Жұқпалы аурулардың профилактикасы

Жұқпалы аурулар — жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Инфекция» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.Жұқпалы аурулардың басқа ауруларға қарағанда бірнеше ерекшіліктері бар:

- аурудың жұқпалылығы ( ауру адамнан немесе жануардан жұғады)

- арнайлығы (әрбір ауруды белгілі бір микроб туғызады)

- кезеңділігі ( әр аурудың қайталау кезеңі болады)

- мезгілділігі (тұмау және ЖРИВ аурулары күз-қысқы мезгілде, ЖІА, тамақтан улану жаз мезгілінде, гепатит күзде, ҚҚБ- көктем және күз мезгілінде т.б.)

- арнайы иммунитеттің қалыптасуы)


Ал енді бүгінгі біздің тақырыбымыз аса қауіпті жұқпалы аурулар туралы болғандықтан,осы ауруларға не жатады –туберкулез,ЖИТС,жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулар,алиментарлы жолмен берілетін инфекциялар,тұмау және ЖРВИ, вирусты гепатит, жедел ішек аурулары кіреді.

 

1.Туберкулез –эпидемиялық емес әлеуметтік маңызы бар, емделуі өте қиын, созылмалы аса қауіпті жұқпалы ауру. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, нашақорлар, маскүнемдер,үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың арасында да туберкулезге шалдығушы -лар саны артуда. Жоғарыда аталған адамдардан кейін олармен жақын қатынас -та болған адамдар — абақты қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік сауықтыру орталығындағы қызметкерлер және науқас адаммен бірге тұратын туған-туыс –тары ауырады.

Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады. Бірақ барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және салауатты өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналыс -ып) ұстанатын болса, онда адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол бермейді.

Туберкулез ауруын туғызатын факторлар, олар:

- әлеуметтік тұрмыстық жағдай

- құнарсыз тамақтану

- жоғары тыныс ауруларымен жиі науқастану

- жеке гигиеналық ережелерді сақтамау

- жанұяда аурудың болуы

Туберкулездің таралу жолдары-туберкулез қоздырғышы КоХ бацилласы көбінесе туберкулездің ашық асқынған түрімен ауыратын науқастар жөтел -генде,қақырғанда ауа тамшылары арқылы жұғады,кейде желмен ауаға көтеріліп тарайды.

Алдын алу шаралары:

- Салауатты өмір салтын ұстану,яғни спортпен айнналысу

- Тиімді және құнарлы тамақтану( ет,сүт және сүт өнімдері,балық,дәнді дақыл өнімдері,көкөністер,жемістер)

- Зиянды арақ-шараптарды және темекіні,есірткіні қолданудан бас тарту

- Қоршаған орта және жеке бас тазалығын сақтау

- Жеке гигиена құралдары мен ыдыстарды пайдалану

- Жылына екі рет рентгенді тексеруден өту

- Бала туылғаннан кейін міндетті түрде БЦЖ вакцинасын және ревакцинаны егу

- Аурулармен сөйлескенде сақтық шараларын сақтаңыз ( бөлмені жиі-жиі желдету, маска кию т.б.)

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы «Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні және соған орай туберкулездің алдын алу бойынша»№106 бұйрығына сәйкес, халыққа туберкулездің алдын алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттігі туралы ақпараттан -дыруды арттыру, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күресу» күнінежыл сайын арнайы топ құрылып, іс шара жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізіледі.

 

2.ЖИТС (жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы) немесе СПИД-жынысқа, жасқа қарамайтын аса қатерлі көп жағдайда өлімге соқтыра -тын жұқпалы вирустық ауру.

Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандыр- ылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық,облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары,диагно -стикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты — ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғары -да аталған ЖИТС орталықтары ұйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер ретінде жұмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар.
Олардың жұмыс бағыттары мынадай:

1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасында тұратын не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС вирусының жүққан-жұқпағандығын анықтау үшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) өтуі тиіс.ЖИТС-пен ауырған
не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығар -ылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау адамдардың залалдануына себепкер болушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

 

Бұл ауруды туғызатын факторлар мен таралу жолдары,ол:

- Адамның иммунды тапшылық вирусы адам ағзасына еніп,адамның ауруға қарсы күресу қабілетін зақымдайды.

