Ор жинау: мәні және формалары. Инвестиция және оның түрлері.

Қор жинау өндірісті жаңартуға және дамытуға пайдалынатын қосымша өнімнің бір бөлігі болып табылады.

Қор жинау процесін кез келген ұлғаймалы ұдайы өндіріс заңы ретінде қарастыруға болады. Себебі, ұлттық табыстағы қор жинаудың үлесі өспей экономикалық өсуді қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Қор жинау бір субъектінің өндіріс құрал-жабдықтарына меншік иесінің қызметі болып табылады. Әкімшілік-әміршілік экономикада бұндай субъект ретінде мемлекет болды, ол қор жинау мақсатында қосымша өнімді жұмылдыру арқылы ел, аймақтар, салалар арасында қаржыны бір орталықтан бөліп отырды. Нарықтық экономикада қор жинау қызметін кәсіпкерлер, фермерлер немесе олардың өкілдері – менеджерлер, еңбек ұжымының кеңесі, акционерлік қоғамның басқару органы және т.б. атқарады .

Демек, қор жинау экономикалық категория ретінде қоғамдағы барлық шаруашылық субъектілер арасындағы қосымша өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы қатынастарды сипаттайды.

Нарықтық экономикада қор жинаудың мөлшері мен даму қарқыны кәсіпорын немесе фирма деңгейінде айқындалады және жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бұл сферада (кәсіпорын деңгейінде) қор жинау процесі ұсыныс және сұраныс, еркін бағалар, бәсеке арқылы реттеледі. Бірақ дүние жүзі тәжірибесі көрсетіп отырғандай мемлекет қор жинау процесіне қолайлы (тиісті) инвестициялық жағдай жасап отырады, яғни бюджет-салықтық, ақша–несие, инвестициялық–құрылымдық саясат арқылы. Сонымен қатар, мемлекеттің өзі қор жинау процесінде негізгі субъекті ретінде әрекет ете алады. Мысалы Адам Смиттің «көрінбейтін қолы» жетпейтін сфераларды (ғылым, әлеуметтік сфера және т.б. ) қамтиды.

Қор жинаудың негізгі көздеріне қосымша өнім мен халықтың жинақталған (жинақ) ақшалары жатады.

Қор жинаудың мөлшеріне және дамуына қоғамдық өндірістің тиімділігінің жиынтық факторлары әсер етеді.

Адамдар өздерінің қызмет көрсету мен тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті үнемі ұлғаймалы түрде дамытып отыруы қажет. Ол үшін олар табыстарының бір бөлігін өндірісті ұлғаймалы түрде дамытуға, яғни инвестиция түрінде пайдаланып отырады.

Инвестиция деп табыс алу үшін ел экономикасында жаңа өндіріс қуаттарын құру мақсатында күрделі қаржыны пайдалануды айтамыз. Инвестиция құрамына құрылыс–монтаждық жұмыстарды жүргізуге, машина және құралдарды сатып алуға жұмсалған барлық шығындар кіреді.

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, сондай–ақ одан ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары да тәуелді болады.

Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қаржымен қамтамасыз етеді. Жаңа құрылыстар салу, яғни жаңа жұмыс орындарын жасау инвестициялық процестерге байланысты болады.

Инвестицияның негізгі көзі ретінде халықтың жинақталған ақшалары, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындрдың жинағын (сбережения) қарастыруға болады. Бірақ біз бұл жерде мына жағдайды ескеруіміз керек, егер жинақ пен инвестициялау процестері сәйкес келмесе экономикадағы тепе-теңдік бұзылуы мүмкін.

Инвестициялар мына факторларға байланысты болады: біріншіден, пайда нормасынан немесе рентабельділіктен, екіншіден, пайыз мөлшерлемесі деңгейіен. Егер пайыз нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, онда кәсіпкер қаржысын осы салада жұмсамайды, ол процент нормасы төмен болғанда ғана жұмсайды. Үшіншіден, инвестиция сол елдегі салық салудың деңгейіне байланысты болады. Салық ставкасы жоғары болса инвестицияны ынталандырмайды. Төртіншіден, инвестиция процестеріне инфляция да әсер етеді.

Инвестициялардың келесі түрлерін атап өтуге болады:

1. Қаржы және нақты;

2. Тікелей және портфелдік;

Қаржылық инвестициялар – ол мемлекет және жеке меншік компаниялардың шығарған акция, облигация және басқа құнды қағаздарға салынған қаржылары. Қаржылық инвестиция көп жағдайда өндірістік емес капиталға салынады.

Нақты инвестициялар – ол материалдық-өндірістік запастарды өсіруге және негізгі капиталға салынатын қаржы.

Тікелей иевестицияларға шетел капиталының отандық экономика салған қаржылары жатады. Портфелдік инвестициялар– ол шетел кәсіпорындарының акцияларына, басқа елдердің облигациялары мен басқа құнды қағаздарына салынған капитал.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Кәсіпкерлік және оның түрлері.

2.Акционерлік қоғам және оның формалары.

3.Нарық экономикасындағы шағын, орташа және ірі фирмалардың ролі.

4.ҚР-ғы кәсіпкерліктің дамуы.

ТЕСТ

1)Меншiк құқықтарының жүйелік ерекшелiгi деген ненi бiлдiредi: