Естiң негiзгi процестерi мен механизмдерi

Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Жаңа бiлiмдердi алуда және iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiне ие болуда ол орын алады. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Бiр экспериментте адамдарға карточкалар берiлдi. Ол жерде сүреттер мен сандар болған. Бiрiншi зерттелiнүшiлiрге сол сүреттерде заттарды танысын деп тапсырма бердi, ал екiншiлерге сандарға қарап карточкаларды реттерiмен қойсын деген. Тапсырма бiткеннен кейi, карточкадағыны есiңiзге түсiрiңiзшi дегенде, бiрiншiлер тек сүреттердi, екiншiлер сандарды ғана түсiрiптi. Осыған орай, еске қалдыру әрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен және тәсiлдерменен айқындалынып отырады. Бұл есте қалдырудың таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан көшiргеннен және болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi әсерлердi, бiлiмдердi және мәлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар қажет:

· Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

· Есте қалдырудың қоғамдық, эксперименталдық мәнiнiң адам қажетiне байланысты болуы;

· Есте қалдыруды жоспарлап, iшiндегi ой түiндiлердiң мәнiн ашу, бiрiн бiрiмен байланыстыру;

· Мән-мағыналарды түсiну үшiн ойлау құбылысы мен ұштастыру;

 

· Қабылдаған нәрселердi өз сөзiмен құрастыру және өз ұғымдарыменен байланыстыру;

Сапалы түрде қайталау. Мысалы, керектi мәлiметтi жаттағаннан кейiн, сақтау үшiн 40 минуттан кейiн тағы қайталау керек. Өйiткенi бiр сағаттан кейiн есте оқылған мәлiметтiң 50% ғана қалады екен. Содан, бiрiншi күнi 2-3 рет, екiншi күнi 1-2 рет, 3-7 күннен кейiн бiр рет қайталаса, бiрiншi күнi 100 рет қайталағаннан да артық болады екен.

Мұндай талаптарды орындау адамның есте сақтауын дамытып отыруына ықпалын көрсетедi. Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды. Солардың кейбiреулерi тақырыптың соңында берiледi.

Есте сақтаудың ерекшелiктерi болады. Психологтардың зерттеулерi бойынша мәлiметтiң басындағысы мен аяқталғандағысы есте жақсы сақталады екен. Сол үшiн маңызды және керектi нәрселердi жақсы есте қалдыру үшiн, мысалы, баяндаманың басына немесе соңына қою керек.

өзақ мерзiмдi есте сақталған мәлiметтердi қайта санаға келтiрудi қайта жаңғырту дейдi. Ол ерiктi және ерiксiз бола алады. Ерiксiз қайта жаңғырту дегенiмiз – мақсатсыз өзiмен өзi есiне түсұдi айтады. Арнайы қайта жаңғыртуда белгiлi мақсат болады және ерiк-күш жұмсалынып, арнайы әдiс-тәсiлдер қолданады. Қайта жаңғыртудың iшiнде тануды мен есте қайта елестетудi ажыратады.

Тануестiң бұрын қабылдағандарға кезiккенде көрiнетiн қайта жаңғыртудағы қарапайым түрi. Тану ұқсатумен байланысты болады. Мысалы, бiр нәрсенi есiне түсiргiсi келгенде, басқаларға ұқсатып барып есiне түсiредi. Тану айқын, айқын емес, толық,толық емес болады.

Есте қайта елестету- бейне түрiнде жаңғыртуда айтамыз. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазiр жоқ көрiнiстiң бейнесi еске түседi. Соған орай қабылданған нәрсенiң бейнесi елестейдi. Бұл елестетулердi сөз айтып та, пiкiрлем мен ой қорытындылары арқылы тудыруға болады және олар белгiлi уақытқа және белгiлi жерге байланысты болады. Елестер қайта жаңғырғанды, бiз қашан, қай жергде, қай кезде екенiн де есiмiзге түсiремiз.

өмыту.Кезiнде еспен айналысқан психолог А.Р.Лурия өзiнiң ''Үлкен естiң кiшкентай кiтабы'' деген жұмысында феноменальдi естiң иесi С.В.Шерешевский туралы әңгiмелейдi. Сонда ол кiсi 50-100 саннан түратын қатарларды және сөздердi еске сақтай алатын екен. Қалаларда сол қабылетiн елге көрсетiп сахынаға шығатын. Бiрақ оның кемшiлiгi, еске сақтағанды ұмыта алмайды екен. Бұл әрекеттке ол әдеi үйренүге мәжбүр болды. Сонымен, еске сақталғандардың кей бiреүлерi жақсы сақталады, кейбiреүлерi оңай ұмытылады.

өмытудегенiмiз - қабылдағанды, еске қалдырғандарды қажет болғанда еске түсiре алмау, танымау немесе еске түсiру мен танудың қателесiп жаңылысуы. Сонда миға келген мәлiметтiң барлығын есте сақтай бермей, керегiн қалдырып, маңызы жоғын ұмытамыз. З.Фрейдтiң айтуы бойынша, адамның атына кiр келтiретiн, адамгершiлiкке қарсы тұрған, ар-намысқа сәйкес келмейтiн өткен уақиғалар ұмытылады екен. Олар әр кезде мазасыздану немесе адам жанына ауырлық әкеледi де адам есiнен ығыстырылады екен.

өмытудың себептерiн көбiнесе жүйке қызметiнiң қүйлерiне және мәлiметтiң эмоцианалдылығымен байланыстырады. Мысалы, көп жұмыс iстеп шаршағанда, көп уақыт үйықтай алмағанда немесе ауырғанда, адам өте ұмытшақ болады. Қартайғанда да адам жүйесiнiң нашарлауна орай, склероз деген ұмытшақтың аурыу дамуы мүңкiн.

Бiрақ ұмыту дегенiмiз ол тек қана еске сақтаудың нашарлауы емес. Егер мұғалiм сабақты түсiндiргенде оқытушының берiлген бiлiмге қызығуы болмаса, бала көбiсiн ұмытып кетедi. Өйiткенi эмоцияға байланысқан мәлiметтер жақсы сақталады және қайта жаңғыртылынады. Бұның табиғи себебi болады. Эмоция тәнмен тығыз байланысты болғанымен, ми адамға керектiсiн қана сақтап отырады, басқасын ұмытуға жiбередi. Агата Кристи айтқанындай: ''Сенсациялар тез құрап қетедi, қорқыныш болса ұзаққа қалады''.

Әр түрлi травмалар немесе ауралар естiң бұзулуына әкелүi мүңкiн. Сол кезде естiң жоғалуын – амнезиядейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бiрақ өшкен, ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны – реминисценсиядейдi. өмыту – жүйке клеткаларындағы тежелеу процестерiнiң дамуы. Осыған орай, уахытша ұмытуды сақтық тежеу дейдi. Адамның бұрынғы iс-әрекетi қазiргi есте сақтау жұмысына бөгет болып ұмытуға әкелсе, оны проактивтiк(тежелеу ''алдын ала әрекет ету'') дейдi. Ал кейiнгi iс-әрекеттiң бұрыннан есiнде сақталғандарына керi әсер етсе, ретроактивтiтежелеу (''артқа қарай әрекет ету'') дейдi. Мұндай ұмытудың көрiнiстерi бiр-бiрiне жақын материалдарды үйренуде жиi кездеседi. Оқу жұмысында, сабақ кестесiн жасауда осы мәселенi ескеру қажет.