- жыныстық қатынас арқылы таралады – (80 пайыз гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады).

- Медициналық монипулациядан- (ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдала -натын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын ине лерін олар тиісті зарарсызданудан өткізбейді

- Қан құю кезінде (Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастан -ғанда,әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді)

- операция жасағанда

- Анадан балаға жұғады(Ауырған немесе АИВ жүққан әйелдерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есеге артады).

- Нашақорлар мен жыныстық қатынасқа бей берекет қарайтын адамдар

Алдын алу шаралары:

- Науқас адамды уақытылы анықтау жұмысын кеңінен жүргізу

- Қауіпті топ адамдарды (нашақорлар,жезөкшелер,үйі-күйі жоқ азамат –тар,гомосексуалистер) тұрақты диспансерлік бақылауға алу және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу.

- салауатты өмір салтын насихаттау

- жар төсегіне деген адалдық

- нашақорлыққа қарсы күресті дұрыс жолға қою

- ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефон -дарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б.

- стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;

- әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;

- презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);

- қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);

- маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;

- ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну

 

3.Жедел респираторлық инфекцияның ішіндегі ең күрделілісі, ол тұмау ауруы.

Тұмау –бұл жедел респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі — ЖРВИ) тобына кіретін вирусы тудыратын ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиоло- гиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмаумен 2миллионға дейін адам ауырады.Тұмау вирусы барлық елдерде және құрлықтарда таралған. Жоғарғы тыныс жолдарына түскен кезде вирус жасушалардың қабықшаларын зақымдап, оның ішіне кіреді. Жасушалардың ішінде вирус тез көбейеді. Көбейген вирустар жоғарғы тыныс алу жолдарынан шыққаннан кейін жасушалар бұзылады. Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне баланысты асқынулар, сондай-ақ созылмалы аурулардың:жүрек-қан-тамырлық, өкпе, бронх тарапынан, қант диабеті және эндокриндік жүйенің басқа да ауруларының өршуі жатады. 2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулары бар және жасы үлкен адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді. Сондай-ақ, ерекше қауіптілік тобына жүкті әйелдер де жатады. ЖРВИ және тұмау жүкті әйелдердің иммунды жүйесін де, эндокриндік жүйесін де бұзуы мүмкін. Дүние-жүзілік денсаулық сақтау ұйымы сырқаттанушылықты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын жалғыз және тиімді іс-шара ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды.

Таралу жолдары:

- Ауру адамнан сау адамға ауа арқылы жөтелген,түшкірген,сөйлеген кезде жұғады

- Бет орамал,сүлгі,киіс арқылыда берілуі мүмкін

Аурудың дамуына ықпал ететін факторлар:

- Суыққа тоңу

- құнарлы тамақтанбау

- әртүрлі күйзелістер

- қосымша аурулар-қан аздық,мешел т.б.

Алдын алу шаралары:

- Тұмауға қарсы вакцинация қолдану

- Ауру адаммен қатынаспау

- Маска кию,оны әрбір 2-3 сағатта ауыстырып отыру

- Салауатты өмір салтын ұстану-таза ауада серуендеу,спортпен айналысу,

- Желдеткіштерді ашып бөлмелерді тазалап тұру

- Құрамында С витамині бар тамақ түрлерін молынан қолдану

- Сарымсақ пен пияздарды көбірек қолдану

 

 

4.Жедел ішек аурулары-дизентерия,сальмоннеллез, тырысқақ т.б. халық арасында жиі кездесетін ауру,әсіресе жаз мезгілінде, олардың таралу жолдары:

- лас сумен

- нәжіспен

- микробтармен залалданған тамақпен

- лас ыдыспен,іш киіммен,ойыншықтармен, тұрмыстық заттармен,шыбынмен

- аурумен қатынаста болған кезде

Алдын алу шаралары:

- Науқасты оқшаулау

- Туғаннан кейін сәбилерді ең кемінде 5- 6 ай емшекпен емізу керек

- Жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау

- Өзендердің,ашық су көздерінен алынған суды ішуге, жуынуға,жеміс жидектерді жууға тиым салынады

- Суды қайнатып ішу

- Салауатты өмір салтын сақтау

- Қарым қатынаста болған адамдарды бақылау ,лабораториялық тексеруден өткізу

- Ауру шығудың алдында базарларда, ірі сауда орындарында және халық арасында акция өткізу

 

5.Жыныс жолдары арқылы жұғатын ауруларға-мерез,соз,трихомоноз, хламидоз.кандидоз тағы басқа да аурулар жатады.Оның ішінде кең тарағаны мерез бен соз аурулары.

