Түйсiктердiң жiктелуi

В. Вундтың энергетикалық жiктеуi.1898 жылы В. Вундпен рецепторлардың адекватты тiтiркендiргiштердiң энергиясынан тәуелдiлiк бойынша классификациясы ұсынылды. Ол механикалық, химиялық және жарықтық сезгiштiктi қабылдауға арналған рецепторлардың келесi үш типiн бөлiп шығарды:

1) механорецепторлар ткандердiң деформациясының, жиырылуының немесе жылжуының механикалық энергиясын қабылдайды. Олар бүкiл дененiң бетiнде және iшiнде орналасқан: терiде, бұлшықетте, сiңiрлерде, тамыр қабырғаларында т.с.с. Механорецепторлардың сан-алуан түрлерi белгiлi. Жоғарғы дамыған механорецепторларға iшкi құлақта орналасқан, ұзындығы 0,03-0,04 мм. қылдық клеткалар жатады. Олардың бiр түрi дененiң жылдам қозғалыстарын және салмақ күшiнiң бағытын тiркеуге арналған, ал екiншiсi ауаның толқуын тiркеуге арналған.

2) хеморецепторлар – рецепторлардың анағұрлым ежелгi тобы. Химиялық заттарға сезгiштiк бiрклеткалық организмдерде де болады. Жоғары дамыған сезгiштiк насекомдардың хеморецепциясына тән. Олардың кейбiр түрi аналықтарын екi километр қашықтықта тауып ала алады. Балықтардың хеморецепторлары терiде орналасқан. Құрлықтағы жануарларда олар тұмсықтық және ауыздық қуыста орналасқан. Хеморецепторлардың кейбiр ерекше түрлерi iшкi мүшелерде де кездеседi.

3) фоторецепторлар жарықтық энергияны қабылдайды. Жарықтық тiтiркендiргiштерге сезгiштiк филогенезде прогрессивтi түрде дамыған. Оның эволюциясы көру мүшесi – көздiң өзгеруiмен байланысты болды. Көздiң жетiлуi iшекқуыстылардың жарық сезгiш пластиналарынан бастап, насекомдардың күрделi фасеталық көздерiне дейiн, одан әрi қарай омыртқалардың камералық көзiне дейiн жүзеге асты. Соңғысы екi-ақ фоторецептордан тұрады – таяқшалар мен шақшалар. Олардың әрқайсысы жарықты қабылдауда өзiнiң арнайы қызметiн атқарады. Едәуiр күрделi әрi жоғары дамыған жарықсезгiш клеткалар – ол шақшалар. Олар күндiзгi көру қызметiн ақарады және объектiнiң анағұрлым жiтi әрi дәл қабылдануын қамтамасыз етедi. Таяқшалар көру қабығының (фовеаның) шетiнде орналасып, ымырттық көрудi қамтамасыз етедi.

×. Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi. 1906 жылы ағылшын физиологы ×. Шерингтонмен организмде орналасуы мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық процестердiң жiктеуi шығарылды. Ол сезгiштiктiң үш тобын бөлiп көрсеттi: интероцепция, экстероцепция және проприоцепция.

1) Экстероцептивтi деп сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiктi айтады. Ол бес негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және реттеушi қызмет атқарады. Объектiнiң рецепторға әсерi бойынша экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi: контакттық және дистакттық. Контакттық рецепторлар, дистанттыққа қарағанда, филогенезде ертерек қалыптасқан. Оларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады. Дистанттыққа көру, есту, иiс сезу рецепторлары кiредi. Бұлар құрылымы мен функциялары жағынан күрделi қызмет атқарады.

2) Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды.Проприоцептивтiк түйсiктер, экстероцептивтiкпен салыстырғанда, жақсы байқалмайды. Проприоцепцияның негiзiнде пайда болатын дене бөлiктерiнiң бiрыңғай орналасуын дене схемасы деп атайды. Әсiресе, эфференттiк бұйрықтарды атқаруда проприоцепциядан келетiн дене схемасы жөнiндегi ақпаратты пайдалану маңызды. Себебi, оларды ескерудiң негiзiнде ғана дененi дұрыс қозғалтуға болады. Сондықтан, мидан келетiн сигнал дұрыс орындалу үшiн перифериялық эфференттiк мүшенiң күйiн, қалпын ескерген дұрыс.

4) Интероцептивтi – организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар қатарына механо- және хеморецепторлар кiредi. Олар барлық iшкi мүшелерде кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т.б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан тыс жүзеге асады. Органикалық түйсiктер пайда болғанымен, тек диффуздық түрде организмнiң жалпы күйiн комфорт немесе дискомфорт, қысылу немесе босаңсу, мазасыздық немесе тыныштық түрiндегi көбiнесе эмоционалдық боялған күйiн бейнелейдi. И.М. Сеченов оларды ңқараңғы сезiмдерң деп атаған.

Интероцептивтi қызмет тек 1930-шы жылдардан кейiн ғана, Кеннонмен гомеостазис ұғымы ашылғаннан кейiн ғана едәуiр толық түсiнiктi болды. Организмнiң iшкi тепе-теңдiк күйi немесе гомеостазис өмiр сүрудiң қажеттi шарты болып табылады.

Сенсорлық процестердiң эволюциялық жiктеуiн 1920 жылы ағылшын неврологы Х. Хед ұсынды. Ол сезгiштiктiң екi түрiн бөлiп, ажыратты: эпикритикалық және протопатикалық.

1) Эпикритикалық сезгiштiк анағұрлым жас әрi жетiлген болып табылады. Ол объектiнiң кеңiстiктегi орналасуын дәл табады және ол жөнiнде объективтi мағлұматтар бередi. Мысалы, сипап сезу жанасу орнын дәл анықтай алады, ал есту – дыбыс шыққан бағытты анықтай алады. Эпикритикалық сезгiштiкке жататындар: көру, есту, сипап сезу (жартылай).

1) Протопатикалық сезгiштiк едәуiр ежелгi болып табылады және сыртқы кеңiстiкте де, дене кеңiстiгiнде де объекттiң дәл локализациясын бере алмайды. Олар әрқашан аффективтi боялған болып табылады және көбiнесе объективтi процестердi емес, ал субъективтi күйлердi бiлдiредi. Оларға жататындар: дәм сезу, иiс сезу, сипап сезу (жартылай).

Экстероцептивтiң негiзгi бес түрiнiң iшiнде сезгiштiктiң эпикритикалық және протопатикалық компоненттерi әр түрлi арақатынаста кездеседi. Бұл келесi схемада көрсетiлген: