: 2011-2012 ж.ж.

Пререквизиттер: Экономикалық теория; Макроэкономика;

Постреквизиттер: Өндірісті ұйымдастыру, Өндіріс сферасының экономикасы

Мамандығы: барлық экономика мамандықтарына

Кредиттік саны – 3 кредит

Мұғалімнің аты-жөні –Аширбаева Гулдариға Тиллабек қызы

Мекен жайы: Төле би көшесі, 60, техн.корпус, ауд. 2.5.425

Қызмет телефоны: 45-46-61

 

,

 

 

Тараз 2011

 

Курсты қысқаша сипаттау

Нарықтық қатынасқа өту халық шаруашылығының мамандарына жаңа талаптар қойып отыр. Олар жаңадан қалыптасқан жаңа экономикалық сипатқа және ойларды иеленіп, қойылған мақсатқа жету үшін, дамыту мақсатын қалыптастырып, ағымдық және болашақтағы экономикалық жағдайды бағалап, талдау негізінде жеке, тиімді шешімдерді қабылдай білу керек. Нарықтық қатынасты дамыту жағдайында әрбір фирма, әрбір кәсіпкер терең кәсіпкерлік күресті жеңу үшін өзінің шаруашылық стратегиясын жүзеге асыру қажет. Болашақ стратегиялық болжам" мен ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықты іздеусіз нақты тиімді бизнесті дамыту мүмкін емес.

Курстың мақсаты – ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, тиімді шығындарды таңдау негізінде экономикалық өсу мүмкіндігін арттыру.

«Кәсіпорын экономикасы» пәнін оқыту нәтижесінде төменгі міндеттер қарастыралады:

- экономика аймағында тәжірибелік міндеттерді шешу құралы ретінде теориялық білімді пайдалану;

- экономикалық жағдайды бағалау негізінде жеке шешімді қабылдай білуді үйрену;

- кәсіпорын экономикасының негізгі түсінігімен иелену;

- тиімді варианттарды анықтау және экономикалық тиімділікті өңдеу.

Курс компонентінің негізгі талаптары.

«Кәсіпорын экономикасы» курсын оқу процесінде оқытуда келесі компоненттерді пайдалануды ұсынады: аудиториядағы белсенділік, үй тапсырмасы, тәжірибелік тапсырма, студенттердің өзіндік жұмысы, әрбір компоненттің баға категориясы бар. Сабақты жіберу нәтижесінде Сіз нақты бағаны алу мүмкіншілігінен айрыласыз.

Әрбір сабақ алдында сіз лекциялық материалдармен танысып алу қажетсіз, себебі әрбір сабақ алдында сұрау алынады. Лекциялық материалдармен алдын-ала танысудан, Сіз тек алған біліміңізді бекітіп қана қойып, өзіңізге түсініксіз сұрақты қоя аласыз. Сіздің даярлығыңыз ауызша түрде немесе жазбаша түрде ешқандай ескертусіз тексеріліп отырылады. Курсты меңгеру көбінесе Сіздің аудиториядағы жұмысыңызға байланысты болады. Барлық берілген тапсырманың сапалы орындалуы, сұрақтарды белсене талқылау арқылы Сіз нақты курс бойынша максималды баға алуыңызға мүмкіндік береді.

Пән компоненттеріне қойылатын негізгі талаптар:

Сапалы білім алу мақсатында білімгерлер сабаққа қатысуға міндетті «Кәсіпорын экономикасы» курсының компоненттеріне-теориялық жолу, жеке жұмыс (тәжірибелік тапсырма), аудиториядағы білімгердің белсенділігі білімгердің өз бетінше (өзіндік) жұмысы аралық бақылау, қорытынды бақылау (емтихан) жатады:

-теориялық шолу-білу оқу әдістемелік кешендегі және негізгі, қосымша әдебиеттердегі материалдарды игеруге бағытталған оқу -әдістемелік кешендегі материалдарды өздігімен оқып, аудиториялық сабақтарда сұрақ қою арқылы жүргізіледі;

-жеке жұмыс (тәжірибелік тапсырма) тәжірибе сабағында есептер шығарып, үйге тапсырма беріліп, есептер шығару бойынша білімгерлерге баға қойылады;

-аудиториядағы білімгерлердің белсенділігі-білімгерлердің білімін бақылау формалары арқылы жүргізіледі: жеке, фронтальды сұрау, жедел-жауап беру бойынша қалыптасады;

- білімгерлердің өз бетінше (өзіндік) жұмысы (СӨЖ)-екі тапсырмаға негізделген ӨЖ-ді білімгерлер 6-шы және 12-ші аптада өткізулері тиісті;

- аралық бақылау-екі рет қабылданады. Ауызша (тест) қолдану арқылы жүргізіледі және жазбаша түрде бақылау жұмысын жазу бойынша қабылданады.