Мерез ауруы науқас пен сау адам арасындағы жыныстық қарым-қатынас арқылы жұғады.Сонымен қатар сүйісу кезінде науқас адам сілекейінен,дұрыс жуылмаған ыдыстан,жуынатын жөке ысқыштан да таралуы мүмкін.

Алдын алу шаралары:

- Бейтаныс адаммен кездейсоқ жыныстық қарым қатынасқа барудан аулақ болу керек.

- Егер бірнәрседен күдік алған жағдайда шұғыл түрде суға түсіп, басқа киім ауыстыру керек

- Сондай-ақ тез арада дәрі қабылдау керек

- Ең дұрысы,күдіктенсеңіз аурудың клиникалық белгілерін күтпей дәрігерге жедел түрде көрінген дұрыс

- Салауатты өмір салтын ұстану

Соз ауруы жыныс қатынасы арқылы жұғатын ауру.

Алдын алу шаралары:

- нәпсіні тыю

- кездейсоқ жыныс қатынасынан аулақ болу,немесе қапшық кию

- табиғи емес жыныстық қарым-қатынас әдепсідігінен аулақ болу

- мектептерде,оқу орындарында,жастар арасында дәрістер оқу,әңгімелер өткізу,

- жыныстық қарым-қатынас мәдениетін көтеру

- күдік туған жағдайда жедел түрде дәрігерге көріну

 

Вирустық гепатиттер

Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулы -ғына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашы -лығы бар, бірақ бәріне ортақ бір белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдал -уына және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. Бауырдың қабыну вирусы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша В гепатитімен науқастанғандардың саны 1 миллиардтан асады. Жағдайдың көкейтесті мәселе -лерінің бірі, ол науқас адамның еңбекке жарамды шағында, аурудың жас кезінде пайда болуы болып отыр, мемлекеттің экономикалық жағынан да зиян келуіне, қаражат және адам шығынына әкеліп соғатыны белгілі. С жіті гепатитімен ауырған науқастың ауруы созылмалы түрге ауысады.

Бауырдың қабыну вирусы халықаралық классификация бойынша 2 топқа бөлінеді:
1. Энтеральды топ –фекальдық жолмен жүретін әдеттегі ішек жұқпасы, оған А

вирустық гепатиті және Е вирустық гепатиті жатады:

2. Ас қорыту жолынан тыс тобы– әдеттегі қанталау инфекциясы – жұғу жол -дары – қан және де организімнің сұйық ортасы (сілекей,сперма, емшек сүті). Бұл топтың өкілдеріне – В вирустық гепатиті, С вирустық гепатиті, D вирустық гепатиті жатады.

Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттің А түрінің көп тараған өңірлердің біріне жатады, сырқаттану вирустық гепатитпен ауырудың барлық жағдайының 60 %-нан 90 %- на дейін жетеді.

А вирустық гепатиті берілу жолдары:
1) тұрмыстық – қарым-қатынас (отбасыларында және топтастырылған ұжымдарда);
2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық);
3) парентералдық – сирек.

