Дефекация рефлекстерін тұрақты тежеу және проктогенді механизм. 3 страница

 

A. ++жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митральді стеноз

B. жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митральді шамасыздық

C. инфекциялық эндокардит, митральді шамасыздық

D. дәнекер тіндік дисплазия, митраль қақпақтарының пролапсі

E. инфекциялық эндокардит, трикуспидальді шамасыздық

14. 59 жастағы ер кісіде өкпенің созылмалы обструкциялық ауру, басым бронхиттік түрі, декомпенсацияланған созылмалы өкпе текті жүрек. Бауырда дамуы мүмкін өзгерістерді анықтаңыз:

 

A. фульминантты гепатит

B. цитолиз, майда түйінді цирроз

C. созылмалы гепатит

D. майлы гепатоз

E. ++порталық гипертензия, бауырдың жүректік фиброзы

 

15. Компенсацияланған созылмалы өкпе текті жүрек ұғымының компоненттерін таңдаңыз:

 

A. ++өкпелік гипертензия + қарынша гипертрофиясы (тоногенді)

B. өкпелік гипертензия + оң жүрекше гипертрофиясы

C. өкпелік гипертензия + оң қарынша гипертрофиясы (миогенді) + оң қарыншалық шамасыздық

D. оң қарынша дилятациясы + порталық гипертензия

E. сол жүрекше гипертрофиясы + өкпелік гипертензия

16. Декомпенсацияланған созылмалы өкпе текті жүрек ұғымының компоненттерін таңдаңыз:

 

A. ++өкпелік гипертензия + оң қарынша гипертрофиясы (миогенді) + оң қарыншалық шамасыздық

B. өкпелік гипертензия + оң қарынша гипертрофиясы (тоногенді)

C. өкпелік гипертензия + оң жүрекше гипертрофиясы

D. оң қарынша дилятациясы + порталық гипертензия

E. сол жүрекше гипертрофиясы + өкпелік гипертензия

17. Жеделдеу өкпе текті жүректің кеуделік-диафрагмалық себептеріне (орталық және шеттік генезді гиповентиляция себебінен – Вотчал жіктемесі) жатады:

 

A. семіздік

B. ++полиомиелит

C. ++миастения

D. ++ботулизм

E. кифосколиоз

F. плевралық жабысқақ байламдар (шварттар)

G. құрғақ плеврит

H. титцесиндромы

18. Жедел өкпе текті жүректің даму себептерін (Вотчал жіктемесімен) таңдаңыз:

 

A. туберкулема

B. ++вентильді пневмоторакс, пневмомедиастинум

C. ++бронхтық астманың ауы ұстамасы

D. ауруханадан тыс ошақты пневмония

E. өкпенің ошақты туберкулезі

F. ++өкпе артериясының тромбоэмболиясы

G. біріншілік туберкулезді кешен

H. жедел бронхит

19. Вотчал жіктемесімен өкпе текті жүрек дамуының үш негізгі топтарын белгілеңіз:

 

A. ++бронх-өкпелік аурулар

B. ++торакодиафрагмалық патологиялар

C. ++тамырлық аурулар

D. бүйректік патологиялар

E. жүректің тума ақаулары

F. жүректің жүре дамыған ақаулары

G. артериялық гипертензия, гипертониялық жүрек

H. жүректің ишемиялық аурулары

 

20.Өкпе текті жүрек дамуының ең мүмкін себебін таңдаңыз:

A. миокардит

B. артериялық гипертензия

C. гипертиреоз

D. ++созылмалы обструкциялық бронхит

E. перикардит

 

21. Оң қарыншалық шамасыздықтың клиникасына қатысы жоқ белгіні таңдаңыз:

 

A. аяқтарындағы ісіну

B. ++кіші қанайналым шеңберіндегі іркіліс

C. кіші қанайналым шеңберіндегі гипертензия

D. мойын веналарының томпаюы

E. өкпе капиллярларындағы қысымның жоғарылауы

 

22. Өкпелік гипертензияның емінде түрлі вазодилятациялық әсерлі дәрмек топтары қолданылады.Кальций антагонистерінің созылмалы өкпе текті жүректе қолданылуы, осы дәрмектердің келесі әсерлерімен байланысты:

 