Қорытынды бақылау емтихан. Ол білімгерлердің семестр ішінде «Кәсіпорын экономикасы» пәнінің нәтижесін көрсетеді.

Бағдарлама мазмұны.

«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша 15 дәріс және 15 тәжірибе сабағы, 2 СӨЖ-ден құрастырылды. Бір аптада екі аудиториялық сабақтар (дәріс және тәжірибе) белгіленді. Тәжірибе сабағында типтік және өндірістік мәліметтер негізінде есептер шығарылады.

Кесте 1-«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша аудиториялық сабқтарының тақырыптары.

Апта № Тақырыптар Негізгі әдебиеттер
ҚР экономикасын дамытуды сипаттау 4 (6-15 )
Экономиканы мемлекеттік реттеу 4 (19-24 )
Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде 3 (19-27 ) 4 (63-84 )
Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі 3( 33-39 ) 4 (94-141 )
    4,5   Негізгі капитал   4 (148-222 ) 5 (66-77 )  
Шикізат, материалдық және жанармай энергетикалық ресурстар   4 (226-241 )
Айналым капиталы 4 (244-274 ) 7 (169-173 )
Еңбек ақы 3 (54-58 ) 4 (288-363 )
Еңбекке төлем 4 (374-447 ) 5 (121-146 ) 7 (113-121 )
9,10 Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты 4 (455-523 ) 7 (156-163 )
10,11 Өнімді өткізу және өндіріс шығындары 4 531-606 ) 5 (146-156 )
11,12 Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі 4 (630-670 )
12,13 Өнімнің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету 4 ( 682-696 )
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы 7 (256-324 )
Өндірістің рентабельділігі және пайдасы 7 (221-230 )
Кәсіпорын қаржысы 4 (737-773 )  

 

«Кәсіпорын экономикасы» пәнін оқытуда студент өзінің білімін жетілдіріп дамытады. Сондықтан, міндетті компонент ретінде білімгерлердің өзіндік жұмысын БӨЖ ретінде атаймыз.

 

БӨЖ тапсырмасын қысқаша сипаттау.

1.1 БӨЖ міндеті мен мақсаты.

БӨЖ білімгерлердің жоғарғы оқу орнында үздіксіз даярланудың бір кезеңіне жатады:

- білімгерлердің өз уақытында алған білімдерін тереңдетіп, бекітіп береді;

- нақты өндірістік жағдайда шешім қабылдай білуге үйрету;

- Білімгерлердің өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе білу.

1.2 БӨЖ тақырыбы

БӨЖ тақырыптары пәннің типтік бағдарламасына сәйкес, әрі өндірістің тәжірибелік талаптарына сәйкес бекітілген.

Нақты пән бойынша БӨЖ тақырыптары жұмыс бағдарламасында аталған.

Білімгер осы пәнді оқу барысында 2 БӨЖ орындауға міндетті болады.

2. БӨЖ көлемі және мазмұны

)2.1 БӨЖ тапсырма

БӨЖ берілетін тапсырманы тақырыптың аты, есеп бөлімін орындау үшін мәліметтердің мазмұнын, көлемін анықтап, сипаттау.

Берілетін тапсырма студенттің даярлану деңгейіне сәйкес келіп тексерілген.

2.2 БӨЖ әрлеу.

БӨЖ түсіндірме бөліміне келесі жағдайлар енеді:

1. Титульдық парақ

2. Реферат тақырыбы

3. БӨЖ тапсырмасы (есепті шешу үшін мәліметтер қоры)

4. Есепті шешу жолы

2.3 БӨЖ мазмұны

«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша 6 тапсырмадан тұрады, оның ішінде:

- 2 реферат

- 4 тапсырма есепті шешу бойынша.

3. БӨЖ ұйымдастыру.

3.1 БӨЖ тапсырманы алу тәртібі

Әрбір білімгердің өзіндік жұмысын орындайтын өз варианты болады, оны осы пәннен сабақ жүргізетін оқытушы бөлістіреді.

БӨЖ бойынша студент тапсырманы:

- нақты пәннің оқытушысынан;

- кафедрадан (әдістемелік құралдың бәр данасы кафедрадағы лаборанттан) алады.

3.2 БӨЖ орындалуын бақылау

БӨЖ тапсырмасын орындау мен өңдеу жетістіктері БӨЖ орындау үшін берілген уақытты тиімді пайдаланып жоспарлап отыру қажет. Бұл жоспар БӨЖ кестесінде бейнеленген. Бұл кестені білімгердің сабақ кестесіне қосымша диспетчерлер енгізеді.

