Бір дұрыс жауабын беріңіз. 1. Крон ауруының белгілеріне жатпайтыны:

1. Крон ауруының белгілеріне жатпайтыны:

а) іштің ауыруы

б) іштің ішінде сипап анықталатын түзіліс

в) мальабсорбция белгілері

г) түйінді эритема

д) іш қатуы

2. Крон ауруының себебі жөнінде дұрыс пікір:

а) екшеленбеген антигенге бұрмаланған иммундық реакцияның нәтижесі болып табылады

б) бейспецификалық жаралы колиттің салдары болып табылады

в) туберкулезбен байланысты

г) саркоидозбен байланысты

д) ісікпен байланысты

3. Крон ауруында біреуінен басқасының бәрі тағайындалады:

а) диета

б) сульфаниламидтер

в) глюкокортикоидтар

г) Н2-рецепторларының блокаторлары

д) метронидазол

4. Пилоростенозда болмайтын белгі:

а) жеңілдік әкелетін құсу

б) титықтап жүдеу және сорығу

в) тетания

г) диарея

д) «шалпыл» шуы

5. Асқазан жарасы перфорациясына ең тән белгі:

а) іштің ауыруы

б) қанды құсық

в) іш қуысында бос газ болуы

г) іштің кебуі

д) АҚҚ түсіп кетуі

6. Біреуінен басқасының бәрі асқазаннан қан кету белгілеріне жатады:

а) гематемез

б) мелена

в) артериялық гипотензия

г) тахикардия

д) іш пердесінің тітіркену симптомдары

7. Асқазан жарасының пенетрация түрінде асқыну мүмкіншілігін көрсететін белгі:

а) ашқарынға болатын іштің ауыруының күшеюі

б) түнде болатын ауырғандық

в) қыжыл

г) кекірік

д) 12-елі ішектің жара ауруының циклді даму барысының жойылуы

8. Созылмалы гастриттің диагнозын қою үшін ең сенімді тексеру:

а) клиникалық белгілер жиынтығы

б) рентгенологиялық тексеру

в) кілегей қабықтың биоптатын гистологиялық тексеру

г) асқазанның секреция функциясын тексеру

д) эндоскопиялық тексеру

9. В типті созылмалы гастритті емдеуде қолданылатын негізгі принциптер:

а) гистаминнің Н-рецепторларының блокаторларын тағайындау

б) Helicobacter pyloridi жою

в) ферменттік препараттарды тағайындау

г) антацидтерді тағайындау

д) табиғи асқазан сөлін беру

10. Қай аурудың дамуында аутоиммунды механизм негізгі болып есептеледі:

а) асқазан рагі

б) он екі елі ішек жарасы ауруы

в) асқазан жарасы ауруы

г) А типті гастрит

д) В типті гастрит

11. Жіңішке ішек зақымдануы типті белгілерге жатпайтыны:

а) ұлы дәреттің тәулігіне 1-2 рет болуы

б) ботқа тәрізді консистенция

в) қорытылмаған ас қалдықтарының қоспалары

г) кілегей мен/немесе қанның қоспасы

д) кіндік тұсының ауыруы

12. Тоқ ішек типті іш өтуде кездеспейтін белгі:

а) тенезмдер

б) дефекациядан кейін іш ауыруының әлсіреуі

в) сулы, жиі болатын дәрет

г) нәжісте қан болу

д) жеткіліксіз қоректену синдромы

13. Созылмалы колиттің диагнозын қоюдағы ең мағлұматты тексеру тәсілі:

а) иригография

б) нәжістің ферменттерін тексеру

в) колоноскопия

г) гипотония жағдайындағы дуоденография

д) іштің шолыма рентгенографиясы

14. «Энтеральдық копрологиялық синдромға» кіретіндері:

а) креаторея, стеаторея, амилорея, полифекалия

б) бұлшық ет талшықтарының болмашы саны, кілегей, лейкоциттер

в) ботқа тәрізді ақшыл-қоңыр түсті, әлсіз иісі бар және сілтілі реакциясы бар, құрамында болмашы бұлшық ет талшықтары мен клетчатка бар нәжіс

г) сулы, кілегей, лейкоциттер бар нәжіс

15. Қышқыл иісті, қышқыл реакциясы, амилорея, өте көп ацидофильді флорасы бар, көпіршікті нәжіс болатын іш өту қандай процесте кездеседі?