A. муколизистік әсерімен

B. ++эритроциттер дезаггрегациясын шақыру қаситеімен

C. ++кіші қанайналым шеңберінің тамырларына кеңейтуші әсерімен

D. өкпенің веналарына кеңейтуші әсәріне

E. ++бронхтардың біртегіс бұлшық еттеріне бронхолизистік әсерімен

F. жөтелге қарсы әсерімен

G. рефлекстік қақыртқыш торным әсерімен

H. теріс хронотропты әсерімен

23. 44 жастағы өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы. ЭКГ келесі өзгерістер болуы мүмкін:

 

A. RV1,V23 және 5 мм-ден биіктейді

B. гис шоғырының оң аяғының блокадасы

C. RІІІ> RІІ> RІ

D. ++барлық келтірілгендер

E. SV5,V6кеміп, жойылудың орнына тереңдейді

24.Келтірілгендерден сол қарыншалық жедел шамасыздық дамитын жиі себептерді белгілеңіз:

 

A. ++жүректің ишемиялық аурулары

B. ++артериялық гипертензия (криздік ағымдармен)

C. ошақты миокардит

D. созылмалы бронхит

E. бронхтық астма

F. экссудатты плеврит

 

G. гиповентиляциялық синдром (Пиквик)

 

 

25.52 жастағыәйелде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, созылмалы ӨТЖ, декомпенсацияланған, ЖШФК 3. Осы науқастың клиникасына тән белгілерді таңдаңыз:

 

A. кіші қанайналым шеңберіндегі іркіліс, іркілістік пневмониялар

B. ++тахикардия, эритроцитоз

C. аяқ бастарының ісінуі, плевраның үйкеліс шуы

D. анемия, лейкоцитоз

E. бауырының ұлғаюы, перикардтың үйкеліс шуы

F. бетінің, бетінің ісінуі, анемия

G. ++аяқ бастарының ісінуі мен бауырының ұлғаюы

26. 52 жастағы әйелде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, созылмалы ӨТЖ, декомпенсацияланған, ЖШФК 3. Осы науқастың бауырында дамуы мүмкін өзгерістерді белгілеңіз:

 

A. ++порталық вена жүйесіндегі гипертензия, уақыт өте бауырдың фиброзы

B. гепатоциттердің цитолизі, майда түйінді цирроз

C. созылмалы озбыр гепатит

D. майлы гепатоз

E. фульминантты гепатит

27. Оң қарыншаның гипертрофиясы мен өкпелік гипертензия өкпе текті жүрек ұғымын құрайды. Өкпе текті жүректің даму генездерінің негізгі топтарын белгілеңіз(Вотчал жіктемесімен):

A. жүректің тума ақаулары

B. ++кеуде сарайы мен диафрагмалық патологиялар

C. ++тамырдың жүйелі аурулары

D. бүйректің патологиялары

E. ++бронхтың, өкпенің аурулары

F. жүректің жүре дамыған ақаулары

G. артериялық гипертензия, гипертензиялық жүрек

H. жүректің ишемиялық аурулары

 

 

28. 16 жастағы бойжеткенде ЖШ клиникасы. Шағымдары: мардымсыз еңбекке дамитын ентігу. Анамнезінде жиі бронхиттер. Об-ті: тері жамылғылары қуқыл, жүрек ұшы түрткісі күшейген, сол IV қа дөрекі, пансистолалық шу, өкпе артериясы үстінде ІІ тон акценті бар. Декомпенсацияланған ӨТЖ жетекші себепкер синдромдарын болжаңыз:

 

A. жүректің тума ақауы (жүрекшеаралық перденің дефекті), екіншілік өкпелік гипертензия

B. ++жүректің тума ақауы (қарыншааралық перденің дефекті), екіншілік өкпелік гипертензия

C. жүректің тума ақауы (ашық артериялық өзек), екіншілік өкпелік гипертензия

D. жүректің тума ақауы (аорта коарктациясы), екіншілік өкпелік гипертензия

E. жүректің жүре дамыған ақауы (митральді шамасыздық), екіншілік өкпелік гипертензия

 

