Іс-әрекет теориясы және психология пәні

Іс-әрекеттің оперецаялық-техникалық аспектілерін қарастырғаннан кейін біз келесі сұрақтарға жауап іздеуіміз керек: неге белгілі әрекет жүзеге асады, мақсат қайдан пайда болады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін қажеттілік және мотив түсініктеріне жүгінуіміз керек.

Қажетілік – тірі организмдердің белсенділігініің алғашқы формасы. Қажеттілікті тірі организмдердің денесінде әрдайым пайда болатын шиеленіскен күй деп сипаттауға болады. Адамда аталмыш күйдің пайда болуы организмде бір заттың жетіспеушілігімен немесе индивидке керекті нәрсенің жоқтығымен түсіндіріледі.

Адам қажеттіліктерін биологиялық,органикалық(суға, оттегіге, тамаққа деген қажеттілік) және әлеуметтік деп бөлуге болады. Әлеуметтік қажеттіліктерге ең әуелі адамдармен қарым-қатынасқа, танымдылыққа және сыртқы әсерлерге деген қажеттіліктерді жатқызамыз. Бұл қажеттіліктер адамның бойында жастайынан пайда бола бастайды да, бүкіл өмір барысында сақталып келеді.

Қажеттілік пен іс-әрекеттің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін әрбір қажеттіліктің даму процесінде екі кезеңді бөлу қарастыру керек. Бірінші кезең – затпен бірінші кездесуге дейінгі кезең. Екінші кезең – осы кездесуден кейінгі кезең.

Әдетте бірінші кезеңде субъект үшін қажеттілік жасырын болады. Адам қысылып-қымтырыла тұра бұл күй немен байланысты екененіне өз-өзіне есеп бере алмауы мүмкін.

Мотив қажеттіліктің пәні болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік нақтылана түседі, субъектке түсінікті болады. Қажеттілік пен мотивтің пайда болысымен адамның жүріс-тұрысы шұғыл өзгереді. Егер бұрын жүріс-тұрыс бағытталмаған болса, онда мотивтің пайда болысымен ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені мотив - әрекеттің пайда болу себепшісі. Әдетте бір мақсат үшін адам бірнеше әрекеттер жасайды. Бір мотивке негізделген осы әрекеттердің жиынтығы іс-әрекет деп аталады, дәлірек айтсақ, ерекше іс-әрекет немесе іс-әрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теория құрылымындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол ерекше іс-әрекет деңгейі.

Іс-әрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез-келген ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірісі әрдайым жетекші, ал екіншісі –тұрлаусызболады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталандыру-мотиві болып келеді.

Мотивтер мақсаттың қалыптасуымен әрекеттерді түғызады. Біз атап кеткендей, мақсат әрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзі екі үлкен классқа бөлуге болады: іс-әрекеттің саналы және санасыз мотивтері. Мысалы, саналы мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға болады. Бұл мақсат-мотивтер. Бұндай мотивтердің болуы үлкен адамдардың көпшілігіне тән. Келесі классқа мотивтердің көпшілігі жатады. Белгілі жасқа дейін кез-келген мотивтер санасыз болып келетін айта кету керек.

Санасыз (бейсаналы) мотивтер санада ерекше формада көрінеді. Олардың формасы екеу: эмоциялар және тұлғалық мағына.

Іс-әрекет теориясында эмоциялар іс-әрекет нәтижесінің мотивке деген қатынасының бейнесі ретінде сипатталады. Мотив жағынан алғанда іс-әрекет сәтті өтіп жатса, оң эмоциялар пайда болады, ал егер сәтсіз өтіп жатса – теріс болады. Адам күйін басқаратын эмоциялар туралы А.Н.Леонтьев ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар бұл туралы З.Фрейд, У.Кэннон, У.Джемс, Г.Ланге тәрізді ғалымдар жазған болатын.

Тұлғалық мағына – мотивтердің санада көрінуінің басқа формасы. Дәл осы жетекші мотивте мағына құраушы функция бар екенін айта кету керек. Ынталандыру-мотиві мағына құраушы функция қызметін атқармайды, тек қана қосымша қоздырушы қызметін атқарып, эмоцияны тудырады.

Іс-әрекеттің мотивация проблемасымен кем дегенде екі маңызды мәселе байланысты. Ол, біріншіден, мотив пен тұлға байланысы, екіншіден, мотивтердің даму механизмдері туралы мәселе. Бірінші мәселеге тоқтала кетейік.