Білімгерлерге бұл берілген тапсырманы орындау үшін оқытушылар жеке және топқа кеңес беру түрінде жәрдемдесіп отырады. Топтық консультация БӨЖ оқу сағатына кіреді. Топтық консультацияда жалпы сұрақтар шешіліп, БӨЖ өңдеуге арналған есептерді шеші мәселесі де қарастырылады.

Ал жеке кеңес беру уақыты білімгер мен оқытушы өзара келісе отырып өздерінің жеке кестесі негізінде өздеріне қажетті уақытты бекітіп алады. Кеңес беру уақытында БӨЖ-дың орындалу жағдайын оқытушының сұрауға құқығы бар.

3.3 БӨЖ қорғау

БӨЖ қорғау пәннің жұмыс бағдарламасында бекітілген мерзімге сәйкес жүргізілу қажет. Кейбір жеке студенттер алдын-ала қорғай алады.

3.4 БӨЖ бағасы

БӨЖ бағасының есептелуі;рефераттың сапасы мен көлемі;есептеу сапасы мен көлемі;тапсыру сапасы;берілген сұраққа жауап сапасы;студенттің жұмыс жоспары;жұмысты орындаудағы студенттік өзіндік белсенділігі.

Жұмыстың нәтижесі баллмен бағаланады. Кредиттік жүйе бойынша ережеге сәйкес ЖОО-да бекітілген. БӨЖ қорытындысы кафедра мәжілісінде талқыланып, БӨЖ тиімділігін жоғарлату үшін ұсыныстар беріледі.

Кесте 2- БӨЖ орындау мерзімі.

 

БӨЖ тақырыптары Тапсыру мерзімі, апта Орындау талабы және көлемі
1. Реферат 1 6 апта 5 бет
2. Негізгі капитал Тапсырма 2 есептен тұрады
3. Айналым капиталы Тапсырма 2 есептен тұрады
4. Еңбекке төлем және еңбек ресурстары Тапсырма 2 есептен тұрады
5. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары Тапсырма 2 есептен тұрады
6. Реферат 2 5 бет  

Баға қою саясаты

Кесте 3- Күндізгі оқу бөлімінде оқитын білімгерлерге арналған бағалау саясаты

 

Компоненттер Тапсырма саны Бір тапсырма бойынша бал Жоғары бал Максималды бал
1ші аралық бақылау 2ші аралық бақылау
Теориялық жолу
Жеке жұмыс (тәжірибелік тапсырма)
СӨЖ
Аудиториялық белсен-ділік
Аралық бақылау 2,5
Жиыны  
Емтихан        
  Барлығы        

 

Кесте 4- сырттай оқу бөлімінде оқитын білімгерлерге арналған бағалау саясаты.

Компонеттер Тапсырма саны Максималды бал Үлес салмағы (%)
Білімгерлердің белсенділігі
СӨЖ-1
СӨЖ-2
Жиыны    
Емтихан  
  Барлығы  

 

Сырттай оқитын білімгерлер 2-СӨЖ орындайды. СӨЖ-1 білімгерлер өздері таңдаған тақырып бойынша өздік жұмыс орындайды. Ал СӨЖ-2 негізгі тақырып бойынша есептер шығарады. Тапсырмаларды оқытушы береді.

Алынған баллдар семестр соңында өзгертілмейді және қосымша ешқандай балл қосылмайды. Қорытынды баға әр компонент бойынша қосылады. Курстың соңында қорытынды емтихан тапсырылады. Емтихан тестік форма түрінде жүргізіледі.

Төменгі 5 кестеде «Кәсіпорын экономикасы» пәнінен білімгерлердің теориялық шолуды, курсттық жұмыстарды сонымен қатар өзімдік жұмыстарды орындауда қолдануға болатын негізгі және қосымша әдебиеттер берілген.

 

- Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі 1 .Іляс А.С. « Экономика предприятия»,М. 2010г. 2.Бейсенова М. « Кәсіпорын экономикасы»,есептер жинағы ,Алматы,2008 ж.

3.Мейірбеков А. « Кәсіпорын экономикасы» ,оқулық , Алматы ,2008 ж.

4.Ниязбекова Р.К. « Кәсіпорын экономикасы» ,оқу құралы ,Алматы , « Экономика» ,2008 ж.

5.Түсіпбеков, Т.Т. Кєсіпорын экономикасы [Мәтін]: Оќу ќұралы / Т.Т. Түсіпбеков.- Фолиант, 2010.- 192б.