29. 69 жастағы темекіні “езіп ішетін” ер кісіде ЖШ клиникасы. Шағымдары: аралас ентігу, ұстамалы аз қақырықты жөтел, жүрек тұсының ешқайда тарамайтын, шаншып ауырсынуы. Об-ті: тыныс шығаруы ұзарған, шашыраңқы құрғақ сырылдар, жүректің оң шегі кеңіген, үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті мен жарықшақтануы. Декомпенсацияланған ӨТЖ жетекші себепкер синдромдарын болжаңыз:

 

A. +++бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты үдемелі; екіншілік өкпелік гипертензия

B. біріншілік өкпелік гипертензия (Аэрц ауруы)

 

C. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты, үдеусіз; оң қарынша гипертрофиясы

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, қайтымды

E. жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы; өкпелік гипертензия, жүрек шамасыздығы

30.68 жастағы аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқатты, әйел адамда оң қарыншалық жедел шамасыздық клиникасы дамыды. Шағымдары: кенеттен төс артында ауырсыну, тұншығу ұстамасы, оң жақ ортаңғы өкпе алаңы проекциясында ысқырықты сырылдар пайда болды. ЭКГ: бірінші стандартты тіркемеде терең S тісшесі және үшінші стандартты тіркемеде терең Q тісшесі (SІ; QІІІ) тіркелген. Жетекші симптомын, синдромын, болжам диагнозын таңдаңыз:

 

A. +++ тұншығу, прекардиальді аймақтың ауырсынуы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы,оң қарыншалық жедел шамасыздық

B. коронарогенді кардиалгия (ангинозды статус), миокардтың инфакті, оң қарыншалық жедел шамасыздық

C. плевра қуысына ауа жиналу синдромы, спонтанды пневмоторакс, оң қарыншалық жедел шамасыздық

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма, оң қарыншалық жедел шамасыздық

E. өкпенің тығыздалу синдромы, ошақты пневмония, оң қарыншалық жедел шамасыздық

 

31. 37 жастағы әйелде ЖСШ клиникасы. Салауатты өмір салтын ұстанады, біртіндеп дамыған үдемелі ентігуге, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуына, соңғы 2-3 айдағы естен тануларға шағымданды. Әпкесінде тыныс шамасыздығы бар. Об-ті: өкпесінде везикулалық тыныс, жүректің оң шекарасы кеңейген, IIІ тыңдау нүктесінде II тонның акценті және жарықшақтануы. ЭхоКГ ақаулық синдром анықталмаған. Жетекші синдромы және шешуші зерттеу тәсілі диагноздық-емдік хаттамасымен (ДЕХ, ҚР ДСМ):

A. жүрек шамасыздығы, ЭхоКГ

B. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты, үдеусіз, КТ

C. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, тұрақты үдемелі, КТ

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, қайтымды, спирометрия

E. ++біріншілік өкпелік гипертензия, ангиокардиопульмонография

A.

 

32. 17 жастағы, жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стенозының басымдылығымен, ЖШ ФКII (NYHА) диагнозымен есепте тұратын науқаста физикалық күштемеге тұншығу ұстамасы, көп мөлшерлі қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Об-ті: ортопноэ, ТЖ 36 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды түрлі калиберлі сырылдар, пульсі 120 мин., АҚ 11070 мм сын.бағ. Дамыған асқынуын анықтаңыз:

A. ангинозды статус

B. бронхтық обструкциялық синдром

C. солқарыншалық жедел шамасыздық, жүректік астма

D. ++сол қарыншалық жедел шамасыздық, өкпе шемені

E. нозокомиальді пневмония

 

33. 70 жастағы, зиянды әдеттері жоқ,ер кісіде экспирациялық ентігу бар. Об-ті: «алқызыл алқынғыш – розовый пыхтельшик», астеник. Эпигастрий аймағында пульсация. Үшінші тыңдау нүктесінде ІІ тонның акценті. Бауыры ұлғайған, аяқтары ісінген. ЭКГ жүректің оң бөліктерінің гипертрофиясы. Жетекші синдромдарын белгілеңіз:

 

A. бронх өткізгіштігінің бұзылу, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, жүрек шамасыздығы

B. ++өкпе ауалылығының арту, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, декомпенсацияланған, жүрек шамасыздығы

C. бронх өткізгіштігінің бұзылу, тыныс шамасыздығы, үш жармалы қақпақ шамасыздығы, кардиомегалия

D. өкпе ауалылығының арту, тыныс шамасыздығы, өкпелік гипертензия, өкпе текті жүрек, компенсациялнған

E. бронх өткізгіштігінің бұзылу, өкпе ауалылығының арту, өкпелік гипертензия

 

34. Жетекші симптомын, синдромын, мүмкін диагнозын таңдаңыз:54 жастағы әйел адам, аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқаттанады, кенеттен төс артында және оң қабырға астында ауырсыну, аралас ентігу пайда болған. ЭКГ: SІ; QІІІ тіркелген.

