Тақырып. кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.

1.Нарық және инвестициялық процесс.

Инвестиция (ағыл.тілінен – Investor - салымшы) – бұл кәсіпкерлік, өндірістік қызметке ұзақ мерзімді құралдарды пайда табу мақсатымен салу; өндірістік емес қызметке және өндірісті дамытуға капитал салымы. Қаржылық және нақты инвестицияны бөледі. Қаржылық инвестицияға жататындар: бағалы қағаздарды тұтыну, акцияны, облигацияны, процентке банктегі шотқа депозитке ақша салу. Нақты - өндірісті дамытуға және кеңейтуге ақша салу.

Кәсіпорындар, бәсекелестіктің қазіргі әлемінде сақталу үшін өз мүмкіндіктерінше инновация еңгізеді. Оған объективті процесстер әсер етеді: технологияның ескіруі, кәсіпорында пайданың төмендеуі, еңбек ресурстарына энергияның бағасының өсуіне байланысты өндірістік шығындардың артуы

– шығарылатын өнімге сұраныстың артуы; жұмысшының квалификациясын жоғарылатуға, еңбекті қорғауға кететін шығындардың артуы;

– тауар өндірушілер арасында бәсекелестіктің күшекті.

Мұндай жағдайда тұрақты жұмыс атқаратын кәсіпорындар өз жетекшілерімен өздерінің технологияларын жетілдіріп отырады. Кәсіпорын бойынша капитал салымының жалпы инвестициялық тиімділігін есептеуде капитал салымының рентабельділік көрсеткішін пайдаланады. Осыған байланысты өткізілген өнімнің бағасының есебінен пайда анықталады::

,

мұндағы: З – капитал салымының пайдалану негізінде жылдық пайда өсімі;

Н – капитал суммасы.

Капитал салымын қолдану нәтижесінен өнімнің өзіндік құнын төмендетуді тиімді есептеу қажет:

мұндағы: және - капитал салымын еңгізгенге дейін және еңгізіп болғаннан кейінгі өнім көлемінің өзіндік құны.

Инвестициялық капитал салымының тиімділігін бағалауда оны өтеу мерзімінің мәні мынадай болады.

Мысалы, егер өтеу мерзімі (КОК)таза табыстың артуы бойынша есептелсе, онда оның формуласы:

мұндағы: Н – капитал соммасы;

СА – жылдық экономикалық эффектінің соммасы.

Инвестициялық капитал салымының нәтижесін бағалауда бірнеше көрсеткіштер қолданылады.

2.Инвестицияның мәні.

Макроэкономикада инвестиция – тауарлық бөлшектердің өсуі, жаңа үйлер мен өндірістік жаңа құралдарынан тұратын шығындардың жиынтығы. Инвестиция экономикада капиталдың артуын қамтамасыз ету және ағынды кезеңде тұтынылмаған ішкі жалпы бөлімнің бір бөлігі.

Инвестиция тікелей, портфельдік және интеллектуалдық деп бөлінеді.

Тікелей инвестиция - өндіріске байланысты шығындарды жатқызып қана қоймай, мысалы, үй құрылысы, автокөлік тұтыну, өнер құралдары жатады.

Портфельді (қаржылық) инвестиция – мемлекеттің немесе корпорацияның шығарған бағаны қағаздары, облигациялары, акцияға капитал салымдарынан тұрады.

Интеллектуалды инвестиция – бірлескен ғылыми өндеулер, тәжірибе, лицензия, ноу-хау, курсқа мамандарды әзірлеу.

 

3.ҚР инвестициялық саясаты

Әрбір мемлекеттің экономикасын дамыту жағдайына инвестицияның жоғары деңгейі әсер етеді. Өндірістік және әлеуметтік сферада оларды тиімді пайдалану және инвестициялық жобалар көлемін арттыру қажет.

Елімізде қолайлы инвестициялық климатты құру – қазіргі кезеңде Қазақстанда инвестициялық климатты бағалайтын әртүрлі өлшемдер кешені жатады:

елдің потенциалды нарығын сипаттау;

еңбек ресурстарымен және табиғи ресурстармен қамтамасыз ету;

экономикалық реформалардың жағдайы;

инвестиция үшін заңдылық база;

салықтық және кедендік тариф бойынша жеңілдіктер ұсыну;

мемлекеттік органдарда басқару шешімдерін дұрыс қабылдау;

нарықтық инфрақұрылым мен валюта нарығын дамыту;

банктік жүйенің тұрақтылығы;

саяси бағыттың тұрақтылығы.