Экспериментальды - психологиялық зерттеу

 

Экспериментальды-психологиялық, немесе патопсихологиялық зерттеулер психикалық патологияның сипаты мен мөлшерін негіздеу мақсатында қолданылады, сонымен қатар оның компенсациясына мүмкіндіктерді анықтау болып табылады. Психиатриядағы экспериментальды-психологиялық зерттеу клиникалық психопатологиялық зерттеулердің жалғасы болып табылады, яғни оның жауапты кезендерінде, диагностикада, дифференциалды диагностикада және клиникалық сұрақтарды шешуде, әлеуметтік еңбекті бастағандағы емнің нәтижелілігін бағалауда және реабилитациялық жоспарлауда, экспертизалар және мамандық сараптауда маңызы зор.

Психологиялық тесттер тұрғындарды жаппай тексергенде, соның ішінде психикалық ауруларға бейім контингенттерді анықтауда қолданылады. Артынан мұндай науқастар клиникалық психиатрда сауықтыру және аурудың алдын алу шараларын жүргізу үшін қаралып, тексеріледі. Тұрғындарды зерттеу кезінде басқа да сұрақтар шешіледі, мысалы, нақты ауданға қажет мамандандырылған көмектің мөлшері. Тестілеу алынған көрсеткіштерді математикалық өндеуге, бұл үшін заманауи техниканы қолдануға және бұл жұмыс бойынша ғылыми негізделген нұсқаулар беруге мүмкіндік береді.

Жеке адамның типологияық және негізгі индивидуальды ерекшелігін анықтауға көмектесетін психикалық қызметтің барлық сферасын зерттеу үшін көптеген тесттер құрылған. Патопсихологиялық лабораторияларда жасалатын ондай зерттеулер өте қиын және көп уақыт алады. Экспериментальды психологиялық зерттеудің салыстырмалы түрде қарапайым әдісін дәрігер-психиатрлардың басым бөлігі игерген, науқасты клиникалық зерттеуді тереңдете түсу мақсатында қолданады және бұл мәліметтерді психикалық статусты суреттеу кезінде ауру тарихына енгізеді. Қандай жағдай болса да науқастың жағдайы жөнінде шешуші сөз клиницист еншісінде, патологиялық тест қорытындысы кез-келген лабораториялық көрсеткіштер тәрізді тек қосымша көмек ретінде қолданылады. Қарапайым үрдістерді – назар, қажу, есте сақтауды зерттеу үшін бірнеше әдістер қолданады.

Корректуралық сынама. Типографиялық бланкте басылған, аз ғана текстті науқасқа беріп, 10, 5 не 3 минут ішінде белгілі ретпен текстегі К және Р әріптерін сызып тастауын сұраймыз. Науқастың қорытындысын текстке арналған арнайы жауаппен салыстырып аурудың нақтылығы мен әрекет жылдамдылығын есептейміз. Маниакальды жағдайдағы науқас жұмысты өте тез жасайды, бірақ көп қате жібереді, ал депрессиямен науқас өте баяу жасайды. Психикасы сау жас адам 10 минут ішінде 10-15 – ке дейін, мидың қантамырлық және органикалық патологиясы бар науқас 40 – 60 қате жібереді. Жұмыс қабілеті төмендегенде минуттарға шаққанда қателер бір қалыпты болады, ал шаршаған кезде қателердің саны зерттеудің соңында көбейеді.

Крепелин бойынша санау. Науқасқа типографиялық бланк береді, ол одан ұзын қатар жасап орналасқан сандарды көреді. Белгілі бір уақытта зерттелуші сандарды жіктеп, нәтижелерін жазып отыруы керек. Науқастың ісі бойынша оның жылдамдығын және жұмысының нақтылығын, жұмыс қабілетінің ауытқуын, қажу сатысын анықтайды.

Санау әдісі. Науқастан мысалы 100-ден немесе 200-ден 7, 17, 13 немесе басқа санды алуын сұрап қалдығын анықтатады.

Шульте таблицасынан санды іздеу. 5 таблицада шашылып орналасқан 1-ден 25-ке дейін сандарды дауыстап айтып көрсету керек. Қажудың жоғары деңгейінде бір таблицаға кететін уақыт аз болады. Церебральды атеросклерозбен ауыратындар тапсырманы жиі тоқтап, ал эпилепсиямен ауыратындар баяу темппен орындайды.