 

A. плевра қуысына ауа жиналу синдромы, спонтанды пневмоторакс, оң қарыншалық жедел шамасыздық

B. коронарогенді кардиалгия (ангинозды статус), миокардтың жедел инфакті, оң қарыншалық жедел шамасыздық

C. ++ентігу, прекардиаль аймағының аурсынуы (коронарогенді емес кардиалгия), өкпе артериясының тромбоэмболиясы, оң қарыншалық жедел шамасыздық

D. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма, оң қарыншалық жедел шамасыздық

E. өкпенің тығыздалу синдромы, ошақты пневмония, оң қарыншалық жедел шамасыздық

 

 

35. Митральді стенозы бар науқаста соңғы 2-3 айда синкопэ мен сол қарыншалық жедел шамасыздық жиілеген. Осы жағдайдың еі жиі себебі болуы мүмкін:

 

A. ++жүрекшелер фибрилляциясы (жыбыры) мен дірілі

B. қарыншалық пароксизмдік тахикардия

C. қарыншалар фибрилляциясы

D. атриовентрикулярлы диссоциация

E. қарыншалық экстрасистолия

36. Пациентте кіші шеңбердің іркіліс жағдайлары жиілеген. Об-ті: үлкен пульстік қысым, тамырлар үстіндегі Траубенің қос тоны мен Дюрозьенің шуы, жылдам және биік пульс, басының шайқалуы бар. Негізгі себепкер-синдромды анықтаңыз:

A. тума ақау – Фаллотетрадасы

B. митральді стеноз

C. аорта сағасының стенозы

D. үшжармалы қақпақтарының шамасыздығы

E. +++аорта қақпақтарының шамасыздығы

37. 11 жастағы науқаста өкпелік гипертензия клиникасы. Жүректің тума ақауы: Толочинов-Роже ауруынан күдік туды (қарыншааралық дефектің орналасуына байланысты түрі). Осы жағдайға тән белгілерді белгілеңіз:

 

A. ++төс үстінен естіліп, екі жағына тарайтын систолалық шу

B. ++қос қарыншалардың гипертрофиясы

C. цианоз

D. «шоқырақ» ырғағы

E. жүрек ұшында І тонның сартылдауы

F. өкпе артериясы үстінде диастолалық шу

G. «бөдене» ырғағы

38. Инфекциялық эндокардиттен стационарлық ем қабылдап, есепте тұратын 29 жастағы науқаста оң веналық пульс, оң Плеш симптомы, семсерше өскіншенің негізінде систолалық шу естілді. ЭКГ: оң қарынша гипертрофиясы. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

 

A. +++жүре дамыған қақпақтық ақау: үшжармалы қақпақтың шамасыздығы, ЖШ ФК 3

B. жүре дамыған қақпақтық ақау: үшжармалы қақпақтың салыстырмалы шамасыздығы, ЖШ ФК 1

C. жүре дамыған қақпақтық ақау: аорта қақпағының шамасыздығы, ЖШ ФК 4

D. жүре дамыған қақпақтық ақау: митральді қақпақтың шамасыздығы, ЖШ ФК1

 

E. жүре дамыған қақпақтық ақау: өкпе артериясы қақпағының органикалық шамасыздығы, ЖШ ФК1

39. 40 жастағы, 3 жыл бұрын мерез ауруынан емделген, ер кісіде соңғы бір жыл барысында бас ауруы, ентігу дамыды. Об-ті: оң екінші қа ІІ тонныңәлсіреуі мен диастолалық шу естілді; АҚ 16040 мм сын. бағ. ЭКГ сол қарынша гипертрофиясы. ЖШ себебі болған, жүре дамыған ақауды анықтаңыз:

 

