Герметизация әдістері. Алдын-ала пломбалау

Окклюзионды беткей фиссуралары жүйесінің әр түрлі жағдайларына қарай герметизацияның әр түрлі нұсқаларын айтады (сур. 5.40).

Тісті герметикпен аппликациялауға дайындаудың 2 негізгі түрін ажыратады:

а) тіндерді толық сақтаумен – инвазивті емес герметизация (алдын-алу және терапиялық герметизациясы);

б) сау және зақымдалған тіндерді аз алып тастау - инвазивті герметизация (алдын-алу герметизациясы, алдын-ала пломбалау).

Инвазивті емес герметизация. Классикалық консервативті әдіс герметикпен мүмкіндігінше алдын-ала сыртқы қабаттардан кәсіби гигиена заттары көмегімен тазартылған, сау (кейде – пигменттелген) шұңқырлармен фиссуралар эмалі аймақтарын жабу.

Инвазивті емес герметизация мақсаты – фиссуралар өзегінде, фиссуралар тереңдігін толық толтыруға тырыспай физикалық тосқауыл жасау.

Инвазивті емес герметизация – тіс тіндерін толық сақтап немесе минимальды зақым келтіретін процедура. Инвазивті емес герметизация технологиясының бірнеше қадамы бар, манипуляциялар ауырсынусыз, сондықтан процедура науқастың (баланың) стоматологиялық кірісулерге бейімделуі үшін қолданылады. Тіс тіндері зақымданбағаннан, герметик жайылған жағдайда герметизацияға дейінгі жағдайдан нашар жағжайда болмайды. Процедура техникалық тұрғыдан оңай және науқасқа қауіпсіз, сондықтан орташа медициналық қызметкерлермен тіпті медициналық емес жұмысшылармен де орындалуы мүмкін (мұғалім). Осыған орай инвазивті емес герметизация топтық немесе тіпті коммунальды деңгейде орындала алатын арзан процедура болып табылады.

Сур. 5.40. Фиссуралар герметизациясының нұсқалары.

 

Инвазивті емес технологияның әлсіз жері – эмальды жұғындыдан және пелликуладан тазарту қасиеті әрқашан қанағаттанарлық болмайтыны, кондиционер мен силанттың эмальмен қатынасын қиындатып, силант ретенциясының мүмкіндігін төмендетеді. Кондиционер герметикпен ұштастыруға жеткілікті көлемді дайындау үшін жіңішке фиссураларға ене алмайды. Сонымен қатар эмальды қышқылмен өңдеу фиссуралардың беткейін жабатын эмальдың призмасыз зонасында жетістікке жетпеуі мүмкін. Осы техналогия бойынша фиссураларға енгізілген герметиктердің клиникалық сақталуы туралы мағлұматтар әр түрлі: көрсеткіштер бір жыл ішінде 20%-дан 15 жыл ішінде 70%- ға дейін барады.

Себебі инвазивті емес герметизация кезінде фиссуралар ревизиясы жүргізілмейді, эмаль мен дентиннің анықталмаған жасырын жегісін "жабуға" жоғары қауіп сақталады. Кейбір авторлар потенциальды тіс жегісінің герметизациясы пайдалы деп есептейді, себебі фиссуралардағы микроағзалардың 72% кондиционерден өледі, эмаль зонасында тірі қалған микроағзалардың 80% герметик астында бір апта болғаннан кейін өледі. Осылайша эмальдің тіс жегісі герметикпен концервіленген болады және клиникалық дәлелденген: инвазивті емес герметизацияға ұшыраған тістерде болашақта ақыры жегіні емдеуге тура келеді, бірақ "герметизацияланған" тістердің жегіленген зақымдану жиілігі, герметиксіз зақымданған тістерге қарағанда едәуір аз. Соңғы уақытта бұл процедура "терапиялық герметизация" деп аталады.

Шынайы қауіп дентиннің диагностикаланбаған жегісі; микроағзалар дентинді түтікшелерде "гүлденіп" және герметик астында ұлпаға қарай тіндерді бұзады. Өкінішке орай, азу тістердегі "кішкентай" қуыстардың 75%-ті дентинге жетеді және ол инвазивті емес герметизацияны қолдануын шектейді.