10 сөзді жаттау. Науқасқа бірнеше рет қайталап (5 ретке дейін) 10 сөзді жаттатамыз. 50-60 минуттан кейін науқастан дайындықсыз түрде жаңағы сөздерді қайталауын сұраймыз. Науқастың есінде қалған ақпарат бекітіледі: қызмет нәтижесі графикалық, еске сақтау қисық сызығы түрінде көрсетіледі. Қалыпты жағдайда ақпараттың есте сақталуы қайталаған сайын көбейеді, ал жоғары қажуда, естің бұзылуында ол біртіндеп азаяды немесе бір қалыпта қалуы мүмкін. Тұрақсыз назар әсерінен қисық сызық «зигзаг» тәрізді болады.

Келесі тест топтары ойлау мен интеллект мүмкіндіктерін зерттеуде қолданылады.

Әңгімені еске түсіру. Мәтінді түсіну мен есте сақтауды, ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек. Алдын-ала терілген текст-мысалды, қысқа әңгімелерді науқасқа тыңдауын немесе өзі оқып шығуын өтінеді. Одан кейін ол текстінің мазмұнын ауызша не жазбаша түрде жеткізуі керек. Солай тексттің құрылымы мен күрделілігіне қарай тапсырманың қиындық дәрежесін өзгертуге болады.

Сюжетті суреттерді түсіндіру. Науқастан суретте не салынғандығын сұрайды. Зерттеу үшін әр түрлі сюжетті суреттерді пайдаланады. Зерттеу кезінде науқастың ой жинақылығы, негізгіні бөле білетіндігі, эмоционалды қызығушылық дәрежесі анықталады. Олигофрения кезінде суреттің сюжетін түсіну өте қиынға соғады, аурулар мимиканы нашар түсінеді, жалпы қимылды, адамдар арасындағы қатынастарды, суреттегілерді бағалай алмайды. Эпилепсиямен науқастар бөлшектерді, заттарды дұрыс бағалау үшін ұзақ жолмен түсіндіреді; шизофренияда суретті сандырақ оймен жеткізу жиі бақыланады. Ақыл кемдігімен науқастардың суретті түсінуі өте қиын.

Қиялдау қабілетін зерттеу үшін прожективті Роршах әдісі қолданылады. Науқасқа сиялы дағы бар қағазды көрсетіп, онда не салынғандығын сұрайды. Зерттелушінің жеке басының ерекшеліктерін мінездейтін ақ-қара және түсті суретті Роршах таблицасының стандартты жинағы бар.

Оқиғаның реттілігі. Айтылатын оқиғаны науқас ретімен суреттеуі керек. Бұл мақсатта сюжетті суреттер сериялары (3-6) балалар үшін, Бидструп карикатуралары сериясы («Үйде және жұмыста», «Жыл өтті», «Кім жұмыс жасады және кім шаршады», «Көру алданышы» т.б.) қолданылады.

Жіктеу. Адамдардың, жануарлардың және басқа заттардың бейнесі салынған 70 суретті науқасқа беріп, түрі бойынша жеке-жеке жіктеуді сұрайды. Психикалық сау адам киімді, жеміс-жидекті, аңдарды, үй жануарларын т.б бөлек жіктей алады. Келесі этапта топтарды азайтамыз. Қалыпты жағдайда 3 топ бар: тірі жандар, өсімдіктер, өлі жандар. Абстрактылау үрдісіне талап жоғарылағанда, әсіресе екінші этапта ақыл кемдігімен науқастардың жіктеу қабілеті күрт төмендейді. Эпилепсиямен науқастардың детализацияға бейімділігіне байланысты олар көп мөлшерде ұсақ топтар құрады. Орман құстары мен ұй құстары, кеселер мен басқа ыдыстар және т.с.с. ажыратады. Шизофрения кезінде науқас ойы қилы жоспарлы болып келеді, олар топтарды бөлгенде әр түрлі принципке негізделеді; мысалы, ол ыдыс-аяқты, адамдарды, транспортты бөледі, артынан көк және қара түсті заттарды, темір мен ағаш заттарды жіктейді.

Артық затты анықтау. 4 зат салынған суретті науқасқа көрсетеді. Қалған үшеуіне сәйкес келмейтін бір суретті алып тастауға өтініш жасалады, содан кейін қалған үш зат қандай топқа жататыны сұралады. Алаңдату мен абстракция қасиеттері зерттеледі.