A. митральді қапақтардың шамасыздығы

B. ++аорталық қапақтардың шамасыздығы

C. үшжармалы қапақтардың шамасыздығы

D. сол ав тесіктің стенозы

E. аорта сағасының стенозы

40.ЖШ дамуының себептеріне жүректің аорталық ақаулары жатады. Аорта қақпақтарының шамасыздығы дамитын себептерді белгілеңіз:

 

A. ++ревматизм

B. ++Марфан синдромы

C. ++инфекциялық эндокардит

D. миокардтың инфаркті

E. гипертрофиялық КМП

F. рестрикциялық КМП

G. Барлаусиндромы

H. ревматизмдік емес миокардит

 

41. 20 жастағы жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митральді стенозы бар науқас соңғы жылда бірнеше рет стационарда сол қарыншалық жедел шамасыздықтан емделді. Осындай науқастарда комиссуротомия келесі көрсетпелермен жасалады:

 

A. жүрекшелер фибрилляциясы

B. +++өкпелік гипертензия, Грэхем – Стиллдің шуы

C. қанайналым шамасыздығы

D. тромбоэмболиялар

E. +++сол ав тесік диаметрінің 1,5см2 және одан кіші болуы

F. жүрек ұшындағы диастолалық шу

G. сол қарынша гипертрофиясы

 

42. 13 жастағы қыз балада сол қарыншалық жедел шамасыздық жиілеген. Объективті тексергенде: жоғарғы шегінің жоғары ығысуы, жүрек мықынының жойылуы; аускультацияда жүрек ұшында диастолалық шу, төстің сол қырымен ІІІ қа систолалық шу естілді. ЭКГ: оң жүрекше мен қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің тұжырымыңыз:

 

A. ++тума ақау – Лютембашесиндромы: сол атрио-вентрикулярлы тесіктің стенозы мен жүрекше аралық перденің дефекті

B. Толочинов-Роже ауруы (қарынша аралық перденің жоғарғы және төменгі бөліктерінің дефекті)

C. тума ақау –Эйзенменгердің кешені (аорта декстрапозициясы мен қарынша аралық перденің дефекті)

D. тума ақау –Фаллотетрадасы

E. ашық артериялық өзек

43. 22 жасар студенттің балалық шақтан мойын тамырларына және екі жауырын арасындағы кеңістікке тарайтын төстің сол жағы, ІІІ қа систолалық шу анықталған. АҚ иығында 170100; санында 13070мм сын. бағ. Рентгендік тексеруде: сол қарыншаның ұлғаюы және қабырғалардың төменгі жиегінің кертілуі анықталды. Соңғы жарты жылда түн мезгілдерінде тұншығу ұстамалары. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

 

A. ++аорта коарктациясы, кардиомегалия, митраль қақпақтарының шамасыздығы, операциялық ем

B. аорта коарктациясы, кардиомегалия, үшжармалы қақпақтарының шамасыздығы, операциялық ем

C. аорта коарктациясы, синкопе, санаторий-курортты ем

D. аорта коарктациясы, стационарлық ем

E. аорта коарктациясы, кардиологта медикаменттік ем

44. 29 жастағы жүректің созылмалы ревматизмдік ауруымен ауыратын әйелде ортопноэ, жүрек ұшында қолтық астына берілетін пансистолалық шу, тахиаритмия, төменгі бүйір аймақтағы үнсіз ылғалды сырылдар анықталды. Жетекші синдромдары мен тиімді дәрмектер топтарын таңдаңыз.

 

A. жүре дамыған қақпақтық ақау, ырғақ бұзылысы, сол қарыншалық жедел шамасыздық, диуретиктер мен перифериялық вазодилятаторлар; жүрек гликозидтері

B. ++жүре дамыған қақпақтық ақау, ырғақ бұзылысы, сол қарыншалық жедел шамасыздық, кортикостероидтар мен нитраттар

C. жүре дамыған қақпақтық ақау, ырғақ бұзылысы, сол қарыншалық жедел шамасыздық, бета-адреноблокаторлар мен дигоксин

D. жүре дамыған қақпақтық ақау, ырғақ бұзылысы, жүрек шамасыздығы, кальций антагонистері мен бета-адреноблокаторлар

E. жүре дамыған қақпақтық ақау, ырғақ бұзылысы, жүрек шамасыздығы, антиаритмиялық препараттар мен кальций антагонистері

 

45. Жетекші синдромдарын анықтаңыз.25 жастағы науқас басының ауыруына, айналуына, естен тануға, ентігуге шағым айтты. Об-ті: жүректің негізінде, екінші тыңдау нүктесінде мойын тамырларына таралатын дөрекі мезосистолалық шу естілді. Вальсальв сынамасында (орнынан көтеріле бергенде) шу азаяды. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы, тахикардия 98 мин. Рентгенограммада: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді.