4) ауру науқстан

А вирустық гепатиттің алдын алу шаралары:
1) елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
2) тұрмыстық-жанасу жолымен берілудің алдын алу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде және басқа оқу орындарында тиесілі санитарлық-гигиеналық жағдайды, ауызсу тәртібі мен жеке бас тазалығын сақтау үшін қарапайым шарттардың жасалуына (сабын, дәретхана қағазы) ерекше назар аудара отырып, қамтамасыз ету;
3) санитарлық-гигиеналық талаптарды және техникалық қызметкерлерге жүргізу жүктелген буфеттерді, асханаларды, сантораптарды, сыныптық бөлмелерді және рекреацияларды күнделікті жуып-жинау дұрыстығын сақтауды қамтамасыз ету;
4) оқушыларды мектептің үй-жайларын жуып-жинау үшін тартуға қатаң тыйым салу;
5)А вирусты гепатитінің өзіндік алдын алу — вакцинациялау.
Вакцинациялауға жататын контингенттер:
1) 2 жастағы балалар;
2) қарым-қатынаста болған күннен кейінгі алғашқы 2 аптада АВГ ошақтарында 14 жасқа дейінгі және оларды қоса алғанда қарым-қатынаста болған балалар;
3) ремиссия кезеңінде В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалар.
Вакцинациялау 6 ай аралықпен 2 рет жүргізіледі..
Ошақтардағы іс-шаралар:
1) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдар онымен қарым-қатынасты үзгеннен кейін 35 күн бойы апта сайын дәрігердің қарауымен (сауалнама, тері мен шырыштыларды тексеру, термометрия, бауырды қолмен зерттеу) медициналық бақылауға жатады.
2) Бақылау кезеңінде жаңадан балаларды қабылдау және қарым-қатынаста болған балаларды басқа топтарға, палаталарға немесе мекемелерге ауыстыруға тыйым салынады, ауру жағдайы тіркелген сынып үшін кабинетте оқыту жүйесі доғарылады. Бұрқ еткен сырқаттанушылық кезінде соңғы жағдай тіркелген күнінен бастап инкубациялық мезгілде мектеп бойынша кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады.
3) Сырқатпен қарым-қатынаста болған адамдарды клиникалық айғақтар болған жағдайда қанды биохимиялық анализдерге зертханалық тексеру дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
4) Сырқатты ұжымнан оқшаулағаннан кейін балалар бірге тамақтанған, болған және ұйықтаған қарым-қатынаста болған ұйықтаған жағдайда балабақшалар мен жабық типтегі балалар ұйымдарында қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.

Бауырдың қабынуының Е вирусымен ауырған жағдай біздің республикада тіркелмеген. Аурудың бұл түрі, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған, көбінесе Азия және Африка елдеріне тән.

Бауырдың қабыну вирусының В және С түрі әр түрлі жолдармен тарала -тын аурулардың қатарына жатады. Таралу жолдары :

- жыныс жолдарымен және гепатитпен ауырған адамның қанымен араласқан кезде.

- тіс емханасында,ауруханаларда,емханаларда медициналық манипулация жасау кезінде

- шаштаразда, пирсинг, татуировка ,педьюкер және моникьюр жасау кезінде

- операция барысында қан құю кезінде, жұқтырылған егу шприцін пайда –ланғанда

- сонымен қатар науқас ананың жүкті кезінде балаға жұғуы немесе туу кезінде жұқтырылуы болып табылады.

 

Алдын алу шаралары:

- В гепатитіне вакцинациялау тактикасы-балалар үшін егу үлгісі
(туғаннан кейінгі 12 сағат ішінде – өмірінің 2 айын -да – өмірінің 4 айында); туылған кезінде вакцинацияланбаған 1 жасқа дейінгі балалар үшін мынадай үлгі анықталған: 0-2-6 бірінші мен екінші егулердің аралығы 2 ай және екінші мен үшіншінің аралығы – 4 ай; 1 жастан асқан балалар мен ересектерге мынадай үлгі ұсынылған: 0-1-6 бірінші мен екінші егулердің аралығы 1 ай және екінші мен үшіншінің аралығы – 5 ай.
Мыналар вакциналарды енгізуге қарсы айғақтар болып саналады:
1) шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан кем;
2) препараттың құрамдас бөліктеріне сезгіштіктің артуымен байланыс -ты алдындағы дозаның күшті аллергиялық реакциясы Бұл ретте осы вакцинаның одан әрі қолданылуы доғарылады;
3) 38 градустан жоғары температурасымен немесе жалпы жай-күйдің айтарлықтай бұзылуларымен білінетін ауырлығы орташа және ауыр сырқаттар. Вакцинаны денсаулықтың қалыпқа келгенінен кейін 2-4 аптадан соң вакцинациялауға рұқсат етіледі;
4) жүктілік;
5) ауыр емес жіті респираторлық вирустық жұқпалар, ішек және басқа жіті жұқпалы аурулар. Вакцинаны аурудан айыққаннан кейін бірден вакцинациялауға болады.