Осыған орай, инвазивті емес герметизация тіс жегісінің төмен қаупі бар балаларда (яғни, анықталаған жегіні жауып тастау мүмкіншілігі аз болған кезде) клиникалық сау тістердің ерте мерзімде жарып шыққаннан кейін клиникалық және экономикалық бағытталған процедура болып табылады.

Инвазивті герметизация. Тіс тіндерін герметизацияға дайындау үшін механикалық өңдеудің заманауи техникасы айналғыш абразивті құралдарды – борларды қолдануды қарастырады. Тіс тіндеріне енумен байланысты герментизация әдістемесі "инвазивті герметизация " деп аталады, инвазивті герметизацияның көлемдірек нұсқасы - превентивті реставрация ( Гарсиа-Годой, 1994).

Инвазивті герметизация герметизацияның консервативті техникасымен байланысты талқыланған мәселелер тізбегін шешуге мүмкіндік береді:

1) эмальды силанттың механикалық ретенциясына дайындау және оның микроағуын төмендетуді қамтамасыз ету, сапасын жақсартып және эмальдың қышқылды улану көлемін үлкейту, себебі:

· бор эмальға оттегі баруын шектейтін органикалық материалдардан эмальды түбегейлі тазартады;

· бор жіңішке, терең фиссураларды кеңейтеді, ол қышқылдың үлкен тереңдікке толуына және қышқылмен өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді;

· бор призманың онша көп емес саны бар эмальдың беткей қабатын алып тастайды және сондықтан қышқыл әсеріне резистентті;

2) тіс тіндерінің жегіленген зақымдануларының болуын және шекарасын дәл анықтауға және сау фиссуралар тіндерін көп зақымдамай патологиялық тіндерді алып тастау.

Сонымен, инвазивті герметизация әдісі дәрігер сенімділігін жоғарылатады және силант ретенциясын жақсартады. Бұл әдістеме өзінде фиссуралар мен шұңқырлар жегісі алдын-алу әдістері артықшылығын біріктіреді және олардың көпшілік кемшіліктерінен бос. Инвазивті герметизация алдын-ала пломбалаудың жаңа философиясымен келтіріледі және ұраны " алдын-алудағы герметизация".

Тіс сапасына қарай оны тіндерді өңдеуге дейін немесе өңдеу кезінде бағалайды, инвазивті технология әртүрлі көлемде болуы мүмкін:

а) 0,1-0,5 мм барлық фиссуралар мен шұңқырлардың сау эмалін алып тастау;

б) (+) кейбір фиссуралар мен шұңқырларда жегіленген эмальді алу;

в) (+) кейбір фиссуралар мен шұңқырларда жегіленген дентинді алу.

Егер кейбір фиссураларда (шұңқырларда) эмаль мен дентиннің ауқымды қабатын алуға тура келсе –оларды жалпы ережелер бойынша пломбалайды, ал кейін пломба беткейінде дайындалған сау фиссуралар беткейінде силантпен жабады. Бұл әдіс алдын- алу (превентивті) пломбалау деп аталады.

Егер ex juvantibus диагностикасынан кейін фиссуралар мен шұңқырлар жегімен зақымданғаны анықталса, процедура реставрация категориясына өтеді және герметиктер қолданылмайды.

Инвазивті техникалық теріс жақтары:

  • тіндерге араласу тек дәрігерге беріледі, бірақ орта стоматологиялық персоналға рұқсат етілмейді, сондықтан процедура құны жоғары болады;
  • жегінің даму қауіпі төмен науқастармен жұмыс жасауда процедура үнемді емес;
  • герметиктің тісте сақталуы мүмкіндігінше ғана болып қана қоймай және де абсолютті қажет етеді (герметик жоғалған жағдайда егелген тіндер жалаңаштанады), ол герметикті таңдау жағдайын және герметик пен тістерді бақылау тәртібін қиындатады.