а) созылмалы панкреатит

б) созылмалы бейспецификалық жаралы колит

в) созылмалы энтерит

г) ашу диспепсиясы

д) шіру диспепсиясы

16. Орташа ауыртпалықта дамитын созылмалы энтеритке тән белгі:

а) іш симптомдарының басым болуы

б) астеновегетативтік синдром

в) ауыр гиповитаминоз

г) дене массасының 10 кг азаюы

д) гемоглобин деңгейі 120 г/л

17. Созылмалы энтериттің диагнозын қоюда шешуші роль атқаратын тексеру әдісі:

а) Шиллинг тестісі

б) жіңішке ішек кілегей қабығының биоптатын морфологиялық тексеру

в) жіңішке ішекті рентгенологиялық тексеру

г) қан анализінде «жіті фазалық» өзгерістерді табу

д) стеатореяны анықтау

18. Тітіркенген тоқ ішекті емдегенде біреуінен басқасының бәрі қолданылады:

а) ең маңызды ем психотерапия

б) іш қатуда іш жүргізетін дәрілерді беру

в) іш өткенде холинолитиктер беру керек

г) «шлак» емін жасау керек

19. Тітіркенген ішек синдромы жөнінде теріс пікір:

а) аурудың басқа аттары: спазмдық колит, мембранозды колит, тоқ ішек дискинезиясы

б) іш қатуына немесе іш өтуіне бейімділік немесе олардың алмасуы

в) жиі үрей сезімі, қозу байқалады

г) көбіне 40-тан жоғары жастағы әйелдерде кездеседі

д) нәжіспен кілегей бөлінуі мүмкін

20. Созылмалы холециститтің ең жиі себебі:

а) стафилококктер

б) стрептококк

в) ішек таяқшасы

г) жедел гепатит вирусы

д) келтірілгеннің бәрі

21. Созылмалы тассыз холециститтің саябырлау (ремиссия) фазасында кездеседі:

а) оң жақ қабырға астының ауыруы

б) қыжыл

в) майлы тағамды көтере алмау

г) субфебрилитет

д) сарғыштық

22. Созылмалы холециститтің диагнозын қоюдағы ең мәліметті тексеру тәсілі:

а) дуоденальды зондтау

б) УДЗ

в) холецистография

г) қанның жалпы анализі

д) несепте өт қышқылдарын анықтау

23. Қандай фактор панкреатиттің себебі емес:

а) он екі елі ішектің үлкен емізегінің қабынулық және склероздық өзгерістері

б) асқазан сөлінің жоғары дәрежелі қышқылдығы

в) ұйқы безі түтігінде болатын өт пен ішек құрамының рефлюксі

г) инфекцияның көрші органдардан лимфогенді түрде дамуы

д) алкогольді көп қолдану

24. Созылмалы панкреатитке тән копрологиялық синдром:

а) шірік иісі бар, көлемді, майлы нәжіс, креаторея, стеаторея, амилорея

б) онша көлемді емес, ботқа тәрізді нәжіс, креаторея, кілегей, лейкоциттер

в) көлемді, сұйық нәжіс, патологиялық қоспа жоқ

г) сұйық нәжіс, кілегей, қан

д) тығыз, «қой құмалағы» тәрізді нәжіс

25. Созылмалы холециститтің өршуінің ең мәліметті көрсеткіші:

а) лейкоцитоз

б) АЛТ, АСТ деңгейі

в) несеп пен қан амилазасының деңгейі

г) сілтілі фосфатаза деңгейі

д) сарысу белогінің деңгейі

26. Қандай шаралар ұйқы безінің қызметін тежейді?

а) М-холинолитиктерді қабылдау

б) Н2-гистаминблокаторларын қабылдау

в) ашығу

г) эпигастрий аймағына салқын қою

д) келтірілгеннің бәрі

27. Қандай препарат ұйқы безі ферменттерінің активтілігін тежемейді?

