Тақырып №2: Шыңғысханның Ұлы – «Жасақ» - қоғамның заңдар жинағы мен тәрбиесінің негізі

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Ә.Нысанбаев “Қазақстан” Ұлттық энцклопедиядан және «Қазақ энциклопедиясы» «Яса» ұғымының анықтамасын жазыңыз және басқа қосымша әдебиеттерден мәліметпен толықтырыңыз

Тапсырма 2. Ұлы жасақ - Шыңғысхантағайындаған заңдар кодексі.

Ұлы жасақтың кейбір баптары: қалған баптармен толықтырыңыз.

1. Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.

2. Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.

3. Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.

4. Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.

5. Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.

6. Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.

7. Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.

8. Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.

9. Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.

10. Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.

Тапсырма3. Шыңғысханның Ұлы – «Жасақ» - қоғамның заңдар жинағы мен толық танысып, тәрбиелік жағына сипаттама беріңіз

СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:Ұлы жасақ - Шыңғысхантағайындаған заңдар кодексін, Ұлы жасақтың кейбір баптарын ғаламтордан алып толықтыру мүмкіндіктеріңіз бар және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен танысуға және ақпараттық желілер арқылы білім, білік, дағлыларыңызды шыңдауға болады

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 4-8, 11-12, 32, 36, 39].

 

Тақырып №3: Еуропадағы классикалық педагогика: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистервег және т.б.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегін оқып үйрену, сізге ұнаған тарауын конспектілеу.

Тапсырма 2. Я.А.Коменскийдің еңбегін басшылыққа алып төмендегі кестені толтырыңыз.

Я.А.Коменский білім беру жүйесі

 

Жас шамасы Атауы Даму сипаты Мектептер жүйесі
0-6      
6-12      
12-18      
18-24      

 

Тапсырма 3. Педагогика тарихы оқулығынан И.Г.Песталоцци «Бастауыш оқыту әдістемесі» бойынша төмендегі кестегі бос орындарды толтырып, түсініктеме беріңіз.

И.Г.Песталоццидің оқыту әдістемесі

Пән атауы И.Г.Песталоцци әдістемесі Міндеттері
Ана тілі ? Сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорды байыту
? Әріптің түзу және қисық элеметтерін жазу ?
Геометрия ? Өлшеуге үйрету
? Бірден бастап сандарды үйрену, ондық, жүздік т.б. ?
    Түсініктерді үйрену, жер бедері, карта, тұрғылықты жер
     

 

Тапсырма 4.А.Дистервегтің бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды жетілдіру мәселесі туралы ақпарат дайындаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі:топтық жұмыс

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Оқу әдістемелік кешенде берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылықа алып тапсырмаларды орындауға болады. 1,2,3 тапсырмаларды орындау үшін С.Қ.Абильдинаның Педагогика тарихы: Оқу құралы. «Гласир» , 2009. -336 б. қарастырыңыз. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен танысуға және ақпараттық желілер арқылы білімдеріңізді толықтыруға болады.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39, 49-52].

 

Тақырып №4: Жаңашыл-мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттері – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Е.Н.Ильин және т.б.

Тапсырмалар:

Тапсырма1. Жаңашыл-мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттері – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Е.Н.Ильин және т.б.аты жөні, жылдары, еңбектері, негізгі ой пікірлері туралы кестедегі бос орындарды толтыру және жалғастырыңыз.

 

Рет саны Аты-жөндері Жылдары Еңбектері Ой-пікірлері
1. В.Ф.Шаталов,      
2.   5 қараша 1923 жыл. Сухуми қаласы,   Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет теориясының авторы
3.     Здравствуйте, дети!; В школу - с шести лет, Как живете, дети?  
  Е.Н.Ильин     Әдебиетті оқыту әдістемесінің тұжырымдамасы.
4. Лысенкова Софья Николаевна      

 

Тапсырма 2. Т.И.Гончарованың педагогикалық көзқарасы, жаңашыл идеяларына сипаттама беріңіз.

СОӨЖ өткізу түрі:миға шабуыл

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Оқу әдістемелік кешенде берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылықа алып тапсырмаларды орындауға болады. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен жұмыс істеуге және ғаламтор, ақпараттық желілер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мерзімді педагогикалық басылымдардан да оқып танысуға болады.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].