Маңызды белгілер. Ірі шрифтпен басылған сөзге сәйкес ұсақ шрифтпен басылған 5 сөз ішінен 2 сөзді таңдауды сұрайды. Бұл 2 сөз заттың қасиетін көрсетуі керек.

Түсінікті анықтау. Бірнеше сөздерді айтып, оларды түсіндіріп беруді сұрайды.

Түсінікті салыстыру. Науқасқа бірнеше жұп сөздерді айтып түсіндіреді: жаңбыр және қар, жалған немесе қате т.б. Бұл сөздерді не байланыстыратынын және не ажырататынын айту керек.

Мақал-мәтелдер мен метафоралардың мағынасын ашу. Науқас өзіне берілген мақал-мәтелдердің және метафоралардың мағынасын айтып, осы мағынаға сәйкес қағазда жазылған фразаларды таңдауы керек.

Ассоциацияларды зерттеу үшін алпыс сөз (кез-келген, ойға түскен), бос ассоциациялар (зерттелуші сынақ жасаушының айтқандарына жауап ретінде кез-келген сөзді айтады), қарама-қайшылықтар (сөздер қатары беріледі, осы сөздерге қарсы мағыналы сөздерді таңдау керек) әдісі қолданылады. Бұл мақсатта пиктограмма да қолданылады: науқас ұсынылған сөздер мен мысылдарды есіне сақтау үшін кез-келген суреттемелер жасауы керек, бір сағаттан кейін жасалған суреттерге байланысты еске сақтауға берген мәліметтерді сұрайды.

Үшінші топқа науқастың іс-әрекетке эмоционалды көзқарасы және оның зерттеу нәтижесіне әсерін нақтырақ анықтауға мүмкіндік беретін әдістер жатады.

Бұл топқа мысалы, «Линк кубы» әдісі жатады. Сынақталушының құруы қажет куб 27 ағаш 3х3см көлемді кубиктерден тұрады. Кубиктердің әрбір бетін бояу үшін үш түс қолданылады: қызыл, жасыл, сары. Линк кубын құлатып, зерттелушіге қайта құрауға беріп, оның әр беті бір түсте болуын сұрайды. Жасау үрдісінде шизофрениямен науқастардың эмоциональды топастығы, психопатиямен науқастардың дертті күйзелістерге еніп кеткендігі, аса шыдамсыздық, қозғыштығы айқындалады.

Әрбір науқасқа жеке зерттеу методикасын таңдау, оның біліміне, жасына, аурудың психикалық жағдайына байланысты.

Жалпы психиатрияда қолданылатын психологиялық әдістердің жоғырыда аталғаннан басқа арнайы мәселелерді шешуге арналған, терең дайындықты қажет ететін тесттер қолданылады. Осылайша, патофизиологиялық әдістер көмегімен мидың жергілікті патологиясын, қантамырлық аурулар кезіндегі сөйлеу, праксис және қабылдау бұзылысын зерттейді. Адамның ақыл-ойлық жасын анықтайтын (Бине әдісі) және жалпы интеллект деңгейін анықтайтын (Векслер әдісі) және басқа да қабілеттердің даму дәрежесін анықтайтын әдістер бар. Мұндай ақпарат әсіресе балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуының барысы мен жағдайын қадағалау үшін аса қажет.

Соңғы уақытта шекаралық психиатрияда адамның тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу, оның әлеуметтік ортаға бейімделуін зерттеу және психологиялық қорғанудың механизмін зерттеу кеңінен таралған. Бұндай әдістерге тұлғаны жан-жақты зерттеу (ТЖЗ), Роршах әдісі және басқалар жатады. Тұлғаны жан-жақты зерттеудің Роршах әдісінен айырмашалығы тұлғаны бағалауда математикалық талдау жүргізіп, табылған ауытқуларды бұрыннан белгілі стандарттармен салыстырамыз. Тұлғаны жан-жақты зерттеу әдісімен тұлғаның көзден жасырын акцентуациясын, психикалық дерт нәтижесіндегі патологиялық өзгерістерін және аномалиясын анықтауға, адамның психикалық бейімделуін зерттеуге болады. Бұл әдіс біздің елімізде көп жылдар бойы кеңінен қолданылуда, ол миннесоттық анкеталық тұлғалық тесттің орысша нұсқасы болып табылады.