а) преднизолон

б) контрикал

в) гордокс

г) трасилол

д) атропин

28. Созылмалы гепатитке тән емес синдром?

а) цитолиздік синдром

б) мезенхимальды-қабыну синдромы

в) астеновегетативтік синдром

г) портальды гипертензия

д) геморрагиялық синдром

29. Созылмалы гепатит диагнозын қоюда шешуші рөль атқарады:

а) анамнезде вирустық гепатиттің болуы

б) бауырды гистологиялық зерттеу мәліметтері

в) қан сарысуында австралиялық антигенді табу

г) мезгіл-мезгіл болатын субфебрилитет, сарғыштық, оң жақ қабырға астының ауыруы, орташа дәрежелі гепатомегалия

д) қан сарысуында a-фетопротеинді анықтау

30. Созылмалы гепатитке ең тән гистологиялық белгі:

а) портальды жолдардың қабыну инфильтрациясы

б) өт капиллярларының кеңуі

в) гепатоциттер некрозының ошақтары

г) гиалин ошақтарының (Мэллори денешіктері) болуы

д) Купфер клеткаларының азаюы

31. Бауыр циррозымен ауыратын адамда бауыр комасы дамуының себебі:

а) өңештің варикозды кеңіген венасынан қан кету

б) тиазидтік диуретиктерді қабылдау

в) ұзақ уақыт барбитураттар қабылдау

г) асцит сұйықтығын көп мөлшерде жіберу

д) келтірілгеннің бәрі

32. Вильсон-Коновалов ауруында болатын бауыр циррозына тән белгі:

а) сарғыштықтың ерте дамуы, портальдық гипертензияның кеш дамуы

б) ОНЖ ерте зақымдануы

в) портальдық гипертензияның ерте, сарғыштық пен бауыр жетіспеушілігінің кеш дамуы

г) антимитохондриялық антиденелердің болуы және сілтілі фосфатаза активтілігінің артуы

д) тері пигментациясы және қанда темір деңгейінің көтерілуі

33. Бауыр циррозының ең жиі себебі:

а) гемохроматоз

б) Вильсон-Коновалов ауруы

в) В гепатитінің вирусы

г) бауырдың алкогольдік зақымдануы

д) қан айналысының жетіспеушілігі

34. Бауырдың ұсақ түйінді циррозында басым болады:

а) портальдық гипертензия

б) бауырклеткалық жетіспеушілік

в) холестаз

г) мезенхимальды – қабыну синдромы

д) терінің қышуы

35. Бауырдың ірі түйінді циррозында алдыңғы қатарда болады:

а) бауыр – клеткалық жетіспеушілік

б) портальдық гипертензия

в) холестаз

г) сарғыштық

д) терінің қышуы

36. Созылмалы гепатиттің бауыр циррозына көшкенін көрсететін белгі:

а) қан сарысуында сілтілі фосфатаза деңгейінің көтерілуі

б) тамыр «жұлдызшаларының» пайда болуы

в) тромбоцитопенияның пайда болуы

г) бауыр паренхимасының түйінді регенерациясы

д) талақтың радиофармакологиялық препаратты «сіңіруі»

37. В гепатиті вирусының организмде репликациясының сенімді критерийі:

а) HBs Ag тасымалдаушы

б) анти- HBs және HBs Ag

в) HBe Ag және JgM классының анти- HBc

г) HBe Ag антиденелер және JgG классының анти- HBc Ag қарсы антиденелер

д) анти- НВе антиденелер

38. Себебі HBV созылмалы гепатиттің ең тиімді емі:

а) интерферон альфа 3 МИ х 3 рет аптасына

б) интерферон альфа 3 МИ 3 рет аптасына + ламивудин 100 мг тәулігіне

в) ламивудин 100 мг тәулігіне (монотерапия)

39. Созылмалы С гепатитін емдеуде a интерферонына қосып беретін рибавириннің ең тиімді дозасы:

а) 200-400 мг/күнге – 3 ай бойы

б) 1000-1200 мг/күнге – 3 ай бойы

в) 200-400 мг/күнге – 12 ай бойы

г) 1000-1200 мг/күнге – 12 ай бойы

40. Вирус текті созылмалы гепатитті вирусқа қарсы препараттармен емдеудің тиімді-лігін қанша мезгілден кейін бағалауға болады?