Тұлға туралы оның іс-әрекеті бойынша және жүріс-тұрысы бойынша қорытынды жасай алатынымыз бізге мәлім. Бірақ біз айқындағанымыздай, адам іс-әрекеті мотивтерге тәуелді. Адамның мотивтер жүйесінің иерархиялық құрылымы бар. Әр түрлі адамдарда бұл құрылым әр түрлі болып келеді. Бір жағдайда адамда тек бір ғана жетекші, маңызды мотив болады. Басқа жағдайда бір, екі немесе одан да көп жетекші мотивтер болуы ықтимал. Жетекші мотивтер негізі бойынша айырылып қоймай, сонымен қатар олардың әр түрлі күші болады. Мотивтер жүйесінде қандай мотивтер ірге ретінде қолданылатыны тұлғаның сипаттамасы үшін аса маңызды. Ол тек қана бір өзімшілдік мотив немесе альтруистік бағыт алған мотивтердің жүйесі т.б. болуы мүмкін.

Енді жаңа мотивтер қалай пайда болатынына тоқтала кетейік. Іс-әрекетті талдау кезінде жалғыз жол – қажеттіліктен мотивке қарай, содан соң мақсатқа және іс-әрекетке. Шынай өмірде әрдайым кері процесс жүреді, іс-әрекет барысында жаңа мотивтер мен қажеттіліктер қалыптасады. Іс-әрекет іске асқан кезде қажеттіліктер шеңбері ұлғаяды. Қазіргі психологиялық ғылымда мотивтердің қалыптасу механизмдері толық зерттелмеген. Іс-әрекеттің психологиялық теориясында бір механизм жете зерттелген – ол мотивтің мақсатқа жылжу механизмі (мақсаттың мотивке айналу механизмі).

Жоғарыда айтылғандардан мотивтердің қалыптасу механизмінің сипаттамасынан психиканың дамуы жөнінде аса маңызды қорытынды шығаруға болады. Мотив тұлғаның жекелігін қылптастырады, өйткені адам туралы пікір айту үшін оның іс-әрекетінің нәтижесіне көңіл аударуы қажет. Осыдан біз іс-әрекет тұлғаның қалыптсауына әсер етеді деген қорытындыға келеміз. Осылайша, адам айналысатын іс-әрекет түрі оның болашақ дамуын болжайды. Бұл жерде біз диалектикалық материализмге тірелеміз.

Іс-әрекеттің тағы да бір аспектісі бар, іс-әрекеттің психологиялық теориясы ондаған жылдар бойы Кеңес психологиясында жетекші болғанының себепшісі дәл осы аспект. Осы уақытқа дейін біз тек қана сыртқы бақылаушыға көрінетін практикалық іс-әрекетті сөз етіп келдік. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрі бар, ол – ішкі іс-әрекет. Ішкі іс-әрекеттің функциялары неден тұрады? Ішкі әрекеттер сыртқы әрекеттерді дайындайды. Олар адам әрекеттерін үнемдеуге көмектеседі. Бәрінен бұрын олар қателіктер жасамауға мүмкіндік туғызады.

Ішкі іс-әрекет екі негізгі қасиеттермен сипатталады. Біріншіден, ішкі іс-әрекеттің құрылымы сыртқы іс-әрекет құрылымымен бірдей. Олардың айырмашылығы тек өту формасында ғана. Ішкі іс-әрекет пен сыртқы іс-әрекет арасындағы айырмашылық – ішкі іс-әрекет қимылдары шынайы заттармен емес, олардың бейнелерімен жүзеге асады.

Екіншіден, ішкі іс-әрекет сыртқыдан интериоризация процесі жолымен пайда болды.

Іс-әрекет теориясының авторлары ішкі іс-әрекет арқылы сана проблемасы мен психикалық процестердің талдауы деген мәселелерге тоұталды. Іс-әрекет теориясының авторларының ойы бойынша психикалық процестерді іс-әрекет позициясынан талдауға болады, өйткені кез-келген психикалық процесс белгілі мақсатпен жүзеге асып, өзінің операциялық-техникалық жүйесі болады.

Қорытынды ретінде іс-әрекеттің психологиялық теориясының методологиялық маңызына тоқтала кетейік. Кеңес психологтардың ғылыми жұмыстары мен зерттеулерінің көпшілігі іс-әрекеттің подход

принципіне негізделеді. Мұнда адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып адам іс-әрекетінің психикалық аспектілері немесе іс-әрекеттің заңдылықтары зерттеледі.

Осылайша, біз бірнеше қорытынды жасай аламыз. Біріншіден, адамның психикасы мен іс-әрекеті өзара байланысты, сондықтан психиканы зерттеу және оның заңдылықтарын тұжырымдау іс-әрекет принциптеріне негізделеді. Екіншіден, адам айналысатын іс-әрекет оның өмірлік құндылықтары мен мотивтерінің дамуын және субъектің жалпы бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да іс-әрекеттің еркше түрлері адамның психикалық дамуының заңдылықтарына әсер етеді.