Қосымша

.1.Зубова Т. « Анализ финансового состояния предприятия» ,Учебное пособие , 2010ж.

2 .Гаврилова А.Н. « Финансы предприятий» ,электронный учебник ,М. 2009 г.

3.Сабден О. « Бәсекелестік экономика» ,Алматы ,2011 ж.

4 .Сейдахметов А.С. ,Елшібекова Қ.Ж., «Кәсіперлік » , Алматы ,2011 ж.

5. Сабден О. « Кәсіпкерлік» ,Алматы ,2009 ж.

6.Сабден О. « Конкурентоспособная экономика и инновации » ,Алматы , 2009 г.

7.Лобан Л.А. « Экономика предприятия» Учебный комплекс ,Минск, «Мисанта» ,2007г.

8.Сабден, О.Экономика: Избранные труды [Текст]. Т.10. Рыночная экономика / О. Сабден; Под ред. О. Сабдена,.- 3-е изд.- Алматы: ИЭ КН МОН РК, 2011.- 656 с.

9.Экономика: Избранные труды [Текст]. Т.8. Устойчивое инновационное развитие и мировые финансы в ХХІ веке / О. Сабден; О.С. Сабден, А.Е. Арменский, С.Э. Кочубей, Е.А.Наумов.- Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2011.- 324 с.

10. Кєсіпкерлік [Мєтін] / О. Сєбден.- Алматы: Эксллюзив, 2009.- 320б.

11.Экономика жєне кєсіпкерлік негіздері [Мєтін]:Оќулыќ / 12. Г. Хамитова.- Фолиант, 2011.- 192б. Кәсіпкерлік. 2011.-344 бет.

13.Кәсіпорынның инвестициялық қызметі, 2011, 258бет

14.Кәсіпорын экономикасы: тестілер, есептер, жағдайлар, 2012, 428 бет

 

«Кәсіпорын экономикасы» пәнінен барлық экономикалық мамандығында оқитын білімгерлер СӨЖ орындайды, ал «Экономика» мамандығында оқитын білімгерлер курстық жұмыс орындайды. Төменде курстық жұмыс пен СӨЖ-ді орындауға арналған тақырыптар берілген.

 

«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары:

1. Қазіргі жағдайдағы ҚР құрылымдық саясаты.

2. Өнеркәсіптік өнімнің халықаралық стандарттау.

3. Нарық экономика кезеңіндегі өнеркәсіптік кәсіпорынды басқарудың ұйымдастыыру құрылымы.

4. Нарық экономика кезеңіндегі өнеркәсіпті басқарудың ұйымдастыру құрылымы.

5. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару.

6. Жаңа техниканы енгізу экономикалық тиімділігі.

7. Қазақстан өнеркәсібіндегі механикаландыру және автоматтандырудың экономикалық тиімділігі (к/н мысалында).

8. ҚР өнеркәсібін мамандандырудың дамуы және оның экономикалық тиімділігі.

9. ҚР-ның өнеркәсібін бірлестірудіңдамуы және оның экономикалық тиімділігі.

10. ҚР-ның өнеркәсібінің өндірісті күрделендіру және оның экономикалық тиімділігі.

11. Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорлар пайдалануын жақсарту жолдары және талдауы.

12.Өнеркәсіптік кәсіпорындағы жөндеу жұмыстар ұйымдастыруының жақсарту жолдары.

13. Өнеркәсіптік кәсіпорынның құрал-жабдықтары модернизациялау және оның тиімділігі.

14. Өнеркәсіптік негізгі қорлар амортизациясы оның есептеу тәртібі және ҒТП-ны тездетудегі маңызы.

15. Нарық экономика жағдайындағы күрделі салымдар құрылымын талдау және оларды жетілдіру жолдары.

16. Нарық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсіп салаларындағы күрделі салымдардың экономикалық тиімділігі.

17. Қазақстан өнеркәсібінің кәсіпорындары қайта кұру кеңейту, техникалық қайта қаруландырудың экономикалық тиімділігі.

18. Өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің жаңа түрлерін игерудің экономикалық тиімділігі.

19. Нарық экоомика кезеңдегі кәсіпорын өндірістік -өткізу қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі.

20. Бизнес-жоспра, әзірлеу тәртібі, көрсеткіштері.

21. Нарық экономика кезеңдегі өнімді және шикізатты жеткізудің кәсіпорындағы келісім міндеттемелер.

22. Өнеркәсіптегі құрал-жабдықтар жаңарту, оның тездету жолдары және қаржыландыру көздері.

23. Республиканың тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан өнеркәсібінің шикізат базаның дамуы.