а) интерферонмен емдеу басынан 3 ай өткен соң

б) интерферонмен емдеу курсінің аяқталғанынан 3 ай кейін

в) интерферонмен емдеудің басынан 6 ай өткен өткен соң

г) интерферонмен емдеуді бітіргеннен кейін 6 ай өткен соң

41. Бірінші ретті билиарлық цирроз ауруына тән алғашқы белгі:

а) гепатомегалия

б) бауырдан тыс белгілер

в) спленомегалия

г) терінің қышуы

д) сарғыштық

42. Асқазанда кілегей түзуді ең күшті стимуляциялайтын препарат:

а) карбеноксолон

б) платифиллин

в) де-нол

г) омепразол

д) метоклопрамид

43. «Протондық сорғыға» бөгет болатын препарат:

а) метаклопрамид

б) карбеноксолон

в) пирензепин

г) сукральфат

д) омепрозол

44.Қышқыл дәмді сұйықтық кекіру, қыжыл және түнде төс артының күйдіріп ауыруының себебі болуы мүмкін:

а) созылмалы активті гастрит

б) он екі елі ішек жарасы ауруы

в) гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

г) ахалазия

д) өңештің жайылмалы түйілуі

45. Біреуінен басқасының бәрі вирустық А гепатитте кездеседі:

а) жедел басталу

б) гриппке ұқсас синдром

в) аурудың сарғыштық сатыға көшкенінен кейін жалпы күйдің жақсаруы

г) тимол сынамасы көрсеткішінің жоғарылауы

д) гепатиттің созылмалы күйге көшуі

46. Бауыр циррозында портокавальдық кома дамуының себебі:

а) асцит сұйықтығын алу

б) диуретиктермен тиімді емдеу

в) седативтік дәрілердің үлкен дозасын қолдану

г) келтірілгеннің бәрі дұрыс

47. 20 жастағы науқас, астеникте нейроциркуляторлық дистония фонында стрестік жағдайларға байланысты сол жақ қабырға астында тұйық ауырғандық пайда болған, дене қызуының көтерілуі болмайды. Тексергенде: өт жолдарында тас жоқ, холецистограммада өт қабығы кішірейген, дуоденальдық зондтағанда өт қабы порциясының көлемі көбейген, екінші фаза уақыты – қысқарған. Мүмкін диагноз?

а) созылмалы холецистит

б) гипомоторлы типті өт жолдарының дискинезиясы

в) гипермоторлы типті өт жолдарының дискинезиясы

г) созылмалы атрофиялық гастрит

д) ұйқы безі басының рагі

48. Гемохроматозда бауырдың ең жиі зақымдану түрі:

а) билиарлық цирроз

б) майлы дистрофия

в) гемосидероз

г) микро- және макронодулярлық цирроз

д) келтірілгендердің бәрі

49. 38 жастағы науқас адам кілегей мен қан аралас дәретке жиі отыратынына, дәретке отыруға шақыратын жалған сезім мен тенезм болатынына, ішінің ауыратынына, өте ауыр әлсіздікке, дене қызуының 37,4° дейін көтерілетініне шағым айтады. 3 ай бойы ауырады, поликлиникада қаралған, дизентерия диагнозы жоққа шығарылған. Соңғы 5 күн бойы дәретке отыру жиілеген, науқасқа стационарлық емге жолдама берілген. Тексергенде: орташа ауыртпалықтағы күйде, тері болбыр, құрғақ, тіл сұрғылт жамылғымен жабылған, құрғақ, іш тартылған, сол жақ мықын аймағында кебінген. Сипап тексерген кезде сигма тәрізді ішек маңы ауырғандық белгісін береді. Нәжістің көлемі болмашы, онда кілегей мен алқызыл түсті қан көрінеді. Сіздің диагнозыңыз?

