Психология ғылым ретінде

БӨЛІМ 1. Жалпы психологияға кіріспе

Тарау 1. Психология ғылымының жалпы мєселелері.

Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Ысқаша мазмұны

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Адам және адамзат туралы ғылымдар. Адамды биологиялық түр ретінде зерттеу, К.Линней еңбектері. Антропология жөніндегі жалпы түсінік. Адамды биологиялық түр ретінде зерттеудің психологиялық аспектілері: салыстырмалы психология, зоопсихология, жалпы психология. Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік ортаға өтуін зерттеудің жалпы мәселелері. Адамның социогенезін зерттейтін ғылымдар. Адамның табиғатпен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымдар. Адамды индивид және оның онтогенезі ретінде зерттеудің жалпы мәселелері.

Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері. Ғылыми зерттеудің әдістері жайлы жалпы түсінік. Психологиялық әдістердің негізгі топтары: объективті және субъективті. Психологияның негізгі субъективті әдістері: бақылау, қосылған бақылау, өз бетінше бақылау, сауал (жазбаша, ауызша, еркін) қою. Психологиялық тесттердің негізгі түрлері. Тесттерді жасаудың тарихы. Жобалық тесттер мен эксперимент (зертханалық, табиғи). Моделдеу әдістері жайлы жалпы түсінік.

Психологияның даму тарихы.

Психология ғылымының негізгі салалары.

 

 

Психология ғылым ретінде

 

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? ңЖанң дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.

Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьғв адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.

Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.

Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды.Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.

 
 

 


ТЕМПЕРАМЕНТ
НЫШАНДАР МЕН ҚАБІЛЕТТЕР

 

МОТИВАЦИЯ (БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)

 

 

МІНЕЗ

 

ЕРІК

 

СЕЗІМ

 

Тұлғаң ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

 

Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң және ңтұлғаң ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.

Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі – сана (1.3 сурет).

Сана – психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.

Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.

Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығыкөзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.

Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді. Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.

Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Әрине, мұндай ұғым психологияда да бар.

Ғылымда пәндердің негізігі ќұрылымына байланысты үшке бөлінеді: жаратылыстану, гуманитарлыќ, техникалыќ. Адам- әлеуметтік тірі организм, оның барлыќ психикалыќ ќұбылысы ќоғамдыќ ортада ќалыптасады, сондыќтан психология гуманитарлыќ пєндерге жатады.

“Психология” ұғымы ғылыми жєне тұрмыстыќ мағынаға ие.

Әрбір адам практикада ќарым-ќатынасќа түсе отырып психологиялыќ заңдылыќтарды үйренеді. Осылайша біз келесі адамның пікірін оның сыртќы келбетінен - мимикасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдыќ көңіл күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Сондықтан әрбір адам өзінше психолог, себебі қоғамда адамдардың психикасы жайлы білмей өмір сүру мүмкін емес.

Алайда, тұрмыстық психологиялық білімдер айқын емес және де ғылыми білімнен ерекшеленеді.

 

Бұл ұғымдарды мынандай екі бағытта көрсетуге болады:

 

Тұрмыстыќ технологиялыќ білім   Ғылыми психологиялыќ білім
Наќты білім Интуициялыќ мінез білімі Білім беруде бөгеттер болуы Білімнің көзі- баќылау Берілетін білім- шектеулі Талдап ќорытылған білім Аќыл- парасаттылыќ білім Білім жинаќталады жєне беріледі. Білімнің көзі- эксперимент Білім єрќашан кеңейіп отырады.

 

 

Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол үшін сәйкес ұғымдар пайдаланылады.

Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу тәсіліне - кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған. Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер толық рационалды және түсінікті.

Үшіншіден, білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды да. Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай “әке мен балалардың” мәңгі проблемасы да осында, өйткені балалар әкелерінің тәжірибесін қабылдай алмайды және қабылдағысы келемейді де”. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.

Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашќыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам өзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика жєне психикалыќ ќұбылыстар туралы ғылым болды.

Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді;

1. Психикалыќ процестер дегеніміз - сыртќы дүние заттары мен ќұбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.

2. Психикалыќ ерекшеліктер дегеніміз- бір адамды екінші адамнан ажырытуға нгегіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.

3. Психикалыќ күй дегеніміз- адамның түрлі көңіл күйінің тұраќты компоненттері.