 

A. +++жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (аорталық стеноз), кардиомегалия, синкопе, ЖШ ФК 2

B. жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (аорта қақпақтарының шамасыздығы), кардиомегалия, САГ

C. жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (митральді қақпақтарының шамасыздығы), кардиомегалия,синкопе

D. жүре дамыған қақпақтық ақау синдромы (сол атриовентрикулярлық тесіктің стенозы), кардиомегалия, артериялық гипотензия

E. тума қақпақтық ақау синдромы (қарыншааралық перденің дефекті), синкопе

 

46. 40 жастағы, анамнезінде ревматизмі бар науқаста шамалы физикалық күштемеге ентігу, жүрек ұшында систолалық шу, Боткин-Эрб және екінші тыңдаунүктелерінде диастолалық шу естілді. Диагнозын анықтаңыз:

 

A. жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митраль қақпақтарының шамасыздығы, ЖШ ФК 1

B. жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, комбинацияланған митраль-аорталық ақау: митраль қақпақтарының шамасыздығы; аорта сағасының стенозы

C. ++жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, комбинацияланған митраль-аорталық ақау: митраль қақпақтарының шамасыздығы; аорта қақпақтарының шамасыздығы, ЖШ ФК 2

D. жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, сол атриовентрикулярлық тесіктің стенозы

E. жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стенозының басымдылығымен

 

47. 50 жастағы миокардтың жедел инфаркті бар науқас, кардиология бөлімінде ем алуда. Кенет жедел сол қарыншалық шамасыздық пенжүрек ұшында голосистолалық шудың қатар дамуы тән:

 

A. өкпе артериясының эмболиясында

B. қарыншааралық перденің жарылуына

C. аорта аневризмасында қабырғасының ажырауына

D. сол қарынша аневризмасында

E. ++емізікше бұлшық еттің жұлынуына

48.42 жастағы науқас бір жыл барысындағы ентігуге, оң қабырға астының ауырсынуына шағым айтты. Соңғы айда түнгі тұншығу ұстамалары, балтырларында ісінулер, қан түкіру эпизодтары. Об-ті: өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек шектері кеңейген, тондары тұйық, ЖЖС 90 мин.ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы, тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: барлық камераларының кеңеюі, айдау фракциясы 32%. Диффуздық гипокинезия. 6 минуттық жүргізу сынамасы – 200м. Дұрыс тұжырымдарды белгілеңіз:

 

A. ++дилатациялық кардиомиопатия, ырғақ бұзылысы: жүрекшелер фибрилляциясы, тахисистолалық түрі

B. ++жүрек шамасыздығы ФК 3

C. ишемиялық кардиомиопатия, ырғақ бұзылысы, ЖШ ФК 2

D. экссудатты перикардит, ырғақ және өткізгіштік бұзылыстары

E. алкогольдік кардиомиопатия, ырғақ және өткізгіштік бұзылыстары, ЖШФК 4

F. жедел ревматизмдік қызба, кардит,ырғақ және өткізгіштік бұзылыстары, ЖШ ФК 1

G. қайталанған ревматизмдік қызба, кардит, ырғақ және өткізгіштік бұзылыстары, ЖШ ФК 1

49.42 жастағы науқас бір жыл барысындағы ентігуге, оң қабырға астының ауырсынуына шағым айтты. Соңғы айда түнгі тұншығу ұстамалары, балтырларында ісінулер, қан түкіру эпизодтары. Об-ті: өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек шектері кеңейген, тондары тұйық, ЖЖС 90 мин. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы, тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: барлық камераларының кеңеюі, айдау фракциясы 32%. Диффуздық гипокинезия. 6 минуттық жүргізу сынамасы – 200м. Пациент еміне қажетті дәрмектерді белгілеңіз