а) терминальдық илеит

б) бейспецификалық жаралы колит

в) псевдомембранозды колит

г) тітіркенген тоқ ішек синдромы

д) Уиппл ауруы

50. Бұл ауруда кездесетін ең жиі асқыну:

а) тоқ ішектің тесілуі

б) тоқ ішектің токсикалық дилатациясы

в) тоқ ішектің стриктурасы (бітелуі)

г) тоқ ішектің рагі

д) шажырқай тамырларының тромбозы

51. Бұл жағдайдағы таңдамалы ем:

а) индометацин

б) левомицетин

в) сульфасалазин

г) пеницилламин

д) циклофосфамид

52. 45 жастағы науқас адам тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында салмақ сезетініне, ауа кекіреті-ніне, тәбетінің нашарлағанына, мезгіл-мезгіл ішінің шұрылдайтынына, үлкен дәретінің тұрақсыз екеніне ша-ғым айтады. Соңғы 1 жылдың ішінде 3 кг жүдеген. Терісі құрғақ, қуқыл тартқан, тырнақтары сынғыш. Тілі жамылғымен жабылған. Эпигастрий маңының жайылмалы ауыратыны. АҚҚ с.б. 100/60 мм. ФГДС: асқазанның кілегей қабығы жұқарған, семген. Кілегей қабықтың қатпарлары жадағайланған. Асқазан қалқасы ашық күйінде, асқазанның перистальтикасы солбыр. Сіздің диагнозыңыз:

а) асқазанның жара ауруы

б) асқазан рагі

в) созылмалы панкреатит

г) созылмалы холецистит

д) А типті созылмалы аутоиммунды гастрит

53. Бұл ауруды емдеуде қолданылатын әдіс:

а) тұтқыр және бүркеме дәрілер

б) метилурацил

в) витаминдер

г) орнын толтыру емі

д) келтірілгеннің бәрі

54. Біреуінен басқасының бәрі бауыр комасында байқалады:

а) ауқымды гепатомегалия

б) геморрагиялық синдром

в) ауыздан «бауыр» иісінің шығып тұруы

г) сарғыштық

д) психоневрологиялық симптомдар, оның ішінде жапалақ треморі

55. Гемохроматозда қанда темірдің шамадан тыс көбеюінің себебі:

а) темірдің организмнен бөлінуінің бұзылуы

б) бауырдың темір алмасу процесін іске асыра алмауы

в) темірдің ішекте сіңуінің көбеюі

г) келтірілгеннің бәрі

д) келтірілгеннің бірі де емес

56. Крон ауруында жиі зақымданады:

а) өңеш

б) асқазан

в) мықын ішегі

г) аппендикс

д) тік ішек

57. Біреуінен басқасының бәрі бейспецификалық жаралы колиттің негізгі клиникалық белгілеріне жатады:

а) ішектен қан кетуі

б) іштің ауыруы

в) іш өту

г) перианальдық абсцестер (іріңдіктер)

58. Вильсон-Коновалов ауруының патогенезіндегі бауырдың рөлі:

а) церулоплазминнің қалыпты мөлшерін синтездеу қабілетін жоюы

б) церулоплазминді бауыр клеткаларынан бөлудің төмендеуі

в) мыстың көп жиналатын орны болып табылатыны

г) А және Б жауаптары дұрыс

д) барлық жауап дұрыс

Мына схеманы қолданып, дұрыс жауабын беріңіз:

А – 1, 2, 3 дұрыс болса

Б – 1, 3 дұрыс болса

В – 2, 4 дұрыс болса

Г – 4 дұрыс болса

Д - бәрі дұрыс болса

59. Өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кеткенде қолданылады:

1. вазопрессинді венаға егу

2. өңешті баллоны бар зондпен обтурациялық тампонадалау

3. эпсилон – аминокапрон қышқылын егу

4. жаңа қатырылған плазма құю

60. Бауыр рагі диагнозын дәлдейтін ең құнды мәлімет:

