Йымдастыру құрылымынң типтері

 

Басқарудың сызықтық ұйымдастыру құрылымы

Басқарудың бұл құрылымында әрбір құрылымдық бөлімшенің басында жетекші болады, оған барлық өкілеттіктер берілген және өзіне бағынатын жұмысшыларға өзі жетекшілік етеді және барлық басқару функциялары тек өз қолында болады.

Сызықтық басқару құрылымында әрбір буын және әрбір бағынышты адамның өз жетекшілері болады, сол бір канал арқылы барлық басқару командалары өтеді.

Сызықтық басқару құрылымында шешім тізбек арқылы «жоғарыдан төмен» қарай берілетіндіктен, төменгі басқару буынының жетекшісі өзі жоғары рангтағы жетекшіге бағынады, сөйтіп осы нақты ұйымдағы жетекшілер иерархиясы қалыптасады (мысалы, бөлім меңгерушісі – дәріхана меңгерушісі – фирма директоры).

Сызықтық құрылымда басқару жүйесі өндірістің шоғырлану дәрежесін, технологиялық ерекшеліктерін, өнім ассортиментін ескере отырып өндірістік белгілері бойынша жинақталады.

Басқарудың сызықтық құрылымының артықшылықтары және кемшіліктері бар:

1 кесте

Артықшылықтары Кемшіліктері
1. Нұсқаудың анықтығы және біреу болуы. 2. Орындаушылардың іс-әрекеттерінде келісімділіктің болуы. 3. Басқарудың қарапайымдылығы (бір байланыс каналы). 4. Жауапкершілік анық байқалады. 5. Шешім қабылдаудағы оперативтілік. 6. Өз бөлімшесінің соңғы жұмыс нәтижелеріне жеке жауапкершіліктің болуы. 1. Жан-жақты дайындалған, басқарудың барлық функциялары бойынша тиімді басқаруды қамтамасыз ететін жетекшіге жоғары талаптың болуы. 2. Жоспарлау және шешімді дайындау бойынша буындардың жоқ болуы. 3. Қарамағындағылармен, жоғары және жанама құрылымдармен контактының көп болуы. 4. Инстанциялар арасындағы байланыстың қиындығы. 5. Басқарудың жоғары деңгейінде биліктің шоғырлануы.

Сонымен, басқарудың сызықтық ұйымдастыру құрылымы артықшылықтарымен бірге бірқатар кемшіліктері де бар, оны функционалды құрылым арқылы жоюға болады.

 

Функционалды ұйымдастыру құрылымы

Функиональды басқару сызықтық басқару жүйесінде шешім қабылдауда қажетті нақты жұмыс түрлерін орындауға маманданған бөлімшелердің жиынтығына жүргізіледі.

Бұл жерде нақты сұрақтар бойынша жеке функцияларды орындау мамандарға жүктеледі. Бір профильдегі мамандар бір құрылымдық бөлімшеге біріктіріледі, мысалы, маркетинг бөлімі, жоспарлау бөлімі, бухгалтерия және т.б. Сонымен ұйымды басқарудың жалпы міндеті орта деңгейден бастап функционалдық критерий бойынша бөлінеді. Басқару аппаратының функционалды бөлінуі ұйым қызметінің нәтижесін жоғарылатады. Бірақ оның да артықшылықтары мен кемшіліктері бар:

 

2 кесте

Артықшылықтары Кемшіліктері
1. Нақты функцияларды орындауға жауап беретін мамандардың жоғары компетентті болуы. 2. Сызықтық менеджерлерді кейбір арнайы сұрақтарды шешуден босату. 3. Кейбір сұрақтарды стандарттау және бағдарлау. 4. Басқару шешімдерін орындауда қайталанудың және параллельдіктің болмауы. 5. Кең профильдегі мамандарға қажеттіліктің азаюы. 1. Өз бөлімдерінің міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруда шектен тыс қызығушылықтың болуы. 2. Әртүрлі функционалдық қызметтер арасында тұрақты байланыстың болуының қиындығы. 3. Шектен тыс орталықтану тенденциясының анықталуы. 4. Шешім қабылдау процедурасының ұзақтығы. 5. Өзгерістерге қиын бейімделетін тұрып қалған ұйымдастыру формасы.

 

Басқарудың сызықтық-функционалдық (штабтық) құрылымы

Басқарудың мұндай құрылымы кезінде билікті белгілі бір ұжымға жетекшілік жасайтын сызықтық жетекші толығымен өзіне алады. Оған нақты сұрақтарды жасауда және сәйкес шешімдерді, жоспарларды, бағдарламаларды дайындауда функциональдық бөлімшелерден тұратын арнайы аппарат көмектеседі (басқарма, бөлім, бюро және т.б.).

Сызықтық-функционалдық құрылымның да жақсы жақтары мен кемшіліктері бар:

3 кесте

Артықшылықтары Кемшіліктері
1. Маманданумен байланысты шешімдер мен жоспарларды дайындаудың тереңдігі. 2. Бас сызықтық менеджерді мәселелерді тереңдеп талдаудан босату. 3. Консультанттарды, сарапшыларды тарту мүмкіндігі. 1. Горизонтальды деңгейде өндірістік бөлімдер арасында өзара тығыз байланыстың болмауы. 2. Жауапкершіліктің жеткіліксіз болуы, өйткені шешімді дайындаушы оны жүзеге асыруға қатыспайды. 3. Вертикаль бойынша өзара іс-әрекет жүйесінің шектен тыс дамуы: вертикаль бойынша басқаруға бағыну, яғни орталықтандырудың шектен тыс болуы.

 

Матрикалы ұйымдастыру құрылымы

Мұндай басқару құрылымы екі сызықтық және бағдарламалық-мақсатты құрылымды біріктіру жолымен құрылады. Бағдарламалық-мақсатты құрылым кезін

жетекшілік іс-әрекеті белгілі бір мақсатты міндетті орындауға бағытталған, оны шешуде ұйымның барлық буындары қатысады.

Бұл жағдайда негізгі көңіл барлық қызмет түрлерін интеграциялауға, мақсатты бағдаламаның тиімді орындалуныа жайлы жағдай жасауға шоғырлнады.

Сызықтық құрылымға сәйкес ұйым қызметінің жеке сфералары бойынша басқару құрылады: НИОКР, өндіріс, өтім, жабдықтау және т.б.

Бағдарламалық-мақсатты құрылым шеңберінде бағдарламаларды (жобаларды, тақырыптарды) басқару ұйымдастырылады.

Акционерлік қоғам

 
 


Президент

 

 

Вертикаль бойынша Горизонталь бойынша

           
   
     
 

 


НИОКР Бағдарлама Жоба 1 Жоба 2

(бағдарлама

Өндіріс директоры)

 

1 жоба

жетекшісі

Өтім Орынбасары

Орынбасары

Жабдықтау Орындаушылар

Орындаушылар

 

және т.б.

Матрикалы басқару құрылымының схемасы