24. Өнеркәсіптегі жасанды материалдарды қолдану және өндірістің экономикалық.

25. Өнеркәсіптік қалдықтар және екінші ресурстарын пайдаланудың экономиалық.

26. Қазақстан өнеркәсібінің айналым қорлары және олардың пайдалану тиімділігі.

27. Нарық экономика кезеңіндегі кәсіпорында материалды құлптарлық принципті дамыту.

28. Контрактты жүйені дамыту және қалыптастыру жолдары.

29. Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділікті көтеру резервтері.

30. Өнеркәсіптік кәсіпорындағы жұмыс уақыты пайдалануын талдау.

31. Еңбекақыны ұйымдастыру және нарық экономика жағдайындағы ерекшеліктері.

32. Нарық экономика жағдайындағы өндірістік шығындарды қысқарту.

33. Өндірістік рентабельділікті деңгейін талдау және оны көтеру жолдары.

34. Өндірістік колективтерді әлеуметтік дамуын ұйымдастыру және өндірісті басқаруында жетілдіру міндеттері.

35. Өнімнің материал сыйымдылығы және оны төмендету жолдары.

36. Нарық жағдайындағы өндірісітік тиімділігін көтеру жолдары.

37. Бірлескен кәсіпорындар жасау тәжірибесі және өнеркәсіптік әртүрлі салаларындағы ерекшелігі.

«Кәсіпорын экономикасы» бойынша СӨЖ-дің тақырыптары:

1. Қазіргі жағдайдағы ҚР құрылымдық саясаты.

2. ҚР өнеркәсібін мамандандырудың дамуы және оның экономикалық тиімділігі (нақты сала мысалында).

3. ҚР-ң өнеркәсібін бірлестірудің дамуы және оның экономикалық тиімділігі.

4. ҚР-ң өнеркәсібінің өндірісті күрделендіру және оның экономикалық тиімділігі (нақты сала мысалында).

5. Өнеркәсіптік кәспорындағы жөндеу жұмыстар ұйымдастыруылының жақсарту жолдары.

6. Нарық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсіб салаларындағы күрделі салымдардың экономикалық тиімділігі.

7. Нарық экономика кезеңдегі өндірістік-өткізу қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі.

8. Нарық экономика кезеңдегі өнімді және шикізатты жеткізудің кәсіпорындағы келісім міндеттемелер (кәсіпорындар мысалында).

9. Өнеркәсіптегі жасанды материалдарды қолдану және өндірістің экономикалық тиімділігі.

10. Нарық экономика кезеңдегі кәсіпорындағы материалды құштарлық принципті дамыту.

11. Контрақттық жүйені дамыту және қалыптасу жолдары (кәсіпорын мысалында).

12. Өндірістік коллективтерді әлеуметтік дамуын ұйымдастыру және өндірісті басқаруында жетілдіру міндеттері.

13. Өнімнің материал сыйымдығы және оны төмендету жолдары (өнеркәсіптік сала немесе кәсіпорын мысалында).

14. Бірлескен кәсіпорындар жасау тәжірибесі және өнеркәсіптің әртүрлі салалардағы ерекшелігі (кәсіпорын мысалында).

15. Кәсіпорындағы пайданы таратуын және қалыптасуын талдауы.

16. Еңбек коллективтердегі кәсіпкерліктің және шаруашылық ынтаның дамуы кәсіпорын мысалында.

17. Кәсіпорынның өндірісітік бағдарламаны жасау тәртібі.

18. Шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастықтың жаңа формаларын дамыту.

19. Өнеркәсіптік кәсіпорындағы салық салуды ұйымдастыру.

20. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын қаржы-несиелік қызметтің дамуы.

21. Акционерлік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі және дамуы (кәсіпорын мысалында).

22. Шаруашылықты жүргізудың жаңа жағдайларындағы құрылыс ұйымды қаржыландыру және несиелендіру.

23. Нарық жағдайдағы құрылыс ұйымдардың тиімділігін көтеру жолдары.

24. Қазақстан өнеркәсібіндегі бірлескен кәсіпорындардың қызметін талдау.

25. Өнеркәсіптік кәсіпорынды жекешелендірудың ұйымдастыруын талдау.

26. Өнеркәсіптік кәсіпорынды жекешелендірудың ұйымдастыруын талдау.

27. Кәсіпорындағы жоспарлаудың ұйымдастырудың талдау (кәсіпорын мысалында).

28. ҚР-дағы өнеркәсіптің инновациялық процесстерді дамыту.

29. Шикізат таңдаудың экономикалық дәлеледеуі, негіздеуі ( кәсіпорын мысалында).

30. Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері (өнеркәсіп мысалында)