1. бауырдың үлкеюі

2. сканерлеу

3. гепатоспленомегалия

4. a-фетопротеинді анықтау (Абелев-Татаринов реакциясы)

61. Бейспецификалық жаралы колит диагнозын қоюда жетекші маңызы бар:

1. физикалық тексеру

2. ирригоскопия

3. нәжісті бүркемелі қанды табуға тексеру

4. колоноскопия

62. Бейспецификалық жаралы колитке тән асқынулар:

1. жедел токсикалық дилатация

2. ішектен қан кету

3. коло-ректальды рак

4. тоқ ішектің тесілуі

63. Крон ауруына тән асқынулар:

1. перфорация

2. жедел токсикалық дилатация

3. қан кету

4. стриктуралар

64. В типті гастритті сипаттайтын критерийлер:

1. антральды орналасуы

2. Helicobacter pylori-мен бірлескен

3. секреция функциясы күшейген

4. эпителийдің семуі

65. А типті гастритті сипаттайтын критерийлер:

1. асқазан түбінде орналасуы

2. зақымданудың аутоиммунды сипаты

3. секрециялық жетіспеушілік

4. күшті ауыру синдромы

66. Созылмалы холецистит өршігенде тағайындайды:

1. №5 диета

2. но-шпа

3. тетрациклин

4. индометацин

67. Өт жолдарының гипермоторлы дискинезиясында тағайындайды:

1. олететрин

2. но-шпа

3. дехолин

4. красавка препараттары

68. Созылмалы гепатитте қолданылатын a-интерферонның әсер ету механизмі:

1. вирус белогінің синтезін тежейді

2. цитостатикалық Т-клеткалардың активтілігін күшейтеді

3. антигеннің (гистосиымдылықтың бас комплексінің классы) экспрессиясын күшейтеді

4. табиғи киллерлердің белсенділігін күшейтеді

69. Ремиссия фазасында созылмалы тассыз холециститте қолданылатын ем:

1. №5 стол

2. іш жүргізетін дәрілер

3. ферменттік дәрілер

4. санаторийлы-курортты ем

70. Созылмалы тассыз холециститтің асқынулары:

1. бейспецификалық жаралы колит

2. панкреатит

3. холангит

4. перихолецистит

71. Созылмалы энтеритке тән:

1. Поргес симптомы

2. Герц белгісі

3. Образцов симптомы

4. Мендель симптомы

72. Он екі елі ішек жарасында операция жасау көрсетпелері:

1. еңбекке жарамдылықты ұзақ уақыт жоғалту

2. ауқымды қан кету

3. асқазанның шығар жолының тарылуы

4. жараның перфорациясы

73. Крон ауруының эндоскопиялық белгілері:

1. тамыр суретінің болмауы

2. созылған түрдегі жаралар

3. тарыға ұқсас абсцесстер

4. кілегей қабықтың «көшеге төсеген тас» сияқты болуы

 

 

Р Е В М А Т И З М Д І К А У Р У Л А Р

Ревматизмдік ауруларғанегізін дәнекер тінінің жүйелі немесе жергілікті зақымдануы құрайтын, ал ең маңызды клиникалық белгісі буындардың зақымдануы болып табылатын аурулар жатады. Ревматологтардың ІІІ Бүкілодақтық съезі ұсынған классификацияға (1985) сәйкес барлық ревматизмдік аурулар 14 топқа бөлінеді:

I. Ревматизм (ревматизм қызбасы)

II. Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

III. Жүйелі васкулиттер (ангииттер, артерииттер)

IV. Ревматоидтық артрит

V. Ювенильдік артрит

VI. Анкилоздаушы спондилартрит (Бехтерев ауруы)

VII. Спондилитпен қоса кездесетін артриттер

VIII. Инфекциямен байланысты артриттер

IX. Микрокристалдық артриттер

X. Остеоартроз

XI. Буынның басқа аурулары

XII. Неврологиялық аурулардағы артропатиялар

XIII. Буыннан тыс жұмсақ тіндер аурулары

XIV. Сүйектердің, шеміршектердің аурулары және остеохондропатиялар